- •1.Адамнын трасологиялык издери?
- •5) Беттестиру жургизу ерекшеликтери
- •6) Бұзу құралдарының іздері
- •7) Жауап алудын тусиниги мен миндеттери
- •8) Жауап алудын калыптасу кезендери
- •9) Идентификациялык белги, идент. Аралык, Идент. Алан
- •11) Криминалистиканын Жуйесі
- •12) Криминалистиканын адистери
- •14) ) Криминалистикалық диагностика
- •15)Криминалистикалык идентификация
- •13) Криминалистиканын угымы
- •16)Криминалистикалык идентификация объектилери
- •17)Криминал фотография
- •17) Криминалистикалык объектилерди фотога тусиру ережелери
- •18) Кужаттарды техника кримин. Зерттеу
- •19) Кужаттардын озгеру фактисин аныктау жане мазмунынын озгеру тури
- •20) Майітті Фотоға түсіру
- •21) Механоскопия, Трасс, Із, Динамикалық із
- •22) Оқиға болған жерді қарау түсінігі маңызы міндеттері
20) Майітті Фотоға түсіру
Мәйітті фотоға түсіру
Оқиға болған жерде мәйітті түсіргенде бірінші суретті көріністі суретке түсіру ережесі бойынша түсіреді. Бұл мәйіттің оны қоршаған объектілерге қатысты орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Содан соң мәйітті тораптық суретке түсіреді. Үшінші суретте мәйіттің үстінен түсіреді. Егер мәйітті аяқ жағынан түсірсе, бейне бұрмалануы мүмкін. Мәйітті аяқ немесе бас жағынан түсіру кей жағдайларда ғана қолданылады. Мәйітті жіңішке пленкалы фотоаппаратпен түсіргенде фотографиялық кішірейту коэффициенті 60 градусқа тең болады Мұндай суретте киімнің бұзылғанына, қанның іздері анық көрінбейді. Сондықтан мәйітті суретке түсіргенде сызықтық панорама тәсілі қолданады: бірінші мәйіттің өліктің жоғарғы бөлігін суретке түсіреді. Мәйіттің табылған күйін бекіткен соң, оны орнынан қозғауға болады. Суретке түсіру кезінде денедегі зақымдарға ерекше көңіл бөлінеді. Олардың бөлшектік түсіру әдісі арқылы түсіріледі.
21) Механоскопия, Трасс, Із, Динамикалық із
механоскопия – бұзу қаруларының, құрал-саймандар мен механизмдердің іздерін оқып білетін, трасологияның бір бөлігі.
трасология – (фран.trace – із және грекше logos – сөз, оқу; із туралы оқу), қылмыстың алдын алу мен қылмыскерді іздеу және тергеу мақсатында із көріністерінің пайда болу, олардың объектілерінің түзілуінің топтық тиістілігін анықтау, тепе-теңдік жағдайларын зерттеу және жинау амалдары мен заттарын жасап шығарушы криминалистикалық техника саласы.
Із- із қалдырылған немесе іздің құрамы болып табылатын нәрсе немесе зат.
динамикалық із – екі объектінің байланысқа түсуі арқылы пайда болады. Із
түсірушы объект із қабылдаушы объектінің үстіңгі қабатымен жылжып отырады.
Қимылдап жүру арқылы пайда болатын із. Мыс.: шананың ізі, машина дөңгелегінің және
т.б. іздері
22) Оқиға болған жерді қарау түсінігі маңызы міндеттері
Оқиға болған жер дегеніміз – қылмыстың жасалған жері және де осы қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да обьектілер.
Оқиға болған жерді қарау дегеніміз –іздерді, айғақ заттарды іздеп табуға, оларды алып, бекітуге және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жаслаған қылмыстың мән-жайын , оның болу механизімін анықтау мақсатымен кідіртпей өткізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті. Егер оқиға болағн жерді қарау кешіктіріліп жүргізілсе, көп іздер, айғақ заттар ауа райы және басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп қалуы мүмкін, тіпті олардың жоғалып кетуі де ықтимал. Оқиға болған жер түнде де қаралады. Егер мұндай егжей-тегжей ұқыпты қарап шығуы мүмкіндік болмаса, бұл жер жарық түскеннен кейін қаралуы керек.
Міндеттері
Кейбір авторлар оқиға болған жерді қарауға катысты түсініктерінде оның міндетіне, атап айтқанда, жүргізілетін жүмыстар қатарына жедел-іздестіру жұмыстарын да жатқызады. Жедел-іздестіру жұмыстары процессуальды әрекеттер қатарына жатпайды, оны анықтаушы оргаңдар жүргізеді. Мұндай жұмыстар тергеудің бастапқы кезеңінен тергеу біткенше жалғасады. Сондықтан мұны тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау ұғымына кіргізу орынсыз. Әрине, оқиға болған жерді қарау үстінде жедел-іздестіру жұмыстары да жүргізіледі, бірақ бұл іздестіру жұмыстары оқиға болған жерді қараумен шектелмейді, ол тергеу біткенше, кейін де жүргізіле береді. Айтылғандарды тұжырымдай келіп, бұл тергеу әрекетіне төмендегідей түсінік беруге болады: оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеп табуға, оларды бекітуге, алуға және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау мақсатымен кідіртпей жүргізілетін, занда көрсетілген тергеу әрекеті. [11]
Осы түсінікте оқиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айтқанда, оқиға болған жерді қарау үстінде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, арнайы құрал-саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, бекітілуі зерттелуі керек. Сонымен қатар қарау үстінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән-жайы жәнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарауда бұл мәліметтердің маңызы зор.
.
