Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика АГУ Абая Узакбаева.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.4. Мектеп жұмысын жоспарлау.

Мақсаты: жалпы білім беретін мектептің жұмыс жоспарын құрастыруға қойылатын маңызды талаптарды, мектептің жылдық жұмыс жоспарының негізгі мазмұнын ашу, мектеп ішіндегі құжаттамалар түрлерімен танысу.

Міндеттері:

а)Тиімді басқару іс-әрекетінің негізі ретінде жоспарлаудың мәнін ашу.

ә)Мектептің жылдық жұмыс жоспарының негізгі тарауларын сипаттау.

б)Жылдық жоспардың сыртқы көрінісінің ерекшеліктерін ашу.

в)Мектепті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етудің мәнін ашу.

г)Мектеп ішіндегі құжаттардың негізгі түрлерімен таныстыру.

Жоспар

1.Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде.

2.Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау.

3.Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны.

4.Мектептің жылдық жұмыс жоспарының сыртқы көрінісі.

5.Мектеп құжаттамасының басқа түрлері.

Негізгі ұғымдар: мектепті басқару, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспар түрлері, мектеп құжаттамасы.

Басқа пәндермен байланысы: психология, ақпарат теориясы, басқару теориясы.

Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде. Басқару еңбегінің өрісінде іс-әрекет жағдайына талдау жасау, жоспарлау, іс-әрекетті ұйымдастыру, қабылданған шешімдірдің орындалу барысын бақылау мен реттеу сияқты қызметтер бар. Тиімді де нәтижелі басқару үшін аталған қызметтердің барлығының үйлесімді өз ара - әрекеттестігін қамтамасыз ету қажет, олардың біреуін орындамау тұтастай ұжым іс-әрекетінің нәтижелеріне әсер етеді. Барлық басқару қызметтерінің үйлесімді өз ара байланысы жоспарлауға негізделеді. Жоспарлау (іс- әрекет жоспарын құру)

349

дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау. Тиімді жоспарлау дегеніміз:

-жұмыс жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру;

-алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

-алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.

Бұлардың барлығы басқару жүйесіндегі істің жай-күйі туралы объективті ақпараттың болуын талап етеді.: Ақпарат дегеніміз басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайтын, сондай-ақ оның дамыту мен жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы. Ақпараттың көлемі мен мазмұны жүйенің іс-әрекетінің мақсатымен, негізгі бағыттары мен аумағымен анықталады. Бағытына қарай олар төмен және жоғары бағытталған ақпарат болып бөлінеді. Төмен бағытталған ақпараттар басқару субъектісінің басқарушылық іс-әрекетін көрсететін ақпараттар (нормативті, жоғары тұрған органдардың, соның ішінде білім беру органдарының ұйымдастырушылық-бұйрықтық құжаттары). Жоғары бағытталған ақпарат басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайды (есеп берулер, тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар, мектеп ішіндегі күнделікті ақпарат). Басқарушылық іс-әрекеті үшін ақпараттың екі түрі де өте маңызды. "Басқарудың нәтижелі болуы, негізінен, қажетті ақпараттың болуына, басқарушылық шешімдерді дер кезінде және сапалы түрде қабылдай алынуына және тұтас білім беру жүйесінің мониторингін ұйымдастырылуына байланысты" (Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту Концепциясы).

Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқарушылық іс-әрекет сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі ең маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші қүжаты болып саналады. Онда мектеп іс-әрекетінің

350

барлық жақтары қамтылып, олардың бірлігі, ішкі және сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігі есепке алынады. Жылдық жоспардың терең ойластырылуы, негізді және мақсатты болуы мектеп жұмысының нәтижелілігін анықтайды.

Мектептің жылдық жұмыс жоспары мына принциптер негізінде құрастырылады

а)Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогакалық процестің психологиялық-педагогикалық заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп алғандағы мектептің дамуының тенденциялары мен болашағын ескере отырып құрастырылуы қажет. Жоспар педагогикалық жағынан мақсатты болуы қажет.

ә)Үйлесімді де қолайлы жоспардың құрамында алға қойылған мақсаттарға жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мөлшері болуы қажет. Бұл принцип жоспардың шынайы болуына, мектеп ұжымының іс-әрекетінің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды бөліктерінің мақсатты түрде өзара қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған.

б)Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге кім жауап беру керек, оның мерзімі, орны мен уақыты нақты көрсетілуі қажет. Белгілі бір міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайтын нақтылы шарттар есепке алыну қажет. Нақтылық принципін жүзеге асыра отырып жоспардың қажетті нақтылығын қамтамасыз етеді.

в)Жоспардың перспективтілігі. Жоспарда жуық арадағы мақсаттар мен міндеттерге қоса, мектеп іс-әрекетінің болашағы да көрініс табуы қажет. Жоспарда мектеп жұмысының келер жылдары да алдына қойылатын оқу-тәрбие міндеттері ескерілуі кажет.

г)Ұжымдық принципі мұғалімдердің, тәрбиешілердің, мектептік басқа да қызметкерлерінің жоспарды талдау мен кұруға белсенді түрде қатысуын қарастырады. Мектеп жоспары ұжымдық шығармашылықтың жемісі болуы қажет, алайда ол ұжымның әрбір мүшесінің жеке дара жауапкершілігін талап етеді.

351

Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы:

1.Нормативті құжаттамаларды, жоспарлау мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеті мен жаңа педагогикалық технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді оқып зерттеу.

2.Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие процесі туралы жинақталған ақпаратқа жан-жақты талдау жасау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген қателерді айқындап, мектеп ұжымының іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерін анықтау.

3.Мектеп дамуының болашақ жоспарларын, сондай-ақ келер жылғы іс-әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

4.Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды анықтап, оң нәтижелерді ары қарай дамыту. Мақсатқа жетудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.

5.Негізгі, жалпы мектептік маңызы бар шаралар мен сыныптар бойынша, сынып топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын жасау.

6.Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау. Ұсыныстарға сәйкес жоспарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

7.Мектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын жасау мен оны қабылдау.

Бұл бағдар жолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды дұрыс жасау үшін қажетті әдебиеттерді оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар мен құралдарды таңдап, бекіту де осылайша жүзеге асады.

Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау. Мектептің оқу-тәрбие процесі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы (мектеп жұмысының талдауы) жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В. А. Сухомлинский: "Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына

352

байланысты",-деп санаған. Жұмыстың талдауы мектеп ұжымының алдағы іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқындауы қажет. Талдау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық мақсаттарға жетудің жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын, қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет қысқаша айтқанда, мектеп жұмысын талдауы "мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде"(Ю.А. Конаржевский) жүргізілуі қажет.

Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Ю.А. Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-әрекетінің мынандай тараулары туралы қажетті ақпараттар болу қажет:

-мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;

-мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;

-ілім берудің жай-күйі, білім беру деңгейін көтеру бойынша мұғалімдер ұжымының жұмысы;

-мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;

-қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердің көмегі;

-оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;

-оқушылардың сабақтарға қатысуының жай-күйі;

-оқушылардың білім, білік және дағдыларының жай-күйі;

-жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.

Мектеп жұмысына талдау жасау кезінде оқушылардың тәрбиелілік пен білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы міндетті орта білім алу туралы ережелердің орындалуын бірінші орынға қою қажет. Ал басқа тарауларды олардың негізгі үш тарау бойынша қажетті жоғары нәтижелерге жетуге қаншалықты әсерлі әрі үйлесімді ықпал еткендері жағынан қарастыру қажет. Мектептегі әдістемелік жұмыс оқушылар ата-анасымен жұмыс сияқты аясы тар мақсат болмауы керек, олар педагогикалық процестің жоғары нәтижелеріне жетудің құралдары болуы қажет.

353

Бұл нәтижелер оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігінің көрсеткіші болады.

Мектептің алдағы уақыттағы маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау объективтілік, перспективтілік және нақтылық сияқты мектептің жылдық жұмыс жоспарын құрудың принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектептің оқу жылының мақсаттары мектеп үшін стратегиялық мәні бар негізгі мақсаттан туындайды. Міндеттер мақсаттармен тығыз байланыста болып, сол мақсатқа жетудің бір ізді сатыларын құрап, мектеп жұмысы талдауының нәтижелерінен бастау алулары қажет. Міндеттер тәрбие мен оқытудың, сыныптағы және сыныптан тыс іс-әрекеттің, сондай-ақ педагогикалық процестің әртүрлі бөлімдері мен мектептің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Міндеттер мектептің барлық мұғалімдерінің, жанұя мен қоршаған ортаның басқа да бөліктерінің әрекеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталулары қажет. Мектеп міндеттерінің шешімі мұғалімдер мен тәрбиешілердің жеке дара және ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ынталандырып, өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығын арттыруы қажет, олардың бар күшін жалпы мектептің мақсатын жемісті жүзеге асыруға бағыттап, тәрбие мен оқытудың негізгі мәселелерін шешудің ортақ әдісін қалыптастырып, педагогикалық процестегі оқушының белсенділігін, ынта-ықыласын арттыруға жағдай жасауы қажет.

Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны. Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізілуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс-әрекетіне арналған. Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толық тіркеу шаралары көрсетіледі. Балаларды мектептің бастауыш, негізгі және жоғары сатыларына қабылдау бойынша, сырқат балаларды үйде және емдеу мекемелерінде оқыту бойынша шаралар белгіленеді. Егер мектептерде интернаттар болса, дайындық сабақтары ұйымдастырылса оларда оқу-тәрбие жұмыстарын өткізу шаралары қарастырылады. Жағдайы нашар және толық емес жанұялардың

354

балаларын және қамқорлыкқа алынған балаларды мектепке қабылдау мәселесіне баса көңіл бөлінеді. Ата-аналар қоғамы мен оқушылар ұжымдарын мектеп жасындағы барлық балаларды оқуға қабылдау бойынша жұмыстарға араластыруға бағытталған шараларды да қарастыру қажет.

"Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие жұмысының сапасын артыру бойынша іс-әрекеті" атты тарау мектелтің жылдық жоспарының өзегі болып табылады. Бұл тарауда сабақ пен оқытудың басқа да ұйымдастырушылық фомаларын жақсарту шаралары жоспарланады. Мұнда оқушылардың білім саласын, тәрбиелік біліктері мен дағдыларын арттыруға, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар қарастырылады. Оқу бағдарламаларын, соның ішінде олардың тәжірибелік бөлімдерін толық және сапалы түрде орындау бойынша шаралар жоспарланады. Мектептің оқу процесіне оқытудың техникалық құралдарын, компьютерді енгізу жоспарланады. Сыныптан сыныпқа өту немесе мектеп бітіру емтихандарын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері де осы тарауда қарастырылады. Оқушылардың оқу еңбегіне деген жауапкершілікті қатынасын тәрбиелеу мен өз бетінше білім алу дағдыларын дарыту бойынша шаралар керсетіледі. Оқушылардың білімін кеңейту мен тереңдету бойынша сыныптан тыс жұмыстар қарастырылады: факулътативтер, пәндік үйірмелер, қосымша сабақтар жұмысын ұйымдастыру, пәндік кештер, лекциялар мен әңгіме-сұқбаттар, жарыстар, пәндік олимпиадалар өткізу.

Тәрбие мәселелері бұл тарауда үлкен орын алады өйткені оқушының жеке тұлғасына, оның жеке қасиеттері мен гуманистік көзқарастарының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Адамгершілік тәрбие, мінез -құлық мәдениетінің дағдыларын дарыту, оқушылардың саналы тәртібін қалыптастыру бойынша шараларды қарастыру (оқырмандар конференцияларын, лекциялар. әңгіме сұқбаттар, жарыстар, пікірталастар өткізу, пайдалы басылымдар шығару). Құқықтық тәрбие және оқушылар арасында заң бұзушылықты болдырмау бойынша, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру бойынша шаралар қарастырылады. Оқушылардың эстетикалық мәдениетін арттыру мен олардың шығармашылық

355

кабілеттерін дамыту мақсатында лекциялар, өнер сүйгіштер клубын құру музыка, театр апталықтарын өткізу ертеңгіліктер мен кештер өткізу, көрмелер ұйымдастыру. өнер мекемелеріне бару, әртүрлі үйірмелер мен стулиялар жұмысын ұйымдастыру) әдебиет шығармашылығы, вокалдық, би, қолданбалы онер), байқаулар мен жарыстар өткізу жоспарланады.

Дене шынықтыру-спорттық жұмыстарды өткізу жоспарланады: спорттық секциялар құру, туристік саяхаттар, жарыстар спорттық кештер мен мерекелер, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша қоғамдық-пайдалы іс-әрекетті (спорттық құрал-жабдықтар мен бұйымдарды жөндеу, спорттық алаңдарды жабдықтау бойынша жұмыстар) ұйымдастыру. Сауықтыру жұмыстары, соның ішінде оқушылардың жынысы мен жасын ескере отырып жалпы мектептік деңгейде және сыныптар бойынша санитарлық-гигиеналық тәрбие шаралары, оқушылардың ауруларының алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын насихаттау шаралары қарастырылады.

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз өзіне қызмет жасау, қоғамдық-пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады. Жоспарда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқа да шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы ұйымдастырылады. Мұнда оқушыларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының басқа да жеке қасиеттерін қалыптастыру бойынша шаралар көрсетіледі. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ, экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу.

Бұл тарауда жанұя тәрбиесімен байланысты оқушылар ата-анасымен жүргізілетін жұмыс көрініс тапқан мәселелер де бар. Ата-аналармен кездесу өткізу, оларға ақыл-кеңес беруді ұйымдастыру, ата-аналар жиналыстарын өткізу, ата-аналар комитеті жұмысына көмектесу, ата-аналарды мектептегі

356

тәрбие жұмысына араластыру, жанұя тәрбиесінің озат тәжірибесін зерттеу мен кортындылау жұмыстары қарастырылады.

"Педагогикалық кадрлармен жұмыс" тарауында мүғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар қарастырылады. Мұғалімдер ұжымы мүшелерінің кәсіби біліктері мен дағдыларын болжау жоспарланады, бұл озат педагогикалық тәжірибені анықтауға, сондай-ақ мұғалімдердің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарға мектептің әдістемелік бірлестіктерінің, әдістемелік кеңестің, әдістемелік кабинеттің іс-әрекеті мәселелері, мектеп мұғалімдерінің психологиялық-педагогикалық проблемаларды зерттеу мәселелері, мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналған педагогикалық оқулар, конференциялар, семинарлар, арнайы курстар өткізу енгізіледі. Жоспарда тәжірибесі аз мұғалімдерге әдістемелік көмек керсетуді, мұғалімдердің өзіндік білім алулары мен олардың педагогикалық шығармашылығын ынталандыруды ұйымдастыру мәселелері, озат педагогикалық тәжірибені қортындылау мен тарату мәселелері (ашық сабақтар, әдістемелік көрмелер, шығармашылық есеп берулер өткізу, шығармашылық педагогика клубтарын ұйымдастыру, озат тәжірибе мектебін құру) көрініс табады. Бұл тарауда мектептің педагогикалық ғылым өкілдерімен іскер ынтымақтастықтың формалары мен мазмұны көрсетіледі. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік бірлестіктер (кафедралар) жұмысының жоспарлары осы тараулын құрамды бөлігі болып табылады.

Жоспардың белгілі бір тарауында мектептің педагогикалық кеңесінін жұмысы қарастырылады, онда педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбы мен өткізілетін күні нақты белгіленеді. Жоспардың бұл тарауын дайындағанда мәжіліс тақырыбын анықтауға ерекше көңіл бөлу қажет. Мәжіліс тақырыбы мұғалімдер ұжымы іс-әрскетінің жалпы мазмұнынан бастау алуы қажет, педагогикалық кеңестегі белгілі бір мәсслелерге талдау жасау ұжымдық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру мектеп іс әрекетінің жалпы мақсатына жетуге жағдай жасауы қажет.

357

Педагогикалық кеңес мәжілісінін тақырыбында мектептегі оқу-тәрбие процесін, ұжымның ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-әрекетін жақсарту мәселелері, мектептің педагогикалық ғылыммен байланысы туралы, педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін жүзеге асыру мәселелері көрініс табады. Педагогикалық кеңестің әрбір мәжілісінде өткен мәжілістерде қабылдаған шешімдердің барысы туралы ақпараттар тыңдалады.

Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі мектеп жұмысының жылдық жоспарының ерекше тарауын құрайды. Мұнда мектептегі тәрбие жұмысының жай-күйі мен нәтижелілігін бақылауға бағытталған шаралар көрсетіледі: оқушылардың қоғамдық белсенділігін тәрбиелеу міндеттерін, оларға саналы тәртіп, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық экологиялық, құқықтық, патриоттық тәрбие беру міндеттерін шешу, олардың тәрбиелілік деңгейін көтеру; дайындық сабақтарының, үйірмелер мен лекциялардың, оқушылардың өзін өзі басқару органдарының жұмысын бақылау; өлкетану жұмысын, оқушылардың өз өзіне қызмет жасауы мен олардың шамасына сай еңбегін ұйымдастыруды бақылау; мұғалімдердің, тәрбиешілердің, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарын, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды, оның мазмұны мен нәтижелілігін бақылау: жанұямен бірлескен жұмысты бақылау (оқушылардың тіршілік жағдайлары мен жанұялық тәрбиесін зерттеудің жай-күйі, ата-аналармен өткізілетін аралар сапасы).

Оқу пәндерін оқытудың жай-күйін бақылау қарастырылады: оқыту ғылымилығын, оқу бағдарламаларының орындалуын, оқу материалының өмірмен практикамен байланысын қамтамасыз етуді, сабақтар жүйесі мен оқу пәндері жиынтығының өзара байланысын оқулық жеке даралық болуы мен оқыту процесін қойылған психологиялық-педагогикалық талаптардың орындалуын, оқушылардың танымдық ықыластарының дамуын, олардың оқудағы өз бетінше жұмыс істей алу мен өз бетінше білім алуға ұмтылуын бақылау. Оқушылардың білімі, білік пен дағдыларының сапасын бақылау жоспарланады, онда оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуы, олардың

358

оқу материалын меңгеруі, оқушылардың оқу еңбегінің дағдыларының қалыптасуы туралы мәселелер қарастырылады.

Мұғалімдер мен тәрбиешілердің міндетті жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету бойынша іс-әрекетін бақылау жоспарланады: мектеп жасындағы балаларды тіркеудің жай-күйі, оқытудың арнайы жағдайларын қажет ететін балаларға жағдай жасау, оқушылардың сабаққа қатысулары. Бұл тарауда мектеп ішіндегі құжаттамалардың жай-күйін, оларды әрбір құжатқа қатысты талаптарға сай дер кезінде әрі дұрыс тіркелуін бақылау.

Тараудың мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды және мұғалімдер мен тәрбиешілердің мамандығы мен әдістемесін өсіруді бақылауға арналған бөлімінде теориялық семинарлар, озат тәжірибе мектептерінің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысы, озат педагогикалық тәжірибені қалыптастыру мен тарату мәселелері, мұғалімдер мен тәрбиешілерді оқыту мәселелері қарастырылады.

Бұл тарауда мектептің басқа да бөлімдерінің (шаруашылық қызмет, мектеп кітапханасы, дәрігерлік көмек, тамақтануды ұйымдастыру) іс-әрекетін бақылау қарастырылады.

Мектептің жылдық жоспарының бір тарауы ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмысқа арналған. Мұнда педагогикалық кадрларды орналастыру, мектеп әкімшілігі мен тұтас педагогикалық ұжым жұмысын ұйымдастыру мен тәртібі, мектеп қызметкерлері арасында қызмет міндеттерінің бөлінуі көрсетілген. Әдістемелік қызметтің шапшаң іс-әрекетін ұйымдастыру да қарастырылады. Бұл тарауда жалпы мектептік кештер, мерекелер, салтанатты шаралар, шапшаң және басқа да кеңестер (мектеп директоры немесе меңгерушісі қатысуымен өткізілетін кеңестер өндірістік кеңестер, жиналыстар) өткізудің графиктері беріледі.

Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мәселелері (мектеп ғимаратын кезекті немесе күрделі жөндеуден өткізуді дайындау жұмыстары) жоспардың жеке тарауында қарастырылады. Еңбекке тәрбиелеудің материалдық-техникалық базасын кеңейтуге, оқу бөлмелерін көрнекілік құралдармен,

359

компьютердік техникамен жабдықтауға, мектеп кітапханасының кітап қорын толықтыруға, спорттық құрал-жабдықтар мен жиһаздарын жаңарту мен толықтыруға бағытталған шаралар қарастырылады. Дайындақ сабақтарының жұмысын ұйымдастыру үшін, оқушылардың оқуы мен ойнауы үшін, мектеп асханасының жұмысы үшін қажетті жағдайларды жасау, шаруашылық қызметті қажетті материалдармен, құрал-саймандармен, арнайы киіммен қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі. Бұл тарауда, сондай-ақ мектеп ауласын санитарлық-гигиеналық тәртіптің ережелері мен талаптарына сай жабдықтау, өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету көрсетіледі.

Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны, міне, осындай. Жоспар мазмұны мектеп қызметінің нақты бір жағдайлары мен басқа да факторлаға байланысты басқаша болуы да мүмкін, онда негізгі тараулар өзгеше болуы мүмкін. Алайда онда әрқашан аналитикалық бөлім (нормативті және инструктивті ақпаратты есепке ала отырып мектептің өткен жылғы іс-әрекетінің нәтижелері туралы ақпаратқа талдау жасау), мектептің жоспарланған уақытқа арналған маңызды міндеттері, алға қойылған міндеттерді шешу мен мақсаттарға жетуге әкелетін шаралар көрсетілген негізгі бөлім бар.

Мектептің жылдық жұмыс жоспарының сыртқы көрінісі. Мектеп жоспарының сыртқы көрінісі түсіндірме мәтін түрінде (жослардың мәтіндік түрі) болуы мүмкін. Бұл мәтінде жослардың негізгі бөлігін құрайтын барлық шаралар суреттелінеді. Жоспардың бұл түрі жоспар-графикпен толықтырылуы мүмкін (жылдық жоспарды жоспар-график түрінде де құрастырады). Жоспар-графиктің ең қарапайым түрі үш графадан тұратын кесте түрінде болады, бірінші графа-шаралар тізімі, екінші графа-осы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты адамдар тізімі, үшінші графада осы шараларды өткізу уақыты жазылады. Жоспар-графиктік басқа түрлерінде, сондай-ақ, мақсат графасы (мақсат бағыты), жоспардың осы тарауының орындалу барысын бақылау графасы, тараудың орындалғаны туралы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.

360

Жоспарлаудың күн тізбелік-графикалық түрінде апта (мысалы 21-27 қыркүйек) уақыт бірлігі ретінде алынады. Жоспардың осындай түрінің бірінші графасында осы уақыт мерзімі көрсетіледі. Жоспардың келесі графалары іс-әрекеттің белгілі бір бағытына арналады (мысалы, жалпыға міндетті білім, материалдық-техникалық базаны нығайту, мектеп ішіндегі бақылау). Торкөздерде іс-әрекеттің белгілі бір бағыты бойынша белгіленген уақыт аралығында өткізілуі тиіс шаралары белгіленеді.

Жылдық жоспардың аталған түрлерінің бәрінің ортақ бір кемшілігі бар, ол-оның жеке-жеке элементтерінің өзара байланысы мен тәуелділігінің анық еместігі, ол тұтас тәрбие мен оқу процесін басқаруда белгілі бір қиыншылықтар туғызуы мүмкін. Жоспардың жүйелі түрінің мұндай кемшіліктері жоқ. Жоспардың жүйелі түрі дегеніміз барлық процестердің уақыт пен олардың өткізілуінің реті бойынша графикалық көрінісі. Онда жалпыға ортақ шартты белгілер қолданылады. Ұзын сызықты тіл, мысалы, шынайы жұмысты білдіреді (уақыт пен қаржы шығының қажет ететін еңбек процесі). Нүктелі сызықпен үзік-үзік сызықты тіл уақыт шығынын қажет етіп, бірақ еңбек шығынысыз орындалатын жұмысты білдіреді. Нүктелі сызықты тіл бір жағдай мен екінші жағдай арасындағы қисынды байланысты, тәуелділікті білдіретін жалған жұмысты белгілеу үшін қолданылады. Шеңберлермен немесе тор көздермен жұмыстың бітуін, яғни оқиға деп аталатын соңғы нәтижені белгілейді.

Кез-келген жұмыс (немесе тіл) екі оқиғаны- бұрыңғы (бастапқы) және соңғы оқиғаларды байланыстырады. Сондықтан жүйелі жоспардың сыртқы көрінісі өзара тілдермен қосылған нөмірленген шеңберлердің (оқығалардың орындалу реті бойынша) жиынтығынан тұрады. Егер қандай да бір шеңберге бірнеше тілдер жүргізілген болса, бұл тілдердің басында орналасқан барлық бастапқы оқиғалардың нәтижесі деген сөз. Тілдерде осы нәтижеге (оқиғаға) жету үшін жұмсалған уақыт мөлшері жазылады. Жүйелі жоспарға бастапқы ақпарат кестесін қосқан жөн. Бұл кестеде әр бір оқиғаның нөмірі, оның атауы және жобаланған жұмыстар көрсетіледі. Бастапқы ақпарат көмегімен мектегітің кез- келген

361

қызметкері жүйелі жоспарда көрініс тапқан өзара тәуелділікті түсіне алады. Жүйелі жоспар көмегімен жұмыстың үлкен педагогикалық жұмыс мөлшерін қажет ететін түрлерімен қоса, тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттерін шешуге ықпал етпейтін түрлерін де айқындауға болады. Сондықтан мектеп жұмысының жүйелі жоспары зерттеушілер мен практик-мүғалімдердің жоғары бағасына ие болып отыр.

Мектеп құжаттамасының басқа түрлері. Тұтас мектеп ұжымы мен жеке мұғалімдердің жұмысы мен іс-әрекеті мектептің жылдық жоспарынан басқа да жоспарлармен белгіленеді. Олардың ішінен мектептің стратегиялық мақсаттары мен олаға жетудің жолдары белгіленген перспективалық жоспарды бөліп қарауға болады. Перспективалық жоспар, әдетте, бес жылға құрылады, осы уақыт аралығындағы басты мәселелік міндеттерді шешуге бағытталады. Онда оқушылардың жылдағы мөлшерін жоспарлау үшін өте маңызды демографиялық сипаттағы болжамдарды қамтылып, педагогикалық ұжымның құрамы жаңаруы қарастырылады. Бұл жоспардың мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша жүргізілуі тиіс міндеттер көрсетілген сараптамалық бөлімі бар. Перспективті жоспар тарауларының атаулары жылдық жоспардың атауларымен сәйкес келуі мүмкін. Перспективті жоспардағы алдыға қойылған міндеттер, оларды жүзеге асыру деңгейі жылдық жоспарды құру кезінде ескеріледі. Мұғалімнің сыныптар арасындағы оқу пәнінің мазмұнын оқып зерттеудің күнтізбелік жоспары мен әрбір сабақтың жеке жоспары болуы қажет. Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері тәрбие жұмысының жоспарын құрайды. Факультативтер, үйірмелер мен секциялар жұмысының жоспарлары құрылады. Жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің, оқушылардың қоғамдық ұйымдарының, өзін өзі басқару органдарының іс-әрекеті жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мектеп кітапханасы жұмысының жоспары құрылады.

Мектеп басшыларының күнделікті жұмысының күнделікті және апталық жоспарлары құрылады. Олар еркін түрде құрастырылады. Мектеп басшыларының күнтізбе-жоспары болған жағдайда мектептегі шараларды өткізулі бақылау да оңай болады.

362

Күнтізбе-жоспардың бірінші графасында өткзілетін шаралар тізімі жазылады. Одан кейін он графа сызылады, оқу жылының әрбір шарына жеке-жеке графа арналалы. Тиісті тор көздс белгілі бір шараны өткізуге белгіленген айдың күні жазылады. Мұндай жоспар ешбір уақыт шығынынсыз жүргізіліп жатқан жұмыстың бағыты ұқсас шаралардың қайталану жиілігі бойынша салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді.

Кейбір мектептерде циклограммалар жасалады циклограмма дегеніміз мектептегі шараларды еткізудің апталық графигі. Циклограммаларды пайлалапу іс-әрекеттің нақты ырғағын -анықтауға көмектесіп, бақылауды орындауды жеңілдетеді.

Кейбір мектептерде іс-әрекеттің жағдайларына байланысты жұмыс жоспарларының басқа да түрлері құрылады. Мектеп қызметінің белгілі бір шарттарының өзгеруі , алдын-ала жоспарланбаған жаңа жағдайлардың пайда болуы жұмыс жоспарына өзгерістер мен түзетулер енгізуге себеп болады.

Сонымен, әртүрлі жұмыс жоспарлары жалпы мектептің және мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс-әрекеттерінде ерекше орын алады, ал мектептің жылдық жоспары олардың ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Жоспар жекелеген шаралардың жай ғана тізбегі емес, педагогикалық негізделген шаралар жүйесі болуы қажет. Жоспардың барлық түрі бір-бірімен тығыз байланыста және мектеп іс-әрекетінің маңызды мақсаттарына жеткізетін міндеттерді шешуге бағытталулары қажет.

Жоспардан баска мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі, оны шартты түрде үшке бөліп қарауға болады: оқыту-педагогикалық құжаттама, мектеп ішіндегі ақпарат және қаржы-шаруашылық құжаттамалар. Оқыту-педагогикалық қүжаттама:

-журналдар: сынып журналдары. факультатив сабақтарының журналдары, дайындық сабақтарының журналдары, қалдырылып кеткен және орны ауысқан сабақтарды есепке алу журналы;

-кітаптар: оқушылар тізімінің алфавитті кітап бланктер мен беруді есепке алу кітабы (орта білім туралы аттестаттар мен негізгі сатыны бітіргені туралы куәліктерге арналған жеке кітаптар),

363

"Алтын белгі" белгісін есепке алу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын есепке алу кітаптары мектеп мұғалімдерінің жекелік құрамын есепке алу кітабы, мектептен шыққан және мектепке келген хаттарды тіркеу кітабы, тексерушілердің ескертулері мен ұсыныстарының кітабы;

-оқушылардын жеке құжаттары;

-оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру ведомості (бастапқы кәсіби оқыту ұйымдастырылған мектептерде):

-жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары мен басқа да бұйрықтық-ақпараттық құжаттама:

-мектеп аттестациясының материалдары, мектептің оқыту іс-әрекеті лицензиясы:

-мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері;

-білім берулі басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен хат алысу.

Мектеп ішіндегі ақпарат ауызша және жазбаша болады. Уақытына қарай ақпарат қолма-қол (күнделікті, апталық, айлық), тоқсан сайынға және жылдық болып бөлінеді.

1)Күнделікті қолма-қол ақпарат бақылау нәтижесінде, пәндік мүғалімдермен, сынын жетекшілеріме, оқушылар мен олардың ата-анасымен жүргізілген әңгіме-сұқбат нәтижесінде сынып журналы мен мектеп ішіндегі басқа да құжаттамаларды оқып зерттеу нәтижесінде қалыптасады. Онда оқушыларлың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, олардың тәртібі туралы, мектептің, оқу бөлмелерінің, оқу шеберханаларының санитарлық күйі туралы мәліметтер бар. Күнделікті акпарат басқарудың шапшаң шешімдерін қабылдау үшін қажет.

2)Апталық қолма-қол ақпаратты мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары жинастырады. Онда бір апта бойындағы күнделікті ақпарат, шапшан мәжілістердегі пікір алмасу нәтижелері. мұғалімдерден, сынып жетекшілерінен келіп түскен мәліметтер есепке алынады. Апталық акпаратта ерекше бақылауға алынған оқушылардың және сыныптардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы, сынылта және мектептен тыс шаралар туралы, сыныл журналдарын, оқушылар дәптерлері мен

364

күнделіктерін жүргізудің жай-күйі туралы мәліметтер болады.

3)Айлық қолма-қол ақпарат апталық ақпараттарды қортындылап, толықтырады. Онда оқу бағдарламасының орындалу барысы туралы, пәндік мұғалімдер мен сынып жетекшілері жұмысының сапасы туралы, жекелеген сыныптардың үлгерімі, сабаққа қатысуы, тәртібі туралы. арнайы тексеру мен бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы оқушылардың қоғамдық ұйымдарының жұмысы туралы мәліметтер болады.

4)Сыныптар мен оқу пәндері бойынша үлгерімі туралы тоқсандық ақпаратты мұғалімдер мен сынып жетекшілері жазбаша түрде дайындайды, оны мектеп дирекциясы сараптайды, жұмыс барысындағы пайда болған кемшіліктерді түзету жолдарын анықтау мақсатында педагогикалық және әдістемелік кеңестерде (пәндік бірлестіктерде) талқыланады.

5)Жылдық акпарат тоқсандық ақпараттар деректері, сыныптан сыныпқа өту мен мектеп бітіру емтихандарының нәтижесінде қалыптасып, оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігі деңгейіндегі динамиканы айқындауға мүмкіндік жасайды. Бұл ақпарат мектеп жұмысының жылдық жоспарының сараптамалық тарауын құрудың негізі болады.

Қаржы-шаруашылық құжаттаманың құрамында мектептің техникалық құжаты, мұғалімдердің көрсеткіштік тізімі, негізгі құралдардың тізімі, материалдардың қоймалық есебінің кітабы, құндылығы темен тез тозатын заттар қозғалысын қолма-қол есепке алу ведомості, мектеп кітапханасы қорының инвентарлы кітабы, материалдық құндылықтарды қолданыстан шығару актілері бар.

Мектеп құжаттамасын нақты және дұрыс жүргізуді ұйымдастыру мектел ішіндегі тиімді басқарудың маңызды шарттары болып табылады. Аталған құжаттарды дер кезінде және оларды жүргізудің нұсқауларына сәйкес толтыру қажет. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлық бағыты бойынша қажетті нақты ақпарат алуға болады. Ал бұл істің жай-күйіне объективті баға беріп, басқаруда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

365

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.Мектеп жұмысынын жылдық жоспарын құрудың негізгі принциптерін атаңыз.

2.Мектеп жоспарын құрудын реті қандай?

3.Мектептің жылдық жосларының аналитикалық бөлімі қалай дайындалады?

4.Мектелтің жылдық жоспарының негізгі мазмұнын ашыңыз.

5.Жоспардың сыртқы көрінісінің негізгі түрлерін атаңыз.

6.Басқару іс-әрекетіндегі ақпараттың рөлін ашыңыз.

7.Мектеп ішіндегі құжаттаманың негізгі түрлерін атаңыз.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

Қандай да бір орта мектепті елестетіңіз (мысалы өзіңіз бітірген мектепті алайық). Осы мсктеп ұжымы іс-әрекетінің бір жылға арналған маңызды деген мақсаттарын анықтаныз. Негізгі міндеттерді анықтаңыз, оларды шешу алға қойған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету қажет. Осы мектеп жұмысының жылдық жоспарының бір тарауының мазмұнын құрастырыңыз. Жылдық жоспардың осы тарауының сыртқы көрінісінің әр алуан түрлерін қарастырыңыз.

Реферат тақырыптары

1.Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындау.

2.Мектеп жұмысының жылдық жосларының мазмұны.

3.Мектеп құжаттамасының негізгі түрлері және олардың сипаттамасы.

366