- •Жер туралы қысқаша мәліметтер
- •6. Оқушыларды бағалау
- •1.Ұйымдастыру.А)оқушылармен амандасу
- •.Тапсырма: сөйлемдерді толықтыр
- •6. Оқушыларды бағалау
- •1.Ұйымдастыру.А)оқушылармен амандасу
- •4.Жаңа сабақты түсіндіру.
- •1.Ұйымдастыру.А)оқушылармен амандасу
- •4.Жаңа сабақты түсіндіру.
- •Қосымша мәліметтер
- •6. Оқушыларды бағалау
- •6. Оқушыларды бағалау
- •1.Ұйымдастыру.А)оқушылармен амандасу
- •6. Оқушыларды бағалау
- •1.Ұйымдастыру.А)оқушылармен амандасу
- •4.Жаңа сабақты түсіндіру.
- •6. Оқушыларды бағалау
Қосымша мәліметтер
-Қәне бәрің ойлаңдар,тізімде қандай таулар бар?
1.Волга 6.Байкал 11.Жайық
2.Анд 7.Гималай 12.Балқаш
3.Амазонка 8.Каспий 13.Альп
4.Кордильер 9.Тибет 14.Арал
5.Алтай 10.Тянь-Шань 15.Карпат
16.Көкшетау 17.Жерорта 18.Ертіс
Жаңа сабақты бекіту:
1.Сөнген жанартаулар?
2. Сөнбеген жанартаулар?
3. Ұйқыға кеткен жанартаулар?
4.Биіктігіне қарай таулар нешеге бөлінеді?
6. Оқушыларды бағалау
7.Үйге тапсырма беру.Оқып келу.
Сабақ берілген сыныптар:6б
Күні:29.11
Сабақтың тақырыбы:Құрлықтағы жазықтар олардың жіктелуі.Мұхит түбінің жер бедері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың жазық ұғымдарын қалыптастыру. Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болуы жағдайына қарай әртүрлі болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.
Дамытушылығы:Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелілігі:Жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру.А)оқушылармен амандасу
ә)оқу құралдарын тексеру
2.Үй тапсырмасын сұрау:
1) Таудың төбе мен қыраттан қандай айырмашылықтары бар?
2 ) Таулардың географиялық орнын қалай анықтауға болады?
3) Таулардың биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?
3.Үй тапсырмасын қорытындылау.Таулар және олардың пайда болуы туралы оқушылардың білімдерін жинақтау.
4.Жаңа сабақты түсіндіру.
1) Тегіс және төбелі жазықтар
2) Жазықтардың биіктік айырмашылықтары.
Жаңа сабақтың мазмұны:Құрлықтың көп бөлігін жазықтар алып жатыр. Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын жазық деп атайды. Жазықтың жеке бөліктері биіктігі жөнінен бір-бірінен шамалы айырма жасайды. Көз алдарыңа бірсыдырғы тегіс, ормансыз, шөп өскен даланы елестетіңдер.Мұндай жазықтарда көкжиек жан-жақтың бәріне бірдей ашық және мүлдем түзу сызықпен шектелген. Бұл – тегіс жазық.Жазықтардың екінші түрі – төбелі жазықтар.Төбелі жазықтардың жер бедері көбінесе күрделі болады.Онда жеке төбелер мен шоқылар, сай мен ойпаңдар кездеседі.Жазықтар адамның шаруашылық әрекетіне қолайлы. Елді мекендердің көбі жазықтарда орналасқан. Тегіс жерлер егін егуге, тас жолдар мен темір жолдарды, өнеркәсіп құрылыстарын салуға қолайлы. Сондықтан адамдар жазықтарды ежелден бері жан-жақты пайдаланып келеді. Қазіргі кезде Жер шарындағы халықтың басым көпшілігі жазықтарда қоныстанған.Абсолют биіктігіне қарай жазықтарды негізгі үш түрге ажыратады. Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м-ден төмен жазық ойпат деп есептелінеді. Ойпат физикалық картада жасыл бояумен белгіленеді. Ойпаттың теңіз жағасындағы бөлігі кейде теңіз деңгейінен төмен жатады.Еуразияның солтүстігінде Енисей мен Лена өзендерінің аралығын кең-байтақ Орта Сібір таулы үстірті алып жатыр. Африканың да көп жері таулы үстірт болып келеді. Жазықтар шығу тегіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтарды алғашқы жазықтар деп атайды. Жер шарында өзендердің тосқындары мен шөгінділерінен пайда болған жазықтар да бар. Мұндай жазықтарды құрайтын қиыршық, құм, саздардан тұратын шөгінді жыныстардың қалыңдығы кейде бірнеше жүз метрге жетеді. Осындай жазықтарға Ұлы Қытай жазығы, Оңтүстік Америкадағы Парана өзенінің бойындағы Ла-Плата, Азиядағы Месопотамия ойпаты жатады. Сонымен бірге таулардың ұзақ бұзылу үрдісінің нәтижесінде пайда болған жазықтар да кездеседі. Мұндай жазықтар қатпарлануға ұшыраған қатты тау жыныстары қабатынан тұрады.. Кейбір жазықтар лава тасқындарының жер бетіне шығып, жайылып, оның кедір-бұдыр жерлері тегістелуден пайда болады. Осындай жазықтарға Орта Сібір, Батыс Аустралия, Декан үстірттері жатады.Жазықтарда ішкі күштердің әсерінен баяу тербеліс қозғалыстары байқалады. Жазықтар сыртқы күштердің әсерінен әр түрлі өзгерістерге ұшырайды. Физикалық картаға қарасаңдар, өзендер мен олардың салалары жер бетін тілімдеп ағып жатқанын байқайсыңдар. Өзен суы табанын және жағаларын шайып, аңғар жасайды. Жазықтық өзендері жан-жағына бұралаңдап ағатындықтан аса кең аңғарлар түзеді. Неғұрлым еңістігі үлкен болса, соғұрлым өзен жер бетін көбірек жырымдап, өзгертеді. Жазықтарды көктемде еріген қар суы мен нөсер жаңбырдан пайда болған беткі ағыстар қатты тілімдейді. Уақытша ағыстардың әрекетінің нәтижесінде жыралар мен сайлар түзіледі. Жыра әдетте өсімдігінен айрылған жалаңаш беткейлерді судың жыруынан пайда болады. Жыраның беткейлері тік жарлы, бас жағы тарамдалып келеді. Егер уақытында шара қолданбаса, жыра әрі қарай тарамдалып ұлғая береді де, шаруашылыққа пайдаланатын жерлерді, яғни егістіктің, бау-бақшаның орнын, жолды тілімдеп бүлдіреді, түрлі құрылыстарға залал келтіреді. Сай да – жыра сияқты ұзынша ойыс. Оның жырадан айырмасы беткейлері түйетайлы, табаны мен беткейлері шымды келеді де, шөп және бұта өсімдіктерінің өсуіне қолайлы болады.
Жаңа сабақты бекіту:
1. Жазықтардың пайда болуы.?
2. Жазықтардың өзгеруі?
3. Биіктігіне қарай жазықтар қалай ажыратылады?
4. Жазықтың қандай түрлері бар?
