Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
үйден оқитын сабақ жоспары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

6. Оқушыларды бағалау

7.Үйге тапсырма беру. Гидросфера су айналымы жайлы ұғым.Дүниежүзілік мұхит оның бөліктері.

Сабақ берілген сыныптар:6б

Сабақтың тақырыбы:Дүниежүзілік мұхит суының қасиеттері.Мұхит суының қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға д.ж. мұхит, қасиеттері, беткі ағыстары, су массалары, мұхиттағы тіршілік жөнінде түсіндіру.

Дамытушылығы:Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілігі: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру.А)оқушылармен амандасу

ә)оқу құралдарын тексеру

2.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Гидросфера дегеніміз не?

2. Гидросфераның құрамдас бөліктері?

3. Су мөлшерлері?

4. Д.ж. су айналымы?

5. Судың адам өміріне әсері?

3.Үй тапсырмасын қорытындылау. Оқушыларға гидросфера туралы ұғым, оның бөліктері, д. ж. су айналымы жөнінде түсіндірдім.

4.Жаңа сабақты түсіндіру.

1) Дүниежүзілік мұхит

2) Мұхиттарға сипаттама

Жаңа сабақтың мазмұны: Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен).Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі. Жер ғарыштан көгілдір мұхиттар планетасы сияқта болып көрінеді- оның бетінің 70% астамын су басып жатыр.Судың шамамен 97% мұхиттарда жиналған, ол Жер ауданының 360 миллион шаршы км жауып жатыр. Кейбір жерлерде мұхиттың тереңдігі 10 км асады.Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас суқабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік мұхитқұрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. 

Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі  субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Орта мұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.Дүние жүзілік су қоры,1360 млн.км3.Мұхиттар 1322000000 км3, мұз жамылғысы мен мұздықтар 29200000км3, еспе су 8673000 км3, өзен мен көл суы 23250 км3, су булары 13000 км3. Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Олар өзара бұғаздар арқылы қосылып, Дүниежүзілік мұхитты құрайды. Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте орналасқан.Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады.Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді.Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады.Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады.Мұхиттардың орта тұсынан әдетте jрта мұхиттық жоталар өтеді.Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады.Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады.Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары.Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңд.7–8км) ұштасқан.Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер vұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады.Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы,қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты.Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды.Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Мұхит түбінде жер бедерінің қандай түрлері болады?

2. Мұхит ортасы жоталары қалай пайда болған?

3. Мұхит түбінде жазықтардың қандай түрлері бар?

4. Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар қандай ішкі және сыртқы күштердің әсерінен өзгереді?