- •Тарих ғылымдарының теориясы мен әдістемесі және методологиясы.
- •Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы мен деректері.
- •Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы мен деректері.
- •1917 Ж Қазан төңкерісі Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.
- •Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
- •Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
- •Кеңес үкіметі мен Алаш Орда
- •7 . Хх ғ басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық – саяси қызметі: ә.Бөкейханов.
- •1917-1920 Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар.Алаш Үш жүз.
- •Қазақстандағы Азамат соғысы. Әскери коминизм саясаты. ҚазақАкср құрылуы.
- •Қазақ акср-дың құрылуы.
- •Соғыс комунизм саясаты.
- •Жаңа экономикалық саясат
- •Қазақстанның хх ғ 20-30 ж мәдени құрылыс.
- •Қазақ депуттаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
- •. 1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалысы: негізгі кезеңдері, қозғалыс ошақтары, жетекшілері
- •Тың игеру саясаты және оның зардаптары.
- •74. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» (1991 ж.).
- •75. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (тмд). Алматы Декларациясы (1991 ж.): мақсаты мен міндеттері.
- •77. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992 ж.): қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы.
- •76. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен рәміздері.
- •Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
- •Семей ядролық полигоны
- •66. Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).
Қазақстанның хх ғ 20-30 ж мәдени құрылыс.
Ересектер арасында сауатсыздықты жою Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында. Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 ин¬тернат жұмыс істеді.Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.
Әдебиеттің дамуы
XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.С. Сейфуллин «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды.І. Жансүгіров «Құлагер», Б. Майлин «Азамат Азаматыч», И. Байзақов «Құралай сұлу», Ғ. Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж. Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды. Б. Жәнікешов, Б. Ізтөлин азамат соғысы жылдарындағы белгілі ақындар.Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б. Майлиннің «Жалбыр», М. Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды. Қазақ әдебиетінде кеңестік басқа ұлт өкілдерінің де алатын орны ерекше. Мысалы, қазақ жеріндегі ұжымдастыру жөнінде Мате Залка «Тұман тұмшалаған ауыл» атты романын жазды.20–30 жылдардағы қазақ әдебиетінде аударма ісі де ерекше орын алды.Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов аударма ісінің шебері болды.А. Байтұрсынов И. А. Крыловтың шығармаларын, Ж. Аймауытов М. Ю. Лермонтов пен А. С. Пушкиннің, Ғ. Тоқай Ф. Шиллердің шығармаларын;М. Жұмабаев М. Горький мен Г. Гейненің, Гете мен Д. МаминСибиряктың, В. Ивановтың шығармаларын аударды.Ж. Аймауытов «Интернационалды» аударды.Ж. Жабаев пен Н. Байғаниннің, Ш. Қошқарбаевтың т. б. ақындардың өлеңдері мен дастандары қазақ поэзиясын одан әрі дамытты.XX ғасырдың 20–30 жылдарында Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев, Д, Әбілов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Т. Жароков бастаған жас буындар әдебиет саласында белгілі бол-ды.Сталиндік бюрократизм, жазалау шаралары, репрессия қазақ әдебиетіне орны толмас шығын әкелді. Мысалы, жазықсыз жолмен М. Дулатов түрмеге қамалып, 1935 жылы қайтыс болса, А. Байтұрсынов 1937 жылы атылды
XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы
I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов, А. Қалменов, Ә. Бөкейханов, Ш. Қосшығұловсайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин мен Д. Тұндыт сияқты қазақ азаматтар болды.
Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, АқмоладанШ.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев,Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды.
Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары А. Бірімжанов пен Б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.
Осы кезеңдегі Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси белсенділігінің тағы бір жарқын көрінісі І Мемлекеттік думада бүкіл империя мұсылмандарының мүддесін қорғау қажеттілігінен туындаған мұсылмандардың парламенттік фракциясының құрылуы болды. Фракция құрамы Дума жұмысына қатысқан 24 мұсылман депутатынан тұрды. Оның ішінде қазақ жерінен сайланған А.Бірімжанов пен А.Қалменов бар еді. 1906ж. 21 маусым күні мұсылман депутаттарының бас қосқан жиылысында фракцияның төрағасы сайланып, оның бюросының құрамы бекітілді. Мұсылман фракциясының төрағалығына Алимарданбек Топчибашев, бюросына мүшелікке Орынбор губерниясынан алтын өндірісінің кәсіпкерлері М.Рамеев, Қазан губерниясынан заңгер, әрі «Қазан мухбире» («Қазан хабаршысы») газетінің дедакторы С.Алкин, Елизаветполь губерниясынан заңгер И.Зиятханов, Уфа губерниясынан заңгер А.Ахметов, отставкадағы офицер, земство қызметкері Ш.Сыртланов және заңгер, сондай—ақ земство қазметкері С.Жантөрин сайланды.
Мұсылмандардың парламенттік фракциясы басқа фракцияларға қарағанда кеш құрылды. Бастапқа кезде мұсылман депутаттарының көпшілігі кадеттердің парламенттік фракциясына жазылып, соның құрамында болып келді. Оның себебі, біріншіден, мұсылман депутаттарының біразы кадеттер партиясының мүшесі болса, екіншіден, Ресей мұсылмандарының екінші съезінде кадеттермен ынтымақтаса әрекет ету қажет деген қарар қабылдағандықтан еді.
Мемлекеттік дума жұмысының күн тәртібіне бүкіл Ресей мұсылман жұртшылығын алаңдатқан жер, азаматтық теңдік, ар-ождан бостандығы және т.б. маңызды мәселелер қойылды. Мұсылман фракциясы думада және оның комиссияларындағы жұмыстарында «Ресей мұсымандары одағы» бағдарламасының жобасын басшылыққа алады. Сонымен бірге бұл бағдарлама жобасы фракция мәжілістерінде бірнеше рет талқыланды.
Фракция мәжілісінде бағдарламаның жерге байланысты тұжырымдамасын талқылау барысында қазақ депутаттары А.Бірімжанов пен А.Қалменов сөз алып жер халықтың өз меншігі саналсын, әрі мал бағушылардың жері арттырылсын деп бүкіл қазақ елінің мүддесін білдірді. Мұндай пікірді басқа да мұсылман депутаттары көтерген еді. Кавказдық мұсылман депутаттар түрлі генералдар мен офицерлерге сыйлыққа тартылған жерлерді тез арада кері қайтару қажеттігін бағдарламаға енгізуді талап етті. Нәтижесінде фракция жерге байланысты төмендегідей тұжырымдаманы қабылдады:
«1. Өз күшімен егін егушілердің және мал бағушылардың жері арттырылсын;
2. Халықтан кабинетке, монастырьға және т.б. деп жерлер алынғанда тура бағасы берілсін. Қызметі үшін сыйға берілген жерлер халыққа кері қайтарылсын;
3. Вакуф жерлері күшпен алынбасын;
4. Жер губернияның, облыстың меншігі болсын;
5. Жерді пайдалану әр уалаяттың өзіне берілсін;
6. Қоныс аудару тоқтатылсын».
Мұсылман фракциясы Мемлекеттік думаның талқылауына енгізілген заң жобаларын жіті қадағалап отырды. Думаның 10 шілдедегі мәжілісінде ар-ождан бостандығы туралы заң жобасын талқылау жоспарланған болатын. Бұл мәселе бойынша фракциясы атынан С.Алкин баяндама жасауы керек еді. Алайда бұл заң жобасы 9 шілдеде Дума таратылғандықтан талқылусыз қалды.
Мемлекеттік думадағы басқа да партиялармен қарым-қатынас мәселесінде мұсылман фракциясы кадеттер фракциясына жақын тұрды. Бірақ мұсылман фракциясы автономия мен жер мәселесінде солшыдау болды.
І Мемлекеттік думаның аз уақыт жұмыс істегеніне қарамастан мұсылман депутаттары Ресей парламентіне мұсылман халықтарының жағдайы жайлы шындықты жеткізуде мүмкін болғанның бәрін істеді. Ш.Сыртланов Думаның 8 маусымдағы мәжілісінде сөйлеген сөзінде Ресей мұсылмандарының орыс тұрғындарына қарағанда құқықтарының шектеулі екендігін, мұсылмандардың мешіт салуына, Бұқара мен Түркияда білім алған мұғалімдердің ұстаздық етуіне рұқсат етілмей жатқандығын, мұсылман оқу орындарында орыс тілін оқыту орынсыз талап етілетіндігін, орыс оқу орындарындағы мұсылман балаларына христиан ілімін оқытудың жөнсіз екендігін баса көрсетті [84].
Мұсылман фракциясының өкілдері Думада құрылған жер, азаматтық теңдік, қаржы және т.б. комиссиялардың құрамына енді. Мұндай комиссиялардың құрылуы барысында кейбір ұлт аймақтардан келген депутаттарға оын бөлінбей қалды. Мәселен, жер комиссиясында қазақ депутаттарына бірде орын бөлінбеген еді. Осыған байланысты 30 маусым күні Дума отырыснда А.Бірімжанов сөз сөйлеп, қазақ елінің жерге байланысты шешілмей жатқан көп мәселелері бар екенін айтып, жер мәселесі бойынша құрылған комиссияның құрамына қазақ депутаттарының өкілін енгізу қажеттігін ұсынды. А.Бірімжановтың сөзін мұсылман фракциясының тағы бір мүшесі – Ш.Сыртланов қуаттап сөйледі.
Елдегі ресми билікке оппозицияда тұрған саяси күштермен мұсылман фракциясы бірге болды. Олар Думаның құқын кеңейте түсуде, заң шығару ісімен қатар үкіметті де Дума қолына тапсыруды талап етті [85]. Оған жауап ретінде 1906ж. 9 шілдеде ІІ Николай Думаны тоқтату жарлығына қол қойды. Осылайша алғашқы Ресей парламентінің ғұмыры қысқа болып, бар-жоғы 72 күнге созылды. Соның нәтижесінде мұсылман фракциясының Мемлекеттік дума арқылы шешеміз деген үлкен үміттері жүзеге асырусыз қалды.
Патшаның осы әділетсіз жарлығына наразылық танытқан Думаның 182 депутаты 9 шілде күні Финляндияның Выборг қаласына келіп, онда «Выборг манифесі» аталған үндеуге қол қойды. Бұл наразылық актісіне қол қойғандардың ішінде мұсылман депутаттарынан С.Жантөрин, С.Алкин, А.Ахтямов, И.Зиятханов және Дума таратылған күні Петерборға келіп жеткен Ә.Бөкейханов болды.
Жаңадан халық өкілдері жиналысын шақырғанға дейін халықты салық төлеуден және әскери міндеткерлікті өтеуден бас тартуға шақырған бұл үндеуге қол қойған Дума депутаттарының 108-і патша өкіметі тарапынан жауапты тартылып, қуғын-сүргінге ұшырады [86]. Осы үндеуге қол қойған мұсылман депутаттары келесі Думаға сайлау құқын айырылып, түрлі мерзімге абақтыға отырып шықты.
Әйтсе де І Мемлекеттік думада фракциясының бой көтеруі ұлттық езгіні бастан кешіріп жатқан мұсылман халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға болды. Ол жөнінде И.Гаспринский «Тәржіман» газетінде: «Бірінші Мемлекеттік думадағы мұсылман депутаттары тұтас бір фракция құрды. Бұл фракция бірінші Думаның таратылуына байланысты 20 күн өмір сүргеніне қарамастан өз соңында терең із қалдырды. Фракцияның құрылуы 20 миссионнан астам мұсылмандардың талап-тілекгінен туындады. Халық өзінің парламенттік фракциясының әрбір сөзі мен қадамын қалт жібермей қадағалап отырды. ...Бірінші Думадағы мұсылман фракциясына үлкен рахмет. Ол өз міндетін айқын түсініп, биіктен көріне білді. Келесі думадағы фракцияның қызметіне кең, ауқымды жол ашып берді. Енді халық ІІ Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясынан тек ұйымдастырушылық ғана емес, заң шығарушылық қызметін де күтеді» [87], - деп жазды.
Өз жұмысын 1907ж. 20 ақпанда бастаған ІІ думаға сайланған 518 депутаттың 35-і мұсылман өкілі болды. Олардың жетеуі қазақ депутаттары – Орал облысынан Бақытжан Қаратаев, Ішкі Ордадан Бақыткерей Қлманов, Семей облысынан Темірғали Нұрекенов, Торғай облысынан Ахмет Біріжанов, Ақмола облысынан Шаһмардан Қосшығұлов, Жетісу облысынан мұхметжан Тынышбаев, Сырдария облысынан Тілеулі Аллабергенов еді.
