- •1.«Коммуникация» анықтамасы және түсінігі
- •2. Коммуникация психологиясының негізгі түрлерін атаңыз
- •3.Зайырлы қарым-қатынас Кодексіне тән ережелерді атаңыз
- •4.Коммуникативтік компетенция анықтамасын және түсінігін атаңыз
- •5.Жаман коммуникацияның себептері, оны жақсарту амалдарын айтып беріңіз
- •6.Кәсіби имидж, дәрігерлер кәсіби имиджі түсініктерін қалай түсінесіз
- •7.Кәсіби қарым – қатынас түсінігі туралы не білесіз
- •8.Вербалды және вербалсыз коммуникацияның ережелерін атаңыз
- •9.Созылмалы шаршау синдромы және онымен күресу амалдарын атаңыз
- •10.Коммуникативті дағдылардың дәрігер эпидемиологтарға қажеттілігін айтып беріңіз
- •1.Коммуникативті дағдылардың дәрігер – эпидемиологқа қажеттілігін дәлелдеңіз
- •2.Созылмалы шаршау синдромының себептерін анықтаңыз
- •3.Дәрігер-эпидемиолог қызметіндегі идентификацифтің рөлін бағалаңыз
- •4.Вербалды және вербалсыз коммуникацияның қызметіңізде керек екенін дәлелдеңіз
- •5.Эпидемиология маманының, эмоцияналды шаршау себептерін анықтаңыз
- •6.Дәрігер – эпидемиологқа кәсіби имидждің қажет екенін дәлелдеңіз
- •7.Ұжымдағы лидердің рөлін бағалаңыз
- •8.Компетентті дәрігер – эпидемиологтың бейнесін қалыптастырыңыз
- •9.Денсаулық сақтау саласында, әріптестер арасындағы коммуникативті кедергілердің пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •10.Дәрігер – эпидемиолог қызметінде деонтологияның рөлі
- •1.Коммуникативті дағдылардың, дәрігер-эпидемиолог қызметімен байланысын орнатыңыз
- •2. Вербалды және вербалсыз коммуникацияның арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •3.Дәрігер-эпидемиолог пен дәрігер терапевттің коммуникативтік дағдылардың айырмашылығын түсіндіріңіз
- •4.Лидер мен басшының арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз
- •5.Перцепция мен апперцепция арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •6. «Сұхбат аймақтары» бір-бірінен айырмашылығын айтып, оларды дәрігер-эпидемиолог қызметіндегі білу қажеттілігі.
- •7.Коммуникацияның түрлерін айтып, олардың кәсіби қызметте қолданылуы
- •8. Коммуникативтік компетенцияның дәрігер-эпидемиологқа қажеттілігін түсідіріп және түрлерін анықтап беріңіз
- •9.Жаман коммуникацияның себептерін талқылап, оларды атап өтіңіз
- •10.Коммуникация страгиясының түрлерін атап, оларды жеке талқылап өтіңіз
9.Созылмалы шаршау синдромы және онымен күресу амалдарын атаңыз
Қазіргі қарбалас заманда әр түрлі стресстерге төтеп беру мүмкін емес.
Бұрыс тұрмыс дәстүрі және жағымсыз экологиялық ахуал да кері әсерін тигізеді. Жаңа ғасыр біздің өмірімізге артық күш жұмсау, психологиялық және ақыл-ой жүктемесіне байланысты көптеген жаңа дерттер әкелді. Созылмалы шаршау синдромы – бұл сырқат туралы не білу керек?
Созылмалы шаршаудың белгілері (СШБ) – адам әр кез шаршайтын, қажитын, оны безгег ұстайтын, бұлшық еттері ауыратын, ұйықтай бергісі келетін ағзаның күй-ахуалы. Созылмалы шаршаудың сенімді серіктері депрессия, апатия, зейінсіздік. Есте сақтау қабілетінің, ұйқының бұзылуы, себепсіз үрей және тынышсыздықтың күшеюі – бұл бұзылудың белгісі. Созылмалы шаршау белгілері бірнеше ай, тіпті жылға созылуы мүмкін. Бұл дертті уақытында емдемеу, шизофренияға алып келуі мүмкін.
Созылмалы шаршау белгілері 20-дан 45 жасқа дейінгі әйелдерде жиі пайда болады. Негізі, бұл бизнес-ледилер, көптеген белестерді бағындырған, оқымысты әйелдердер, алайда еркектер де бұл тізімде бар. Созылмалы шаршау белгілерімен ауыратын адамдар қыс, күз айларында медициналық жәрдемге жүгінеді – СШБ мезгілдік депрессиямен тікелей байланыста. Созылмалы шаршау белгілері кеңсе жұмысшыларының кәсіби дерті.
Созылмалы шаршау белгілерінің бар-жоғын қалай анықтауға болады, оның кәдімгі шаршаудан қандай айырмашылығы бар? Оларды қалай ажыратамыз? Созылмалы шаршау кезінде, бір апталық демалыста сізге қүш-қуат бере алмайды, жұмысқа деген құлшынысыңыз пайда болмайды. Мысыр немесе Туркиядан дем алып келген соң, қайтадан депрессия мен апатия күйіне түсесіздер. Ал кәдімгі шаршау кезінде, қайтадан жұмысты жаңа күшпен бастау үшін бір күндік демалыс жеткілікті.
Созылмалы шаршаудың себептері
Созылмалы шаршаудың себептері қандай? Осыдан 20-30 жыл бұрын, медицинада бұл түсінік болмаған. Алайда адам өмірінің қазіргі заманғы ырғағы, ол алатын ақпараттың үлкен көлемі, зияткерлік жұмысбастылық ми жұмысының белсендендіруіне алып келеді, нәтижесінде шамадан көп оттегіні пайдаланады.
Бұған әлемдегі жағымсыз экологиялық жағдайды және ірі қалалардың газдылығын қоссақ, бұндай тұрмыс дәстүрі ағзадағы оттегі жетіспеушілігіне алып келеді – гипоксия. Дұрыс емес тамақтану, тұрақты толыққанды ұйқының бұзылуы, гиподиномия, компьютер және басқа да қазіргі заман техникаларының кері әсерінен жағдай одан сайын ушығады
Созылмалы шаршау белгілері иммундық жүйенің әлсіреуінен де байланысты. Адам ағзасы әр түрлі вирустарды тез қабылдағыш болады.
Созылмалы шаршау белгілері орталық жүйке жүйесіне және алдыңғы миға соққы жасайды, ол да дене және ақыл-ой жұмыс бастылығын көтере алмайды. Созылмалы шаршаудан барлық ағза зардап шегеді.
Созылмалы шаршауды емдеу
Созылмалы шаршаудың алғашқы себептерін байқаған сәтте, емделуді бастау керек. Оны асқындырып емдеу, өте ұзақ және қымбатқа түседі. Созылмалы шаршауды емдеу үшін ағзаны тазалау, мидың қалыпты жұмыс істеуіне арналған дәрі-дәрмектер, эндокринді және иммунды жүйелер жұмысының қайта қалпына келу әдістері қолданылады.
Созылмалы шаршаумен қалай күресуге болады?
Созылмалы шаршау белгілерінің дамуын тоқтату үшін:
— жұмыста әр 5 минут сайын үзіліс жасау;
— дене және ақыл-ой күштерін алмастыру;
— істегіңіз келмейтін жұмысты, сізбен салыстырғанда қолы бос әріптестеріңізбен бөлісу;
— өз уақытыңызды дұрыс үлестіруді үйрену;
— аптасына бір рет демалыс күнін жасау;
— белсенді демалу, әсіресе таза ауада;
— жеткілікті уақыт ұйықтау және дұрыс тамақтану;
