- •Мазмұны
- •Бірінші модуль. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
- •1.1. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.
- •Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
- •Реферат тақырыптары
- •1.2.Ғылыми - педагогикалық зерттеу әдістері
- •Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
- •Реферат тақырыптары
- •1.3. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы.
- •Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік жүмысқа арналған тапсырмалар
- •Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •1.4. Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу- тәрбие процесінде ескерілуі.
- •Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар
- •Әдебиеттер
- •Өз бетімен жұмыс үшін тапсырма
- •Реферат тақырыптары
- •Екінші модуль. Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
- •2.1. Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс - әрекетінің объектісі.
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар.
- •Әдебиеттер
- •Рефераттардың тақырыптары.
- •2.2. Педагогикалық процестің заңдары мен зандылықтары.
- •Педагогикалық процестің компоненттерінің бөліктері.
- •Әдістер мен тәсілдер
- •Әдістер мен тәсілдер
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
- •Әдебиеттер.
- •Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
- •Рефераттардың тақырыптары.
- •2.3. Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері.
- •Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдебиеттер.
- •Өздігінен орындайтын тапсырмалар.
- •Рефераттық жұмыстардың тақырыптары.
- •2.4. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
- •Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Реферат тақырыптары
- •2.5. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістер жүйесі
- •Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •2.6. Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы және өзара байланысы
- •Әдебиеттер
- •Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •2.7. Сыныптағы тәрбие жүйесі
- •Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •2.8. Жанұя тәрбиесінің негіздері
- •Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
- •Реферат тақырыптары
- •2.9 Тұтас педагогикалық процестегі оқыту.
- •Оқыту процесінің заңдылықтары:
- •Өзіндік тексеру сұрақтары
- •Әдебиеттер
- •Өзіндік жұмыстардың тапсырмасы
- •Реферат тақырыптары
- •2.10. Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны
- •Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
- •Әдебиеттер.
- •Өздігінен орындайтын жұмыстарға тапсырма
- •Реферат тақырыбы
- •2.11. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері. Қазіргі сабақ.
- •2.12. Оқыту әдістемесіне сипаттама
- •2.Топ. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін стимулдау әдісі.
- •3.Топ. Оқытудағы өзіндік бақылау және бақылау әдістері:
- •14.Білімді беруді бақылау
- •Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдебиеттер.
- •Өз бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
- •Рефераттық тақырыптар
- •2.13. Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері
- •2.14 Қазіргі жағдайда оқушының танымдық әрекетін белсендірудің әдіс-тәсілдері
- •2.16. Педагогикалық технологиялар.
- •3.1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.
- •3.2. Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығы
- •3.3. Мектептің (сыныптың) оқу-тәрбие процесінің диагностикасы-басқару негізі.
- •3.4. Мектеп жұмысын жоспарлау.
- •Педагогика Дәріс курсы
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар.
1.Ғылымда объект және пән деген ұғым нені білдіреді? Бұл мұғалімнің практикалық іс - әрекеті үшін қандай маңызы бар?
2.Педагогиканың пәні не болады?
3.Әртүрлі авторлардың еңбектерінде көрсетілген "педагогикалық процесс" ұғымының мазмұнын салыстырыңыз. Өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
4.Не себепті тек қана педагогикалық процесс мұғалім іс - әрекетінің объектісі болып табылады?
5.Дамудың қозғаушы күштеріне анықтама беріңіз?
6.Мұғалім педагогикалық процестің дамуына әсер ете ала ма?
7.Педагогикалық процесс үшін кдндай қайшылықтар тобы тән?
8.Қайшылықтарды шешу деген не?
Әдебиеттер
1.Общие основы педагогики М., 1962.
2.Педагогическая энцоклопедия. М. ;1964.
3.Российская педагогическая энциклопедия. М., 1993 - 1999.
4.Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. Алма - Ата , 1984.
Өз бетімен орындайтьш жұмыстар үшін арналған тапсырмалар.
1."Педагогикалық процесс" ұғым мазмұнының дамуының хронологиялық кестесін жасаңыз.
2.Ұсынылып отырған педагогикалық ситуацияның негізінде ұстаздың және басқа да қатынасушыларды өмірбаянын жазыңыз.
3.Мектептегі "Педагогикалық процестің субъектілерін қалыптастырудағы іс - әрекеттің ролі" атты ғылыми –практикалық конференцияның бағдарламасын дайыңдаңыз.
4."Мұғалім іс-әрекеті шығармашылық" атты тақырыпқа баяндама жоспарын жасаңыз.
Рефераттардың тақырыптары.
1.П.Ф. Каптерев педагогикалық процесс туралы.
2.М.А. Даниловтың еңбектеріңде "педагогикалық процесс" туралы ұғымының дамуы.
97
3.Педагогикалық процесс теориясының мұғалімнің творчестволық іс - әрекетінің дамуындағы ролі.
4.Біртұтас педагогикалық процесс теориясы қазіргі уақыттағы педагогика оқу құралдарында.
5.Қазақстандық ғалымдардың біртұтас педагогикалық процесс теориясын дамытудағы ролі.
6.Жаңашыл мектептердің педагогикалық процесс теориясын меңгеруі.
2.2. Педагогикалық процестің заңдары мен зандылықтары.
Мақсаты: Біртұтас педагогикалық процестің компонентері бөліктерінің зандылықтарының арасындағы байланыстары туралы,оның ішкі құрылымын көрсететін ұғымды қалыптастыру.
Міндеттер:
а)"Заң", "Заңдылық" туралы ұғымдардың мәнін анықтау;
б)Заңдылықтардың бөліктері мей тұрақты байланыста байланыстылығын ашып көрсету.
в)Заңдылықтардың нақтылы көрінуінде принциптердің маңызын көрсету.
Жоспар
1.Педагогикалық процестің зандылықтары.
2.Педагогикалық процестің бөліктері
3.Педагогикалық процестегі тұлғалар арасындағы қатынастар.
Негізгі үғымдар: біртұтас педагогикалық процесс бөліктер, заңдар, заңдылықтар құрылымы, принциптер, жобалау, моделдеу.
Пәнаралық байланыстар: философия ғылымының әдіснамасы, педагогиканың әдіснамасы, саясаттану, әлеуметтану.
Педагогикалық процестің заңдылықтары.
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, зандылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту — тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
98
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс - әрекетінің.объектісі - біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің зандарын білу мұғалімнің іс -әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Зандылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады.
Жалпы философиялық бағытта "заң универсалының қозғалысындағы мәнді көрсету" (В.И.Ленин). Заң сондықтан, мәннің нақтылы дәлірек айтқанда, танымның құрамының бірін көрсетеді, ал ол эмпирикалық деңгейден теорияға көшуге мүмкіндік береді. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың шіеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты.. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық катынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында калыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары.
Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:
-бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс - әрекетінің арқасында ғана бола алады;
-индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік – азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы, әлеуметтену процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте кеңеюі барысында жүзеге асады ;
-ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді.
Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері демек ол тұтастықта да және жеке бөліктерде өзін көрсетеді. Бірақ, педагогикалық процестегі өзгерістерін реттеу неге сүйенгендігін білу үшін құбылыстардың, бөліктердің, процестің элементтердің қалай өзара
99
байланысқанын, қалай заңдар зандылықтарда көрінетінін түсіну керек. Бірақта, ең алдымен, мына сұраққа жауап беру алдында педагогикалық процестің бөліктері мен кұрылымының ерекшеліктері неде деген ұғымды түсіну керек.
Мұғалімді дайындау сапасы біртұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттерімен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы біртұтас педагогикалық процестің жүйелі - құрылымдық сипаттау алда болатын іс - әрекеттің ойша моделін жасауға нақтылы жағдайды ескере отырып, "ұстаздар - оқушылар" жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процессте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т.,Афанасьв В.П.,Блауберг И.В., Садовский В.Н. және т.б.)
-қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсаты, оның қызметі атқаруы тиімділік сипат әкелді;
-жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компонентерден) бөліктерден тұрады;
-жүйе тиым салушылық әкелетін арада өмір сүреді;
-жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оған қызмет істелуімен тұрақтылықты қамтамасыз етеді;
-жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы мен ортамен байланысын көрсетеді;
-жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;
-жүйе басқару орталығы арқылы басқаруындағы көрсетілген белгілер ңе себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттарға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтап және
100
"ұстаздар - оқушылар" жүйесінде жеке бөліктерінің өзар әрекеттері туралы анық ұғым болғанда қалай әрекет етіп шешім қабылдау қиын.
Педагогикалық процесстің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс (латынның processus - қозғалыс) алға басу 1)жағдай; 2)белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген "процесс" деген ұғымның мағынасы "ұстаздар - оқушылар" жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен жөне мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.
