Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

3. Қатты ыстық пен құрғақшылықта аман қалу

Қатты ыстық(аптап) – бірнеше күн бойы ауаның орташа плюстік температурасы 10 немесе одан да жоғары градусқа жоғарылауымен сипатталады. Қауіп адам денесінің қатты қызуы, яғни дене қызуының 37,1 градус Целсийден жоғарылауында немесе жылудың бұзылуы-дене қызуының 38,8 градус Цельсийге жуықтауында болып табылады. Жылу қауіпті жағдай жылу өтуге немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін ұзақ немесе қатты қыздыру кезінде пайда болады. Қатты қызудың белгілері: терінің қызаруы, сілемейлі қабықтың құрғақтығы, қатты шөлдеу болып табылады. Ары қарай естен танып, жүрек пен тыныс алудың тоқтап қалуы мүмкін.

Құрғақшылыққа ( қатты ыстыққа) қалай дайындалуға болады. Қосымша ыдыстармен қорланып қойыңыздар және қажет болса алдын-ала оларға су толтырып қойыңыздар. Ыстық жағдайына қолайлы киімдерді, электро-тұрмыстық құралдарды (желдеткіштер, ауабаптағыштар) дайындап қойыңыз. Егер сіздер ауылдық жерде болсаңыздар -шатырларды, күнқаларды, құдықтар, сонымен қатар терезенің алдарын (қалың перделерді) жабдықтап қойыңыз. Мүмкіндігінше электротұрмыстық құралдардың жұмысын қамтамасыз ету үшін электроэнергияның жеке көзін алыңыз. Суды үнемдеп пайдаланыңыз. Өзіңіз де біліңіз, отбасыңызды да жылумен зақымдалу кезінде дұрыс әрекет етуге үйретіңіз. Құрғақшылық (қатты аптап) кезінде қалай әрекет ету керек Жоғары температураның әсерінен сақтаныңыз. Бас киіммен, ашық түсті ауаөткізгіш (мүмкіндігінше мақтадан) киім киіңіз. Күйген тері тер бөліп, суымайтыны есіңізде болсын. Асықпай қозғалыңыз, жиі көлеңкеде болуға тырысыңыз. Сыра және тағы да басқа алкагольдік сусындарды ішпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайының нашарлауына алып келеді. Сізге аптап кезінде қосымша тұз пайдалану қажет пе екендігі туралы дәрігермен кеңесіңіз. Жылудан зақымдансаңыз тез арада көлеңкеге, желге шығыңыз немесе душ қабылдаңыз, баяу көп су ішіңіз. Жылу соғудан сақтану үшін денеңізді салқындатуға тырысыңыз. Айналадағылардың біреуі есінен танып қалса, реанимациялық шаралар жүргізіңіз, (жүрекке тікелей емес массаж және жасанды тыныс беру жасаңыз). Құрғақшылық кезінде өрт болу мүмкіндігінің өсетіндігі есіңізде болсын.

4. Сел, оның пайда болу себептері, оған қарсы қауіпсіздік шаралары

Сел – бұл қысқа мерзімді, лай мен тас араласқан, таулы жерлерде болатын су тасқыны. Олар еріген қар мен мұздың, жауын-шашынның салдарынан тау өзендерінің тасуы негізінде болады. Қазақстанның таулы аймақтарындағы сел тасқындары жылдың жылы мезгілдерінде (мамыр-қыркүйек) болады.

Сел тасқынының биіктігі 10-20 метрге дейін барады. (жекелеген жағдайларда 40-50 метрге дейін жетеді), жылдамдығы тау өзендерінің жылдамдығына жақын (3-5 м/с артық). Сел тасқынынан аман қалу мүмкін емес, сондықтан сел қаупінің алдын алу шараларына үлкен мән беріледі.

Сел қаупінің белгілері:

Сел қаупі басым аймақта нөсер жаңбырдың жиі жаууы;

Ауа температурасының тез әрі ұзақ уақыт жылы болуының салдарынан таудағы көлдердін суға толып, сел қаупі бар өзендердің тасуы;

Көлдегі су деңгейінің тез төмендеуі немесе оның бетінде өзен дамбысын бұзатын қуыстың (воронка) пайда болуы.

Көл дамбысын бұзуға әкеліп соғатын жер сілкінуі.

Сел қаупі бар аудандарда болған кездегі қауіпсіздік шаралары:

1. Таудағы жағдай туралы баспасөз хабарларын ұдайы қадағалаңыз.

2. Сел қаупі бар биіктікте қатты нөсер жауа бастаса жылдам кетіңіз.

3. Сел тасқынына 50-70 м артық жақындамаңыз.

4.Тік жартас пен құлама беткейдің жанына тоқтамаңыз, өйткені тасқынның соққысынан сырғыма мен опарылма түсуі мумкін.

5. Сел араларымен жүрген кезде адамдардың арасындағы қашықтық кемінде 20-30 м болға тиіс.

6. Сел қаупі бар арналардың, өзен бөгеттерінің жанына демалуға тоқтамаңыз және шатырлы лагерь құрмаңыз.

7. Сел тасқынының белгісін сезген бойда арнадан қашығырақ кетіп, тау беткейі бойынша мүмкіндігінше жоғары көтеріліңіз.

8. Сел тасқыны өткеннен кейін селдік арнаға түспеңіз, өйткені ол қайталануы мүмкін.

9. Арнаға төмен түскен кезде және онымен жүрген кезде, әсіресе ой-шұңқырдан аса сақ болыңыз.

10. Морендік – мұздақтық кешенде және оның бойымен сел тасқыны қаупі болмайтын немесе өте сирек болатын кезеңде, ең жақсысы, ауа температурасы қалыпты кезде жүру ұсынылады.

11. Үйінділер бейберекет жатқан, сондай-ақ мұздақтан немесе қар көшкінінен пайда болған кедергілері бар өзен бөгеттерінің жанынан жүрмеңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]