- •Кәсіпкерліктің негізгі белгілері
- •§1.Шығындардың мәні , құрылым және жіктелуі
- •5. Пайда – кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда.
- •6. Өндіріс шығындары мен пайданы арттыруға әсер ететін факторлар
- •Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
- •§1. Макроталдаудың екрекшеліктері. Ұлттық экономика-жүйе ретінде.
- •§ 2.Қоғамдық өндірістің нәтижесі және олардың жалпы ұлттық
- •Экономикалық өсу: мәні,типі және факторлары
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
- •Тест сұрақтары
- •Жауаптары:
- •1.Инфляцияның мәні және себептері
- •4. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
- •§1.Дүниежүзілік шаруашылықты интернационалдандыру және халықаралық еңбек бөлінісі.
- •§2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формалары.
- •§3. Жалпы ішкі ұлттық өнім және ұлттық табыс.
§4. Халықтың табыстары және олардың құрылу көздері. Халықты әлеуметтік қорғау
Халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайы алдымен қоғамның әр мүшесінің алатын табыстарының деңгейіне байланысты болды. Табыстар деп адамдардың тиісті бір мезгілде табатын ақша қаржысының сомасы айтылады.
Табыстардың негізгі көздеріне жалақы, пайда, дивиденд, процент, рента, әлеуметтік төлемдер: зейнетақы, жәрдем ақының әр түрлері, сондай-ақ, көлеңкелі экономиканың табыстары жатады.
Халықтың табыстарының деңгейін анықтау үшін номиналды және нақты табыс көрсеткіштері пайдаланылады.
Номиналды табыс жеке адамдардың бір мезгіл ішінде алатын ақшалары. Ұлттық тасбыстан міндетті төлемдерді және салықтарды шегеріп тастағаннан кейін қалған табысты қолда бар табыс деп атайды. Нақты табыс деп адамның қолында бар табысына сатып ала алатын тауарлар мен қызмет көрсету саны.
Бірақта, қоғамдағы табыстардың құрылу принциптері бір болғанымен табыстардың теңсіздік шарттары сақталады.
Табыстардың теңсіздік дәрежесін анықтау үшін дүние жүзілік практикада Лоренц қисығы қолданылады. (Сурет 5)
Көлденең сызығында халық санының пайызын, тік сызықта – табыс пайызын белгілейік. Егер халықтың барлық топтарының табысы бірдей болса онда халықтың 20%-на 20% табыс келеді. Онда ОЕ табыстың абсолюттік теңдігін көрсетеді. Ал үш бұрыш (OEQ) табыстың абсолюттік теңсіздігін көрсетеді. Лоренц қисығы АВСДЕ ОЕ сызығынан алыстаған сайын қоғамдағы табыстардың дұрыс бөлінбейтінін көрсетеді.
Халықтың
топтары %
Егер, табыстардың шын мәнінде бөлінуі, Лоренц қисығымен анықталса, теңсіздік дәрежсі Джинни коэффициентімен есептелінеді. Джинни коэффициенті ОЕДСВА көлемінің үшбұрышының ОЕQ көлеміне қатынасы арқылы анықталады. Джинни коэффициенті неғұрлым улкен болса соғұрлым табысты бөлуде теңсіздік болады.
Табыстарды бөлудегі теңсіздік барлық елдерге тән құбылыс. Срндықтан, осы құбылыстың әлеуметтік салдарын жеңілдету үшін қоғам, халықтың кейбір топтарын әлеуметтік қорғау мәселесін шешумен шұғылданады.
Мемлекеттің әлеуметтік қорғау механизіміне жататындар мыналар: тиімді жұмысбастылық жүйесін қамтамасз ету, күнкөріс минимумының нақты деңгейін ресми анықтау, тұтынушыларды қорғау, табыстардың орнын толтыру (компенсация), бейімдеу және индекстеу (көрсеткіш). Сондай-ақ, кедей адамдарға қоғамдық тұтыну қорынан әлеуметтік адрестік көмек көрсету. Әлеуметтік шаралар активті және пассивті болады. Әлеуметтік қрғаудың активті формсына жаңа жұмыс орындарын ашуды, кадрларды даярлау және қайта даярлау жатады. Пассивті формасына жәрдем ақы және мемлекеттің беретін ақшалай қаржыларын жатқызуға болады.
Әлеуметтік қорғаудың негізгі формасы табыстарды индекстеу болып табылады. Ол негізінен бюджет сферасында жұмыс істейтіндерің табыстарының орнын толтыруға бағытталған. Ол үшін тұтыну құндардың индексінен және тұтыну қоржынынан тұратын белгілі жиынтық тауарлар тарифы пайдаланылады. «Тұтыну қоржыны» рационалды және минималды деп бөлінеді. Егер халықтың табысы минималды «қоржынның» құнынан төмен болса, онда ондай адамдар кедейшілік өмір сүрушілер тобына жатқызылады.
Тұтыну қоржыны дегеніміз не? Бұл адамдардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызметтердің және басқа да игіліктердің жиынтығын білдіретін ұғым.
Тұтыну қоржынының көлемін, құрылымын қалай анықтауға болады? Медицина ғылымының айтуынша, адам организімінің қалыпты жұмыс істеуі үшін тәулігіне 2344 килокаллорий мөлшерінде күш қуат керек. Ал бұған жету үшін белгілі көлемде тамақ өнімдері қажет. Осы тұтыну қоржынының құнына киім-кеешк, рухани қажеттіліктердің құны да кіреді.
Тұтыну қоржынына кіретін тауарларды анықтап, еңбекшілердің тасбыстары мен шығындарын, тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағаларының өсуін ескере отырып, республикада халықтың ақшалай табыстары индекстелініп отырады. Индекстеуге материалдық емес өндіріс саласындағылардың табыстары зейнетақы және тағы басқа төлемдер жатады.
Дүниежүзілік практика көрсетіп отырғандай , бюджеттік мекемелерінің қызметкерлерінің табыстары екі индекс негізінде – өндіріс салаларындағы жалақының өсу индексі және тұтыну бағалары негізінде индекстелінеді.
Тұтыну қоржыны минималды тұтыну бюджетін есептеу үшін қолданылады.
Минималды тұтыну бюджеті жалақының ең аз мөлшерін анықтауға пайдаланылады. Күнкөріс минимумы жанұяның ең аз қажетті материалдық игіліктерінен құралады.
Күнкөріс минимумының мөлшері халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтые көрсеткіш.
Негізгі түсініктер және олардың анықтамалары
а) Жұмыссыздық
б) Жұмыссыздар
в)Фрикциондық жұмыссыздық
г)Құрылымдық жұмыссыздық
д)Циклдық жұмыссыздық
е)Жұмыс күші
ж)Оукен заңы
з)Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
и) Еңбек биржасы
к)Табыстар
л)Лоренц қисық сызығы
м)Джинни коэффициенті
н)Тұтыну қоржыны
1. Адамдардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызметтердің және басқа да игіліктердің жиынтығынан тұратын көрсеткіш.
2. Жұмыс күшін сату- сатып алу туралы кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы делдалдық қызмет атқаратын мекеме.
3. Американ экономисі тұжырымдаған заң бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі оның табиғи деңгейінен 1% артса, онда жалпы ішкі өнімнің көлемі орта есеппен 2,5% төмендейді.
4. Жұмыс істей алатын және істегісі келетін адамдар немесе адамның жұмысқа деген қабілеттілігі.
5.Еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген ұсыныстың оның сұранысынан үнемі артық болу жағдайы.
6. Обьективті жағдайларға байланысты уақытша жұмысы жоқ және жалақы алмайтын, еңбекке деген қабілеті бар, еңбек биржасында тіркелетін азаматтар.
7. Жұмыс күшінің аймақтық кәсіптік және жасына қатысты қозғалысымен байланысты жұмыссыздықтың түрі.
8. Экономикалық тоқырау, дағдарыста көрінетін жұмыссыздықтың түрі.
9.Адамдардың тиісті бір мезгілде табатын ақша қаржысының сомасы.
10. Жұмыссыздықтың циклдық формасын ескермеген жағдайдағы жұмыссыздықтың деңгейі.
11. Жекеленген аймақтар мен экономиканың салаларының даму ерекшеліктеріне байланысты пайда болатын жұмыссыздықтың түрі.
12. Табыстардың теңсіздік дәрежесін көрсететін қисық сызығы.
13.Қоғамдағы мүліктік теңсіздік деңгейін анықтайтын көрсеткіш.
