Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okt lektsii 2016 kaz (3).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137 Кб
Скачать
☆

Көлікті басқарудың ерекшеліктері

Басқару – нақты ақпараттар негізінде таңдалған және процестердің қызмет етуіне,оны жақсартуға бағытталған іс әрекеттер жиынтығы.Көлік кәсіпорындарының пайдаланушылық қызметін басқару мәселесі тікелей өндірістік прцеспен көлік өнімдерінің ерекшеліктеріне байланысты.Көліктік кәсіпорынның қызметін басқаруды келесі схема бойынша қарастыруға болады.

М ақсаты тапсырмалары жоспарлау шешім қабылдау

а қпарат бақылау Шешімдерді орындау

Ақпарат блогы жүк иелерінің дислокацияларын көлік процесінің ерекшеліктерін,жүк ағымын олардың кұрылымын және шұғыл мәліметтерді анықтауға тиіс.

Мақсаты мен тапсырмалары осы көлік кәсіпорын экономикасын жалпы саясатын көрсету керек.Мысалы:берілген тасымалдаудан максимальды пайда көру,өзінің тапсырушыларының аумағын кеңейту немесе нарықтың жаңа бөлігін жеңіп алу.Тиеп – түсіру жұмыстарының уақытын қысқарту және т.б.Мақсатқа сәйкес тапсырмалар анықталады.

Жоспарлау блогы – тапсырушылар мен қарым – қатынас ұзақтығын және оларға қойылатын талаптарды анықтайды.Кәсіпорын жұмысы ұзақ мерзімге (жыл,квартал,ай)немесе шұғыл режимде жоспарлауы мүмкін.

Шешім қабылдау блогы – жоспарлау,мақсаты мен тапсырмалары және ағымдағы ақпаратқа негізделеді.

Бақылау блогы – кәсіпорынның үздіксіз жұмыс жасауында маңызды орын алады.Бақылау тасымалдаудың сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және де тасымалдау процесін әрі қарай жетілдіреді.

3 тақырып. Көлік құралдарын қолданудың көрсеткіштері. Сандық және сапалық көрсеткіштер. (3 апта)

Көлік түрлері жұмысының ерекшеліктері

Көлік жұмысын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі көлік мүмкіндігін сипаттайды,екіншісі,тұтынушыға көлікті қызмет көрсетудің ең тиімді нұсқасын бағалап таңдауға мүмкіндік береді.Колік жұмысын сипаттайтын кқрсеткіштер мүмкіндігі:

1) жұмыс кқлемін анықтау,мысалы:тасымалдау көлемі мен ұзақтығы,жүк және жолаушы айналымы,көлік желісінің тығыздығы,халықтық көліктік жылжымалдығы,еңбек өнімділігін және еңбек сыйымдылығын анықтайды.

2) техника пайдаланушылық сипаттар.Мысалы:өткізу және өтімділік қабілеті,жеткізу уақыты мен жылдамдығы,көлік құралдарының өнімділігі,сапаның сақталу деңгейі.

3) экономикалық(құнды) экономикалық мәліметтер және нәтижелер.Мысалы:тарифтер және көліктік қызмет көрсету бағалары,негізінде өндірістік қорлардың бағасы,үлесті күрделі салымдар,тасымалдаудың өзіндік құны.

4) тиімділік(рентабильность)тасымалдау процесіндегі жүк массасының бағасы,пайда.

Әр түрлі көлік түрлерінің қызметін,көлік жұмысының сапасын және көлемін өлшейтін көрсеткіштерді кешенсіз талдап жоспарлау мүмкін емес.Әрбір көлік түрінде оның ерекшеліктерін анықтайтын көрсеткіштер жүйесі болады,бірақта барлық көлік түріне көрсеткіштер тобы болады.Осыған байланысты сандық және сапалық көрсеткіштер айырады.

Сапалық көрсеткіштер 2 – ге бөлінеді.

1)техника экономикалық

2)техника пайдаланушылық

Сандық көрсеткіштер

1.Q,т жүк тасымалдау көлемі – уақыт бірлігінде (т) тасымалданатын өнімнің саны.

Жеке бөлімдермен немесе толық нақты көлік түрімен орындалатын жүк тасымалдау көлемі барлық пунктер немесе жүйе бойынша тұтас жөнелтілген жүк тонналарын қосу арқылы анықталады.

∑Q=Q1+Q2+Q3+……+Qn

Мұнда, Q1, Q2,Q3,Qn нақты уақыт аралығында жүйенің 1,2,n пунктерінен тоннамен жөнелтілген жүк саны.Тасымалдау көлемі көлік учаскесі немесе пунк үшін жергілікті немесе транзитті болуы мүмкін.

1.2.жолаушы тасымалдау көлемі - Qж,жолаушы

∑Q’ жолаушы= Q’1+ Q’2+ Q’3+….+ Q’n

Жолаушы тасымалдау көлемі уақыт бірлігінде тасымалданған жолаушылар саны.

2.Жүк айналым және жолаушы айналымы P,ткм.P,жол.км

∑ P= Q1l1+Q2l2+Q3l3+……+Qnln

Q1l1 - тасымалдаудың жеке жүк айналымы,(ткм)

Жүк айналымы – нақты қашықтыққа нақты көлемдегі тасымалдау кезінде көліктік жұмыстың саны.

Жолаушы айналымы – жолаушыларға қызмет көрсету бойынша көліктік жұмыстың саны,яғни,жолаушы.км

3.келтірілген жүк айналымы – жүк және жолаушы айналымы көлік жұмысы деп қарастырады.Өйткені әмбебап көлік түрлерінің барлығы жүк және тасымалдауды орындайды.

Осы кезде олардың жүк және жолаушы қозғалысы бойынша жиынтық.

Осыған байланысты жүк айналымы көрсеткіші қарастырылады. P’,жол.км

∑ Pкел=∑ P+∑K∑ P’

Мұнда, K - жолаушы км – ды тонна км – ге шартты түрге айналдырудын еселігі.

K: әуе көлігі үшін – 00,9

Автомобиль көлігі – 0,4

Өзен көлігі – 0,7

Темір жол – 1

Теңіз көлігі – 0,7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]