Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oet_shpor_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

5) Монополияның әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері:

Таза бәсеке нарығына қарағанда өндіріс өнімдері аз көлемде шығарылады;

Таза бәсеке нарығына қарағанда өте жоғары баға белгілейді;

Монополияны сақтауға көп шығындары кетеді;

Техникалық үрдіске ынталандыру азаяды.

6) Сұраныс және ұсыныс икемділігі

Барлық факторлардың арасындағы ең қызықтысы баға немесе табыстың өзгерісіне сұранымның сезімталдығы және қиылысушы (жанама) икемділік болып табылады.

Икемділік – бір экономикалық ауқымдылықтың екіншісінің өзгеруіне әсер ету деңгейі, процеенттік қатынастың өзгеруі. Баға бойынша сұраныс икемділігі мен табыс бойынша сұраныс икемділігі деген түсініктер бар. Баға бойынша сұраныс икемділігі – сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда, сұраныстың 1% қысқаруына байланысты сұраныс көлемінің өсуі. Икемділік өлшемі – коэфицент, бағаның 1%-ке өзгеруінен сұраныс проценті қаншаға өзгеретіндігін көрсетеді.

Ed=(QxP) / (PxQ);

Сұраныс икемді, егер икемділік коэфиценті сұраныс бірлігінен көп болса; сұраныс икемсіз, егер, бағалық икемділік бірден төмен болса; икемділік 1-ге тең, егер сұраныс Ed=1 болса.

Табыс бойынша сұраныс дегеніміз тауарға сұраныс деңгейінің проценттік өзгеруі, ол көбінесе табыстың 1%-ке өсуімен байланысты. Табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэфиценті:

Ed=(QxI) / (IxQ)

мұндағы I – халық табысы.

Ұсыныс икемділігі – ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда, ұсыныс көлеміндегі тауар бағасы 1%-ке өсуі. Баға бойынша ұсыныс көлемінің коэфиценті: Es=(QxP) / (PxQ).

7)Өндіріс факторларының бірігуі

8)Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер

Қоғамның макроэкономикалық аспектіде жетуге тиісті ұмтылатын басты төрт мақсаты бар:

  1. Өнеркәсіптің әр түрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен болатын оқыс тоқтаусыз және өзгеріссіз халықаралық деңгейде тұрақты өсуі .

  2. Бағаның тұрақты деңгейі. Баға еркін нарықтық бәсекелестік негізінде қалыптасады және өте тез қарқынмен өспейді деп жорамалданады.

  3. Белсенділіктің жоғары деңгейі. Мамандық алып және осы мамандық бойынша жұмыс іздеген адам мақсатына жетуі.

  4. Сыртқы сауда балансының тепе-теңдігін қолдау. Яғни импорт және экспорт арасындағы салыстырмалы тепе-теңдіктің болуы.

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер:

    1. Ұлттық өнім көлемі.

    2. Бағаның жалпы деңгейі.

    3. Жұмысбастылық.

9) Экономикалық теорияның зерртеу әдістері

Жалпы әдістер

Жеке әдістер

  1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

  2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.

  3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.

  4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.

  5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.

Эксперимент, гипотеза және т.б.

Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]