Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obzh_208.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

7.Қар көшкiнi және оған тап болғандағы адамдардың іс-әрекеті

Қар және мұз көшкіні– тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады.

Түрлері Қар және мұз көшкіні беткейлермен сырғанау сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

  1. беткейдің бетін түгелдей ала арнасыз сырғитын қар сырғымалар;

  2. жыра, жылғалармен қозғалатын астаулы қар және мұз көшкіні;

  3. ақпа, яғни еркін құлайтын қар және мұз көшкіні;

  4. тау беткейінен құлайтын немесе сырғитын, жолында тұрған кез келген нысандарды өзімен бірге ала кететін қар массасы.

Құрамындағы материалдардың сипатына қарай екіге бөлінеді:

1)ұсақ кристалды шашпа қардан тұратын немесе шаң сипатты қар және мұз көшкіні (әдетте, қыста болады);

2) тығыз әрі ауыр жабысқақ қардан тұратын, тұтас тақта түрінде төмен құлайтын жылбысқы қар және мұз көшкіні (әдетте, көктемде болады).

Қар және мұз көшкіні қозғалысының орташа жылдамдығы 20-30 м/с.Қар көшкіні көлемі бірнеше млн.м³-ге, соққы күші 1м²-ге 60— 100 тоннаға жетіп, жойқын апаттарға әкеліп соқтырады.Құрғақ (қыстағы) қар және мұз көшкінінің жылдамдығы 80-100 м/с.Ылғал (көктемде) қар және мұз көшкінінің 10-20 м/с.Қар және мұз көшкінін бақылайтын арнаулы стансалар жұмыс істейді, онда қар және мұз көшкіні үнемі зерттеледі: қар және мұз көшкінінің қалыптасу жағдайы мен олардың таралуының негізгі заңдылықтары, қар жамылғысының режимі мен физикалық-механикалық қасиеттерінің құбылу ерекшеліктері анықталады; қар қатқабаты күйінің алмағайып жағдайлары анықталып, көшкінді болжаудың тәсілдері жасалады;қар көшкіндерінің гидрологиялық мәнінің есептік сипаттамалары жасалады;Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.

-таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;

-Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырысыңыз;

-Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз;

-Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз;

-Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын;

-Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз:

-Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз;

-Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол жерде тағы да көшкін қаупі болуы ықтимал;

8.Жер сiлкiнiсi, сипаттамасы, қорғаныс шаралары Жер сілкіну, жер сілкінісі— жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Жер сілкінісі қатты болғандықтан, шығатын энергияның санына және ошақтың алшақтығына, жер сілкінісі күшін өлшеу үшін негізгі көрсеткіштер көлемін, олардың кинетикалық энергиясын сипаттайтын, қарқындылық және ошақ тереңділігіне байланысты. Әрбір жер сілкінісінің өзінің ошағы мен эпиорталығы бар.

Жер сілкінісінің ошағы терең жердегі орын, онда жер сілкінісі пайда болады, ол жерде серпінді сейсмикалық толқындар (гипо орталық) таралады.

Жер сілкінісінің эпиорталығы деп ошаққа аса жақын жердің үстіндегі орынды айтады.

Жер қойнауында энергияның жиналуынан әрдайым күрделі үрдістер болып тұрады, соның босатылуынан сейсмикалық дүмпулер болады. Жер сілкінісі ошағы болған немесе болатын аумақтарды сейсмикалық облыс деп атайды.

Қорғану шаралары: Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (түрткі күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.

Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.

Егер сіз автомобильде болсаңыз, түрткілер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]