Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих сурак жауап.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
135 Кб
Скачать
☆
  • Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

    21 . Қарқаралы петициясы

    Қарқаралы петициясыОтаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.

    Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды.

    27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.

    Бірінші жалпықазақ съезінің қарарларында осы кезден- ақ мемлекеттік құрылыстың ұлттық түрін құру жолдары қарастырыла бастағаны белгілі. Мысалы: съезд қаулыларында "осы күнгі тұрақты өскер орнына халық милициясы құрылсын" деп ұлттық әскер жасақтауды, "көшпелі елдерде де отырықшылардыкі секілді тоқтаусыз солостной земство ашылсын" деп Земскілік басқару жүйесінің қазақ шындығына бейімделген түрік ұйымдастыруды, "қазақтың народный сотын" жойып, оның орнына "қазақ тұрмысына лайық айрықша сот" құруды жақтап шықты.

    Съездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселесі бойынша қабылдаған шешімдері қазақ демократиялық интеллигенциясының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. Мәселен, съезд оқу-ағарту ісіне байланысты "бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым "Қазақ" газеті емлесімен жазылсын" деп көрсетіп, ол әйел теңдігіне байланысты "әйеддер саяси құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі өзінде болсын, қалыңмал жоғалсын деп көрсетіп қаулы қабылдады(41).

    Сондай-ақ съезд халықты бірнеше тізім жасап өзді-өзімен таласып кетуден сақтандырып, ондай болған жағдайда қазақ жұрты өзіне сыбағалы депутаттық орнын өзге жұртқа беріп қоятындығын ескертіп "бір облыста бір списоктен артық болмасын, ол список осы жалпы қазақ съезі көрсеткен список болсын" деді(42).

    Жалпықазақ съезі "Шоран Исламда" қазақ өкілдері болсын, бірақ оның ағзалары әр халықтың санына қарай анықталсын, соған байланысты қазақ өкілдерінің санын кобейту жағы тез арада шешілсін деп көрсетіп, "Шоран исламға" мүшелікке 8 адамды сайлайды.

    Сонымен бірге съезд Жетісудағы қайғылы оқиғаларға байланысты, оларға шек қоюды сұрап әскери және Ішкі істер министрлеріне жеделхат жолдады. Осы облыстағы "ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызға Алаш баласы жәрдем беруін" өтінді.

    Бірінші жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдады: "Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд "Шоран исламға" сайланған қазақ окілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократическая федеративная парламентная республикаға құрылмақ.

    Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жібереді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді(43).

    Қазақ съезі партияның жобасы жасалғанша осы съездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ-аманат болады".

    Қаулы тұжырымдамасы: Біріншіден, құрылатын партия парламенттік негізде, демократиялық принциптерді басшылыққа алған, қазақ елінің ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуға тиіс. Екіншіден, партияның бағдарламасының жобасын "Шоран исламға" сайланған қазақ өкілдері жасап, оны облыстық қазақ комитеттерінің талқысына ұсынады.

    Талқыдан өткен жоба Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған қазақ депутаттарының қарауына түсіп, бекітіледі. Үшіншіден, қазақ саяси партиясының бағдарламасы дайын болғанша Құрылтай жиналысына депутатыққа сайлауға түсетін кандидаттар бірінші жалпықазақ съезінің қаулыларын өздеріне міндет деп түсінулері қажет.

    Енді партияның бағдарламасы жөнінде, "Шоран исламдағы" сайланған қазақ өкілдері Петроградта жиналмайтындығы, соған байланысты оларға жүктелген ұлттық саяси партия бағдарламасының жазылмайтындығы мәмле болған соң, бұл істі "Қазақ" басқармасына біріккен топ өз мойнына алды. Ал бағдарламаны тезірек дайындап жария етуге мынадай жағдай түрткі болады. "Қазақ" басқармасы 1917 жылғы 14 қарашады алаштың омбыдағы облыстық комитетінен мынадай мазмұндағы жеделхат алады: "Алаштың дұшмандары "Алаш" партиясын халыққа теріс түсіндіріп, өтірік хабар таратып жүр, "Қазаққа" да "Алаш" партиясының жобасы басылып шықса екен(44). Оның артынша тағы да Омбыдан сондағы қазақтар "өз алдына "Үш жүз" атты социалистік бағыттағы партия ашты. Партияның мақсаты-федерацияны жақтау һәм түрік-татар қауымдарын біріктіру, Учредительное собраниеге список кіргізу(45). "Қазақ" газеті 1917 12-ноябрь №28.

    Міне, осындай жағдайдан соң "Қазақтың" 21-қараша күнгі санында "Алаш" партиясының бағдарламасы шығады(46). М.Дулатұлы 1929 жылы 30 қарашада ОГПУ тергеушісіне өз қолымен жазып берген жауабында "Алаш" партиясы бағдарламасының өмірге келуі жөнінде мынадай деп көрсетті:

    "Сол жылғы (1917ж) күзгі айлардың бірінде Орынборда тұрған қазақ зиялылары, бастығы Бөкейханұлы мен Байтұрсынұлы "Алаш" партиясын жасауға ұйғарып, программ жобасын (проект программасы) жасадық. Сол жоба бекітілместен жоба бойынша қалды, еш уақытта "Алаш" партиясының съезі болып, жобаны қабылдаған жоқ, оны істеуге ол кездегі жағдай да мүмкіншілік бермеді.

    Алаш қозғалысын өмірге алып келген негізгі екі себеп: отарлық тәуелділік пен феодалдық мешеулік екені белгілі. Осыған орай алаштық интеллигенция өз қызметінде негізінен екі мақсатты, яғни, біріншіден қазақ елін отарлық езгіден азат ету, екіншіден, қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркенистті әлеуметтік—экономикалық және мәдени даму жолына алып шығуды көздеді. Олай болса "Алаш" бағдарламасында бұл мақсаттар қалай көрініс тапты?

    "Алаш" партиясы өз бағдараламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын қалайтындығын білдірді.

    Кезінде тарихшы Н.Мартыненко "Қазақ" газетінде жариялаған Алаш программасы жобасының орыс тілінде аударылған нұсқасын өзі даярлаған жинаққа енгізген болатын(47). Соңғы жылдарға дейін "Қазақ" газетінің қолға түспеуіне байланысты, тарихшылар негізінен осы Мартыненко аудармасын пайдаланып, сол бойынша тұжырымдыр жасап келді. Белгілі бір саяси мақсатты көздеген бұл аудармада "Алаш" бағдарламасында аса маңызды принциптік ойларды саналы түрде бұрмалаушылық орын алған еді. Мәселен, біріншіден, ұсынылып, отырған текстің жоба екендігі ескерілмейді, демек, оқырман оны қабылданған бағдарлама есебінде қабылдауы керек еді, екіншіден аудармада жоба тарауларының аты аталмай, құжаттық саяси-әлеуметтік бағыты әдейі солғын көрсетілді.

    Мысалы келтіретін болсақ: "Мемлекет қалпы" атты тараудағы "федерация мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі" дсгсн сөйлем "федерация-союз мелких государств" есебінде аударылып, мүлдем басқа реңк алады. "Жер мәселесі" атты тараудағы "бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту" деген сейлем, Мартыненко аудармасында: "Все ранее отобранные у киргиз переселенцами земли должны быть возвращены обратно"(48)- деп ашықтан ашық бұрмалапады. Осы тараудағы сыбаға өлшеу- норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу" деген сөйлем "киргизы должны получить земли с более плодородной почвой" деп аударылды. Бағдарламаның саяси және әлеуметтік мазмұнын мейлінше реакциялық тұрғыдан тұқыртып көрсетуді көздеген бұл аударма, оқырманға "Алаш" партиясын сеператистік, "Қазақстан қазақтар үшін!" деген тар ұлтшылдық, ескі феодалдық тәртіптерді бұзылмаған күйінде қалдыруды көздеген саяси ұйым етіп көрсетуді көздеді. Бірінші жалпықазақ съезі қаулысын және партия бағдарламасын дайындау кезінде ұлт зиялылары мемлекеттік дербестік мәселесіне өлі де болса үлкен сақтықпен қарады.

    Бағдарлама жобасының жалпы алғанда буржуазиялық -демократиялық сипатын, қоғамдық саяси құрылыста, әлеуметтік-таптық мәселелерде солғын тұстары болуы мүмкін екендігін мойындай отырып, сонымен бірге оның байлығын талан-тараждан қорғау, оқу-ағарту ісін халық мүддесіне сай құру сияқты ұсыныстары, қазақ қоғамының өз еркіндігі мен теңдігі үшін күресі барысында өмірге келген аса маңызды тұжырымдыр болатын.

    Ал "Алаш" бағдарламасының жобасына басқа ресейлік партиялар бағдарламасына еліктеушілік нәтижесінде пайда болған документ, солардан алынып жазылған "қойыртпақ" ретінде қарау, әйтеуір қалай болғанда да Алаш қозғалысының ұлттық негізін жоққа шығару, сол арқылы "алаш интеллигенциясы" аталған әлеуметтік топты халыққа қарсы қою әрекетінен туындаған пиғыл еді.

    "Алаш" партиясының бағдарламасында ашықтан-ашық феодалдық аристократияны шектеуге бағытталған шаралар қарастырылған жоқ болатын. Ұлттық бостандық пен бірлік үшін күрес кезеңінде ондай шараларды күн тәртібіне қоюдың өзі де сөзсіз қазақ қоғамын бөлініп-жарылуға ұрындырмай қоймайтын еді. Сондықтан да қазақ зиялылары сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамының ерекшеліктерін ескере отырып, ондай қадамға саналы түрде барған жай деп айтуға толық негіз бар. Олар әлеуметтік теңдік мәселесінде де жалпыұлттық мүдде, гуманизм тұрғысынан келетіндігін көрсетіп: "Алаш" партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге көңілді адамдар болуын жаһид қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қанауына салады.

    "Алаш" партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртты тарқы ету жағына бастайды ",- деп жазды(49).

    Салық мәселесі де осы тұрғыдан шешіледі. "Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен салынады(50).

    Қазақ жерінде зауыт, фабрика аз, соған байланысты қазақтың жұмысшлары да аз. Ал бар жұмысшылар заң панасында болады. "Алаш" партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик тобының программасын жақтайды".

    Бағдарламаның антифеодалдық сипаты, әсіресе оның "негізгі құқық", "ғылым-білім үйрету" сияқты тарауларынан анық байқаған еді. "Россия республикасында,- деп көрсетілді бағдарламада,- дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең" болады. "Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға- еркіншілік", заң орындарының рұқсатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінтужүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды.

    Қазақ мемлекетінде оқу орындарының есігі кімге де болса ашық және оқу ақысыз болмақ, оқу жалпыға бірдей жайылмақ. Қазақ тілінде орта мектептер, университеттер ашылады, бастауыш кластарда ана тілінде сабақ жүргізіледі, Үкімет оқу ісіне араласпайды. Мұғалімдер мен профессорлар өзара сайлау арқылы тағайындалады.

    Бағдарламада жер мәселесі арнайы тарауда қаралып, негізінен бірінші жалпықазақ съезі шешімдері тұрғысынан бяндалады.

    Бағдарламаға байланысты осы айтылғандар алаш зиялыларының капиталистік қоғам немесе таза ұлттық мемлекет орнату сияқты мүдделерді өздеріне мұрат етіп қоймағандығын, олар үшін бірінші кезекте ұлттық саяси дербестік пен экономикалық-өлеуметтік даму жолына түсу тұрғандығын корсетсе керек.

    Сондықтан да бағдарламада қойылған мақсат-мүдделердің жалпыұлттық, жалпыдемократиялық сипатын негізге ала отырып, біз "Алаш" партиясын "буржуазиялық ұлтшылдар" немесе "буржуазиялық либералдар" партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия деп атауға толық негіз бар деп санаймыз. Ал оны құрушы ұлт зиялыларын ұлттық-демократиялық интеллигенция деп атау орынды болады.

    Бағдарламаның "Мемлекет қалпы" атты бірінші тарауы қазіргі заң ғылыми тілімен айтқанда "Мемлекеттік құрылым" мағынасын білдіреді. Онда: Россия демократическая федеративная республика болады, деп, болашақ қазақ мемлекетінің Ресей құрамында болып, федеративтік құрылыс санатында тең құқықтық дәрежедегі қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетіледі. Байқап қарасақ, "Алаш" партиясының бағдарламасында, дәл, қазіргі ТМД елдеріндегі сияқты, экономикалық мүддеде "ынтымағы бір", ал ішкі, сыртқы саясатта тең құқық дәрежелі дербес мемлекеттер болу талабы айқын көзделген. Бұл Кеңес өкіметі жариялаған федерециядан мередем айрықша дербестікті жария еткен мемлекеттік құрылым(51).

    "Алаш" партиясының қызметіне А.Кенжиннің тарихи баға беру жөнінде" деген мақаласынан.

    Өнеркәсібі дамымаған, сондықтан да индустриялық пролетариаты жоқ деуге болатын Қырғызияда (Қазақстанда-ред) ақпан революциясына дейін. Осы сөздің нақты мағынасында алғанда жекелеген саяси партиялар (кадет, социал-демократиялық, социалист-революционерлер) қатарында болған адамдарды қоспағанда, саяси партиялар болған емес. Рас, мұндай адамдардан басқа, патша өкіметінің езгісіне көзқарасы жөнінен революциялық пиғылдағы азын-аулақ зиялылар да болды.

    1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қырғызияда зиялылардың кең топтары арасында бұрын болып көрмеген өрлеу байқалады. Съезден кейін съезд және т.б. өткізілуде.

    Қырғыз халқының буржуазиялық-демократиялық топтарының өкілдері социалист -революционерлер партиясына жазылуда.

    Ол кезде социал-демократтар партиясына кіретін адамдар сирек кездесетін еді.

    Түрлі партиялардың Құрылтай жиналысы алдындағы үгіт науқаны қырғыз халқы басшыларының алдына қай саяси партияға қосылу керек, кімнің тұғырнамасы мен тактикасын ұстану керек деген мәселе қойды.

    Зиялылардың жоғары топтары белгілі бір партиялардың бағдарламаларын саяси талаптарының еңбекші бұқараға емес, жалпы қырғыз халқына қолайлы болуы тұрғысынан сынға алып, неліктен екені белгісіз, "бірде бір партияның" бағдарламасы қырғыздардың әлеуметтік- экономикалық тұрмыс жағдайларына сай емес деген қорытындыға келеді.

    Бұл мәселе қырғыздардың мерзімді баспасөзінде 1917 жылғы маусым айында Бүкілқырғыздық І-съезді шақыру туралы мәселенің қойылуымен бір мезгілде көтерілген еді, ал онда, неліктен екені белгісіз, партиялық емес съезде партия бағдарламасының жобасын талқылау көзделген болатын. Шынында да, 1917 жылы шілденің 21-інен 26-сына дейін Орынбор қаласында өткен Бүкілқырғыздық І-съезде "қырғыздар үшін" саяси партия құру туралы мәселе талқыланды.

    Съезд "қырғыздар үшін" ерекше саяси партия құру, мұның үстіне оның бағдараламасының жобасын әзірлеуді мұсылмандардың Бүкілқырғыздық Кеңесіне (Петроградта) сайланған өкілдерге тапсыру қажет деп тапты. Партия құру туралы съезде былай делінді:

    "Бағдарламаның негізіне демократиялық (парламентарлық) федерациялық республика принциптері алынуға тиіс: бағдарлама әзірлеу жөнінен Бүкілресейлік Мұсылман кеңесіне мүше қырғыздар оны қырғыз облыстық азаматтық комитеттеріне сарапқа салуға жіберуге міндетті Бағдарламаны Құрылтай жиналысындағы қырғыздардан тұратын жалпы жиналыс түпкілікті бекітуге тиіс".

    Бүкілресейлік Мүсылман кеңесіне тағайындалған қырғыз өкілдері дер кезінде бас қоса алмады. Сондықтан ерекше қырғыз партиясы бағдарламасының жобасы жасалмай қалды.

    "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасын сол кезде Орынбордағы оқыған зиялы қырғыз адамдарының тобы әзірледі. Бекітілген бағдарламасы да, орталық комитеті де жоқ "Алаш" партиясының атынан бүісіл қырғыз өлкесі бойынша қырғыздардан Құрылтай Жиналысына мүшелікке кандидаттардың тізімі жарияланды, тегінде, Құрылтай Жиналысына сол тізім жетсе керек.

    Жалпы алғанда "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы мыналарға келіп саяды.

    «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы

    Ақпан оқиғалары түркістандық қоғамды тез саясаттандырып, ұлттық өзіндік сананың және ұлттық бірігудің өсуіне жәрдем берді.

    Бірақ, әрине, бұл толық бірігуді білдірмеді және бәрінде де баламалардың жоқ болуынан еді. Көрсете кету ләзім, жас ұлттық ұйымдардың өкілдері өздерінің іс-әрекеттерінің бас кезінде ұлттық қозғалыстың өзінде де және одан сыртқары түрлі ағымдардың қарама-қарсы мүдделерімен қақтығысады.

    Анық бола бастағанындай, өлкенің жағдайында жергілікті прогресшілдердің бағдарламалық ережелерін іс жүзінде іске асыруы орыс ұлыдержавашылдарының тарапынан ғана емес, және де жергілікті халықтың бірқатар консервативтік, дәстүршіл топтарының қарсылығына ұшырады. Әйтсе де, 1917 жылдың жазында өлкеде саяси күштердің орналасуы тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың қарқынына, дәрежесіне және сипатына қатысты; әйелдердің эмансипациясы; соғысқа қатысты; Ресейдің және Түркістанның болашақ мемлекеттік-саяси құрылымына; Уақытша үкіметке және оның жүргізіп жатқан ұлттық саясатына және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша ой-пікірлердің түйіспеуінен туындаған табиғи алшақтау процесі тоқталмады[1].

    Жаңа ұйымның бағдарламалық ережелерінің негізгі авторларының бірі ташкенттік «Шуро-и-Улеманың» басшысы Серәлі Лапин болды.

    Мұстафа Шоқай атап көрсеткендей, Серәлі Лапиннің «Шура-и-ислам» өкілдерімен арада айтарлықтай идеялық келіспеушілік болды[2]. Дегенмен, ол сөзсіз, Түркістандағы ірі саяси тұлға және ұлттық қозғалыстың белсенді қатысушысы болып табылады.

    Көбінесе оның күш-жігерінің арқасында «Шура-и-ислам» ұйымының іс-әрекетінің өрісі Түркістанның басқа да аймақтарына тарады, онда оның бөлімшелері құрылды.

    Көрсете кету ләзім, «Шуро-и-Улема» ұйымының идеялық нұсқаулары, сол «Шура-и-ислам» сияқты Түркістан халықтарының саяси өзін-өзі анықтауы қажеттігін мойындауға негізделді. Сонымен қатар, исламдық принциптерге және құндылықтарға ерекше, артықшылықты мән берді.

    «Шуро-и-Улема» өкілдерінің пікірінше, түркістандық қоғамды алдағы қайта ұйымдастыру тек Шариғат заңдары бойынша қатаң орындалуы тиіс болды.

    Мәселен, Серәлі Лапиннің жетекшілігімен жазылған «Шуро-и-Улеманың» бағдарламалық құжаттарының бірінде айтылды, Түркістанда «ішкі басқарманың барлық салалары бойынша жергілікті заң шығарушылық құқығымен таза мұсылмандық автономия орнату қажет… өлкеде жер пайдалану туралы мәселе Шариғат бойынша жері аз мұсылмандарға мемлекеттік және қоғамдық жерлерді пайдалануға көлемді мүмкіншілік берілуі, бірақ, жеке меншікке қол сұғылмаушылық құқығын сақтау отырып, реттелуі тиіс болды. Түркістан автономиялық федерациясының әлеуметтік-экономикалық құрылымы жөніндегі көрсетілген ережелер бойынша жұмыс еңбегін мөлшерлейтін және жұмысшылардың тұрмысын жақсартуға бағытталған арнайы заң ережесі Шариғат нұсқаулары бойынша шығарылуы тиіс болды…»[3].

    Ақпаннан кейін Түркістанның саяси өмірі, мәлім болғандай, ұлттық қозғалыста екі ағымның күресімен шектелмеді.

    Өлкенің орыс қоғамының саясаттандырылған жіктері, әлбетте, болып жатқан оқиғалардан шеткері қала алмады.

    Олар социалист-революционерлердің, конституциялық демократтардың, радикал демократтардың, социалист-демократтардың және басқа бірқатар жалпыресейлік партиялардың бөлімшелерінің айналасына біртіндеп шоғырланды.

    Әлбетте, барлық бұл ұйымдар халықтың қалың бұқарасы тарапынан қолдау және тілектестікке кепілденуге үміттенді және әлеуметтік қорған табу үшін айтарлықтай күш салды.

    Ұлттық қозғалыстың басшылары: Убайдулла Хожаев, Нәзір Төреқұлов, Мұхамеджан Тынышпаев және басқалар бірінші өлкелік съездің және бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдеріне сәйкес халық арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуге кірісті. Оның барысында көпшілік лекциялар пайдаланылды, жиналыстар және митингтер ұйымдастырылып, «Ұлы Түркістан», «Шура-и-ислам» және басқа газеттерде прокламациялар, мақалалар жарияланды. Сонымен бірге, алдағы сайлаудың техникасын және де ұлттық-саяси ұйымдардың бағдарламалық ережелерін түсінікті тілмен халыққа таныстыру мақсат етіп қойылды. Халық мүдделерін қорғауға жарарлық қабілетті адамдардың қалалық думаларға ұсынылуы, жергілікті халықтың тағдыры үшін маңыздылығына назар аударылды. Мұның бәрі жергілікті халықтардың саяси және ұлттық өзіндік санасының дамуына ықпал етті және революциядан кейінгі күрделі жағдайда оларға белгілі дәрежеде бағдар алуға көмектесті.

    Прогресшілдер, дәстүршілдердің қарсылығына қарамастан, мұсылман әйелдерінің сайлауға қатысуын қолдады, сонымен бірге Думаны (орыс қауымдарының өкілдері ұсынған) мұсылмандық және орыс бөлімдеріне бөлуге қарсы болды. Өлкенің орыс тілді газеттері осы көкейтесті тақырыпқа арналған аналитикалық шолулар және мағлұматтарға толы болды; онда авторлар оқырмандарға бұл күрестің бұлай бітуі себебін түсіндіруге, көптеген жалпыресейлік партиялардың жеңілісінің европалық халықтар тағдыры үшін салдарын білуге әрекеттенеді.

    Мұсылман халқы сайлау учаскелеріне, күткендегідей едәуір көп келді. Дума құрамы көпшілігінде мұсылмандық болады… Осы себепті тоғышарлар түрлі пікірлер айтуда, еске сала кететіні, олардың бәрі бір ғана мәселеге жинақталады. Қаланың орыстық бөлігіне және де жалпы орыс мәдениетіне залал тигізілмес пе екен?

    Мұндай күдіктенуді, әлбетте, әлі ертерек деп есептеу керек, өйткені аса мәдениетті азшылық, төмен мәдениетті көпшілікке жетекшілік етуі мүмкін, ал бұл бірлескен еңбек оңды нәтижелер бере алады, бірақ әйтсе-дағы, «Улема» ұйымынан 64 мұсылман өкілінің өтуі – жайсыз факт…»[4].

    Сайлау кезіндегі жалпыресейлік ұйымдарға кез болған сәтсіздіктер, аймақтағы әртүрлі қоғамдық-саяси күштердің арасында елеулі айтыс-тартыстың болғандығын, жергілікті халық өкілдерінің көпшілігінің аталған партиялардың бағдарламалық ережелеріне сенімсіздігін көрсетті.

    Мұндай жағдай бәрінен бұрын Ұлы державалық рухпен суарылған бұл ережелерден Ресейдің және өлкенің болашақ ұлттық мемлекеттік құрылымы айқын көрінбеуінен туындады. Нақ осы мәселе өзгерістерге талпынған жергілікті халықтық назарын аударды.

    Әйтсе де, ұлттық ұйымдардың айқын басымдылықпен жеңуіне қарамастан, «түземдік» те және орыс баспасөзінде де жаңа қалалық Думаның қабілетсіздігі туралы күдігі көбіне расталды.

    Думаның әрбір отырысында дерлік «Шуро-и-Улема» тобы және «Шура-и-ислам» өкілдері жиі қолдау көрсеткен жалпыресейлік демократиялық ұйымдардың өкілдері арасында қызу айтыс-тартыс болды.

    Өлкедегі өте ауыр әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға қарамастан, әрбір мәселені шешуге мейлі азық-түлік, дәрігерлік-санитарлық, тұрғынжай немесе ұйымдастырушылық болсын, қыруар қымбат уақыт пайдасыз босқа кетті. Тіпті күтпеген жерден 6 тамызда жаңа Думаның бірінші жедел шақырылған отырысы өтті. Думаның асығыс шақырылуына ташкенттік Думадан екі өкілді москвалық мемлекеттік кеңеске жіберу ұсынысымен, қарсаңында алынған жеделхат себеп болды. Социалист-революционерлер фракциясы атынан М.Сосновский екі өкілдің біреуін – орыс қаласынан, біреуін – «түземдіктен» сайлауды ұсынды.

    Ұзаққа созылған жарыссөзден кейін, социалист-революционерлерден Я.Миллер, «Улемадан» молда С.Мухиддинов, біріккен мұсылман ұйымдарынан Т.Нарботабеков және радикал-демократиялық партиясынан И.Иванов (кейін өз кандидатурасын алды) кандидат ретінде қойылды.

    Олар прогресшілдерді өмірлік тәжірибесі аз, европалық мәдениетке батыстық құндылықтарға тым еліктегіш, өзінің түбірінен қол үзген адамдар, сондықтан да мұсылмандық ортада ықпалы мен беделін пайдалана алмайды деп есептеді.

    Белгілі өлшемде бұл ескертпелердің, сірә, негізі де болды, өйткені шынында «Шура-и-ислам» өзінің қатарына көбіне Түркістанның жергілікті халқының элиталық бөлігін біріктірді. Алайда, жоғарыда көрсетілгендей, 1917 жылғы ақпаннан кейінгі оқиғалардан туындаған қарқынды процестер ұлттық ұйымдардың, соның ішінде «Шура-и-исламның» да саяси бағдарына және бағдарламалық ережелеріне қызығушылығын арттыра отырып, халықтың саясаттануына себепші болмай қоймады. Түркістандық ұлттық ұйымдарға, сол бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде сайланған Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі көмек көрсетуін тоқтатпады. Кеңеске Ресейдің мұсылмандық аймақтарынан 30 өкіл кірді, олар өз кезегінде өзінің құрамынан 12 адамдық Атқару комитетін (Петроградта тұратын) сайлады. Оның мүшелері танымал қоғамдық-саяси қайраткерлер болды: А.Цаликов, Д.Мухамедов, Ш.Мухамедьяров, И.Лемаков, З.Шамиль, А.З.Уәлиди, У.Хожаев, В.Танашев, К.Тоғысов және басқалар[5].

    Жер-жерлерде әртүрлі мұсылмандық баспаханалар құру үшін де едәуір күш жұмсалды. Ол үшін түріктік, мысырлық, қазандық әріптер жаздырып алынды; қаржы жинау науқаны жүргізілді; дәріптеушілік іс-әрекеттері жүргізілді және т.б. Бұл жұмыс өз жемісін берді. Мысалы, Ташкентте «Ұлы Түркістан» газетіне қызмет көрсету талап етілген мұсылмандық баспахана алу қоғамының алғашқы акционерлері (М.Яушев, М.Тюменов) пайда болды[6].

    Сол күндері Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің Атқарушы комитетінің атынан Ресейдің барлық мұсылмандарына үнделген, ондаған прокламациялар мен ұрандар басылып шықты. Олардың негізгі мақсаты халықтардан ұлттық өзін-өзі анықтау және тәуелсіздік идеясының аясында біріктіру болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің атқарушы комитеті, саяси шындықты зерделей отырып, жұмысшы солдат және шаруа депутаттарының кеңесімен жүйелі диалог және байланыс орнатуға әрекеттенді. Ол үшін жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің Бүкілресейлік съезінің Төралқасына олардың орталық және аймақтық органдарына оның өкілдерін қабылдау туралы өтініш білдірді[7]. Бірақ, бұл үндеулер, шамасы, күштердің теңдігі мұсылмандардың пайдасына өзгеруінен қауіптену салдарынан көбінесе назардан тыс қалып отырды.

    1917 жылы 21-31 маусымда Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің шешімімен Қазанда (мұсылман дін басыларының (улема) және мұсылман әскерлерінің съездерімен қатарлас) ІІ Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өтті.

    Форумға барлық мұсылман халықтарынан 260-тан аса делегаттар қатысты. Түркістаннан түркістандық әскери ұйымның[8] (1917 жылы сәуірде құрылған) өкілі Сабыржан Юсупов және Убайдулла Хожаев қатысты, ол съезд Төралқасына сайланды және Түркістандағы саяси-экономикалық ахуалды талдауға арналған баяндама жасады. Онда Убайдулла Хожаев мынадай көкейтесті мәселелерге жете тоқталды: мақта мәселесі, Жетісу оқиғалары, ақпан революциясы және Түркістан, жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері, өлкенің мұсылман халықтары және т.б.[9]

    Өзінің тұжырымдарында баяндамашы Ақпан революциясынан кейін де табиғи байлықтарды тонаушылықтың тоқтамағандығын, ал Уақытша үкімет өкілдерінің және жаңадан пайда болған жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің жергілікті түркістандықтарға қарым-қатынасының татымды өзгермегендігін көрсетті.

    Ашық, әсерлі және нақты дәлелдерге негізделген У.Хожаевтың сөзі жанды жеріне тиді, оның үстіне айтылғанның көбі съезге келген делегаттардың көпшілігіне жақын және түсінікті болды.

    Қаралған мәселелердің көпшілігі бойынша делегаттар съезд шешімдерімен келісті, алайда, атап өтілгендей, олардың басым бөлігі іске асырылмады.

    Үлкен үміт артылған Құрылтай жиналысына сайлау мерзімі жақындауына байланысты, сайлауалды науқаны кезеңі тактикасын әзірлеу ерекше маңызды көрінді.

    Осыған байланысты белгіленді:

    1. Мұсылмандар, Құрылтай жиналысына сайлауға бір тізім құрады;

    2. басқа социалистік партиялармен блок құруға (қажетті жағдайда) мүмкіндік беріледі;

    3. кандидаттардың тізімін құру губерниялық ұлттық Кеңестерге немесе оларды алмастыратын басқа ұлттық ұйымдарға беріледі;

    4. кандидаттардың тізімдердегі реті дауыс беру жолымен анықталады[10].

    Әйелдер фракциясының ұсынысы бойынша, бұл ережелерге толықтырулар қабылданды, онда айтылды, «Құрылтай жиналысына сайлауға әйелдер еркектермен бірлесіп әрекет етуі тиіс, сондықтан да барлық сайлау алдындағы ұйымдарда әйелдер үшін орын берілуі тиіс»[11].

    Көкейтесті мәселелердің бірі, әскери-ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты болды. Делегаттар бірауыздан дерлік Бүкілресейлік орталық мұсылмандық әскери кеңес (Харби Шуро) құру идеясын қолдады және мұсылмандардың әскери съезі даярлаған (1917 жылы 17-24 шілдеде Қазанда өткен) ұсыныстардың тұтас пакетін бекітті[12].

    Бүкілресейлік мұсылмандық Әскери Кеңес жеке мұсылмандық әскери бөлімдерді ұйымдастыру істерінде Ресейдің барлық халықтарының орталық ұйымдарымен қарым-қатынас жасауға және, егер керек етсе, олармен блок құруға құқығы бар деп көрсетілді.

    Жеке Мұсылмандық әскери бөлімдерді ұйымдастыру жөніндегі мәселені талдай отырып, делегаттар егер тұрақты әскер сақталған жағдайда және халық милициясымен алмастырылмаса, онда ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылуы тиіс деген тұжырымға келді. Еске сала кететіні, осы мәселені шешу үшін Петроградқа жедел делегация жіберуге, егер жөнсіз жауап берілсе, шақыру тәртібімен мұсылмандық бөлімдерді құруға кірісу ұсынылды[13].

    Құрылтай жиналысына мұсылман-әскерлердің сайлау алдындағы тактикасы туралы арнайы шешім қабылданды. Онда айтылды, «Құрылтай жиналысына сайлауға мұсылман-әскерлер сөзсіз аса ширақ қатысуы тиіс»[14].

    Бұл үшін «майдандар жеке сайлау округтерін құруға алдын-ала барлық шараларды қабылдау…» қажет деп танылды[15].

    Сонымен бірге, әскери ұйымдастырушылық мәселелерді талдау көрсетілді, «аз ғана топтармен түрлі гарнизондарға таралған мұсылман-әскерлері мұсылман халқы тұратын қалаларға жиналуы тиіс. Мұсылман әскерлері бар гарнизондарда, мұсылмандық әскери гарнизондық комитеттер, ал әскери округтерде – округтік комитеттер құрылуы тиіс»[16].

    Маңызды ұйымдастырушылық мәселелері бойынша жарыссөздер «Харби Шуро» мүшелерін сайлаумен аяқталды. Сайланғандар: прапорщик И.Алкин (төраға), прапорщик У.Тукумбетов (төраға орынбасары), корнет Асадуллаев (төраға орынбасары), А.Манасыпов, подполковник Кугушев, С.Мамлеев, А.Тагиров, Губайдуллин, Д.Алкин, подпоручик Әбдірахман, поручик Әбілханов және Альмяшев.

    Армиядан «Харби Шуроға» 13 өкіл сайланды, округтерден – 9, казак бөлімдерінен – 1 және Балтық флотынан – 1. Барлығы «Харби Шуроға» 36 адам кірді[17].

    Осы күндері аймақта өткен барлық саяси іс-шараларда «федералистердің» идеологтары өз жақтастарының назарын «федерация және автономия туралы тек айғайлау керек емес, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін, күресу және өздерінің бар күш-жігерін жұмсау қажеттігіне…» аударды[18].

    Тамызда Түркістанда жергілікті және жалпыаймақтық маңызы болған тағы екі мұсылмандар съезі өтті.

    Сонымен, Ташкентте Мұхамеджан Тынышпаевтың төрағалық етуімен қазақтардың өлкелік съезі өтті. Көрсете кету ләзім, осы съезд түркістандық қазақтар және қырғыздар жиналған бірінші форум болған жоқ. 1917 жылы 17 маусымда Әндіжанда осындай кездесу өтті, онда «Илятия» («Көшпенді») қоғамын құру шешілді, оның басшылығына кіргендер: Қоңырқожа Қожықов, Кенже Әли Достов, Сүлеймен Келгенбаев, Батырхан Мейірбеков және басқалар[19]. Сонда қоғам өзінің алдына келесі міндеттерді қойды:

    1. көшпенділерді Ресейдегі жаңа мемлекеттік құрылыс идеяларымен таныстыру;

    2. құрылтай жиналысына дайындық;

    3. жаңа қоғамдық және сая құрылысқа тірек болу үшін қоғамдық күштерді ұйымдастыру;

    4. қазақтардың арасында құқықтық тәртіп орнату;

    5. қырғыз, қыпшақ және қазақтардың өздерінің ұлттық және саяси-экономикалық мүдделерін бірлесіп сақтау үшін бір ортақ одаққа бірігу идеяларын насихаттау;

    6. меншікті газеттер шығару және т.б.[20]

    Түркістан Автономиясының құрылуы

    Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланыстыТүркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар бола¬тын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға ша¬қырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жер¬гілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету бас-ты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш авто¬номиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.[1]

    «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкіметі

    Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1] Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:

    • Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

    • Қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

    ... Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...

    Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар). Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді:

    1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...

    2. Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.

    3. Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.

    2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды. Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.

    1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі болды. Съезді М. Шоқай басқарды.Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.Автономия орталығы Семей қаласында орналасатын болды. Алашорда автономиясын оның конституциясын бүкілроссиялық құрылтай съезі бекітуге тиіс. "Алаш" партиясы Программасының жобасы 1917 жылы "Қазақ" газетінің 251 санында жарияланды. 10 баптан түратын саяси құжатта қазақ елінің ұлтгық, тілек-мақсатының негізгілері баяңдалды, онда: "Алаш Орда" үкіметінің бағдарламасында автономияның мемлекетгік үкімет билігінің түрі "федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет" ретінде анықталды. .«Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

    «Алаш» партиясының бағдарламасы:

    1. басқарутүрі;

    2. автономия;

    3. азаматтың негізгі құқықтары;

    4. дін ұстану туралы мәселе;

    5. соттар туралы;

    6. қорғаныс;

    7. салық;

    8. жұмысшы мәселесі;

    9. халықағарту;

    10.жер мәселесі.

    Ол республиканың Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Думасы болады, атқарушы механизм міндетін Президент пен Министрлер кеңесі атқарады деп көрсетілді. Бұл бағдарлама сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекетген бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақылап, көпшілік болыптабылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру, "түземдіктердің"жерді пайдаланудағы құқығын анықтау және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды.Осы жалпықазақтық II съезіңце: "Алаш облыстарын қазіргі бұліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі күрылды, оның аты "Алашорда" деп аталды. "Алашорданың" өкімет қүрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.Алаш авгономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұ-хамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Алашорда қүрамына Әлихан Бокейханов, Жаһанша Досмүхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кавндидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөкейханов Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып сайланды.Сол кездегі Алашорда автономиялык мемлекетінің жері Россия империясының бес әкімшілік (административных) қүрамы болып кірген еді. Сырдария мен Жетісу облыстары — Түркістан генерал губернаторлығына, Торғай облысы Орынбор губерниясына, Орал облысы тікелей Россия мемлекетінің қүрамына кірді4.Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы қүрамына сайланғавдар, 1918 жылғы көкектің екісіне дейін Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар Москвада автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермековтер В.И.Ленин және И.В.Сталинмен Қазақ автономиясыньщ жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. "Қазақ" газетінің 1918 жылғы 30 шідцеде шыққан 262 санында "Заречная слободада Алаш орда хүкумәтінің іске кіріскені" туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жьшы майда Оралда өткен қазақ съөзінде Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер бастаған "Ойыл уәлаятының" уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жарияланды. Ол сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алаш орданың батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген. Алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов "Алашорданың батыс белімін құру жайын іс кағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мүвдай бөлінуі болмаған1". Осының бәрін ескере отырып, Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды — деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған есебінде.Мақсаты: 1)Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету. 2)Автономиялық ұлттык мемлекет құру.Бағыты: реформистік капитализм жолы. Алаш-Орда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Х. және Ж.Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Х.Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі-автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алашорда сонымен бірге атаман Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелері, Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алашорданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ автономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. Себептері:1)Қазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттады 2)Федеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді 3)Алаш партиясы ақиқат жағында болды 4)Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады.1917 жылы 21 қараша Алаш партиясы бағдарламасынын жобасы жарияланды. Алаш партиясы – әділдікке жақ нашарларға жолдас жәбірлерге жау. 1)Дінді мемлекеттен бөлектеу. 2)Сот сін қазақ тілінде жургізу. 3)Әскери қызметті өз жерінде аткару. 4)Жумысшылары заңмен қорғау Алаш партиясы жумысшылар туралы социал –демократтиялык меньшевиктік тобынын бағдарламасын жақтады. 5)Окудын жалпыга бірдей жане акысыз болуы. 6)Жиналыс сөз баспасөз еркіндігі 7)Жерді алдымен жергілікті халыққа беру.Бағдарлама жобасының маңызы: 1)Сол кездің нақты мумкіндіктерін ескере отырып қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. 2)Буржуазиялык-демократиялык ұлт-азаттық революцияны аяктауға бағытталған жолды көрсетті. 3)1917 жылы қараша – 1918 жылы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ енбекшілерінің көпшілігі Алаш партиясынын багдарламалык талаптарын қолдайтынын көрсетті. 1)Жетісу губерниясы – 57% 2)Семей уезінде-85% 3)Торғай Орал 4) губернияларында – 75%. Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр турлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

    Ф. Голошекиннің «Кіші Қазан» революциясы.

    Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.

    Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.

    Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.

    Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды.  Оның бағыты:

    1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 

    2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.

    Ұлы Отан соғысының басталуы

    Германияда өкімет басына фашистердің келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Германияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса- көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. КСРО-ға қарсы соғысқа Германияның одақтастары - Румыния, Венгрия, Италия, Словакия, Финляндия қатысты. Гитлершілдердің жағында соғыска кіруге Жапония, Болгария, Түркия, Испания дайын тұрды. Бұл жағдай Қызыл Армияны Қиыр Шығыс пен Закавказьеде ірі әскери құрамаларын ұстап тұруға мәжбүр етті. Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. 1930 жылдардағы әскерилерді қудалау соғыстың алғашқы күндерінде сәтсіздіктерге ұшыратты.

    И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В. Лебедев-Кумач пен композитор А. Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ әнұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды.

    Фашистік Германияның соғыс жоспары

    1940 жылы жасалған «Барбаросса» жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде (6-8 апта) Архангельск-Еділ-Астрахан шебіне шығуды көздеді. Бұл қауырт соғыс - блицкригтің негізгі мақсаты еді. «Барбаросса» жоспарын жасағанда фашистік Германияның басшылары КСРО-ны «көптеген ұлттардың жасанды әрі әлсіз бірлестігі», «ішкі бірліктен айырылған этникалық конгломерат (қоспа)» ретінде қарастырды. Фашистер басып алынған кеңестік аумақта Остланд рейхскомиссариаттарын - герман провинцияларын құруды жоспарлады. Германияның Қазақстанға қатысты жоспары айқын еді. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда бірыңғай герман аумағын құруды көздеді. Бұл аймақты «адамзатқа жатпайтын» славян халықтарынан тазарту міндеті қойылды.

    1941 жылдың соңында түрік-монғол халықтарын жою жоспарланған болатын. Немістердің жоғарғы барлау мектебі болашақ отарлардың карталарының жобасын дайындап, 1942 жылдың басында «Еділ-Жайық» жөне «Үлкен Түркістан» мемлекеттік құрылымдарын құруды жоспарлады. Үлкен Түркістан отарының құрамына Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Синьцзянь, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді. Қуыршақ мемлекеттерді құру арқылы гитлершілдер экономикалық және саяси мақсаттарды: ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базасына ие болуды, кеңестер елін отарға, оның халқын құлдарға айналдыруды көздеді. Сондай-ақ Қазақстанның орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс аудандары - Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «индустриялық облыстарының» құрамына кіруге тиіс болды. Бұл жерлерде фашистік Германияға қызмет ету үшін украиндар, белорустар мен поляктарды, венгрлер мен Шығыс Еуропаның басқа да халықтарын қоныстандыру жоспарланды. Кейінірек қауырт соғыс жоспарларының күйреуіне байланысты фашистер өз жоспарларын қайта қарап, КСРО-ның орыс емес халықтарының өзін-өзі басқаруына уәде беруіне тура келді. Сөйтіп фашистер бұл халықтарды Мәскеуге қарсы күресте пайдаланбақшы болды.

    Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі

    Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрамалар құрылды. Фашистермен шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316- шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивизиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы атты әскер дивизиялары, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадалары, 209- Зайсан, 219-минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші, 992-ші авиациялық полктар даңққа бөленді. Көрсеткен ерліктері үшін 316-дивизия 8-гвардиялық дивизия, 328-дивизия 30-гвардиялық дивизия болып, 75-теңіз бригадасы 27-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автокөлік, 1,5 мың шынжыр табан трактор, 110,4 мың жылқы мен 16,2 мың арба жіберілді.

    Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы (командирі — полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал-майор) айқасқа кірісті. 312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия езінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатынасқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бірінде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал-майор И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына (бұрынғы 316-дивизия) генералдың есімі берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кенес Одағының Батырлары - Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г. П Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденмен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30-гвардиялық дивизия болып қайта құрылды. Алексин қаласы үшін шайқастарға қазақ халқының аты аңызға айналған батыры Амангелді Имановтың ұлы, қатардағы автоматшы (атқыш) - Рамазан Амангелдиев қатысты.

    1941 жылы Алматы, Ташкент, Фрунзе (қазіргі Бішкек) т. б. қалалардағы әскери училищелердің курсанттарынан 39-жеке атқыштар бригадасы құрылып, 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы тәрізді жауды Мәскеу түбінде талқандап, неміс-фашист басқыншылары басып алған қалаларды азат етті. Жауынгерлік ерлігі мен берік тәртібі үшін 79- атқыштар бригадасы 73-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, оған Сталинградтық дивизия атағы берілді. Еділ үшін болған шайқаста басқа көптеген жауынгерлермен бірге 22-артиллериялық полктық қазақ жауынгерлері де даңққа бөленді. Полк жауынгерлері неміс танкілерін жоюда ерен ерлік көрсетті. 1943 жылы Орал облысынан майданға 24 қазақ қыздары аттанды. Подольск қаласындағы мергендер мектебін бітірген соң, олар Сталинград майданына келді. Ержүрек қазақ қыздарының даңқы бүкіл майданға тарады, олардың ішінде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т. б. болды.

    Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік-батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық-түлік, қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде-ақ қазақстандық 310-шы, 314-атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандык жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды III дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 24-атқыштар бригадасында қызмет еткен 3. Оңғарбаева да ержүрек жауынгер ретінде көпке танылды.

    Қазақстан жауынгерлері Балтықтың теңіз шептерін табанды түрде қорғады. Қызыл тулы «Киров» крейсерінде соғыс басталғанға дейін жіберілген 156 қазақстандық ерлігімен көзге түсті. 1942 жылы жаз бен күзде соғыстың шешуші оқиғалары КСРО-ның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Еділ мен Дон өзендерінің аралығында болды. Қазақстанда құрылған бөлімшелер Еділдегі шайқасқа да қатысты. Қаһарман-қала Сталинградтың (қазіргі Волгоград) тұрғындарының есінде Қазақстанда жасақталған, полковник Г. Сафиуллин басқарған 38-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерліктері жатталып қалды. Сталинград түбіндегі қорғаныс шайқастарында дивизияда мергендік қозғалыс өрістеді.

    Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон далаларында көрсеткен ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нүркен Әбдіровке, танкист Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Спатаевқа Кеңес Одағьының Батыры атағы берілді. Көптеген Қазақстандықтар Курск доғасында шайқасқан Брянск, Орталық, Воронеж және Далалық майдандардағы әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамында неміс-фашист әскерлерін талқандауға елеулі үлес қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі, үздік әскери қимыл-әрекеттері үшін 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының 7 500 солдат, сержанттары мен офицерлері (оның ішінде А. Бельгиннің батальоны да бар) КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

    Днепрден өту шайқастарына қатысқан 73-ші гвардиялық дивизияның 210 жауынгеріне, 72-ші гвардиялық дивизияның 29 жауынгеріне, 8-ші гвардиялық дивизияның 46 жауынгеріне Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жоғарғы үкімет марапатына ие болғандардың арасында А. Әлімбетов, Ж. Сүлейменов, С. Жақсығұлов, Қ. Шәкенов, С. Шәкіров, А. Петров, В. Бреусов, Т. Вербицкийлер болды. 1943 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан еңбекшілеріне жазған хатында 25-гвардиялық атқыштар корпусының командирі былай деген: «Днепрдегі ұлы шайқаста қазақ халқының ұлдары жауға өздерінің біздің Отан-анамызға деген ыстық махаббатын тағы да көрсетті, олардың тамырларында халық батыры Амангелдінің батырлық қанының суымағанын танытты. Днепр жағалаулары мен Днепрден өту кезіндегі шайқастарда қазақтар көрсеткен ерліктердің бәрін санап бітпейсің».

    Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары – ең жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған жауынгерлер (қ. Кеңес Одағының Батыры). Алғаш қазақстандықтар арасынан Кеңес Одағының Батыры атанғандар С.В. Гуденко, С.Е. Чуйков 1938 ж. Хасан көліндегі, В.К. Булавский, Н.Т. Видяшев, М.С. Зубарев 1939 – 40 ж. қыста кеңес-фин соғысындағы шайқаста көрсеткен ерліктері үшін алды.

    1941 – 45 ж. Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында қазақстандықтар ерлікпен шайқасып, Украина үшін шайқаста 200-ге жуық, РКСФР үшін – 70, Белоруссияда – 50-ден астам, Латвияда – 8, Молдовада – 7, Литвада – 6, Эстонияда – 1, Польшада – 47, Венгрияда – 22, Чехословакияда – 7, Румынияда – 5, Австрияда – 3, Югославияда – 2, Германияда – 63 және Жапонияға қарсы соғыста (Қиыр шығыста) – 3 жауынгер батыр атанды. Қ. К. О. Б. арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып, қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 беларусь, бір-бірден тәжік, эстон, корей, лезгин, ұйғыр және еврей халықтарының өкілдері бар. Бұл жоғарғы атақты 4 адам (Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды. Қ. К. О. Б.:

    Мәскеу шайқасының тарихи маңызы

    Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандық генерал-майор И. В. Панфилов пен комиссар А. С. Егоров басқарған 316атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П. Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.

    Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктің тамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа кеңестер Одағының батыры атағы берілді.

    М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

    Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

    Ленинград шайқасының тарихи маңызы

    Ленинград қаласын қорғауға қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты.

    Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одағының батыры атанды.

    Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г. П. Зубков т. б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.

    1. жылы қыркүйекте қазақстың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған

    «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

    Сталинград шайқасының тарихи маңызы

    1. жылы Сталинград түбінде қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен 500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.

    1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.

    Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.

    Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді.

    Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т. б. Сталинградты қорғауға қатысты.

    Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Кеңестер Одағының батыры, қарағандылық ұшқыш Нұркен Әбдіров өз ұшағын жаудың әскери базасына құлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады. Сталинград түбінде қазақстандықтар Қ. Сыпатаев пен А. А. Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті.

    Берлин Операциясы

    • Бірінші кезеңде (16 — 19 сәуір) 1-Беларусь майданының әскерлері маршал Г.К. Жуковтың қолбасшылық етуімен жаудың үш бірдей бағыттағы қорғаныс шептерін түгел бұзып, Берлинді солтүстік және оңтүстік-шығыс жақтарынан орап алуға жағдай жасады. Маршал И.С. Иван Степанович Конев басқарған 1-Украина майданының әскерлері Нейседегі жау қорғанысын бұзып, Ширейге шықты да, Берлинді оңтүстік жағынан қоршауға мүмкіндік алып берді. Маршал К.К. Рокоссовскийдің 2-Беларусь майданы әскерлері Одер өзенінің батыс және шығыс екі жақ саласын бірдей басып алды.

    • Екінші кезеңде (19 — 25 сәуір) 1-Беларусь майданы әскерлері Берлиннің солтүстік, сонан соң оңтүстік және шығыс шеттеріне, 1-Украина майданы жауынгерлері оңтүстік және оңтүстік-батыс шет аймақтарына басып кірді. Нәтижесінде алдымен жаудың франкфурт-губан, ал 24 сәуірде берлиндік топтары қоршауға алынды. Ертесіне Торгау ауданында, Эльба бойында 5-гвардиялық армия мен 1-американдық армия әскерлерінің кездесуі болды. Бұл кезде 2-Беларусь майданының әскерлері Одердің шығыс жағынан өтіп, жау күштерін қыспаққа алды да, олардың оңтүстік бағытта қарсы шабуылға шығу мүмкіндігін жойды.

    • Үшінші кезеңде (26 сәуір — 8 мамыр) кеңестік әскерлер франкфурт-губен тобын, ал 2 мамыр күні берлиндік топты жойды. Соңғы топпен шайқас қиян-кескі жағдайда өтті. Қаланың әрбір ғимараты қарсыласу торабына, бекініске айналып кетті.

    Сурет:Bundesarchiv Bild 183-D0331-0042-012, Russische Flugzeuge über Berlin-Lankwitz.jpg

    Совет шабуылшы-ұшқыштары.

    Жау метроны әскери күштердің маневр жасауы үшін, ал жер асты қатынас жүйелерін — шабуылшы диверсанттар мен ұсақ жауынгерлік топтарды тылға жіберіп отыру үшін кеңінен пайдаланды. Қалалық көше шаршылары мен жекеленген ғимараттарды атқыштардан, саперлер мен артиллеристерден арнайы біріктіріліп жасақталған шабуылшы отрядтардың, топтардың күшімен алуға тура келді. 30 сәуірде Берлинді қорғаушы әскерлер бірнеше бөлікке бөлініп тасталды. Рейхстагқа шабуыл жасау құрметіне ие болғандар қатарында қостанайлық 151-атқыштар бригадасы негізінде 1943 жылдың соңында құрылған 756-атқыштар полкі да бар еді. Осы полктің 1-батальоны 30 сәуір күні үшінші шабуылдан кейін Рейхстаг ғимаратына алғашқылар қатарында енді. Бірінші қабаттың терезесіне лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов бірінші болып ту тікті. Сағат 22-ден 50 мин. өткенде Рейхстаг күмбезіне 756-полктың барлаушылары М.А. Егоров пен М.В. Кантария жеңіс жалауын орнатты. Бірақ ғимарат ішіндегі шайқас мұнан соң да бір жарым тәулікке созылды. 2 мамыр күні бүкіл Берлин қаласының әскери күштері қаруларын тастады. 5 мамырда қаланың шет аймақтарынан батысқа қарай шепті бұзып өтуге әрекеттенген ұсақ топтары жойылды. Екі күннен соң үш майданның әскерлері Эльба алабында ағылшын-американ әскерлерімен кездесті. 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.

    Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айрылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Берлин операциясындағы ерліктері үшін қазақстандық 26 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал шабуылшы-ұшқыш Т. Бигелдинов бұл атаққа екінші рет ие болды. 38 жерлесіміз 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталып, бұл награданың үш дәрежесінің де толық иегерлері атанды.[1]

    Түркістан Легионы Түркістан легионы – Орталық Азияда туған түркілерден тұратын Вермахттың бөлімі. Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кей бір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі. Негізі, Түркістан Легионы үлкен Шығыс легионының бір бөлігі болатын. Мұны 1941 жылы Мұстафа Шоқайға ұсынады. Бірақ, ол келіспегендіктен Түркістан Легионының басшысы ретінде Уәли Қайюмды сайлайды. Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды.

    Бұл уақыттарда Түркістан өлкесі 23 жылдан бері КСРО құрамында еді. Түркістан Ресей Империясының құрамында 40 жыл ғана болды. Қолына мылтық ұстап келгендерді жергілікті халық жылы қарсы алмағаны сөзсіз. Көпшілігі жаңа үкіметке қарсы бас көтермесе де, оларды саясатын іштей қолдамайтын еді. Бірақ, 1941 жылдардағы Кеңес пропогандасы өте белсенді түрде жайылып жатқандықтан өсіп келе жатқан ұрпақ жаңа, коммунистік рухта өсіп жатқан болатын. Ал, бұл кезекте Кеңес Үкіметіне қарсы бас көтеру мүмкін еместей көрінетін. Бірақ, үкіметтің қысымымен қоныс аударып кеткендер ж

    Тың игеру саясаты және оның зардаптары.

    Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.

    1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.

    1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.

    Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.

    1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.

    1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.

    Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

    1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

    Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

    Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

    1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды. 6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.

    74. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» (1991 ж.).

    Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.

    Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.

    Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

    КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.

    Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.

    75. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы (тмд). Алматы Декларациясы (1991 ж.): мақсаты мен міндеттері.

    1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

    1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

    1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.

    Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

    "Алматы декларациясы" - 1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы он бір кеңестік республика басшылары кездесуінде 1991 ж. 8 желтоқсанда Минскіде Беларусь Республикасы,Ресей Федерациясы, Украина арасындағы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшылары қол қойған хаттама. Оған Әзірбайжан,Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Белорусь, Молдова, Түркіменстан басшылары қол қойды.

    Өзара түсіністік, экономикалық байланыс, ортақ мүддеге негізделген шынайы ерікті түрде біріккен республикалар достастығы пайда болды. ТМД- нің дүниеге келуі бұрынғы империялық ұлы державалық шовинизмнен бас тарту, біртұтас экономикалық кеңістікті сақтап қалу жолындағы дұрыс шешім болды және күшейіп кеткен экономика¬лық дағдарыс пен адамдардың өмір сүру деңгейінің құлдырап кетуіне қарсы әрекет еді. 1991 ж. желтоқсандағы жағдайда Достастықтың құрылуы тә¬уелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда жиналуына көп күш салған Қазақстан Республикасының бастамасының нәтижесі болды. Жас тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі жоғарғы жақтың нұсқауы мен міндеттеуінсіз, өз еріктерімен жүзеге асырылды. Достастық мүшелерінің өзара қатынасы тең құқықтық, бір-бірінің аумақтық тұтастығын құрметтеу, шекараны бұзбау қағидаттары негізінде, ТМД мүшелері арасындағы келісіммен бекітілген тәртіппен қызмет ететін бірқатар үйлестіру құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.

    78. Қр-ның Конституциялары (1993 ж., 1995 ж.).

    1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.

    1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:

    1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.

    2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.

    3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.

    4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.

    5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.

    6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

    1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа реформаларға жол ашты. Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп тұжырымдалды. Құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту жолында Конституциялық заңдар да қабылдаңды.

    1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасын президенттік баскару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде орнықтырды. Еліміздегі саяси реформалау 1997 жылдан тұрақты даму мен барлық мемлекеттік институттар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Осы жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. Елбасының 1998 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді демократияландыру және саяси реформалау бағдарламасы ұсынылды.

    1998 жылы 7 казанда № 284 «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. 1998 жылғы Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілетті органның орны мен рөлін, маңызын нығайтты. Конституция ережелеріне енгізілген түзетулер еліміздің заң шығарушы органы қызметінің тиімділігі мен депутаттардың кәсібилігін арттыруға бағытталды. Осыған сәйкес, Парламенттің Конституцияға өзгерістер енгізу өкілеттілігі кеңейтілді. Сот жүйесін демократияландыру мақсатында алқа билер соты енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес, ауыл, село және поселкелік өкімдерді сайлау қарастырылды.

    Конституциялық ережедегі өзгерістер мемлекеттік қызметшінің жасы алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауға тиіс деген сөздер алынып тасталды. Президенттік лауазымға сайлау мерзімін 7 жылға дейін үзартты. 1999 жылдың 6 мамырыңдағы Конституцияға енгізілген толықтыруларға сәйкес саяси партияларға Парламент Мәжілісінен 10 депутаттық мандат берілді. Конституцияға өзгерістер енгізілуімен қатар кезектен тыс Президент сайлауы жарияланды.

    .Қазақстан халқының Ассамблеясы Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы. Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдени орталықтары құрылған. Әзербайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтары жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызда "Қазақстан халқының Ассамблеясы" (ҚХА) құрылды.ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақтастықты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстар жасау, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея мәдени-ағартушылық , атап айтқанда, тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мен насихаттау; тәрбиелік, яғни қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды ынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктері, Ассамблея Кеңесінің мүшелері тең арақатынас қағидасы бойұсынады. ҚХА-ның төрағасы- ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар ардагерлер кеңесі өкілдерінен, Кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.

    Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православтар, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәры 670 болатын.Діни бірлестіктердің иеліктерінде 3129 табыну құрылымы, олардың ішінде 2229 мұсылман мешіттері, 258 православие және 93 католик шіркеулері, 6 синагога және 500-ден астам протестант шіркеуі мен намаз оқу үйлері бар. Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003, 2006, 2009 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің куәсі болды. Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастар діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңдігіне, серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген.

    77. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992 ж.): қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы.

    Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.

    1-Нші құрылтай

    1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.

    Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.

    Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.

    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:

    Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.

    Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.

    Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.

    Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай

    2-Нші құрылтай

    2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.

    Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.

    Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.

    3-Нші құрылтай

    2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.

    Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.

    Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.

    Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.

    76. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен рәміздері.

    Мемлекеттік құрылымы. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас (унитарлы) мемлекет. Мемлекет басшысы – Президент.

    Қазақстанда бір ғана мемлекеттік билік бар – оған Парламент арқылы жүзеге асатын заң шығару билігі; орталық органдардан (министрлік, ведомстволар мен агенттіктер) және жергілікті органдардан (әкімдіктер) тұратын Үкімет – атқарушы билік және мемлекеттік соттар (Жоғарғы сот және жергілікті соттар) арқылы жүзеге асатын сот билігі кіреді.

    Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық.

    Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономиканы дамыту, патриотизм, мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді республикалық референдум немесе Парламентте дауыс беру арқылы барынша демократиялық әдістермен шешу Республика қызметінің негізін қалаушы қағидаттар боп табылады.

    Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік мойындалады және тең дәрежеде қорғалады.

    Рәміздері. Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы — суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары — Ж Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Байрағы – бұл тік төртбұрышты көгілдір түсті, ортасында 32 сәулесі бар шашыраған күн, оның үстінен қалықтаған дала қыраны бейнеленген мата. Байрақтың тұтқасымен тұстас ұлттық өрнекті тік жолақ бар. Күн, сәуле, қыран және өрнек алтын түспен бейнеленген.

    Қазакстан Республикасынын мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - әнұран, мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, композиторлары қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева шығарған өлен сөзі бекітілді. Әуені — кеңестік кезеңде М. Төлебаев. Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.

    2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менін Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал әні бұрынғы қалпында сақталды.

    2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.

    Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі

    Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогрессемес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірібөгендерсалуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердіңмикроклиматыныңөзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кездеантропогендік ландшафтарбасым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі –мелиорация.Мелиорацияжердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет.Рио-де-Жанейро декларациясыныңқағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.

    Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация)жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар;Каспий теңізіқайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар;тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерінжатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

    Семей ядролық полигоны

    Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға,гидросферағажәнелитосферағаөте үлкен мөлшердерадиоактивті материалдаршығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар,Қарағанды,Шығыс Қазақстан,Жезқазғаноблыстары жәнеРесей ФедерациясыныңАлтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

    Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас СүлейменовтыңбасшылығыменНевада—Семейэкологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан ПрезидентіН. Ә. Назарбаевреспубликада ядролық сынақтар өткізугемораторийжариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады.АҚШпенЖапонияүкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1]КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. Негізгі бөлім

    Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

    Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

    Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі

    Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

    Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

    Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

    66. Қазақстан қайта құру жылдарында.(1985-1991жж).

    Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстан М.С. Горбачев реформалары кезінде (1985-1991 жж.). 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылдады.Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде ғана болды.Іс жүзінде ол Кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті.Оны Қазақстанның партия,кеңес органдары қызметінен байқауға болады. Тоқырау жылдарында одақтың барлық ауқымында ,оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық,парақорлық,рушылдық,жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі.Бұл жылдары ұлт саясатында,әлеуметтік экономикалық және кадр мәселесінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді.Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кеің өріс алды. Михаил Горбачевтың реформаларына байланысты демократияландыру қадамдары кезінде қазақ қоғамында тәуелсіздік идеясы қайта жанданды. Айта кету керек, Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстанның өз уыстарынан біртіндеп шығып бара жатқанын түсінген Мәскеу басшылары Ю.Андропов, одан кейін М.Горбачев бұл республикаларға қарсы науқан ашу, олардағы саяси элитаны жаппай ауыстыру арқылы Орталықтың бақылауын қайта қалпына келтіруге тырысты. Ал осындай кезде мәскеулік орталықтың республикамызға бірінші басшыны тағы да сырттан әкеліп таңуы - отқа май тамызғандай болып шықты. Тұмшаланып ұсталған өткір проблемалардың жиынтығы уақыты келгенде еріксіз сыртқа атқылады. Желтоқсандықтардың империялық Орталықтың алдына қойған негізгі мәселесі саяси талаптар болды. Ол шеруге шыққандардың көтерген транспаранттарынан анық байқалды: «Ешқандай ұлтқа артықшылық болмасын!», «Ұлт саясатында Лениндік принциптерді сыйлауды талап етеміз!», «Қазақстан жасасын!». Басқаша айтқанда, қозғалыс әлеуметтік талаптар ауқымынан шығып, айқын саяси сипат алды. Бұл 1917 жылы алаш автономиясы туын көтерген қайраткерлерден кейін, біраз уақыт салып ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік мәселесінің қайта көтеріліп, ашық түрде қойылуы еді. Бұл бір қалалық немесе аймақтық құбылыс емес, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Империялық озбырлыққа қарсы бас көтеру тек астаналық қала - Алматымен ғана шектеліп қалған жоқ, желтоқсанның 17-25 күндеріндегі Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Алға сияқты қалаларда, Шамалған, Сарыөзек сияқты елді мекендерде болып өткен толқулар наразылықтың жалпықазақстандық сипат алғанын айғақтайды. Алматыдағы толқуларға 30 мыңдай адам қатысқан. Қазақстандағы наразылықтың кең ауқым алуынан үрейленген империялық Орталық оны күшпен басу жолына түсті. Алматыға арнайы даярланған әскер күштерін әкелді. Бұған да қанағаттанбай, шерушілерге қарсы мыңдаған дружинниктердің қолына темірден жасалған сойылдар берді. Қарулы әскер мен дружинниктердің қолынан ондаған қазақ жастары қаза тапты. Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және басқа да ұл-қыздарымыз халқымыздың жадында мәңгілік орын алатыны сөзсіз. Көтерілісті аса қатыгездікпен басып-жаншу әлем жұртшылығының ашу-ызасын тудырып, көптеген елдерде «желтоқсандықтарға» қолдау қозғалысы өрістеді. Қазақ халқы Желтоқсанның ызғарлы бір-екі күні ішінде саяси тәрбиенің үлкен мектебінен өтті, ұлттық сана-сезімін шырқау шыңға жеткізді. Қазақ жастарының ерлігі әлем жұртшылығына аян болып, ұлттық рухты биікке асқақтатты. Желтоқсан көтерілісінен көп ұзамай, қол жеткізген тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан ғасырларға бергісіз жолды еңсеріп, әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, абыройлы, айбынды елге айналды. Бұл - аңсаған азаттықты көре алмай кеткен ата-бабаларымызға, желтоқсан құрбандарына қойылған басты ескерткіш.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]