Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ааа.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49 Кб
Скачать
☆

13) Криминалистиканын угымы

бұл  қылмыс  тетігінің  заңдылықтары,  қылмыс  және  оның  қатысушылары  жөніндегі  ақпараттың  пайда  болуы,  сонымен  бірге  дәлелдемелерді  жинақтау,  бағалау  мен  қолдану  туралы  және  қылмысты ашу,  тергеу  және  алдын  алуға  бағытталған  әдістәсілдерінің  танымдылық  заңдылықтары  туралы  ғылым.

Криминалистикада  қолданылатын  тәсілдер  мен  әдістер  дәлелдемелерді   жинақтауға   бағытталған. Дәлелдемелерді  жинақтау  төрт  кезеңнен  тұрады, олар:

— дәлелдемелерді  немесе  іздерді  іздеп  табу;

— оларды  бекіту;

— оларды  алу;

— алынған  заттай  дәлелдемелерді  немесе  іздерді алу  барысы  мен  қорытындысын  рәсімдеу.

14) ) Криминалистикалық диагностика

Криминалистикалық диагностика – бұл салыстырумен байланысы жоқ белгілі бір деректің, құбылыстың, объект құрамының мәнін жүргізуші тұлғамен анықтау немесе іс бойынша тергеумен байланысты мәселелерді шешу үшін топтық тиістілікті бекіту. «Диагностика» термині грек тілінен аударғанда анықтау, ақ-қарасына жету деген мағынаны білдіреді. Біз диагностика деген сөзді көбінесе медицинада және техника жөндеу орталықтарынан естиміз. Медицинада адамның немесе жануардың қай жері ауырып тұрғанын диагноз қою арқылы анықтаса, автомобиль ісінде де диагностикалық тексеру арқылы көлік құралының ақау жерін а нықтап береді. Тура сол сияқты криминалистикада да оқиға болған жерден табылған затқа диагостика жасау арқылы оның қасиетін анықтайды. Диагностиканың салыстырудан, яғни ұқсатудан айырмпшылығы, мұнда бір заттың қасиетін анықтау үшін екінші заттың қажеті жоқ.. Мәселен, адамның жазуына қарап, оның жынысын, жас шамасын айыру; атыс қаруының оғына қарап, оқ атылған уақытты пайымдау; аяқ киімінің ізіне қарап, иесінің бойының биіктігін анықтау т.с.с.

Диагностика объектінің өзінің немесе көрінісі зерттелуінен тәуелсіз, объектінің белгілерін зерттеуге негізделген. Белгілердің ақпараттық жақтарына негізгі көңіл бөлінеді. Диагностикалық зерттеулер объектінің құрамы мен жағдайын анықтау бойынша оның жағдайын анықтап қана қоймай, объектінің өткен жағдайын, сонымен бірге іздердің қалу әдісін және ол арқылы қылмыскердің әрекет бағытын айқындайды.

Диагностикалық зерттеулер келесі мақсаттарда жүзеге асады: объектінің берілген сипаттамасына сай (сай емес) құрылымдары мен жағдайларын анықтау үшін, әрекет жағдайларын зерттеу үшін, болған оқиға арасындағы себепті байланыстарын бекіту үшін.

Диагностикалық зерттеулерді 3 кезеңге бөлуге болады: 1. объектінің тұрақты зерттеудегі құрамы мен жағдайын анықтау.

2. объектінің құрамы мен жағдайын көрініс бойынша анықтау. 3. интегративтік диагностика, толық жағдай анализі.

15)Криминалистикалык идентификация

Идентификация – теңдестіру.

Тендестіру зандылығына сәйкес — адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.

Адамның санасыңда көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы кажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашкы ойлаудың мазмүнына сәйкес (бір) болуы кажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әр түрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмай-ды, бұл өз алдына тендестіру зандылығының бұзылуына әкеп соқтырады.

Идентификацияның психофизиологиялык механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында керсетіліп отырған объектінін белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол үсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]