Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика АГУ Абая Узакбаева.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Бірінші модуль. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері

1.1. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.

Мақсаты: педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің теориялық және практикалық іс - әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.

Міндеттері:

а) педагогика және оның категориялық аппараты туралы ұғым беру;

б) педагогикалық пәндердің мазмұнын ашып көрсету;

в) педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын көрсету;

г) педагогиканың және педагогикалық пәндердің әдістемесінің мәнін ашып көрсету.

Жоспар

1.Педагогика тәрбие туралы ғылымның

2.Педагогикалық ғылымдар және оның мазмұны.

3.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. 4.Педагогикалықжүйелердің әдіснамасы.

Негізгі ұғымдар: педагогика, педагогиканың категориялары, педагогика пәні, педагогиканың әдіснамасы, педагогикалық зерттеулердің әдістері.

Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтану, психология, саясаттану, мәдениеттану.

Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің "раіdagogas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде калды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақгардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның "тәрбиенің" қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби і-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін — делдал-ұстаз, мүғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты , белгілі бір

7

ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана — ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән —бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.

Ал педагогика пәні — индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады. ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.

Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықта бұл "ұстаздар — оқушылар" жүйесі,ол сол жетекші бөлігі (элементі) (ұстаздар) бойынша педагогикалық жүйе деп аталады.

Қандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. "Ұстаздар (педагогтар) - оқушылар" жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекетінде (процестің қызметінде) тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық (реальность) педагогиканың категориялары, ұғымдары жүйелері арқылы бейнелене алады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі білім алумен байланысты. "Білім беру "деген сөзді" орыс тілінде 'образование" түбірі -"образ" деген (бет-лиц, лицо-пішін) лексикалық мағынасы бойынша индивидтің дене және рухани қасиеттері қалыптасуын, индивидтің қоғамдық болмыстың нақтылы әлеуметтік - экономикалық және мәдени — тарихи жағдайларында дамуға, өзін жүзеге асыруға және өзін ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын білдіреді. Сондықтан білім беру ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады.

Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процесі, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар негіздер мазмұнын

8

меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің ролі оқылатын материалдарды (распредмечивание) ғылыми білім мазмұнында (опредмечиванияланған), іс-әрекеттер тәсілдерін айқындай көрсету. Оқу материалдары мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс - әрекеттер тәсілдеріне үйретеді. Оқушыларды оқуға үйрету арқылы ғана (А. Дистервег, К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская), тек осы жағдайда ғана мұғалім өзінің қызметін орындайды. Оқушылар іс - әрекеттер тәсілдерін меңгере отырып оқуға үйренеді, оку пәнінің мазмұнымен саналы және белсенді жұмыс істейді, соның негізінде индивидтің әрекет күштері мен қабілеттері заттық формаға ауысады (опредмечивание), окушы тұлғасының өзгеруі жүзеге асады.

Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс - әрекеттерін талап етеді. Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін - өзі сезінуі, "меннен" басқа "менге" қозғалысқа, әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтену процесі стихиялы (ұйымдаспаған) түрде болуы мүмкін, онда оның нәтижесін болжау қиын және қоғам үшін зияңды болуы мүмкін. Міне, сондықтан да ұстаз әлеуметтендірудің мәнін түсіне отырып, ынтымақтастық біздің иелену үшін кажетті байланыстарды, оқушылардың оқу және отбасына осы мәселені шешуге көмектесе алады және өзіндік "менді" оқу, оқудан тыс іс -әрекеттері арқылы қамтамасыз ете алады.

Педагогика категорияларының құрамында жоғарыдағы айтылғандардан (тәрбие, педагогикалық процесс, білім беру, оқыту, әлеуметтендіру) басқа мынадай: - тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру жалпы ғылыми ұғымдар кіреді, олар педагогиканың әртүрлі тарауларын оқығанда қарастырылады.

Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.

XIX ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Сонымен бірге білімдер аумағының

9

өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика да бірте — бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу - тәрбиелеу, оқу орнындарындағы типтері бойынша ерекшелігі бар салалар айқындала түсті.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика және т.б. дербес бөліне бастады.

Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді. Кейінгі он жылда бірқатар ғалымдар мектепке дейінгі педагогикадан бала бақша жасындағы педагогикасын бөліп көрсетеді. Мұндай бөлу әділетті , себебі сәби жасындағы балалардың санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне осыдан келіп бұл пәннің психологиямен, педагогикамен және медицинамен тығыз байланыстылығы ерекше. Зейнеткерлердің тұрғындар құрамындағы үлес салмағының өсуіне байланысты үшінші жас педагогикасы пайда болды, ол қалыптасу деңгейінде.

Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы—пәндері (дисциплины), олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеруге дейін бағытындағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.

Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофролопедагогика, логопедия), дене

10

дамуында кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, .ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады.

Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.

Еңбекпен түзету (исправительная) педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады (пенитенциарлық мекемелер). Мұнда жас ерекшелігі ескеріледі, оларда өсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.

Сауықтыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады. Бұл ғылымның пәні кәдімгі жалпы мектептегі оку — тәрбие процеснен қол үзген ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру болады.

Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Сондықтан оның азаматтық тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи нәрсе, өйткені педагогикалық ой қоғамның материалдың және рухани мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра, дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде калыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіндік береді.

Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды,онда жалпы -бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік (особенное) берілетін сабақ пәнінің мазмұны.

11

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.

Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретіңде: педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіріледі, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, пән педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның кадытасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер

жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ XIX — XX ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.

Педагогика ол организмнің материалды- энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс - әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен түратын (әлеуметтік

12

жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.

Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықгың бірқатар кұбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақгық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Әрине, бұл проблеманы бірлескен комплексті зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады. Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы бүгінгі күні шешімін табуда. Педагогика жеке пән (дисциплина) ретінде философия және оның салалары - білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең үғыну нәтижесінде дамиды.

Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға - тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологаяға және т.б. таралады.

Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының негіздері) жетістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р.Г. Гурова педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы қандай бағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда колданылып жүрген зерттеу әдістерінің творчестволық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда алынған нактылы зерттеу пәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам проблемалары бойынша комплекстік зерттеулерге катысуы.

13

Педагогикалық зерттеулердің методологиясы.

"Методология" грек тілінен аударғанда "әдіс туралы ғылым" деген мағынаны береді. "Метод" "әдіс" термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықган методология - зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін (фактический) Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, кұбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті зандарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.

Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектика дамудың ең жалпы заңдылықтарын жасап үйлестіреді; бірлік және қарама - қайшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп категорияларымен: себеп салдар , қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. анықгалады. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың

14

органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың зандылықтарын ашады.

Сонымен, материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақтылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді. Методологаялық анықтамаларды меңгеру арқылы ғалымда да және машықтандыруда да көзқарастың дүниетанымдық ұстаным қалыптасады, ол содан кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс -әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ соңғысы нақтылы ғылымның методологиясымен байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады. Одақтық педагогикада XX ғасыр түгелдей қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап іздестіру уақыты болды.

Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғы шарттар негізінде жасалады, ал ол теорияның негізгі салаларымен байланысты- табиғат, қоғам және ойлау ғалымдарына қатысты үшбұрыш. XIX ғасырдың өзінде қалыптасқан дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға, техникалық білім және басқа да ғылымдардың жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың іс - әрекеттеріне байланысты ғылымдарға орын жоқ. Содықган XX ғасырдың екінші жартысының өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г. Ярошевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады. Мұнда жағдайда адамдардың жасампаз мақсатты бағытталған іс -әрекеттері ғылыми білімдер жүйесінің моделінде, заңды өз орнын алады. Бұл, әрине, нақтылы ғылыми білімнің, міндетті түрде: сол нақтылы ғылымның методологиясына теорияның, тәжірибесін көрсетіп, теорияны жалпылау мен практикалық ұсыныстарға, кұрамына әсерін тигізеді. Демек, XIX ғасырдың аяғының өзінде қалыптасқан ғылымның даму тенденциясы ғылымды теорияландырудан тұрады. Міне осыдап ғылыми жұмыстардың ең көп тараған, фундаментальдық терең, қолданбалы және талдамалық ' бөлінуінен келіп шығады. Кейбір ғалымдар (К.Е. Гмурман) ғылымдардың бөлінуін басқаша береді: фундаменталдық, теориялық, теориялық - қолданбалы және талдамалық ,зерттеулерді теорияландырудың ролін баса көрсеткен. Сонымен бірге қазіргі уақытта, іс- тәжірибеге шығуды құрастырмаған барлық теориялық тұжырымдамалар кейін оны қайта өзгертудің негізі болуы мүмкін.

15

Іргелі терең зерттеулер, құбылыстар мен процестерді сипаттау мен түсіндіруде, олардың әрекеттерінің тетіктерін, заңдар мен заңдылықтарын, олардың дамуы мен өмір сүріп, қызмет етуімен байланыстылығын теориялық зерттеулер ашып көрсетуді мақсат еткен нақтылы көрінбейтін құбылыстардың мәнін зерттеумен, олардың өзара байланыстары мен тәуелділіктерін анықтаумен байланысты, оларды тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін білуін айқындайды. Теориялық қолданбалы зерттеулер практикалық іс - әрекеттердің табылған заңдар мен заңдылықтардың қолдану тәсілдерін айқындайды. Талдамалар машықтандыру (халыққа білім беруді ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге) жұмыстарына керекті әдістемелік оқу құралдарын, нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар және т.б. беруге бағытталған.

Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықтан педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген сұрақты қарастырғанда күмән жоқ,бұл сұраққа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес - ал, бүл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.

Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі — педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған.

Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның методологиялық қызметін атқаратын методологиялық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. Методологиялық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа

16

ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика гылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықгамалы — терминдік жүйесі жатады.

Методологияның көрсетілген аспектілерін жасау "білетін туралы білім" береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, "білетін туралы білім" , яғни педагогикалық кұбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақгалады. Қазіргі кезеңде мынадай методологиялық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық пен методологиялық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен, үғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр, (В.Е. Гмурман, Г.В. Воробьев, В.И. Журавлев).

Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулергепедагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б..

Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын диференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог - зерттеушілер мен практиканттардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық ) элементтерін білуін талап етеді:

-тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейкестілігін дәлелдей біледі;

-ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған кайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың, жасалған теориялардың (разработкалардың сәйкес келмеуі);

17

-зерттеу нысанасын талдамалардың, үйлестіре біледі (яғни жауап іздейтін, сұрақ);

-мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын) нысана және зерттеу пәнін анықтай алады.

Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол проблемада үйлестірілген (сформулированный) сұрақ және болжамды белгілі бір жобаланған жауап ретінде, үлгі түрінде көрсетіледі. Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмперикалық практиканы зерттеу әрекеттерімен және педагогикалық шындықты қайта құру (қалыптастыру тәжірибесі).

Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді қолдануын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін - теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтылы абстрактылық және абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесу, анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданады.

Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндегі, не туралы екендігі айқын болуы керек.

Бір терминді сөзді бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәніне ұғымдық сипаттама (теориялық сипаттама) беру зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің кепілі болады, оның теориялық моделін жасауға негіз болады. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарының нақтылы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс - әрекетттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар болашақ педагогикалық іс - әрекеттер жобасына салынып, практика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар макеті ретінде болады.

18

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1."Педагогика" ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз.

2.Бастапқы кезде педагогика қандай ғылымның саласында дамығанын айтыңыз.

3. Ғылыми білімдер саласы, сонымен бірге педагогика немен айқындалады?

4.Педагогика категорияларының ғылым мен практика үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.

5.Ғылымның методологиясы деген не?

6.Педагогика методологиясының іс - әрекеттің теориясы мен практикасын дамытудағы маңызы қандай ?

7.Педагогиканы ғылым және өнер деп айтады. Бұл ұғымдар қандай мағына береді ?

8.Тәрбие туралы ғылымның мәнін келтірілген ұғымдардың қайсысы дәл және толық көрсетеді. Антропология, педагогика, андрогогика, ондропогика, педология?

9.Педагогиканың ғылым ретіндегі ілгері даму (прогресін) не анықтайды?

Әдебиеттер.

1.Бабанский Ю.К. Проблемы повышени эффективности педагогических исследований. М., 1982.

2.Введение в научное исследование по педагогике. /под.' Ред. В.И.Журавлева.М., 1988.

3.Журавлев Я.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики.М., 1988.

4.Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990.

5.Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. Минск, 1986.

6.Кузьмина Н.В. Методы системного педагогического исследования. Л., 1980.

7.Скаткин М.Н. Методология и методика иедагогических исследований.М., 1986.