Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhauaptar.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
105 Кб
Скачать
☆
  1. Жалқы атаудың аудармасы

ХХ ғасырда салғастырмалы әдіс арқылы туыстас емес тілдерді де зерттеу керек деген пікір кең өріс алды. Бұл әдістің соңғы жылдары кең тарағандығы соншалық, тіпті осыған бай- ланысты тіл білімінің жаңа тараулары, зерт- теудің жаңа бағыттары пайда болды: салғас- тырмалы фонетика,салғастырмалы лексиколо- гия, салғастырмалы фразеология, т.б. Зерттеушілер ағылшын тілін білім беру жүйесінде оқытудың әдістемесін, оның қағида- лары мен салыстырмалы сипаттамаларын тө- мендегідей атап көрсетеді: А. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі әдіс- темесі: коммуникативтік әдістеме; жоба әдісте- месі; интенсивті әдістеме; іс-әрекеттік әдістеме; қашықтықтан оқыту әдістемесі. Б. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы әдістемесінің әдістемелік ұстанымдары. Ком- муникативтік әдістеме: қарым-қатынас арқылы шетелдік мәде- ниеттің барлық аспектілерін игеру ұстанымы; шетелдік мәдениет аспектілерін өзара байланыста оқу ұстанымы; шетелдік мәдениет аспектілері мазмұнын модельдеу ұстанымы; оқу үдерісін оны кванттау (оқу үдерісінің құраушыларын (мақсаты, құралы, материал- дары, т.б.) бөлу) және бағдарламалау негізінде басқару ұстанымы; шетел тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелік ұстанымы; шетел тілін ситуация негізінде өзара қарым- қатынас ретінде оқыту ұстанымы; шетел тілін игеруді жеке даралау ұста- нымы; шетел тілін игеруде оқушылардың, студент- тердің өз бетінше жұмыс жасауын және сөздік ойлау іс-әрекеттерін дамыту ұстанымы; шетел тілін оқытудағы функциональды- лық ұстанымы; шетел тілін оқытудағы жаңалықты ұста- нымы. Көптеген әдістемелерде (әсіресе, қашықтық- тан оқыту, жоба) көрнекілік ұстанымы пайда- ланылады. Бұл келтірілген шетел тілін оқыту қазіргі заманғы әдістемесі мен әдістемелік ұстаным- дарының салғастырмалы сипаттамасын білу оқытушы үшін қажетті шарт болып табылады. Олар: - әдістеменің ерекшелік белгілері (жоғары- дағы бес әдістемеге байланысты); - әдістемелердің ұқсас белгілері; - әдістемелердің оң және теріс жақтары. Қазіргі зерттеушілер шетел тілі сабағының негізгі құрылымдық бірлігі ретінде мыналарды атап көрсетіп жүр: фонетикалық жаттығу; жаңа тілдік материалмен танысу; жаттықтыру; сөз тәжірибесі; сабақты қорыту. Аудармадағы транскрипция дегеніміз – бас- тапқы лексикалық бірліктердің аударма тілін- дегі фонемалар арқылы фонемалық ресми қай- та жаңғыруы, негізгі сөздің фонетикалық имитациясы. Аударманың келесі тәсілі транслитерация – бастапқы лексикалық бірліктерді аударма тілінің әліпбиі арқылы әріптік ресми қайта жаңғыруы, негізгі сөздің әріптік имитациясы. Бұл жерде бастапқы сөз аударма мәтінінде аударма тіліндегі айтылу сипатына сай түрде беріледі. Мәселен, Shakespeare – Шекспир есімінің қазақ тіліне аударылуы ағылшын тілі дыбыс- тарының оқылу заңдылықтарына ішінара сәй- кестенсе, қазақ тілінде фонетикалық сәйкес- ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4(138). 2012 Транскрипция мен транслитерация: жалқы есімдерді аудару және оқыту тәсілдері 163 Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (138). 2012 сіздік болған жағдайда ішінара ұқсас түрлеріне түрлендіріледі. Мұндай транскрипция амалы ағылшын есімдерін қазақ тіліне аударуда қолданылады. Ғалым Б. Тілеубердиевтің тұжырымдауын- ша, тілде көрініс тапқан адам ұғымын анық- тауда этникалық өзіндік сана аса маңызды, себебі ол этникалық қауымды қалыптасты- ратын барлық негізгі факторлардың іс-әрекеті нәтижесінің ерекше тегі болып табылады [1,98] Реалия аудармасы – тілдің ұлттық және тарихи маңызды мәселелерінің берілуі. «Реа- лия» деген сөздің өзі латын тіліндегі көпше түрде қолданылатын сын есім. (realis – нағыз, шын дегенді білдіреді). Реалия көбіне затты білдіреді және оны көп жағдайда мағынасы жағынан «өмір» деген түсінікпен байланысты- рады. Сөздік анықтамаларға сәйкес реалия бұл мәдениет, тарих мәліметтері, мемлекеттік институттар, ұлттық және фальклорлық кейіп- керлер аттарының аңыздар пәні болып табы- лады. Ж.А. Жетесованың «Аударма негіздері» оқу- лығында реалия аудармаларының берілу тәсілі берілген. Мысалы қазақ тіліндегі Айсәуле не- месе Гүлім есімдері ағылшын тіліне транс- литерация тәсілі арқылы Aisaule, Gulim деп аударылып, мәтін ішіндегі есім рөлін атқарады. Бірақ, сөзсіз мәтіннен тыс ассоциацияны жояды: Айсәуле – айдың сәулесі және Гүлім – гүл. Ағылшын тіліндегі Bloody Mary бастапқы мә- дениетке сай бір уақытта коктейль және ағыл- шын ханшайымының тарихи титулына сәйкес аллюзия бола отырып, екі мағынаға да бір атау кейпіне ие болады [2,8]. Қазақ тілінде бұл атаудың екі түрлі формасы берілген: Қанды Мэри (коктейль) және Қанды Мария (ханшайым). Көптеген контекстерде бастапқы бірлікті біріктіру маңызды емес, бірақ бастапқы мәтін авторы оны күрделірек мә- тіндік дүние – стандартты түрде тәуелсіз бір- ліктер жүйесіне толы бейнелеуде қолданса, аудармашы қиын жағдайда қалып, өзінің сти- листикалық тәсілін таңдауына апарып соқты- рады Тілдерді салғастыру барысында бұл құбы- лыстарды білдіретін сөздер баламасы жоқ лексикаға жатады. Баламасы жоқ сөздер деп басқа мәдениетте кездеспейтін түсініктерді білдіруге қызмет ететін сөздерді айтамыз. Олар басқа тілге бір сөзбен аударылмайды және сол тілде бұл сөздерге сәйкес баламалары бол- майды. Аудармашы суреттеу арқылы немесе өз неологизмдерін ұсына алады. Мысалы: Victor (радио және теледидар жабдықтарын шығара- тын фирма атауы), book-maker (жүгіру және секіруден жиналған қауымнан үстеме ақша ала- тын адам). Басқа тілдік реалиялар сәйкессіздігі келесі жағдайларда байқалынады: Реалия тек бір тіл тобына ғана тәнб ал екін- ші топта бұл сөздер кездеспейді: Drugstore (AE), the chemist’s (BE) – дәріхана Реалия екі тілдік топқа да тән, бірақ олар- дың біреуінде реалия ерекше көрсетілген: Clover leaf (AE) – машинаның үш бағытта ашылу жол- дары. Әртүрлі ортада ұқсас функциялар түрлі реа- лиялармен беріледі: hot dog (AE) – тоқаш нан, soda fountain (AE) – кафе – балмұздақ Ұқсас реалиялар әртүрлі болады: cuckoo’s cell – көкектің шырылдауы (орыстардың сенім- дерінде енді қанша өмір сүреміз дегенді біл- дірсе, американдықтардың сенімдерінде тұр- мыс құру тойына дейін қызға қанша жыл бар дегенді білдіреді). Басқа тілдік формалардың сәйкессіздігі аударма тіліне ене отырып түр- ліше болып келеді. Бұл реалиялар сөйлемде септеу және түрге байланысты өзгеріп отырады, ал қалғандары жіктелмейтін категорияларды қолданады: ков- бой – (cowboy) ағылшын сөзі. Тілдік құбылыс ретіндегі мәдениетпен тығыз байланысты реа- лиялар ортаның дамуындағы барлық өзгеріс- терге тез әсер етеді, олардың арасында реалия – неологизмдер тарихи сөздер, көнерген сөздерді атап өтуге болады. Лингвоелтану реалияларының қатарына оно- мастикалық реалиялар жатады: 1. Топонимдер – мәдени-тарихи ақпараты бар географиялық атаулар: Boston Pops – музы- кадағы Бостон оркестрі. 2. Антропонимдер – тарихи тұлға, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың, көркем әде- биет кейіпкерлерінің аттары: Mіckey Mouse Мики Маус тышқан. 3. Әдеби шығармалардың ел өмірінде орын алған тарихи жағдайлардың, мемлекеттік және қоғамдық кеңселердің аттары: popeart – поп арт, BBC – British Broadcasting Corporation – Британияның радио тасымалдау компаниясы. Бұл жерде бастапқы сөз аударма мәтінінде аударма тіліндегі айтылу сипатына сай түрде беріледі. Мәселен, Shakespeare – Шекспир есімінің қазақ тіліне аударылуы ағылшын тілі дыбыс- тарының оқылу заңдылықтарына ішінара сәй- кестенсе, қазақ тілінде фонетикалық сәйкессіз- Р. Барикулов 164 ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 4(138). 2012 дік болған жағдайда ішінара ұқсас түрлеріне түрлендіріледі. Мұндай транскрипция тәсілі ағылшын есімдерін қазақ тіліне аударуда қол- данылады. Қазақ есімдерін ағылшын тіліне аударуда біраз қиындық орын алады. Мысалы, қазақ тіліндегі ж, х, ю, я, і, ә, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө сынды әріптер мен дыбыстарды ағылшын тіліне ау- дару қиындық туғызады. Сонымен бірге патша есімдері мен титулдарын аудару кезінде аудар- машынының аударма транскрипциясын қолда- нуында да біршама қиындықтар орын алады. Осы салада XIX ғасыр соңына дейін қолда- нысқа енген есім түрлеріне қатысты жалпы тіларалық транскрипция ережелері бар. Мәселен, ағылшын королі James I Stewart есімі әдебиеттерде Иаков І Стюарт деп аталса, соңғы жылдары баспасөз беттерінде Яков І есімі кездеседі. Дегенмен, бұл ішінара дәстүрлі түрден ауытқу шын есім транскрипциясына әлі өткен жоқ, яғни Джеймс 1 негізгі есімі әзірге қолданыс аясында кездеспейді. Зерттуші Жетесованың түсіндіруі бойынша, аударма тәжірибесінде жалқы есімдердің ау- дармасы үшін қолданылатын транскрипция және транслитерация тәсілдері жеткіліксіз бо- лып келеді. Егерде жалқы есімдер негізіне сим- волдық қызметтер жатса, яғни ерекше объект есімі болса немесе есім орнына емес, қосымша есім орнына қолданылса, онда олар жалпы есімге айналады. Өйткені, есім тұлғаның тұлғалық қасиеттерін және белгілерін білдіреді. Мұндай жағдайларда транскрипциядан басқа немесе оның орнына калькалаумен бірге семан- тикалық аударма үйлесімділігі қолданылады. Мысалы, ағылшын мәтіндерінде кездесетін Chief White Halfoat есімін қазақ тіліне әртүрлі тәсілдер арқылы жеткізуге болады: Чиф Уайт Хафоут (транскрипция), Қолбасшы Ақ Сұлы (семантикалық аударма), Қолбасшы Уайт Хафоут (аралас аударма: семантикалық аудар- ма мен транскрипция үйлесімділігі). Джозеф Хеллердің Catch – 22 романында бұл есім ара- лас мағынада қолданылған: мұнда Chief кейіп- кердің үндіс екендігін білдіретін қосымша есім- мен бірге, тарихи қалыптасқан, ағылшын тіліне аударылмайтын ресми негізгі үндістердің жан- ұялық атауы болған White Halfoat тегі үйлес- кен. Осы жерде қолдануға қажетті тәсіл – аралас аударма болғанымен, «метис» мағынасын білді- ретін half-bread, half-blood сияқты әдіспен жаса- лып Хеллердің сатиралық «атына заты сай» Halfoat есімі өз мағынасын жоғалтады және есім мен кейіпкерді суреттейтін контексттік тәуелділікті ұстанады: White Halfoat was a handsome, swarthy Indian from Oklahoma with a heavy, hard-boned face and tousled black hair, a half-blooded Creek from Enid… Жалқы есімдерді аударудағы транскрипция мәдениетаралық үйлесімділіктер аясымен бай- ланысты болады: өзге мәдени атауларды ағыл- шын тіліне транскрипциялау қазақ тілінен өз- геше болуы мүмкін. Осындай атаулардың қазақ және ағылшын тілінің мәдениетіне сай дәстүрлі түрлері әртүрлі болып келеді. Мысалы, қазақ тіліндегі Шыңғыс хан нұсқа- сын ағылшын тілінде Genghis Khan (Jenghiz) деп аударуда екпін бірінші буынға түседі, Қы- тай астанасы Пекин атауын ағылшын тіліне ау- дарғанда мүлдем өзгеше Beijing деп аударылса, Валтасар патша есімі ағылшын тілінде тануға қиын кейіпте Bel-shaz-zar (екпін екінші буын- да) деп, Amenophis IV (Ikhnaton) қазақ тілінде Аменхотеп не Эхнатон болып өзгереді. Мұн- дай сәйкессіздіктер тізімі біршама үлкен бол- ғандықтан, аудармашыдан тілдік және жалпы мәдени көрегендіктің болуын талап етуі орынды. Аудармашы қиын мәселелердің бірі деп басты назар аударатын нәрсе – бастапқы мәтіндегі мәдениетке сай, бірақ аударма тілінің мәде- ниетінде мүлде кездеспейтін ұлттық-мәдени объектілер атауы – реалийлер. Кең көлемді мәдениетаралық коммуникация жағдайында бұл атаулар үлкен топ құрайтындықтан, оларды аударуда транскрипция не транслитерация әдіс- терін қолданған қолайлы. Өнертану мәтіндерін аударудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың ішінде ұлттық өнер үлгілері атауларын, мешіт, шіркеу атаула- рын,т.б. аударуда қиындықтар туындайды. Бұл мәселелерді шешу жолы – транскрипция, се- мантикалық аударма не аралас аударма. Тағы бір транскрипция тәсілі арқылы ауда- рылатын мәдени-реалийлер түрі – фольклорлық және әдеби шығармаларда кездесетін фантас- тикалық тіршілік иелері атаулары мен есімдері: Алдар Көсе – Aldar Kose, Hobbit – Хоббит, Goblin – гоблин және т.б. А.Ш. Тәжикеева ағылшын тілдік дүниенің бейнесіндегі паремиологияда «ер адамның» жас ерекшелігі жөнінде қалыптасқан стереотиптік көзқарастар ер адамның әйелдерден артықшы- лығын сипаттайды деп тұжырым жасайды. Man is as old as he feels, and woman as old as she looks (с.с.а.: Ер адам өзін қаншалықты сезінсе, сол жаста, әйел қанша жаста көрінсе сол жаста); Men age like wine, women age like milk ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4(138). 2012 Транскрипция мен транслитерация: жалқы есімдерді аудару және оқыту тәсілдері 165 Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4 (138). 2012 (с.с.а.: Ерлер шарап сияқты қартаяды, әйелдер сүт сияқты) [3,108]. Дегенмен, осындай есімдердің біраз бөлігі, әсіресе объектінің белгілі бір шынайы қасиетін білдіретін мағыналық құрамдары барлары ара- лас аударма не калькалау арқылы аударылады. Ғалым З.Д. Попованың түсіндіруінше, «Ұлттық менталитет – ұлттың когнитивті стереотиптер жиынтығымен анықталатын шындықты қабыл- дау мен түсінудің ұлттық тәсілі» [4,59]. Ономастикалық зерттеулер Елбасымыз ұсын- ған «ұлттық идеяны» қалыптастырудағы құнды фактор болып табылады. Ономастикалық ізде- ністерді осы тұрғыда жүргізу, когнитивтік, этнолингвистикалық культурологиялық зерт- теулер – осы күннің талабы. Ғалым Н.М. Рсалиева ағылшын тілінің фоне- тикалық транскрипциясындағы таңбаларды қа- зақ дыбыстарының көмегімен таныстыру қазақ аудиториясында ағылшын тілін оқытуда ең қиын да, ұзақ уақыт жұмсалатын үдерісті же- ңілдетеді, жеделдетеді, бұл тәсіл ағылшын тілін өз бетінше үйренушілерге де пайдалы [5,] деп есептейді, біз де осы тұжырымды мақұлдай- мыз. Қорыта келгенде, қазақ тіліндегі жалқы есімдерді ағылшын тіліне тілдің транскрипциялау мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, транслитера- ция тәсілі арқылы қабылданады. Ал ағылшын тілінің жалқы есімдері қазақ тіліне фонетикалық принципке негізделіп, транскрипция тәсілі ар- қылы қабылданады.