Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПОӘК Современная история Каз.на. последн..docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94 Кб
Скачать
☆

Жетінші апта

№ 13 дәрістің тақырыбы: Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар»,

дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1971-1985 жж.)

1.Республика экономикасының дамуындағы қайшылықтар.

2. Қоғамның әлеуметтік- саяси өміріндегі сәйкессіздік. Космополиттік бағыттар. «Кемелденген социализм» қағидасының тұйыққа тірелуі.

3. Қоғамдық-саяси өмірдегі келеңсіз құбылыстардың етек алуы.

Терминдер мен анықтамалар: тоқырау,теңгермешілік, ақшаның құнсыздануы, «қалдықтық принциптері», интернационалдық тәрбие, еуропоцентризм, кеңестік салт-сана, бюрократтық әдіс, орыстандыру саясаты, партиялық-мемлекеттік құрылым, жаттанды догма, өзгеше ойлау, пантюркистік шығарма, «ұлы тіл»

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер): 70 жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болуы. 1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылдануы.  Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралуы. 1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылдануы. 1979 жылы КОК ПК–ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдануы.. Қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі. 1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастардың жиналуы. 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозовтың жастарға сөзі.

70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның беделінің құлдырай бастауы. Тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста. Брежневтің жеке басына табынудың етек алуы.

№ 14 дәрістің тақырыбы Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1985-1990 жж.).

1.Қазақстан ХХ ғасырдың 80-90 жылдарының басында:КОКП-ның 1985 жылғы сәуір Пленумы. Қайта құрудың басталуы, мақсаты, кезеңдері.

2.Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

3.Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.

Терминдер мен анықтамалар: тоқырау,теңгермешілік, ақшаның құнсыздануы, «қалдықтық принциптері», интернационалдық тәрбие, еуропоцентризм, кеңестік салт-сана, бюрократтық әдіс, орыстандыру саясаты, партиялық-мемлекеттік құрылым, жаттанды догма, өзгеше ойлау, пантюркистік шығарма, «ұлы тіл».

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер):

М. С. Горбачевтің елдегі саяси билік басына келуі. КОКП Орталық Комитетінің 19 жылғы Сәуір Пленумы. Кеңес қоғамының әлеуметтік, экономикалық дамуын жеделдету мен қайта құру ісінің басталуы. М. С Горбачев – демократ, реформатор, адамгершілікті социализмді негіздеуші. Елдегі қоғамдық, саяси жүйені өзгертпей халықаралық ахуал мен экономиканы дамытуды жақсартудағы алғашқы шаралар. Қайта құру, жеделдету бағытының басталуы. Оның қажеттілігі мен кезеңдері. (1 кезең – КОКП – ның 1985 жылғы сәуір Пленумы – 1987 жылдың жазы). Алкоголизмге қарсы күрес, еңбек тәртібін нығайту. Өндіріс техникасын жаңарту. (Шетел өндіріс жабдықтарын сатып алу, валюталық резервтерді қайтадан бөлу. А. Г. Аганбегян). Аграрлық саладағы ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу. Ауыл шаруашылығын интенсивті негізде дамытудың шаралары. Қазақстандағы саяси ахуалдың шиеленісуі, ұлттық қатынастағы кері құбылыстар. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы желтоқсан Пленумы. Онда қаралған мәселе. Д. А. Қонаевті қызметінен алу. Алматыдағы Брежнев атындағы алаңдағы 1986 жылғы 17 –18 желтоқсандағы оқиғалар. Оның шығу себептері, сипаты, барысы, аяқталуы. Жастарды жазалау, т. б. қудалау шаралары. Желтоқсан батырлары. Аталған қозғалыстың Қазақстанның басқа аймақтарына тарауы. Шығыс Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы. Аталған оқиғаның елдегі саяси – қоғамдық ахуалға әсері. Маңызы. Қазіргі күнгі баға. ІІ – кезең – 1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры. Экономикадағы мемлекеттік жоспар мен нарықтық қатынастарды бірлесе жүргізу әрекеттері. (Мемлекеттік кәсіпорындар бірлестіктері, кооперация туралы заңдар, маңызы, орындалуы.) Елдегі алғашқы саяси партиялар мен ұйымдардың құрылуы. Қазақстандағы алғашқы саяси партиялар мен ұйымдар, олардың бағдарламасы, алғашқы атқарған істері. ”Семей – Невада” қозғалысы. Қоғамдағы, саяси – элеуметтік өмірдегі жариялылықтың басталуы, оның алғашқы қадамдары. КОКП –ның ХІХ конференциясы, оның шешімдері. Ел бойынша көппартиялы, көпмандатты сайлау жүйесінің басталуы. Аталған кезеңдегі елдегі экономикалық жағдайдың шиеленісуі. Бірінші кезектегі халық тұтыну тауарларының жетіспеуі, оларды пайдаланудың шектеулі – бақылау жүйесінің енгізілуі. Себептері. Үшінші кезең – 1989 жылдың мамыры – 1991 жылдың желтоқсаны. Экономикадағы дағдарыстың одан ары шиеленісуі. Халыққа қажетті деген тауарларға деген зәуірліктің одан ары жалғасуы. Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы кәсіпорындары жоспарларының орындалмауы.Қазақстандағы, т. б. республикалардағы демократиялық процесстердің жедел қарқынмен жүруі. Халық депутаттарының сьезі. Онда қаралған мәселелер. Ұлтаралық қарым – қатынастың шиеленісе түсуі. Прибалтика, Закавказья, Орта Азия республикаларындағы оқиғалар. Қазақстандағы Жаңа Өзендегі ұлтаралық шиеленісу, оның себептері. Социалистік жүйе елдеріндегі саяси, әлеуметтік дағдарыстың шиеленісуі. Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің, Варшава Шарты соғыс одағының тарауы. Герман мемлекеттерінің бірігуі. Болгария, Румыния, Польша, Венгриядағы оқиғалар. Олардың Кеңес Одағының болашағына әсері. Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар қызметінің белсенділігінің артуы. Қазақстанда осы кезеңде құрылған саяси партиялар мен ұйымдар. Олардың алдарына қойған мақсаттары мен атқарған істері. Қайта құру шаралары мен нақты жағдайлар арасындағы қарама – қайшылықтар. Кеңес Одағын сақтап қалу жолындағы әрекеттер. Аталған бағыттағы бүкілхалықтық референдум, оның қорытындылары. 1991 жылғы “тамыз бүлігі”. Оның қорытындысының бүкіл Одаққа, Қазақстанға әсері. Қазақстан Компартиясының таратылуы. 1991 жылғы желтоқсандағы Беловежскдегі Ресей, Украина, Белорусия жетекшілерінің келісімі. Осы жылғы 13 желтоқсандағы Ашхабад, 20 – 21 желтоқсандағы Алматы келісімі. Кеңес Одағының тарауы. ТМД – ның құрылуы, мақсаты, маңызы.

10- СОӨЖ тақырыбы: «Дінмұхаммед Қонаев саяси қайраткер ретінде».

Есеп беру түрі: жоба

№7 практикалық сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары.

Тапсырмалар:

1.80-ші жылдың екінші жартысындағы реформалар және оның кезеңдері

2. Нәтижелері мен іске аспау себептері.

3.Кеңес Одағының ыдырауының саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

4.КОКП-ның таратылуы, саяси аренадағы өзгерістер.

11- СОӨЖ тақырыбы: Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктері тақырыбына ассоциаграмма жасау.

Есеп беру түрі: Ассоциаграмма жасау.

СӨЖ тапсырмалары: Экологиялық қозғалыстар.

Есеп беру түрі: конспект.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005

  2. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы,1991

  3. Омарбеков Т. XX ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001

  4. Ә.Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы» А; 1997 ж. 113-114 б.б.