- •Аударманың негізгі түрлері
- •Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық материалдарды аудару ерекшеліктері (5-тарау)
- •Лексикалық трансформация
- •Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар (кіріспе)
- •Аударма теориясының тарихы
- •Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері (7-тарау)
- •Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі
- •Неологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Компенсациялау әдісі
- •Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі
- •Аударма техникасы (8-тарау)
- •Фразеологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Қазақстандағы аударма мәселесі
- •Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
- •Жалқы атаудың аудармасы
- •Компрессия дегеніміз не?
- •Фразеологиялық бірліктер қалай бөлінеді?
- •Грамматикалық ауысым деген не?
- •Лексикалық ауысымдағы сөздерді алып тастау тәсілі қалай аталады?
- •Сипаттамалық аудармаға түсініктеме бер.
Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
Эквивалентсіз бірліктердің болуы олардың мәні аудармада жеткізілмейді немесе тікелей сәйкестіктері бар бірліктеріне қарағанда дәл берілмейді дегендік емес. Сәйкестіктің аударылатын бірлік мәнінің шінара ғана сай келетінін және аудармада кейде жүйелі сәйкестігі бола тұрса да, контексуальды алмастырылатынын көрдік. Осылайша эквивалентсіз бірлікті аударғанда аудармашы белгілі бір тәсілмен тосын сөз сәйкестігін жасайды. Эквивалентсіз лексикасын аудару барысында тосын сөз сәйкестіктерінің келесі типтері қолданылады:
1. Шет тілдік формасын ПЯ-да тудыратын сәйкестік – алмасулар: tribalism – трайбализм, know-how – ноу хау, impeachment – импичмент. Мұндай сәйкестіктер аудармашылық транскрибирование немесе транслитерация көмегімен жасалады, бұл жайлы келесі тарауда сипатталады. Көп жағдайда бұлайша жасалған тосын сөз сәйкестіктері ПЯ-да бекіп, тиісті сөздерді аударғанда жүйелі қолданылады. Ағылшын сөздерінің орысша сәйкестіктерін мысалға келтірелік: London – Лондон, Wall Street – Уолл-стрит, beatnik – битник, pop-art – поп-арт, striptease – стриптиз, General Motors – Дженерал моторс және т. б.
2. Сөздің морфемалық құралы мен ИЯ-да тұрақты сөз тіркесінің құрамдық бөлігін сәйкестік – калькалар: backbencher – заднескамеечник, brain drain – утечка мозгов, work-to-rule – работа (строго) по правилам, people of good will – люди доброй воли. Мұндай жағдайда тосын сөз бен жүйелі сәйкестіктер арасындағы айырмашылық көбінесе уақытта болып шығады. Калькалау жолымен құрылған көптеген сәйкестіктер аудармашылық тәжірибеде кеңінен таралып, кейін ПЯ-да аударылмайтын материалдарда қолданыла бастайды. Соның нәтижесінде ИЯ-ның тиісті бірліктері эквивалентсіздер қатарынан шығып, тұрақты сәйкестік алады.
3. ИЯ-ның эквивалентсіз бірлігіне мәні жағынан жақын ПЯ бірлігін іздеп табу жолымен жасалатын сәйкестік – аналогтар: drugstore – аптека, witchhunter – мракобес, afternoon – вечер. Тосын сөз сәйкестіктерінің көп жағдайларындай, түпнұсқа мен аудармада эквивалентті бірліктерінің мәні мұнда толықтай емес, мұндай аударма белгілі бір контексте ғана лайықты. «Аптека» drugstore сөзіне толықтай сәйкес емес; орыс аптекаларында дәрі – дәрмектер мен гигиена құралдары ғана сатылады, ал американдық «драгстоларда» ең қажетті заттар, газеттер, журналдар, алкогольсыз ішімдіктер, кофе, балмұздақ және басқалар сатылады. Сондықтан Fool is awful in drugstores сөйлемін аударғанда «аптека» варианты қолайлы емес. Witchhunter – «мракобес» қана емес, американдық реакционер, прогресшіл адамдарды қуғындауды ұйымдастырушы. Мұндай адамдардың жалпы мінезіне «мракобес» жеткілікті сәйкес келеді, басқа жағдайларда сипаттама аударма немесе калька қолданылады. Afternoon, әрине, «вечер» емес, себебі evening те бар ғой, бұл – күннің түстен кейінгі екінші жартысы, алайда конференцияға қатысушылар күніне екі мәжіліс өткізсе – morning session және afternoon, онда орысша аталуы – «дневной» және «вечерний».
4. Аударма үрдісін сипаттағанда (қараңыз: 7 тарау) лингвистикалық теория қолданатын аудармашылық трансформация түрлері бірінің көмегімен контексте эквивалентсіз сөз мәнін беруде жасалатын сәйкестік – лексикалық алмастырулар. Мұнда тосын сөз сәйкестігі эквивалентсіз сөз мәнін семантикалық түрлендіру жолымен жасалады. Мәселен, түрлі жағдайларда орыс тіліне тура сәйкестігі жоқ ағылшынның exposure сөзін, мысалы He died of exposure сөйлемінде аударғанда кең контексіне қарай нақтылық немесе модуляция (мағыналық даму) трансформациясының қолданылуы мүмкін: «Он умер от простуды», «Он умер от солнечного удара», «Он замерз в снегах» және т. б.
5. Жоғарыда көрсетілген тәсілдермен сәйкестік жасау мүмкін болмаған жағдайда ауқымы кең сөз тіркесінің көмегімен эквивалентсіз. Сөздің мәнін ашатын сипаттау қолданылады: landslide – победа на выборах подавляющим числом голосов, brinkmanship – искусство проведения политики на грани войны, coroner – следователь, проводящий дознание в случае насильственной или скоропостижной смерти. Эквивалентсіз сөзді аудару үшін транскрипция немесе кальканың жиі пайдаланылуы осы сөздің мәнінің арнайы ескертпеде немесе сілтемеде сипатталуымен қосарланып отырады. Бұл транскрипциялау мен калькалауға тән айтылым құралдарының қысқалығы мен үнемділігін үйлестіру мүмкіндігін беріп, аударма Рецепторының тосын сөз сәйкестігін толық түсінуін қамтамасыз етеді. Аударылатын бірліктің мәнін бір рет түсіндірген соң аудармашының кейін транскрипцияны не кальканы түсіндірмей-ақ қолдана беруіне болады.
Сөйтіп, тұрақты немесе вариантты сәйкестіктері бар сөз мәндері тәрізді сөздердің мәні де көрсетілген тәсілдердің көмегімен контексте айдағыдай жеткізіледі.
181. ИЯ-да эквивалентсіз грамматикалық бірліктердің болуы аудармада аса қиындық тудыра қоймайды. Аталып өткендей, аудармада грамматикалық форманы таңдау түпнұсқаның грамматикалық формасына қарағанда лексикалық сиымдылығына, яғни айтылымда белгілі бір грамматикалық безендендірілу алған лексикалық бірліктердің сипаты мен мәніне қатысты. Мұндай безендендірілу айырмашылығы, әдетте, түпнұсқа мен аудармада айтылымдар арасында эквиваленттілік қатынасын орнатуға бөгет бола алмайды. ИЯ-дағы белгі форманың ПЯ-да бір типті сәйкестіктің болмауы аударғанда ұқсас форманы қолдануға немесе сөзбе сөз аударуға мүмкіндіктің жоқ екенін білдіреді.
Осы жерде үш негізгі жағдайды атап өтуге болады:
1. Нөлдік аударма, яғни шұбалаңқылығы салдарынан грамматикалық бірліктің мәнін жеткізуден бас тарту. Грамматикалық және өзге лексикалық немесе грамматикалық құралдардың көмегімен көбіне қосарланып отырады. Мұндайда эквивалентсіз бірлік аудармада «нөлдік сәйкестік» алады, яғни қалдырылып кетеді:
Give me the book that you bought yesterday.
Дай мне книгу, которую ты купил вчера.
By that time he had already left the country.
К этому времени он уже уехал из Англии.
Бірінші сөйлемде анықтаушы артикль мәні бағыныңқы сөйлемнің мағынасымен қосарланып тұр, екіншісінде – Past Perfect формасымен білдірілген алғашқы мәні айтылымда алдыңғысына орай «к этому времени» және «уже» лексикалық көрсетілімдері шамадан тыс алынған.
2. Жуықтап аудару аудармада сол контексте ИЯ-ның эквивалентсіз грамматикалық бірлікте шінара сәйкесетін ПЯ-ның грамматикалық бірлігін қолданылуында. Мәселен, грамматикалық құрылым бірлігі ретінде қазіргі ағылшын тілінде абсолютті конструкцияның орысша сәйкестігі жоқ. Ол бірқатар жағдайлық қатынастарды біріктіретін кешенді, мүшеленбейтін мәнге ие. Алайда, нақты айтылымда мұндай қатынастардың бір немесе екі түрінің (мерзімдік, себеп-салдарлық, шарттық, қарсылықты т. с. с.) ерекшеліктенуі түпнұсқадағы абсолютті конструкцияға тиісті орыс құрылымын тосын сөзді теңестіруге мүмкіндік береді. Келесі мысалда абсолютті конструкция анық мерзімдік функцияда:
Business disposed of, mire Swiveled was inwardly reminded of its being high dinner-time.
Когда с этим делом было покончено, организм мистера Свиллера напомнил ему, что час обеда уже близок.
3. Трансформациялық аударма аударма үрдісін сипаттағанда лексикалық трансформациялармен қатар қолданылатын грамматикалық трансформациялардың бірінің көмегімен эквивалентсіз бірліктің мәнін беруде кездеседі. Келесі мысалда with предлогымен енгілізген ағылшындық абсолютті конструкция орысша аудармада дербес сөйлеммен алмастырылады (синтаксиктік мүшелеу трансформациясы):
The old capitalists and bureaucratic managements remained the directors and managers of the new nationalized industries, with a few right – wing trade – union officials thrown in for luck.
Старые хозяева и административное руководство стали директорами и управляющими новых национализированных предприятий. Кроме того, было добавлено для вида несколько правовых профсоюзных чиновников.
