- •Жеке токсикология Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар Фосфорорганикалық қосылыстардан улану
- •Фосфорорганикалық заттармен уланудың алдын алу шаралары
- •Жануарлардан алынатын шикізаттарды ветеринарлық- санитарлық сараптау
- •Хлорорганикалық қосылыстардан улану
- •Жасанды пиретроидтар
- •Авермектиндер және ивермектиндер
- •Фтор және оның қосындылары
- •Ауыл шаруашылығында жиі қолданылатын кейбір фтор препараттарының қысқаша сипаттамасы:
- •Кейбір азот қосындыларының физикалық-химиялық сипаттамасы.
- •Азот қосылыстары токсикологиясы
- •Гербицидтер Гербицидтердің химиялық құрамы және негізгі қасиеттері.
- •Токсикологиялық маңызы бар, уыттылығы жоғары және орташа гербицидтер.
- •Фенол туындылары
- •Хлораттар
- •Мочевина туындылары.
- •Ас тұзының токсикологиясы
- •Калий тұздарымен улану
- •Молибден қосылыстарынан улану
- •Карбамин, тиокарбамин және дитиокарбамин қышқылдарының туындылары (карбаматтар)
- •Сынап және оның қосылыстары
- •Қорғасын қосылыстарынан улану
- •Селен қосылыстарынан улану
- •Таллий қосылыстарынан улану
- •Кадмий қосылыстарынан улану
- •Сурьма қосылыстарынан улану
- •Зооцидтер
- •Басқа топ қосындылары
- •Мыс және оның туындылары
- •Мышьяк және оның қосылыстары
- •Натрий арсенатын бергеннен кейінгі торайлардың мүшелері мен ұлпаларындағы мышьяктың мөлшері ( Гарнер бойынша)
- •Алиментарлы (ауыз қуысы арқылы) енген мышьяк препараттарының жануарлар үшін орташа летальды мөлшері (г) (Гарнер бойынша)
- •Цианидтер қосындыларымен улану
- •Дәрілік заттардан улану
- •Витаминдермен улану
Таллий қосылыстарынан улану
Таллий (Thallum), Tl – көкшіл – сұр металл, ауада металдың сыртқы қабығы тотығып, тез қараяды. Ол шашыраңқы (рассеянный) элементтер категориясына, сирек кездесетін минералдар қатарына жатады. Басқа элементтермен әрекеттескенде, таллий әртүрлі қосындылар түзеді. Ол қосындылар фотожабдықтар, оптикалық шынылар жасауда қолданылады. Таллий қосылыстары - әртүрлі қышқыл тұздары түрінде кездесіп, өте уытты әсер етеді. Тәжірибелік маңызы бар препараттары – таллийдің сірке қышқылды, күкірт қышқылды, көмір қышқылды, тұз қышқылды және азот қышқылды тұздары. Таллийдің сірке қышқылды (таллий ацетаты) және күкірт қышқылды (таллий сульфаты) тұздары кеміргіштерді жою үшін қолданылады. Медицинада бұл тұздарды бастың саңырауқұлақты ауруларын (трихофития) емдеу кезінде, шашты түсіру үшін қолданылған деген деректер бар.
Бір валентті таллийдің сульфаты және нитраты тұздары құмырсқалармен күресу үшін қолданылады. Бұл аталған препараттар инсектицидтер және фунгицидтер түрінде нәтижелі әсер етеді .
Ағзада түскен таллий қосылыстарының уытты мөлшері жануарлардың орталық жүйке және жүрек қан тамыр жүйесіне уытты әсер етіп, асқазан жолдарын, бүйректі зақымдайды, зат алмасу процесін бұзады.
Таллийдің үш валентті қосылысының уыттылығы басқа қосылыстарына қарағанда 2 есе төмен- ЛМ50 35-40 мг/кг.
Таллий ацетатының ауыл шаруашылық және үй жануарына уытты мөлшері малдың әр кг тірі салмағына шаққанда 9-27 мг/кг. Өте сезімтал мал – қой.
Таллий қосылыстары тиол ферменттерінің сульфгидрильді тобының қызметін тежеп, торша биомембранасындағы көмірсу және ақзат алмасуды бұзады.
Сол себепті жас төлдаер ересек малдарға қарағанда өте сезімтал болып келеді.
Таллий- тері және кілегейлі қабықтар арқылы еніп, ағзаға біркелкі тарайды. Ал бүйректе талий мөлшері басқа мүшелерге қарағанда 10 есе көп болады.
Клиникалық белгілері. Малдың жұтынуы қиындайды, жүрек-тамыр соғысы жиілейді, лоқсиды, іші өтеді, әлсірейді, ентігеді. Созылмалы және жіті улануы кезінде қойлардың жүндері түсіп, тақырланып қалады.
Уланудың жітілеу түрінде полиневрит, конъюктивит, бауырдың, бүйректің, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады, жануарларда тырысу және салдану секілді белгілер байқалып, қандағы гемоглобин мен эритроциттердің мөлшері азаяды.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Ауыз қуысының және ішек- қарынның кілегейлі қабығының катаралді қабынуымен сипатталады. Бауыры үлкейген, майлы дистрофиясына ұшыраған, кілегейлі қабықтарының беткі жақтарында ұсақ нүктелік қан құюлар байқалады.
Өлексенің немесе лажсыз сойылған малдардың терісінен жүні түскен жерлерді көруге болады.
Емі. Асқазанды 0,5%- натрий тиосульфатының ерітіндісімен, калий хлоридімен жуып шаяды. 10% натрий тиосульфатының ерітіндісін тамырға 1 мл/кг мөлшерінде егеді. «В» тобы витаминдерінің 5%-ды глюкоза ерітіндісін вена тамырына егуге болады. Ал ішке 0,5-5г метионинді береді, несеп айдағыш дәрі- дәрмек қолдануға болады.
Балау. Жүндері тақырланып қалғандықтан ( алапеция) балау өте қиынға соқпайды.
Уланудың алдын алу үшін мал азығындағы, қоршаған ортадағы талий қосындыларының деңгейін қадағалау керек.
