Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ааа.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49 Кб
Скачать
☆

11) Криминалистиканын Жуйесі

Криминалистика жүйесі басқа да кез келген ғылым жүйесі сияқты өзара байланысты тараулар мен бөлімдерден тұратын біртұтас кешен болып табылады. Криминалистика жүйесі ғылым ретінде 4 бөлімнен құралған:

1. Қылмыстың жалпы теориясы;

2. Криминалистикалық техника;

3. Криминалистік тактика;

4. Криминалистік методика

Криминалистиканың жалпы теориясы криминалисмтика пәнінің әдістемелік негізі, оның ішкі және сыртқы дүниетаным қағидаларының, теориялық тұжырымдамаларының, ұғымдарының, әдістерінің, терминдер анықтамаларының жүйесі.

Криминалистік техника бөлімінде заттай дәлелдемелерді және іске қатысты деректерді іздеп табуға, бекітуге, зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістерді, қолданылатын қажетті техникалық құралдарды қарастырады.

Криминалистік тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын тиімді де нәтижелі әдістерді, оларды қолдану қағидаларын қарастырады.

Криминалистік методика – бұл бөлімде жеке ылмыстар бойынша жүргізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі, себебі әрбір қылмыс түрін тергеудің өзіндік ерекшеліктері бар.

Крминалистика жүйесінің барлық бөлімдері бір-бірімен өте тығыз байланыста. Криминалистиканың жалпы теориясы бүкіл осы ғылымның әдістемелік негізі болып табылады. Криминалистикалық техниканың мүмкіншіліктері әртүрлі тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылады. Ал жеке криминалистік әзірлемелерді жасағанда техникалық криминалистикалық құралдар мен әдістерді және тергеу әрекетерін жүргізудің тактикалық тәсілдерін пайдалану ерекшеліктері ескеріледі.

12) Криминалистиканын адистери

  1. Криминалистиканың әдістері – бұл теориялық және қолданбалы сипаттағы криминалистикалық зерттеу процесіндегі ғылыми мәселелерді шешу тәсілі.

Криминалистиканың әдістері жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

  1. Жалпы ғылыми әдістер– бұл барлық практикалық әрекеттердің ғылымдары мен салаларында қолданылатын тәсілдер. Криминалистиканың жалпы ғылыми әдістері қатарына мыналар кіреді:

    1. сезімге рационалды әсер етуші әдістер– бақылау, сипаттау, бейнелеу, салыстыру, тәжірибе жасау, үлгілеу жатады.Бақылау– бұл алдын-ала бағытталған мақсатты түрде белгілі бір объектіні қабылдау құбылысы.Сипаттау- бұл анықталған және жүргізіліп жатқан зерттеуге қатысы бар кейбір объектілердің белгілерін сипаттап зерттеу немесе басқа әдістер арқылы алынған ақпаратты анықтап тіркеу тәсілі болып табылады.Бейнелеу әдісікриминалистикада деректі затты не белгілі бір оқиғаны суреттеп жазу үшін өте жиі қолданылады.Салыстыру әдісі– бұл екі немесе бірнеше объектілердің өзіне тән белгілерін теңеп, салыстырып көру;

    2. логикалық әдістер– анализ - талдау; синтез - жинақтау; индукция - жекеден жалпыға бағытталған ойлау; дедукция - жалпыдан жекеге бағытталған ойлау; гипотеза – жорамалдау; аналогия – ұқсастық.;

    3. математикалық әдістер- өлшеу, есептеу, геометриялық құрылыс, математикалық модельдеу.Өлшеу– объектілердің салмағы, көлемі, екі не болмаса бірнеше объектілердің өзара ара қашықтығы есептеліп шығарылады және өлшеу арқылы кейбір заттардың тән қасиеттерінің сандық сипаттамасы беріледі. Кейбір оқиғалардың, құбылыстың болған уақытын да өлшеу арқылы шешуге болады. Есептеу– объект немесе құбылыс параметрлерін анықтауда және математикалық үлгілеуде қолданылатын қажетті әдіс болып саналады.Геометриялық құрылысәдісі өлшеумен өте тығыз байланыста. Ол жоспарларды, сызбаларды, графиктерді, кестелерді құрастыруда пайдаланылады.Математикалық модельдеу– математикалық есептердің көмегімен үрдістер мен құбылыстардың өту жолдарын, шарттарын үлгілейді.

    1. Кибернетикалық әдістер– криминалистикаға соңғы жылдары өмірге белсенді еніп жатқан компьютерлендіру негізіндегі ғылыми жаңа әдіс түрі. Бұл әдістің негізінде жаңа ақпарат беретін технологиялардан ақпараттарды компьютерлік модельдеуді және т.б. жедел-іздестірумен автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асыру мүмкіндігі туындайды.

    2. Эвристикалық әдістер– бұл криминалистиканың жалпы ғылыми әдістер қатарына жаңа эвристика ғылымынан соңғы кезде қосылды, яғни терең де тиімді түрде ойлау нәтижесінде жаңалық табуды білдіреді.

  1. Арнаулы зерттеу әдістері– бір немесе бірнеше ғылымдармен шектелген салада қолдану әдісін түсіндіреді. Криминалистиканың арнаулы зерттеу әдістері екі топтан тұрады. Бірінші топты жеке криминалистикалық әдістер құрайды, яғни алғашқы рет криминалистика ғылымымен зерттелген және осы ғылыммен қолданылатын әдістер. Оған криминалистикалық идентификация, дактелоскопия, одорология, тергеу әрекеттерін жоспарлау, тергеуді ұйымдастыру әрекеттері жатады. Екінші криминалистикалық арнаулы әдістер тобын басқа ғылымдардың арнаулы әдістері құрайды. Олар ерекше криминалистикалық мәселелерді шешу үшін немесе өзгертілмей қолдануға негізделген.

Ондай әдістерге мыналар жатады:

    1. заттар мен материалдардың марфологиясын, құрамын, құрылымын, физикалық және химиялық қасиеттерін талдау үшін аранаулы физикалық, химиялық және физика-химиялық әдістер;

    1. биологиялық әдіс, биологиялық пайда болған облыстарды зерттеу үшін қолданылады;

    2. антропологиялық және антропометриялық әдістер, өлген адамның сүйек қалдықтары бойынша тұлғасын анықтау, адамды іздеу үшін сырт бейнесін суреттеп сипаттау және танытуға қажетті белгілерді жақсарту кезінде қолданылады;

    3. әлеуметтану әдісі, қылмыстың жасалуы мен жасырылуының себептерін, қылмыс тәсілінің анализің, тактикалық тәсілдер мен түсінік қорытындысы туралы ақпарат жинаудың себептері мен шарттарын зерттеу үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]