- •Инвестициялық қорлар түсінігі және оның теориялық негізі
- •Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары және
- •Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың
- •1.Инвестициялық қорлар түсінігі және оның теориялық негізі.
- •1.1 Инвестиция және инвестициялық қорлардың түсінігі.
- •Инвестициялық қорлардың қызметі және олардың жүргізетін
- •Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуындағы инвестициялық қорлардың рөлі
- •2.1. «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрылымы және
- •2.2 Инвестициялық қорлардың мүмкіндіктері, активтерінің
- •3.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың дамуы және жетілдіру жолдары
Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуындағы инвестициялық қорлардың рөлі
Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:
• үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).
Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:
• тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;
елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылык белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми- техникалық ынтымақтастықтың әртүрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.
Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:
біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
• акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;
• банктік мекемелерді инвестициялау.
Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:
• Біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып алу кызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.
1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды.
Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.
• Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.
Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жагдайларда беріледі: әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын кысқартуда еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады.
Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске салынған инвестициялар кейінгі жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.
Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің, төмендегі факторларымен тежеліп отыр.
Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).
Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.
Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.
Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенсациялайды.
Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.
Бесінші - жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.
Алтыншы - тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.
Осының салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.
КСРО кезінде де көрініс тапқан техника мен құрал- жабдықтарды қолданылудың жоғары мерзімі, инвестициялық сұраныс қысымының нәтижесінде негізгі қорлардың бұзылуы күшейді, ал негізгі қордың моральдық емес, табиғи тозуы 40% шегінде өзгеріп отырды. Кәсіпорындардың өзіндік қаржылары инвестицияға деген сұранысты 25-40% деңгейінде қанағаттандыра алды.
Елдегі қаржылық, несиелік жүйелер мен оның институттарының дұрыс қалыптасуы шетелдік капиталдың жаппай өктемдік жүргізуі үшін қолайлы жағдайлар жасады.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процестерінің кезеңдері іс жүзінде меншік формаларының ұдайы өндіріс процестеріне әсер ете алмайды. 1993-1996 жылдарда Қазақстанға шетел Инвестициялары 6,2 млрд. доллар көлемінде тартылды.
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады.
Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы "өсу нүктесі" болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты "өсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.
Бұл кездегі тауар өндірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы шетел инвесторларының баюы жағдайында жүріп жатыр және ұлттық валютаны жоюда. Қазақстандағы саны 1300-ден астам біріккен кәсіпорындар жаңа, яғни 20 мың жұмыс орны бар кәсіпорындардың құрылуына ықпал етті, осы кезде кішкентай Сингапурде алғашқы кезеңдерде жұмысшы орындарының саны 70 мыңға жеткен еді.
