- •Түсініктеме
- •Пәннің мазмұны
- •1 Тақырып. Салалар мен қызмет сфераларындағы маркетинг. Сфералық саладағы маркетинг ерекшеліктері
- •Тақырып. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасының өзара қатынасы
- •Тақырып. Бәсекелестік күресте фирма позициясын жақсарту
- •14 Тақырып. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг
- •15 Тақырып. Агромаркетинг
- •Ұсынылатын семинар сабақтарының тақырыптар тізімі
- •1 Тақырып. Салалар мен қызмет сфераларындағы маркетинг. Сфералық саладағы маркетинг ерекшеліктері
- •9 Тақырып. Банктік маркетинг
- •11 Тақырып. Білім жүйесіндегі маркетинг
- •12 Тақырып. Аудиторлы-консалтингтік қызмет маркетингі
- •13 Тақырып. Туристік қызмет маркетингі
- •2 Тақырып. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасының өзара қатынасы
- •3 Тақырып. Бәсекелестік күресте фирма позициясын жақсарту
- •Қаржы-экономикалық факультет Мемлекеттік басқру және менеджмент кафедрасы
- •Курстың қысқа мазмұны
- •Курстың мақсаты мен міндеттері
- •Баға қоюдын критерилері
- •Курс саясаты
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •«Салалардағы және қызмет сфераларындағы маркетинг» пәні бойынша семинар сабағының әдістемелік нұсқаулары
- •1 Тақырып. Салалар мен қызмет сфераларындағы маркетинг. Сфералық саладағы маркетинг ерекшеліктері
- •Сөж тапсырмаларын орындаудың жалпы мақсаттары мен әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж материалдары
- •1 Сөж тапсырмалары
- •«Салалардағы және қызмет сфераларындағы маркетинг » пәні бойынша глоссарий
- •Дәріс кешені
- •5 Дәріс. Қызмет көрсету рыногында маркетинг кешенін дайындау
- •1. Қызмет көрсету рыногында маркетинг кешенінің сипаттамасы
- •2. Қызмет көрсету нарығындағы маркетинг кешенінің стратегиялары
- •14 Дәріс. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг
- •1. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг мәні
- •2. Өнеркәсіп саласындағы маркетинг талаптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы
Сөж тапсырмаларын орындаудың жалпы мақсаттары мен әдістемелік нұсқаулары
Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.
Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.
Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.
Жаңа білімді белсене қабылдау.
Проблемалардың шешімін табуға.
Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.
Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.
Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.
Студенттердің өздік жұмысының кең тараған түрлері мыналар:
Практикалық және лабораториялық сабақтарға дайындық.
Коллоквиум, сұраққа жауап беру.
Аудиториялық бақылау жұмысына және тестке дайындық.
Үй тапсырмасын орындау.
Баяндама, реферат, ЭССЕ жазу.
Іскерлік ойынға дайындық .
Курстық жұмыс жазу.
Кейстермен жұмыс жүргізу
Интернетпен жұмыс істеу
Студенттердің ғылыми-зерттеу конференциясына дайындық.
Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп жазу.
Дипломдық жұмыстар жазу.
Практикалық және лабораториялық сабақтарға дайындық – студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі. Ол лекция материалдарын толықтырумен, ұсынылған әдебиеттерден конспект жазумен сипатталады.
Коллоквиум және сұраққа жауап беру – лабораториялық және практикалық сабақ шеңберінде нақты тақырыпқа байланысты сұрақтарды оқуды, негізгі терминдер мен формулаларды қарастырады.
Тестке дайындық – тақырыптар мен тақырыпшаларды тереңірек оқуға, терминдердің мазмұнына көңіл бөлуге, негізгі ұғымдарды қарастыруды және жүйелі оқуды талап етеді.
Аудиториялық бақылау жұмысына дайындық - өтілген тақырыптарды, есептік көрсеткіштер мазмұнын, есеп формулаларын қарастырады.
Үй тапсырмасы – Үйге берілетін әртүрлі жұмыстарды күнделікті орындап отыру.
Реферат – арнайы және ғылыми әдебиеттерден берілген тақырып бойынша қысқаша баяндама жазу. Оның мақсаты – Студенттерді әдебиеттермен жұмыс жасауға, статистикалық мәліметтерді пайдалануға, қарастырылған проблеманың теориялық және практикалық тұрғыдан сипаттауға, материалды анық және толық жазбаша түрде орындауға дағдыландырады.
Баяндама – мазмұны жағынан рефератқа ұқсас келеді. Баяндама дайындау студенттің өзі қызығатын сұрағын оқуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын қарастыруды талап етеді.
ЭССЕ – нақты бір тақырыпты студенттің қысқаша талдауы. Айрықша ерекшелігі – оқытушы берген проблеманы шығармашылық талдау. ЭССЕ тақырыптары оқытылатын пән бойынша нақты сұрақтар болып табылады. Студентке берілген тақырып бойынша өзінің жеке-дара пікірін тыңдау оқытушыны қызықтырады.
Іскерлік ойынға дайындық – керекті материалдарды жинау, рөлдерді бөліп алумен байланысты. Нәтижесінде талдаумен қорытындылау, ұсыныстармен сипатталады.
Курстық жұмыс – нақты бір тақырып бойынша зерттеу жұмысы. Курстық жұмыс жазуда студент ғылыми, арнайы әдебиеттермен жұмыс істеп, сөздіктер, құжаттар, архивтік материалдар, іздеу жұмысымен, ақпаратты талдаумен, пән бойынша алған білімді пайдаланып, жалпы ой-өрісін кеңейтеді, теориялық білім негізінде практикалық мәселені шешеді, шығармашылық ой мен өздік жұмысты арттырады.
Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп – оқытылған практикалық материалды жүйелеуді және курстық жұмыс пен дипломдық жұмыс жазудың негізі болып саналады. Ол құжаттық нұсқаулардан, есептер көрсеткішінің алгоритмінен ұйымдық-құрылымдық сызбалардан, кәсіпорын жарғысынан, іс-әрекет көрсеткіштерінен тұрады.
Дипломдық жұмыс – жиынтық бітіруші өздік жұмыстың маңызды формасы. Оған дайындық мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Студенттердің өздік жұмыстарының басқа формалары:
Ғылыми зерттеу статьяларын шығару.
Студенттік реферат, ЭССЕ, баяндамаларын рецензиялау.
Арнайы периодикалық басылымдардағы есептерді шешу.
Оқу жобасын өңдеу.
Ұйымдық процестік іс-әрекетті моделдеу.
Әлеуметтік-экономикалық қызметтің материалы бойынша тұжырымдама
жасау.
Анкета құрастыру.
Сауал-сұрақ өткізу.
Экономикалық шолу жасау.
Зерттеу нәтижесін өңдеу.
Статистика мәліметтерін талдау.
Берілген тақырыптарға эссе дайындалады. Эссе – бұл берілген тақырып бойынша автордың (студенттің) өз ойын, пікірін көрсететін мақала. Эссенің көлемі 3-5 беттен (компьютермен терілген 14 шрифтпен) аспауы керек. Онда тек өз ойларыңыз өз сөздеріңізбен дайындалу міндетті. Бірдей жұмыстар қабылданбайды.
СӨЖ тапсырмасын орындауда міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек.
СӨЖ күнтізбелік тақырыптық жоспары
СӨЖ№ |
Тапсырма мазмұны |
Сағат саны |
өткізу мерзімі |
Бақылау нысаны |
1. |
Тақырыбы: Салалар маркетингінің мәні, ерекшеліктері мен негізгі түрлері (Эссе тақырыптары кестеден кейін СӨЖ материалдарында берілген) |
11 |
4 апта |
жазбаша |
2. |
Тақырыбы: Қызметтер маркетингінің теориялық негіздері мен тұжырымдамалары Эссе тақырыптары кестеден кейін СӨЖ материалдарында берілген |
12 |
7 апта |
жазбаша |
3 |
Тақырыбы: Қызмет маркетингінің жіктелуі Эссе тақырыптары кестеден кейін СӨЖ материалдарында берілген |
11 |
11 апта |
жазбаша |
4 |
Тақырыбы: Қызмет маркетингінің Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуы Эссе тақырыптары кестеден кейін СӨЖ материалдарында берілген |
11 |
14 апта |
жазбаша |
|
БАРЛЫҒЫ |
45 |
|
|
