- •5.Сабилик кезенин даму дагдарыстары
- •8.Биринши екинши сигнал жуйеси
- •9.Сөйлеудин физиологиялык негиздери
- •10.Тулганын киялдын даму ерекшеликтери
- •12.Кияалдагы образды кайта жасау механизми
- •13 Акын жазушылардын психологиясы
- •14.. Балларда Эмоция мен сезімнин дамуы
- •17.Сабилик кезенинин сонында жанадан пйда болатын арекет
- •21.Кабылдау процесин зерттеу адистери.
- •20.Балларды тест адиси бойынша зерттеу
- •24.Кабылдаудын турлери мен зандылыктары
- •26.Ойлау мен сойлеу процестеринин айырмашылыгы
- •27..Биринши екинши сигнал жуйеси
- •28.Естин негизги турлерине сипаттама
- •29.Балларда есте сактау жане оны тарбиелеу жолдары
- •32.Шартты жане шартсыз рефлекстик бала дамуындагы манызы.
- •33.Тулга мен киялдын даму ерекшеликтери
- •34.Сиз естин кандай бузылуын билесиз
- •35.Ойлаудын баска психикалык процестермен байланысы
- •36.Тулгаларды кабылетти калыптастырып дамыту.
- •37. Ойлаудын дамуына байланысты отандык галымдардын коз карасы
- •38.Баллардын зейнин тарбиелеу
- •42.Киял турлери жане жасаслу жолдары
32.Шартты жане шартсыз рефлекстик бала дамуындагы манызы.
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.Жоғары жүйке әрекеті адам организінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс көру, гиппоз т.с.с. ми сыңарларының негізгі қызметі болып саналады. Адам мінез-құлқа мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон, Гиппоктар секліді алдыңғы қатарлы ғалымдар болжап айтқан болатын. Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) «Интеграциялаушы» деп аталатын қызметтері сенсорлық сигналдарды тікелей өңдеумен немесе қозғалу және вегетативтік орталықтарды басқарумен байланысты емес. Олар ұйқы-ояу күй циклі, сана, сөйлеу мен ойлау, ес және эмоция сияқты құбылыстардың негізін құрайды. Аталған қызметтер негізінен алдынғы (ақырғы) мидың екі ірі бөлігінде – лимбиялық жүйе мен жаңа қыртыста (неокортексте) шоғырланған деп есептеледі. Бұлардағы жүріп жатқан физиологиялық процестердің мәнісін, табиғатын түсіндіруге жасалған көптеген ғылыми талаптардың бір парасы шартты рефлекстер туралы іліммен («жоғары нерв әрекетінің физиологияс» деген атпен кеңестік физиологиялық мектепте кең қолдауға ие болған) тығыз байланысты.
33.Тулга мен киялдын даму ерекшеликтери
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
34.Сиз естин кандай бузылуын билесиз
Ес дегеніміз информацияны жинақтау, сақтау және қажет жағдайда жиналған дағдылар мен тәжірибелерді іске асыру. Естің түрлері: Қысқа уақытты және ұзақ уақытты Механикалық және ассоциативті Естің негізгі компоненттері: Фиксация Ретенция Репродукция Ұмыту Естің бұзылу түрлері: Сандық (дисмнезия) Сапалық (парамнезия)
Дисмнезия (Сандық) келесідей болып жіктеледі: Гипермнезия -науқас адамның есіне өткен оқиғалар ретсіз, ұсақ-түйектеріне дейін түсіп, ойлау процесіне, жаңа информацияны қабылдауына кедергі келтіреді. Жиі маниакальді синдромда, кейде психотропты заттарды қолданғанда кездеседі. Гипомнезия -естің барлық функцияларының,әсіресе бекітудің әлсіреуі. Науқас адам жаңа атаулар мен мерзімдерді, болған оқиғаларды есіне сақтай алмай қиналады. Жиі себебі болып мидың органикалық аурулары, әсіресе атеросклероз табылады. Бірақ психиканың функционалды бұзылыстары кезінде де (астениялық синдром, шаршау) болуы мүмкін. Амнезия естегі информацияның жоғалуы.
