- •8.Дүниетаным және көркем шығармашылық арақатынасы
- •4. Әдебиеттің қоғамдық функциясы
- •5. Халықшылдық эстетиканың тағлым-талаптары
- •9.Нәзира үлгісіндегі әдебиет
- •11. Көркем бейне және тарихи жағдай, орта
- •13.Байтұрсынов а «Әдебиет теориясы» еңбегі
- •14.Жұмалиев қ (Әдебиет теориясы» еңбегі
- •22.Әдеби бағыт пен ағым
- •23.Әдебиет тегі мен түрі
- •24. Көркемдік әдіс
- •25.Стиль және көркемдік
- •26.Әдебиеттің өнердің бір түрі ретіндегі өзіндік ерекшеліктері.
- •27.Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Дәстүрді шығармашылықпен игеру және дамыту.
- •28. Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар
- •29.Көркем бейне табиғаты.
- •30.Көркем бейненің 2 қыры.
- •31.Көркем бейне,тарихи жағдай.
- •32.Реализм және өнердегі антиреалистік бағыт.
- •33.Образ ұғымының әдебиеттегі қолданысы.
- •34.Шығарманың композициясы.
- •35.Портрет.
- •36.Мінездеу
- •37.Монолог
- •38. Қазақ өлеңінің құрылыс жүйесі
- •41. Социалистік реализм әдісі және оған сыни көзқарас
- •42. Көркем шығарманың идеясы
- •74.75.76/Өнердегі типтендіру процесі
5. Халықшылдық эстетиканың тағлым-талаптары
І.Орыс революционер-демократтарының эстетикалық ой-пікірлері (В.Г.Белинский, А.Герңен, Н.Чернышевский, Н.Добролюбов).
Орыс революционер - демократтарьшың ой-пікірлері XIX ғасырдағы мәдениеті мен тарихында ғана емес, бүкіл дүние жүзінде айрықша орындарының бар екендіктеріне тарих куә. Эстетика ғылым, таным ретінде өмір құбылыстарын бейнелеушілік, өмірді барлық қырынан негіздеушілік, қызметінің шегіне XIX ғасырдағы Россия қоғамында жетті дер болсақ және осы арқылы көркем образ құпияларына терең бойлау ондағы объективтік, субъективтік бастауларды тану, шығармашылық процестегі дүниетанымның аса маңыздылығын түсіндірді, әдебиетті адамзат қоғамының тарихымен тығыз байланысты зерттеу мәселелері Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде кеңінен етек алды.
Бұлар оларды қоғамға қызмет етуші деп санады да, өздерінің өнер, әдебиет, эстетика жайлы көзқарастарын саяси көзқарастарының құралы етті. Саяси көзқарастары жөнінен «Русьті қолына балта алуға шақырған» революционер-демократтар шаруалардың мақсат- мүддесін көздеді. Олар әдебиеттің қоғамдық қызметіндеғі бағыттылық үшін өмір құбылыстарын барлық қарама-қайшылықтарымен шынайы қалпында суреттеу үшін күресті. Олар суреткердің өзі өмір сүріп отырған қоғамға, заманға қызмет етуші еркіндігінен бөліп алып қарастырған жоқ. Революционер-демократтар суреткерді өз қоғамының азаматы, халқының ақыл-ой сезімімен бірліктегі тұлға деп таныды.Революционер-демократтар эстетиканың негізгі мәселесін шешуге келгенде Гегельдің эстетикасының негізгі предметі идея дегеніне қарсы, эстетиканың негізгі предметі ақиқат өмір, өмір шындығы деді. Революционер-демократтар ақиқат өмірді, өмір шындығын сұлулықтың көзі, әдебиет пен өнердің нысанасы мен дерегі деп жан-жақты дәлелдеді. «Эстетическое отношения искусства к деятельности» (1855).Өмірді бейнелеу революционер-демократтардың айтуынша - өмір құбылыстарының ең маңыздысын табу, ақыл мен қиялдың көмегімен сапасы жағынан мүлдем жаңа жинақталған бейнелер жасау. Жинақтаусыз өнердің болуының мүмкін еместігін жан- жақты дәлелдеген де революционер-демократтар болды.Революционер-демократтар осылайша сыншыл реализмнің негізін салды. Сыншыл реализмді теориялық түрғыдан жан-жақты негіздеді.Белинский (1811-1848)«Әдеби арман», «А.Пушкин шығармалары», «Гоғольге хат» еңбектерінде ұлы сыншы сөз өнерінің шыншылдығын, халықтығын, қоғамды өзгертушілік күшін барынша насихаттады. Әдебиет пен өмірді ғасырдың ұлы мақсаттарына қызмет етуге жұмылдырды, адамзат баласын құлдық өмірден босататын, бостандыққа шығаратын құдіретті күш болуын талап етті. Әрбір жаңа шығарма Белинскийдің айтуы бойынша орыс өміріне қажеттілігіне қарай бағаланады.«Әдебиеттің тегі мен түрі туралы» мақаласы.«Диалектикалық материализмге әбден таяу келіп, тарихи материализмнің алдына келгенде тоқтаған» Герцен де өзінің саяси-әлеуметтік көзқарастарымен шын мағынасындағы революционер-демократ болды.
9.Нәзира үлгісіндегі әдебиет
Нәзира нәзирагөйлік (араб тілінен – жауап, ұқсату мағынасында) – Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Бір ақын жырлаған тақырыпты кейін басқа ақынның қайта жырлауы немесе алғашқы шығармаға екіншінің “жауап” қатуы. Бұл орайда бастапқы туындының сюжеті, кейіпкерлері, өлең ырғағы, ұйқасы, көркемдеу құралдары пайдаланылады. Ол 11 ғасырдан бастап сарай поэзиясында әдебиет тартысы, ақындық талантты сынау құралы ретінде қолданылған. Фердоуси сарынымен Нәзира үлгісінде жыр жазған Низамидың “Хамсасын” бағдарға алған нәзирагөйлік дәстүрі 13 ғасырдан өрістей бастаған. “Хамсаға” (“Бес кітап”) “жауап” жазу үрдісі дамып, бір ғана “[[Ләйлі – Мәжнүн” дастанына жүзден астам Нәзира жазылған. Низами дастандарының желісінде Дехлеуи, Науаи, Жәми, Физули сынды шайырлар бай мұра қалдырды. Нәзирагөйлік дәстүрі қазақ поэзиясында да дамыды. Алғашқы мифтерден, “Құран” желілерінен, “Мың бір түн”, “Тотынама”, “Шахнама”, “Ләйлі – Мәжнүн”, “Жүсіп – Зылиха”, т.б. ізімен жазылған қисса, дастандар қазақ әдебиетінде көптеп саналады. Соның бірі – Шәкерімнің “Ләйлі – Мәжнүн” дастаны (1907). Ал Абайдың ортағасырлық шығыс дастандарынан тамыр алатын “Ескендір” поэмасында нәзиралық үлгіден гөрі “дара сипат” басым. Қазақ әдебиеттану ғылымында Нәзира әдеби үрдісін М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай, Ш.Сәтбаева,А.Қыраубайқызы, Ө.Күмісбаевтар зерттеді. [1]
