Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aigerim дурыс.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
648 Кб
Скачать
☆

2.1. «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының құрылымы және

қаржылық қызметі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысы на сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.

Қордың негізгі қызметі ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялардағы және басқа да заңды тұлғалардың меншігіндегі мемлекетке тиесілі үлестерді (пакеттерді) басқару. Қордың жалғыз ғана акционері, яғни иесі бар. Ол Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың қызметі ашықтық және тиімділік қағидасының негізінде жүргізіледі. Негізгі бағыт мемлекеттік активтердің бәсекелес нарықтық ортада тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Алдына қойылған талаптарды орындау мақсатында қор бірнеше сала бойынша басымдықтар анықтады. Олар: мұнай және газ, электр энергетикасы, металлургия, инфрақұрылым және химия өнеркәсібі.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды. Қор 2008 жылы алдында жеке дара ұйым болатын «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру негізінде пайда болды. Жаңадан құрылған ұйымның капитализациясын өсіру мақсатында Президент мемлекеттік бюджеттен 5 млрд АҚШ долларын және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 10 млрд АҚШ долларын бөлуді тапсырды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму Стратегиясының аясында бірнеше ұлттық даму инстиуттары құрылған болатын. Мемлекет меншігін тиімді басқару үшін Сингапурлық "Temasek" холдингінің мысалында мемлекеттік холдинг құру идеясы талқыланды.

2006 жылдың қаңтар айында «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы құрылды. Мемлекеттік холдингке «Қазақтелеком», «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы», «Қазақстан темір жолы» ҰҚ», «Қазпошта», «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» және басқа 14 акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлестер (пакеттер) өтті. Мемлекеттік холдингтің мақсаты бәсекеге қабілетті тауарлар мен өнімдер шығаруда қосымша құрал ретінде көмек беру болатын.

«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы 2006 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен құрылған болатын. "Қазына" қорының негізгі мақсаты "Қазақстанның даму банкі", "Ұлттық инновациялық қор", "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры", «Экспорттық кредиттерді және инвестициаларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» Акционерлік қоғамы, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ, "Қазақстандық инвестицияларға қолдау көрсету орталығы" сияқты ұлттық даму инстиутуттарының қызметін жүйелі түрде басқару.

2009 жылы басталған экономикалық дағдарыс Қазақстан басшылығынан дағдарысқа төтеп беретін бағдарламаны талап етті. Бағдарламаны қабылданғаннан кейін оны орындауды үкіметке емес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорына орындауға тапсырылды. Қазіргі уақытта холдингтің келесідей функциялары бар:

• Қаржы секторын тұрақтандыру

• Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу

• Шағын және орта бизнесті қолдау

• Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

• Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұ лттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табылады.

Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады :

  • Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ;

  • Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі ;

  • шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық ;

  • жауаптылық және есептілікте болу .

Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады :

  • ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу ;

  • елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу ;

  • компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру .

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:

  • мұнай- газ секторы ;

  • электр энергетикасы ;

  • металлургия;

  • химия, мұнай- химия инфрақұрылымы.

Ұлттық әл-ауқат қорының қызметі «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және басқа да бірқатар заңнамалық және заңға тәуелді актілермен реттеледі.

Заңға сәйкес Қор қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу;

3) компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру.

Заң Қордың алдына мынадай міндеттер қояды:

1) қазақстандық экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

3) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;

4) кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайларды мемлекеттік және жекеше мүдделерді шоғырландыру арқылы қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ тиісті өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыру есебінен халықтың өмір сүру деңгейін өсіруге жәрдемдесу және өңірлердегі іскерлік және инвестициялық белсенділікті өсіруге жәрдемдесу;

5) бәсекелестікке қабілетті қазақстандық тауар өндірушілерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;

6) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

7) компаниялардың бәсекелестікке қабілеттілігін оларды корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы арттыру.

Қордың қызметі мынадай принциптерге:

1) Қордың жалғыз акционері ретіндегі мемлекеттің мүдделерін сақтауға;

2) Қор мен компаниялар қызметінің ашықтығына, тиімділігіне және икемділігіне;

3) шешімдерді қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдікке;

4) жауапкершілік пен есеп берушілікке;

5) заңдылыққа негізделеді.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығын орындау үшін «Самұрық-Қазына» АҚ 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Даму стратегиясы) әзірленді.

Стратегия Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2015 жылдарға арналған болжамын қоса алғанда, елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттары ескеріле отырып, әзірленді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «жеделдетілген индустриализация мен инфрақұрылымды дамыту есебінен орнықты экономикалық өсімге қол жеткізуге» тапсырма берілген.

Қазақстандағы даму институттары инвестициялық ресурстарды жеке капиталдың оңай жете қоймайтын («нарық олқылығының орнын толтыру үшін) салаларына бөліп беру үшін құрылған.

Әлемдік тәжірбие көрсеткеніндей, Германия, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея секілді елдер банк, агенттік, корпорация, даму қорлары кейпінде даму институттарын құрған.

Ескеретін дүние, даму институттарының негізгі мақсаты пайда табу емес, бірақ, сонымен қатар, оларға шығынға да жұмыс істемейді.

Даму институттарының мақсаты – қоғамға пайдалы, экономикалық өсімге әсер ететін жобаларды ұзақ мерзім аралығында қаржыландырып, жаңа салалардың дамуына жағдай жасап, әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу.

Қазақстанда елдің 2001-2015 жылдар аралығындағы индустриалды инновациялық даму Стратегиясына сай 2006 жылы осы институттар жүйесі құрылымдалған. 2006 жылы даму институттарын «Қазына» орнықты Даму Қоры» АҚ құрамына біріктіру жөнінде шешім қабылданды. (2008 жылы «Қазына» «Самұрық» холдингімен бірігіп, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл Ауқат Қоры болып құрылды).

Қазір елде сегіз даму институты болса, соның бесеуі «Самұрық-Қазына» Қоры құрамында:

1) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры – 1997жылы құрылған,

2) Қазақстан Даму банкі (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған,

3) Қазақстан Инвестициялық Қоры – 2003 жылы құрылған,

4) Kazyna Capital Managment (КСМ) – 2007 жылы құрылған,

5)Экспортты сақтандырудың Мемлекетік корпорациясы – 2003 жылы құрылған.

2009 жылдың 1 қаңтарына сай ақпарат бойынша, «Самұрық-Қазына» Қоры құрамындағы даму институттары, оның ішінде ҚДБ, ҚДБ-лизинг, Қазақстан Инвестициялық Қоры 146 жобаны қаржыландырды, оның 96-сы пайдалануға берілген.

ҚДБ несиелік портфелі – 292,4 млрд.теңге, «Даму» Қорынікі - 246 млрд.теңге. Қазақстан Инвестициялық Қорының инвестициялық портфелі– 30,5 млрд.теңге, КСМ мойнына алған міндетінің ауқымы – 26,2 млрд.теңге. Экспортты сақтандырудың Мемлекеттік корпорациясының сақтандыру портфелі – 7,5 млрд.теңгені құрады.

Энергетика саласының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» Қорының үлесіне тиесілі екенін ескерсек, Қордың бұл саладағы жобалары да жетерлік. Электркуаты өндірісіндегі жобаларды жүзеге асыруының аркасында 2015 жылы Қазақстанда электрқуаты 28 млрд. кВтч дейін өседі. Әрі қайта қалпына келтірілетін энергия көздері бойынша жұмыс істейтін стансалар үлесі 15 пайызға артады.

«Самұрық-Қазына» Қорының темір жол саласындағы жобаларды жүзеге асыруы—Қазақстанның сауда серіктестерімен арадағы бұған дейінгі байланыстарын кеңейтіп, жана транспорттық байланыс орнатуға мүмкіндік бермек. Осы арқылы жана линиялардың өткізу қабілеті, экспорт-импорт ауқымы артып, транзиттік тасымал жылына 20 млн.тоннаға дейін жетпек. Жаңа линиялардың пайдалануға берілуі аймақтардың дамуына оң ықпал етіп, жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандық үлестің артуына да әсері болатынын ескерген жөн. Қор «Жетіген — Қорғас» теміржол линиясының құрылысын салып, «Өзен — Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол линиясының құрылысын қаржыландырып, Аlstom, ТрансМашХолдинг секілді ірі еуропалық компаниялармен серіктесе отырып, электровоздар өндіріп, Екібастұз қаласында жүк вагондары құрастырылмақ.

Биыл «General Electric» компаниясымен бірлескен базада 32 локомотив шығарылмақ. Локомотивтердің тек ел ішінде ғана емес, сыртқы рыноктан да сұранысқа ие екенін ескерсек, мәселен, қазір Моңғолияға 100 локомотивті сату бойынша келісім-шарттар дайындалуда. Бұған дейін темір жол вагондарын Қазақстанның экспортқа шығармағанын ескерсек, мұны аса үлкен жетістік деуге негіз бар. Айтпақшы, аймақтар арасындағы жолаушылар тасымалындағы жылдамдықты арттыруға да назар аударылуда. Алматы мен Астана арасында жолаушылар тасымалы бойынша жылдам жүру онсыз да ретке келтірілсе, енді Астана мен Атырау арасында 43 сағатқа тең тасымал уақыты жиілігін 19 сағатқа дейін қысқарту жоспарлары бар.

Фармацевтика да ел үшін басымдыққа ие сала. «Самұрық-Қазына» Қорының жобалары дәріханалар мен ауруханалардағы қазақстандық дәрі-дәрмек үлесін 50 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Қазір қазақстандық дәрі-дәрмектер үлесі нарықта 10 пайызды ғана алып отыр. Жергілікті өнім өндірушілерді қолдау үшін Қор өзінің еншілес компаниясы «Самұрық — Қазына — Фармация» арқылы ұзақ мерзімдік келісім-шарттардың түзілуін қамтамасыз етпек. Бұл салаға бағытталған бағдарламаның аясында Астана қаласында фармацевтика фабрикасын салу жөне Шымкентте «Химфарм» АҚ өнім өндіруді кеңейту жоспарлары жүзеге асырылуда.

Ескере кететін дүние, Қордың барлық жобалары халықаралық қаржы институттары мен трансұлттық корпорациялармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылып жатыр. Қордың үдемелі индустриализация бағдарламасына қатысуы — Қазақстан экономикасын әртараптандырып қана коймай, халықты жұмыспен қамту мәселесін де шешпек. Үдемелі инновациялық-индустриалдық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын 42 жоба құрылысы кезінде 50 мың жұмыс орны ашылып, шамамен 8 мың жұмыс орны тұрақты түрде іске қосылатын болады.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры 2008 жылдың 13-казанында екі мемлекеттік компания — мемлекеттік активтерді басқару холдингі «Самұрық» пен тұрақты даму Қоры «Қазына»-ның бірігуі арқылы құрылған еді. Басыңда Қордың активтерінің бірігуі Қазақстанның ІЖӨ 40% құраған болса, 2010 жылдың қазаныңда ол көрсеткіш ІЖӨ-нің 70% -ын құрады. Жалпы алғанда, бүгінде «Самұрық-Қазына» қорыңда 500-ге жуық еншілес жөне тәуелді ұйымдар қызмет жасауда.

Олардың қатарында, «ҚазМұнайГаз», «Қазақтелеком», «ҚазПошта», «Қазақстан темір жолы», «КЕGОК». «Эйр Астана», «Қазатомөнеркәсіп» секілді ұлттық компаниялармен қатар, Қазақстанның «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі», «Қазақстан Даму банкі» секілді мемлекеттік банктер бар. Қор «Қазкоммерцбанк». «Халық Банк», «БТА Банк», «Альянс», «Темір» банктердін акциялар пакетіне ие. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры, «Қазақстан Инвестициялық Қоры», «Kazyna Capital Management», Экспортты сақтандырудың Мемлекеттік корпорациясы секілді даму институттарының акционері болып отырған «Самұрық-Қазьша» экономикамызда аса үлкен рөл ойнайды. Сол себепті, бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір азаматы күн сайын Қор компанияларының қызметтерін пайдаланып отыр деп айтуымызға толық негіз бар. Мәселен, электр энергиясын пайдалану, телефонмен сөйлесу, көлікпен жол жүру жөне жанар-жағармай құю, қалалардың араларыңда ұшақпен ұшу, несие мен сақтандырулар секілді жәйттерсіз қазіргі кезенді көзге елестету киын.

Кесте 1 - Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың технологиялық

құрылымы

Миллион теңге

2010

2013

2014

2015

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – барлығы :

369084

595664

943398

1099986

құрылыс - монтаж жұмыстары

96408

159995

251950

420060

жабдық , құрал , мұқаммал

113380

223636

376832

350916

өзге де күрделі шығындар

159296

212033

314616

329010

Пайызбен

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – барлығы :

100

100

100

100

құрылыс - монтаж жұмыстары

26,1

26,9

26,7

38,2

жабдық , құрал , мұқаммал

30,7

37,5

39,9

31,9

өзге де күрделі шығындар

43,2

35,6

33,4

29,9

Дереккөз: ҚР Статистика Агенттігі

Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

Болашақтағы салалық өзгерістерді негіздеуде ескерілетін маңызды фактор – жиынтық сраныс құрылымы жайлы болжамды мәліметтер . Олар ішкі қорлар мен импортты алмастыратын өндірісті ұйымдастыру есебінен тиісті жиынтық ұсыныс құрылымын қажет етеді. Әлемдік тәжірибе , басқа елдерден алынатын ресурстар экономикалық егемендікті нығайтуға септігін тигізбейтіндігін дәлелдеп отыр. Ал, егерде мәселе азық- түлік өнімдеріне деген сұранысты өтеу жөнінде болса, онда импортқа бағытталу елдің азық- түлік бойынша қауіпсіздігін айтарлықтай нашарлатады.

Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру – шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет. Сол арқылы экономиканың, оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жою мүмкін болар еді.

Егер әлемдік шаруашылық байланыстарда өз орнымызды таппасақ, сондай-ақ халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу мәселесі назарға алынбаса, онда құрылымдық саясат ғылыми негізделген болмайды . Аталған жағдайда “өз орнымызды табу ” дегеніміз экспортқа бағытталған салаларды дамыту , ал “еңбек бөлінісіне қатысу”- маманданған салалардың пайда болуы мен дамуын білдіреді.

Қазақстан 5 жыл бойы әлемге экономикалық дамудың жоғары қарқынын, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымның бірте-бірте жақсаруын, халық өмірі мен тұрмысының деңгейінің өсуі үлгісін көрсетуде.

Елдің экономикалық саласында тағы да басқа маңызды өзгерістер болды: 1) Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінде алғашқы болып әлемдік ұйымға нарықтық экономикалы ел ретінде танылды және алғашқы болып инвестициялық елдік рейтинг алды; 2) Әлемдік банк Қазақстанды инвестициялық қызығушылық тудыратын ел ретінде 20 әлем елдерінің құрамына енгізді.

Осыған байланысты жылына 2 рет (наурыз, қыркүйек) жарияланатын «Euromoney» атты ағылшын журналының аналитикалық баяндамасында әлемдегі инвестициялық жағдай мен тәуекел жөнінде қызықты мәліметтер жасалады. Осы мәліметтерге сәйкес 2005 жылы зерттеліп отырған 185 елдің ішінде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай тудыратын шарттарды Люксембург, Швейцария, Норвегия, Германия мен АҚШ ұсынды. Қазақстан жалпы 48,38 балл көлемімен 69-ыншы орында ТМД басқа елдерінен озық тұр.

Әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктер ғалым-экономистер мен жетекші сарапшылармен қатар халықаралық іскер, қаржылық және саяси орталықтардың Қазақстанға деген, оның мемлекеттік саясатына, ресурстық, өндірістік, ғылыми-техникалық кадрлық күшіне қызығушылықты арттыруда.