Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

9. Жанартау атқылауы, негізгі зақымдағыш факторлары

Жанартау атқылауы - магма балқымаларының немесе өте ыстық қатты кесектердің, сұйық лавалардың және газ бөлшектерінің жер бетінен көрініс беру процесі. Жанартаулардың атқылауы - Жер қабығындағы жарықтар мен каналдар бойымен ыстық газдардың, су буының, тау жыныстары сынықтарының, күлдің және лаваның Жер қойнауынан аспанға атылуы. Жанартау атқылаған кезде аспанға атылған шаңнан атмосфера қарауытады. Күн радиациясы бәсендейді және жарық азаяды. Ауа ағыстарымен атмосфераның жоғарғы қабаттарында таралған жанартаулық ұлпа шаңдардан (күлден) оның атылған тұсында ғана емес, тіпті одан өте шалғай жерлерде аспанда шапақтың басқаша қызыл түсті оптикалық құбылысы болады. Жанартаулардың атқылауынан стратосфера мен мезосферадағы бұлттар пайда болады.

Нақ осы жанартау өнімдерінің жер бетінен көрініс беру ерекшелігіне орай жанартау атқылауы экструзиялық, эффузиялық, эксполозиялық және эффузиялық-эксполозиялық (аралас) әрекеттер төрт түрге бөлінеді. Экструзиялық әрекет нәтижесінде өте тұтқыр лавалар жанартау тостағанынан сығымдала көтеріліп, байырғы күмбездерге ұқсас денелер түзеді; жанартаудың эффузиялық әрекеті оның көмейінен көтерілген сұйық лава ағындарының лақылдай төгілуімен сипатталады; жанартаудың эксполозиялық әрекеті жарылыстар мен қопарылыстардың көбеюімен, ірілі-ұсақты кесектер мен күлдердің және жанартау газдарының аспанға атылуымен ерекшеленеді; эффузиялық-эксполозиялық (аралас) әрекет барысында лавалардың төгілуі және ірілі-ұсақты қопарылыстар бір-бірімен алмасып отырады. Жанартау атқылауының үзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше жылға дейін, кейде одан да көп уақытқа жетуі мүмкін.Жанартау атқылауының сипатына қарай жарылыстық атқылау, вулкандық типті атқылау, гавайялық типтегі атқылау,пелей типтегі атқылау және т.б. болып сараланады. Жанартау атқылауының күнілгергі белгілері вулкандық жерсілкіну,акустикалық құбылыстар, магниттік қасиеттердің, фумаролдық саздар құрамының өзгеруі және т.б.

10.Су тасқыны. Суға кеткен адамға алғашқы көмек жолдары

СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.

Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде еанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс.

-ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту;

-тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;

-жасанды тыныс алдыру;

-қан айналымын қолдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]