- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •Syllabus
- •1. Пәннің оқыту бағдарламасы – syllabus
- •2. Пән туралы мәліметтер
- •3. Студенттерге қойылатын талаптар:
- •4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
- •5. Курстың мазмұны Бірінші апта
- •Екінші апта
- •Үшінші апта
- •Төртінші апта
- •Бесінші апта
- •Алтыншы апта
- •Жетінші апта
- •Сегізінші апта
- •Тоғызыншы апта
- •Оныншы апта
- •Он бірінші апта
- •Он екінші апта
- •Он үшінші апта
- •14 Апта
- •15 Апта
- •6. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
- •Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2) :
- •8. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі:
- •Бағалау өлшемдері
- •Пәннің академиялық саясаты
3. Студенттерге қойылатын талаптар:
4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
5. Курстың мазмұны Бірінші апта
№ 1 дәрістің тақырыбы: Кіріспе.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің мақсат- міндеттері.
Қазіргі заман Қазақстан тарихы бойынша негізгі деректер.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеу деңгейі.
Терминдер мен анықтамалар:
Патриотизм, гуманизм, тарихнама, тарихи дерек, тарихи факт.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің мақсат- міндеттері. Пәннің гуманитарлық пәндер арасындағы рөлі. Қазіргі заман Қазақстан тарихы бойынша негізгі деректер. Деректердің түрлері. Тарих ғылымының деректемелік негізі: археологиялық, этнологиялық, фольклорлық. Зерттеуші ғалымдардың іргелі еңбектері.Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеу деңгейі.
№ 2 дәрістің тақырыбы: Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар.
С.Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1783-1797 жж.).
И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1838 жж.).
К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж.).
Жанқожа және Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілістер
1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс.
Терминдер мен анықтамалар: шаруалар көтерілісі, стихиялық, ұлт-азаттық қозғалыс, отаршылдық, экспансия, аграрлық мәселе, салық саясаты, бодандық, көтеріліс ошақтары, сұлтандар, старшындар, хандық билік.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Көтеріліс себептері, мақсат-міндеттері. Көтерілістің кезеңдері, басты ошақтары, негізгі шайқастары. Көтерілістің жеңілу себептері, салдары, зардаптары. 1916 ж. көтерілісте ұлт зиялыларының ұстанған тактикасы. Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері.
1- СОӨЖ тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын».
Есеп беру түрі: эссе
№1 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы.
Тапсырмалар:
Сақтар,қаңлы, үйсін,ғұн мемлекеттері.
V-XII ғасырлардағы Түркі мемлекеттері.
XIII-XV ғғ. Түркі және Моңғол мемлекеттері.
ХV-XVII ғғ. қазақ хандығы.
2- СОӨЖ тақырыбы: ХVI ғ.б қазақ хандығы. Қасым хан.
Есеп беру түрі: презентация.
СӨЖ тапсырмалары: Қазақ хандығындағы заңдар.
Есеп беру түрі: конспект.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1.К.Аманжолов. Қазақстан тарихы. А: 2004 ж. 7-11 б.б
2.Қазақ тарихы журналы. 2004 ж. № 3, 91
3.Қазақстан тарихы очерктер. А: 1994 ж. 162-163 б.б.
Екінші апта
№ 3 дәрістің тақырыбы: Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары.
1917 жылғы ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан
Қазақстанда кеңестік биліктің орнауы.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
Терминдер мен анықтамалар:
Кеңес үкіметі, Азамат соғысы, интервенция, әскери коммунизм,азық-түлік салғырты, индустрияландыру, ЖЭС.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақстан тарихындағы «жаңа заман» ұғымы. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан революциясы және оның ерекшелігі. Монархиялық биліктің күйреуі. Алаш қозғалысы. Уақытша үкімет пен Кеңестің жергілікті басқару мекемелері. Уақытша үкіметтің соғысқа көзқарасы. Қазақ комитеттері. Қазақ съездері. Бірінші жалпы қазақ сьезі және оның шешімдері (21-26 шілде, 1917 ж.). 1917 жылдың жаз-күз айларындағы саяси дағдарыс. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына даярлық жұмыстары. Қазақстандағы большевиктердің қызметі. «Алаш» партиясы және оның бағдарламасы. «Үш жүз» партиясының құрылуы. «Шуро-и-Ислам», «Шуро-и-Улема», «Тұран» Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі, Түркістан өлкесі қазақ-қырғыздарының кеңесі, Түркістан федералистері партиясы және т.б. қоғамдық-саяси ұйымдар.
№4 дәрістің тақырыбы: Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары
1. Қазақ даласындағы ашаршылық ( 1921-1922 жж.). 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.
2.Қоғамдық-саяси өмір.
Терминдер мен анықтамалар: шаруалар көтерілісі, стихиялық, ұлт-азаттық қозғалыс, отаршылдық, экспансия, аграрлық мәселе, салық саясаты, бодандық, көтеріліс ошақтары, сұлтандар, старшындар, хандық билік.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): Қазақ даласындағы ашаршылық ( 1917-1918 жж.; 1921-1922 жж.). Себептері мен салдары. «Қазақтардың Ленинге хаты» (20 тамыз, 1920 ж.). Дәстүрлі қазақ қоғамының бұзылуы. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық саясаты және оның бағыттары. Жаңа экономикалық саясат. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы. Тоталитарлық тәртіптің орнауы. В.И. Лениннің өлімі (1924 ж.). И.В. Сталиннің билікке келуі. Әміршіл-әкімшіл басқару әдістерінің күшеюі. Большевиктік аграрлық революция. Ф.Голощекиннің «Кіші қазан» саясаты. Астық дайындау науқаны. Күштеп ұжымдастыру. Шаруаларды қудалау. Бай қожалықтарын жою. Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығын күйрету. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.: демографиялық салдары. Аштықпен күрес: қазақ зиялыларының рөлі, жергіліктің халық наразылығы. Таптар күресінің шиеленісуі. Шаруалар көтерілістері (1929-1931 жж.). Шетел асу: Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей. Индустрияландыру саясаты: қайшылықтары мен зардаптары. Өнеркәсіп және оның шикізаттық бағыт-бағдары. Теміржол құрылысы. Түрксіб. М.Тынышбаев, Т.Рысқұловтың қызметі. Индустриялық кадрларды қалыптастастыру. Аймақтағы жұмысшылардың саны мен құрамы. Қоғамдық-саяси өмір. Партия құрылысы. Кеңестер қызметі.
№ 2 практикалық сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.
Тапсырмалар:
ІІ Бүкілқазақ съезі және Алаш партиясының құрылуы.
Алаш партиясының бағдарламасы.
Кеңес үкіметінің шаруашылық пен мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдары.
3- СОӨЖ тақырыбы: «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы тартыс.
Есеп беру түрі: пікірталас.
СӨЖ тапсырмалары: Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.
Есеп беру түрі:конспект.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 356-359 б.б.
2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 121-122 б.б.
3. Ч. Мусин «Ұлы дала тарихы» А; 1994ж. 127 б.
4. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997 ж. 113-114 б.б.
