Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
үйден оқитын сабақ жоспары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

.Тапсырма: сөйлемдерді толықтыр

1.Жердің жасы шамамен........................................ жыл. деп есептелінеді.

2.Ішкі күштердің жиынтығы.......................................... деп аталады.

3. Сыртқы күштердің жиынтығы....................................деп аталады.

4. Эндогендік процестерге мысал келтір......................................................................................

5. Экзогендік процестерге мысал келтір..............................................................................

Жаңа сабақты бекіту:

1.Жерге күн сәулелері қалай таралған?

2.Жер шарының жылу белдеулері?

3. Литосфералық тақталардың ығысуы, жылжу шекарасы;

6. Оқушыларды бағалау

7.Үйге тапсырма беру.Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым.Жер қыртысының қозғалысы.

Сабақ берілген сыныптар:6б

Күні:22.11

Сабақтың тақырыбы:Жанартаулар,ыстық бұлақтар,гейзерлер.Құрлықтағы таулар олардың жіктелуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға жанартаулар, ыстық бұлақтар,гейзерлер,олардың пайдасы мен зияны, зардаптары жөнінде түсіндіру.

Дамытушылығы: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілігі: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру.А)оқушылармен амандасу

ә)оқу құралдарын тексеру

2.Үй тапсырмасын сұрау:

1) Жер қыртысының қозғалыстары?

2 )Жер сілкіну?

3.Үй тапсырмасын қорытындылау.Жер қыртысының қозғалыстарының түрлеріне тоқтала отырып,жер сілкінуге процестеріне тоқталу.

4.Жаңа сабақты түсіндіру.

1)Жанартау түрлері

2)Гейзерлер

Жаңа сабақтың мазмұны: Жанартау — төбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар, көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім.Ол терендік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Жанартау жылына жер бетіне 5 – 6 кm³ жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі.Жанартау, латынша лат. vulcanus – «от», «жалын» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз Ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан.

Лава

Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылатын магма

Көмей

Магма ошағынан жоғарыға қарай өтетін өңеш

Кратер

Көмейден жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы

Атқылау каналдарының пішініне сәйкес жанартауларды

  • орталық және

  • жарықтық деп бөледі.

Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған және сөнген болуы мүмкін.

Жанартаулық атқылаудың типі, магманың мөлшері мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін анықтайды. Оның ең көп тараған типтері:

  • конус тәріздес жанартау (атқыламасында сынық материалдар басым кезінде),

  • күмбез тәріздес жанартау (тұтқыр лаваның сығымдалуы кезінде) және

  • көлбеу қалқан тәріздес жанартау (сұйық лава аққан кезде).

  • Биіктігіне қарай таулар(слайд)

  • аласа орташа биік биік

  • (400-1000 м.) (1000-2000 м.) (2000 м.)

Сарыарқа Карпат Кавказ

  • Маңғыстау Қырым Тянь-Шань

Мұғалжар Алтай Гималай