Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oet_shpor_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

14. Инвестиция мөлшеріне әсер ететін факторлар.

Инвестициялық сұраныс факторына жатады:

- табыс мөлшерінің күтімі;

- банкілік процент ставкасы.

Бұл жердегі тәуелділік табыс мөлшерінің күтімі жоғары болса, онда инвестиция өседі. Проценттік ставка – бұл фирманың қарызға ақша капиталын алғанда төлейтін бағасы. Егер табыстың мөлшер күтімі (мысалы 10 %) процент ставкасынан (айталық 7%) болса, онда инвестициялау табысты болады және керісінше.

Қорытынды: Инвестицияға сұраныс тәуелділігі, процент мөлшеріне кері пропорционалды.

Инвестицияға сұраныс қисығына басқа да факторлар ықпал етеді.

а) инвестицияның табыс күтімін өсіруге әкелетін фактор қисықты оңға ауытқытады (инвестицияға сұраныс өседі).

б) инвестициялық табыс күтімін төмендетуге әкелетін фактор, ол қисықты солға ауытқытады (инвестицияға сұраныс төмендейді). Бұл факторларға жатады: жабдықты пайдалануға кеткен шығын кәсіпкерлерге салық, инфляция т.б. Сондықтан, ағымдық инвестицияны базистік жылдың инвестициясымен салыстырғанда "нақты инвестициялар" пайдаланылады.

15)Қаржы және Қаржы қызметтері

Қаржы дегеніміз – қоғамның ақшалай қаржы қорларын құру мен пайдалану жөніндегі экономикалық қатынастар жиынтығы. Қаржылық қатынастардың ақша қатынастарынан айырмашылығы сол, ол жеке тұтынушыларға қызмет етеді.

Қаржы қызметтері:

    1. Шоғырландыру – мемлекеттің өмір сүруінің материалдың негізін жасау және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    2. Бөлу – жалпы ұлттық өнімді және ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу.

    3. Реттеу – жұмыс істеп тұрған субъектілерді қызметін ынталандыру.

    4. Бақылау – қаржы ресурстарын пайдалануды бақылау.

16)Бәсеке және онын түрлері

Бәсеке (лат. concurrere) — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.

Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

  • өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;

  • өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

  • бәсекеге төзімді өнім өндіру;

  • өнімді сату.

Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді; пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану. Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:

  1. жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;

  2. өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;

  3. кемелдену - Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;

  4. ескіру - Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]