Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих сурак жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆
  1. Қазақ депуттаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы

    1. . «Қазақ»газеті мен «Айқап» журналдарының қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптастырудағы рөлі.

«Айқап» — қазақтың тұңғыш қоғамдық­саяси, әдеби журналы. 1911—1915 ж. аралығында Ресейдің Троицк қаласында бастапқыда айына бір рет, кейін екі рет шықты. Барлығы 88 саны жарық көрген. Редакторы — қоғам қайраткері, ақын, аудармашы, М. Сералин. «Айқап» отаршылдық қысымдағы қазақтың ұлттық санасын оятуға ықпал етіп, халқымыздың саяси және рухани ілгерілеу жолында мейлінше қажетті ділгір мәселелерді өткір көтерді. Журналда Ш. Құдайбердіұлының «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5), «Сөз таласы» (1915, № 6), «Біздің мұқтаждарымыз». «Басқармаға келген хаттар» (1912, № 4.) мақала, хабарлары жарияланды. Оларда Ш. Құдайбердіұлының философиялық ой­толғамдары, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне қатысты көзқарасы көрініс тапқан. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын» (1912, № 5) сауалнамасында Ш. Құдайбердіұлының «Айқап» журналы арқылы оқырмандардан бес түрлі діни сұраққа жауап сұраған хаты берілген. «Білімділерден бес түрлі сөздің шешуін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес, өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын — бәрібір, бірақ жауап қазақ тіліменен жазылсын, не қазақша тәржіма етілсін. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен…» дей келіп, 1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не? 2. Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат­бейнет (сауап­азап) бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?» деп барша адамзат баласын мәңгілік толғандыратын философиялық сауалдарын талқыға салады. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға» өлеңінде қазақ зиялыларының пікір қайшылығынан туындаған (көшпелі және отырықшы) мәселеде парасат пайымына жетелер азаматтық келісімге ой салып, елдік жолындағы саяси және рухани арнадағы ортақ мұрат­мақсатта береке­бірлікке шақырса, «Сөз таласында» «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің арасындағы мұсылман құрылтайы мәселесіне қатысты өрбіген кезекті таластарды ақыл таразысына салып, сын көзімен қарайды. Ақын орынсыз кекету, жөнсіз мұқату, қисынсыз мінеу сынды ар өлшемімен еш үйлеспейтін жағымсыз қылықтардың келеңсіздіктерге ұрындырып отырғанын айта отырып, имани қасиеттерге жүгіну керектігін айтады. «Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған Ғалихан да талас сынды көптің сынына салып отыр, ол жақсы­ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін жазған жарай ма? Менің ойымша, кекеу, сөгіс — тіл қаруы. Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас баланы да ұрып, кекеп­зекіріп тыю зиян шығармай ма?» деп қандай да болмасын адамның дәрежесі мен лауазымына қарамастан әділдік жолында ақиқат өлшемін ұстануы керектігін ескертеді. Өз толғамын нақты мысалмен нығырлап, өзекжарды толғанысын «кекеу кек шақырып, кек партия шақырып, партия елдің елдігін жоғалтады» деп саяси ұстанымды ар­ождан қасиеттерімен сабақтастырып, азаматтық кемелділікке шақырады. «Айқап» журналында Ш. Құдайбердіұлының жарық көрген кітаптары, өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер де берілген. «Жаңа шыққан кітаптар» хабарламаларында Ш. Құдайбердіұлының «Мұсылмандық кітабы», «Түрік, қырғыз­қазақ һәм хандар шежіресі» (1912, № 7), «Қалқаман—Мамыр» кітаптары басылып шыққаны хабарланса (1912, № 13), М. Сералин «Шаһар Троицк» мақаласында «Айқап» журналы шыға бастаған кезеңнен бері «Маса», «Бақытсыз Жамал», «Өрнек», «Тумыш», «Шаир», «Көксілдер», «Шежіре», «Мұсылмандық кітабы», «Топжарған» кітаптарымен қатар Ш. Құдайбердіұлының «Қалқаман—Мамыр» кітабы шыққанына тоқталады (1913, № 1) Ал С. Ғаббасовтың «Тарих қазақ жайынан» (1916, № 6) мақаласында «Құнанбай мырза менен Абай марқұмды жұрттың жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім Құдайберді баласы да түсіреді. Бұл адамның жазған кітаптарын қолға алып қарай бастағанда, бұл кітап жазушы ақсақалдың үлкен әкесі марқұм қажы Құнанбай қандай болғанда, ағасы Абай қандай болған деп ойға алынады… Бұл күнде милләтіне қаламымен қызмет қылып жатқан құрметті, аса қадірлі Шаһкәрім күміс ер­тоқым, күміс белдік, жуан бос құрсаққа мас болып, қажы деген сөзге төбесі көкке жеткендей болып жүрген қажыларымызға үлкен­ақ үлгі боларлық зат… Шаһкәрім сияқты ақсақалдарымыздың ғұмырына берекет беріп, оқыған жастарымызға Шәһкәрімдей болуға нәсіп етсін» деп жазылған. Есенқұл Маманұлы «Роман жарысы туралы» мақаласында әдеби сыншылыққа Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Сералин, Р. Мәрсекұлы, Ж. Ақбайұлы, Н. Орманбетұлы, Н. Құлжанұлы және Ш. Құдайбердіұлы лайықты деп біледі. «Қазақ» — ұлттық қоғамдық, саяси және әдеби газет. 1913.2.II—1918.26.IX жылдар аралығында Ресейдің Орынбор қаласында Алаш санаткерлерінің күш­қайраты, ұлт қайраткері А. Байтұрсынұлы редакторлығымен шықты. Барлығы 264 саны жарық көрді. «Қазақ» — XX ғ. басындағы ұлттық санаға елдік қасиеттер сіңірді.

Саяси және рухани ояну ұранын көтеріп, отаршылдық қысымдағы ұлттың азаттық мұраттарын темірқазық етіп ұстанды. «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты атын» иемденген газет «ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет» және де «қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ, осы ғасырдың ғылым жарығында қазақ көзін ашып, өзінің қазақшылығын жоғалтпас және өзіміздің әдет­ғұрыпқа сай «қазақ мәдениетін» (казахская культура) құрып, бір жағынан «қазақ әдебиетін» (казахская литература) тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы» деп осы жолда тарихи ерен қызмет атқарды. Сол биік мұрат­ мақсат биігінен табылуда қаны мен жанын жанпида еткен Алаш ардақтыларының бірі Ш. Құдайбердіұлы болды. Басылым тұсауын кескенде «Қазақ» құтты болсын!» жүрекжарды өлеңін арнады. Газеттің әлеуметтік өмірдегі мән­мағынасын («…Қолына жарық сәуле ала туды. Мақсаты: қараңғыда жүрген халқын, Ойлайды тура жолға қаратуды»), қоғамдық маңызын терең екшейді («…Ойлама газет бізге неге керек деп, Газетсіз ел жаны жоқ өлгенге есеп!»). Ұлт басылымдарын жамағаттың жазылу арқылы демеу беріп қолдауындағы жауапкершілігі мейлінше қажеттігін жырлаған Ш. Құдайбердіұлы «Қазақ» (1913.16.VI) газетінде жарияланған шағын ой толғанысында да «Білімсіз ел жас бала сықылды: бір жаңа нәрсе көрінсе, бұрынғыны тастап соған ұмтылмақшы. Біздің қазақ «Қазақ» газетасы шыққан соң «Айқап» журналын тастап кете ме деп кәдік көремін. Тамам қырғыз һәм қазаққа бір журнал, бір газет көптік қылмас, екеуін де алу керек! Газетаға сөз жазушы мырзалардан өтінемін «Қазаққа да», «Айқапқа да» жазып тұрсаңыздар екен?!» деп жазды. Б. Майлиннің «Айқап» ойларында бар ма?» мақаласында жазғанындай «ол тілек жалғыз Шәкәрімнің тілегі емес еді. Бүкіл қазақ тілегі болуға лайықты еді». «Қазақта» өз дәуірінің күрделі мәселелерін сергек те ақыл көзімен байыптаған Ш. Құдайбердіұлының оқу­ағарту, ұлттық әдет­ғұрып, қазақ шежіресі сынды сан алуан өзекті мәселелерге арналған парасат пайымындағы сыншылдық ой толғамына құралған «Керек», «Жазу мәселесі», «Барша қырғыз­қазақ білімділеріне ашық хат» (234), «Өтініш», «Би һәм билік туралы», «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды: Керей таңбасы жайлы», «Билік туралы» мақалалары жарық көрді. «Би һәм билік туралы» мақаласында қазақ дауына отарлаушы шенеунігінің құлқын пиғылы тұрғысынан емес, әділдік пен туралыққа, ар өлшеміне негізделген ата салтындағы әдет­ғұрып бойынша билік шешудің ұтымды да тиімді жолдарына қатысты келелі ой түйеді. Бұрынғы қазақтың ескі жолының көбі осы күнге қолайлы екеніне әрі бірталайының шариғатпен жанасатынына әлеумет назарын аудартады.

17 . XX ғ. басындағы қазақ басылымдары.

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

ХХ ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал. 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин. "Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына А.Ғалымов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]