Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дұрыс шпор..docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

27.Дәстүр мен жаңашылдық арақатынасы. Дәстүрді шығармашылықпен игеру және дамыту.

Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шы¬ғып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жал¬пы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте бо¬лып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланыс¬ты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туа¬ды. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейне¬леу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әде¬биетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін.

28. Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар

Көркемдік әдіс - белгілі бір дәуірде көптеген жазушылар шығармаларында қолданылатын өмір шындығын суреттеу ерекшелігі соны айқындайтын негізгі принциптер.Бір заманда өмір сүріп,бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ сипат – белгілері аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану,адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады.Көркемдік әдіс әлдеқайда кең мағынада алынып жазушының өмірді бейнелеуде нақты болатын яки болатын өмір құбылыстарын тірек етуімен сипатталады. Көптеген әдеби ағым- бағыттар жиі қолданатын 2 түрлі әдіс бар. Біріші әдіс – романтизм.Орыс әдебиеттерінде және дүние жүзі әдебиетінде жиі қолданылады. К.Ф.Рылеев, В.К.Кюхельбекер, А.И. Одоевский, Н.В.Жуковский ақындар шығармашылығында мол қолданыс табады.Романтизмге тән басты ерекшелік айналадағы өмірге сын көзбен қарау,шарық ұрып іздену, қиялға берілу болса,революционер творчествосында ол жаңашылдықпен алға ұмтылуымен ұштасты. Ал енді болашаққа үміт артпай, артқа қарайлаудан романтизнің осал кемшілік жақтары байқалады. Орыс әдебиетінде А.С.Пушкин творчествосында қазақ әдебиетінде Абай поэзиясында кең өріс алған көркем әдіс- реализм болды. Бұл әдіс өмір шындығын неғұрлым терең жан- жақты ашуға мүмкіндік береді. Айналадағы өмірдің өзін тереңдеп ұғынып түсінуге ,күнделікті жайларды қарапайым адамдардың бейнесін суреттеуге бет бұру- бұл реализмнің әдісінің бағалы жағы. Реализм әдебиетте көркем өнерде бұқара халықтың өмірін неғұрлым мол шыншылдықпен бейнелеуге жол ашты. Халықтық өдеби дәстүрлермен байланыс әлдеқайда күшейе түсті. Осының нәтижесінде әдебиет пен көркемөнердің халықты сипаты арта түсті. Қазіргі дәуірде әдебиетте жазушылардың творчестволық еркіндігіне жаңашылдық ізденістеріне мол мүмкіндік туып отыр.Өмір шындығын жан- жақты терең ашып көрсету үшін әдебиет тақырыбы,идеялық мазмұны көркемдік ерекшеліктері жағынан мейілінше толығып үнемі әр алуан сипат- белгілерімен байи беруі қажет.