Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дұрыс шпор..docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

29.Көркем бейне табиғаты.

Көркем бейне – әдебиетте, өнерде өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. К. б-де көпке ортақ сипаттар мен жекелік сипаттарды ұштастырып, даралап көрсету ұласып жатады. Осы тұтастық бірігіп көрінгенде көркем образ, көркем бейне туады. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін, табиғатын суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады. Көркем әдебиетте берік орын алған Көркем бейнелер көп.Мысалы: Абай, Дәркембай, Құнанбай (“Абай”), Ботагөз, Асқар(“Ботагөз”), Ұлпан (“Ұлпан”), т.б. Көркем бейне өмір шындығына, халықтың адамгершілік эстет. мұраттарына сәйкес келгенде ғана өнер туындысына айналады.

30.Көркем бейненің 2 қыры.

Көркем бейне-көркемөнерде,соның ішінде әдеби шығармада суреттелетін өмір құблысының көрінісі, кейіпкердің көркем ой-елегінен өткізілген тұлға-бейнесі. Көркем бейненің 2 қырлы ерекшелігі бар:1)жинақтау, жалпылық сипаттарды топшылап-түүйіндеу және 2)даралау,жекелік қасиет-белгілерді нақтылы түрде көрсету.осы екеуі іштей астасып, қабысып жатады. Көркем образ- әдебиетте өмір шындығын,қоғамдық құбылысты, табиғатты,адам тағдырын бейнелеп көрсету тәсілі. Әдеби шығармадағы көркем образды алсақ, оның бой-тұлғасындағы ,кескін-кейпіндегі,қимыл-әрекетіндегі өзгеше сипат белгілерді нақтылы суреттеу арқылы жазушы типтік қасиеттерді ,яғни қоғамдық жағдай туғызған , басқаларға ортақ, жалпылық мәні бар ерекшеліктерді айқын танытады. Жазушы көптеген адамдарға тән қасиет-сипаттарды жинастырып, іріктеп алып,бір адамның бойына сыйғызып бейнелейді.

31.Көркем бейне,тарихи жағдай.

Әдебиеттегі адам бейнесін жасаудың шешуші шарты-ойдан шығару.Ойдан шығару-образға апаратын жол; суреткердің өмірде көрген білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі.Ойдан шығару арқылы жазушы болашақ көркем бейненің эстизін алдымен өзі ойша жасап, көз алдына ойша елестетеді. Суреткердің (көз алдына) өз ойында нақты түрде мүсінделмеген, көз алдына затты түрде елес бермеген бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айналуы мүмкін емес. Тарихи жағдайға қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған оқиғалар, өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың,халық өмірініің шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты танылады. Қоғамның даму процесі, саяси таптар мен топтар, кейіпкерлердің мінезі,іс-әрекеті өз уақытының қалпына орай алыну керек. Осының бәрі суреткерлікпен жанды түрде көркем бейнеленіп берілсе,тарихи жағдайдың әсері,оқырманға берер танымдық мәні арта түседі.