- •5.Сабилик кезенин даму дагдарыстары
- •8.Биринши екинши сигнал жуйеси
- •9.Сөйлеудин физиологиялык негиздери
- •10.Тулганын киялдын даму ерекшеликтери
- •12.Кияалдагы образды кайта жасау механизми
- •13 Акын жазушылардын психологиясы
- •14.. Балларда Эмоция мен сезімнин дамуы
- •17.Сабилик кезенинин сонында жанадан пйда болатын арекет
- •21.Кабылдау процесин зерттеу адистери.
- •20.Балларды тест адиси бойынша зерттеу
- •24.Кабылдаудын турлери мен зандылыктары
- •26.Ойлау мен сойлеу процестеринин айырмашылыгы
- •27..Биринши екинши сигнал жуйеси
- •28.Естин негизги турлерине сипаттама
- •29.Балларда есте сактау жане оны тарбиелеу жолдары
- •32.Шартты жане шартсыз рефлекстик бала дамуындагы манызы.
- •33.Тулга мен киялдын даму ерекшеликтери
- •34.Сиз естин кандай бузылуын билесиз
- •35.Ойлаудын баска психикалык процестермен байланысы
- •36.Тулгаларды кабылетти калыптастырып дамыту.
- •37. Ойлаудын дамуына байланысты отандык галымдардын коз карасы
- •38.Баллардын зейнин тарбиелеу
- •42.Киял турлери жане жасаслу жолдары
35.Ойлаудын баска психикалык процестермен байланысы
Ойлаудың әлеуметьтік табиғаты. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң, ереже ұғымдары пайдаланып отырады. Ғылымда жинақталған осы заңдар тәуелділіктер, әдістер, ұғымдарды әр адам ойлау үстінде пайдаланып, отырады. әрине бұл үшін ол осы заңдарды білетін болуы керек.
Ғылым, техника, өндіріс , ауыл шарушылығының барлық орасан жетістіктері бір ғана адамның емес, көптеген адамдардың , тұтас коллективтердің,тіпті бірнеше ұрпақтық ұзақ жылдар бойы дамылсыз ойлаларының нәтижесі. Адамдар тәжрибелер жасайды, зерттеулер жүргізеді, әр түрлі құбылыстардыңқасиеттерінің бетін ашады, құбылыстар арасындағы тәуелсізділіктерді және оларға әсер ету тәсілдерін ашып отырады. Практика мен теорияның өте күрделі мәселелерін шешу үшін адамдар ашылған байланыстар мен заңдылықтарды пайдаланудың жолдарын міне осылай табады.
Ойлаудың әлеуметтік табиғаты адамның оны қандай мәселені шешуге бағыттауынан да ашық көрінеді. Мысалы, атом энергиясы саласындағы, ғылыми зерттеулерді капиталистік елдердегі кейбір ғалымдардың халықты қыру мақсатына бағыттайтыны, ал социалистік лагерь елдердегі ғалымдар атом энергиясын бейбітшілік мақсатында, еңбек өнімділігін, халықтардың тұрмыс жағдайын арттырға пайдаланатыны кездейсоқ нәрсе емес қой.
Дара адамның ойлауының ғылымының, өндірістің дамуымен қоғамдағы жаңалықтар және жетістіктермен осылайша байланысуы ойлаудың айқын тарихи, әлеуметтік табиғатын білдіреді. Ойлаудың қалыптасу процессі Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің ролі» деген еңбегінде көқрсетілген. Энгельс адамның еңбек әрекетінің заттар мен құбылыстар арасындағы қабылдаудан жасырын ерекшеліктер мен өзара байланыстарды танудағы маңызын ашып көрсетті. Еңбек адамның алда атқарылатын әрекетті жоспарлауды, оның нәтижелерін бақылап отыруды талап етті. Еңбек адамды құрал жасауға мәжбүр етті. Еңбек адамдарды бірлесіп әрекет жасауға итермеледі, қарым-қатынас құралы – сөздің пайда болуына әсер етті. Еңбек адамның өзін-өзі саналы түрде тануына жол ашты. Әрине, қазіргі заман адамның ойлауының дамуы адам санасының ұзақ тарихи қалып тасуында өткен барлық кезеңдерін қайталап өтпейді.
36.Тулгаларды кабылетти калыптастырып дамыту.
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары(кризис), даму процесін тездету мүмкіндіктері әрқилы түсіндіріледі.
Қабілетті қалыптастыру Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.
