- •Аударманың негізгі түрлері
- •Ғылыми-техникалық және газет-ақпараттық материалдарды аудару ерекшеліктері (5-тарау)
- •Лексикалық трансформация
- •Аудармашыға қойылатын талаптар мен ұстанымдар (кіріспе)
- •Аударма теориясының тарихы
- •Аударма үрдісін сипаттау тәсілдері (7-тарау)
- •Жағдайлық (немесе денотаттық) аударма моделі
- •Неологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Компенсациялау әдісі
- •Аударманың трансформациялық-семантикалық моделі
- •Аударма техникасы (8-тарау)
- •Фразеологизмдердің аударылу ерекшелігі
- •Қазақстандағы аударма мәселесі
- •Эквивалентсіз лексиканың аударылу ерекшелігі
- •Жалқы атаудың аудармасы
- •Компрессия дегеніміз не?
- •Фразеологиялық бірліктер қалай бөлінеді?
- •Грамматикалық ауысым деген не?
- •Лексикалық ауысымдағы сөздерді алып тастау тәсілі қалай аталады?
- •Сипаттамалық аудармаға түсініктеме бер.
Сипаттамалық аудармаға түсініктеме бер.
· Сипаттама аударма (экспликация) – белгілі бір ұғымды басқа тілдің құралдарымен сипаттаудан (оның мағынасын экспликациялаудан) тұратын аударма тәсілі. Бұл тәсіл аударма тілінде сәйкес атаудың болмаған жағдайында немесе аудармашының оны білмеген жағдайында пайдаланылады.
Сипаттама аударма – аудармашыға ең қиын жағдайларда көмек көрсететін әмбебап тәсіл. Ол әлеуметтік, географиялық не ұлттық ерекшеліктерге байланысты аударма тілінде сай ұғымды белгілейтін сөз жоқ болғанда өте тиімді. Сипаттама аударма таныс емес реалий сөздерді (баламасыз лексиканы) оқырман мен тыңдаушыға түсіндіріп жеткізеді. Бұл тәсіл транслитерация немесе транскрипция арқылы жиі қолданылады. Бұл аудармашы үшін өте қиын, ал оқырман не тыңдаушы үшін өте жеңіл тәсіл. Сипаттау – сызықша, жақша, сілтеме, кітап соңындағы ескертпелер арқылы беріледі.
Тікелей контекстегі реалий сөздерді түсіндіру – көркем аударманың ерекшелігі. Мәселен, Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романының 1960 жылғы А.Садовский жасаған орыс тіліндегі аудармасында осындай мысалдар кездеседі: «…Омар кинулся на него с поднятым в руке шокпаром– короткой, с утолщенным концом дубинкой»; «И шелковое платье, и эта бархатная безрукавка -бешмет,…роскошные косай-калош – низкие сапожки…»; «По самому обрыву тянулись в ряд какие-то сооружения, напоминающие мазары– надгробные памятники богатых людей; …свирепо рявкнул [Жуман]: - «Подайкамчу!» Кошкарбай молча подал ему ременную плеть».
