Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кема.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
    1. Мұнай мен газды тасымалдаудың экологиялық мәселелері.

Мұнай мен газды тасымалдау үшін жаңа жерасты және суасты құбырлары салынуда, танкерлік тасымалдаудың көлемі артуда. Мұнай құбырларының және газ қүбырларының диаметрлерін арттыру және мұнай құятын кемелердің су ығыстырылымын арттыру көзделуде. Қазіргі кезде дедвейті 500 мың тонна супертанкерлер бар, келешекте олардың жүк көтергіштігі 1 млн.тоннаға дейін жеткізіледі. Жаңа мұнай мен газ кен орындарын қазудың күшеюі және соған байланысты мұнай мен газды алысқа тасымалдау планетаның көп аудандарында экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу қаупін тудыруы мүмкін. Технологиялық режимдердің бұзылуының, апаттар мен қауіптердің нәтижесінде құрлықтардың, су қоймаларының және тіпті елсіз Арктика мен Антарктиданың мұзды массивтерінің мұнаймен (мұнай өнімдерімен) ластануы жүреді.

Мұнай мен газды тасымалдаудың ең тиімді құралы -магистральдық құбырлар, олардың ұзындығы мен өнімділігі үнемі өсіп отырады. Құбырлардың басқа тасымалдау түрлерінен мынадай артықшылықтары бар: ауа райының жағдайлары әсер етпеуі; құбырларды ең жақын қашықтықпен жүргізуге болатындығы; қалыпты эксплуатациялаудың шарттарының бірі болып табылатын қымталудың болуы; кешенді автоматтандыруды кең ендіруге мүмкіндік беретін айдау технологиялық үдерісінің үздіксіздігі; құбырлар арқылы үздіксіз мұнай немесе газдың ағуы. Құбырлардың қымталуы мұнай мең газды тасымалдаудың басқа түрлеріне қарағанда, шығынның минималды болуын қамтамасыз етеді. Құбырлардың жарылуы болғанда, оларды сызықты қозғағыштар көмегімен бөлектеп, төгілетін мұнай көлемін айтарлықтай азайтуға болады.

Көп елдерде магистральдың құбырларды салғанда яки пайдаланғанда, олардың қауіпсіз болуын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететіндей талаптар қойылады. Мұнай және газ құбырларының ЕЭЫ комиссиясының әзірлеген құрылыс нормасының жобасында халық тығыздығы әр түрлі жерлерде, құбырлардың қабырға қалыңдығының белгілі бір тығыздығы болуы керек екені көрсетілген. Ұлттың органдарға сулы тосқауылдар мен су қоймаларының жанынан өтетін құбырларға қатаң талаптар қоюға құқықтар берілген. Кеме жүретін өзендер арқылы құбырлар салыну кезінде «құбыр ішінде құбыр» тәсілі қолданылады. Бұл кезде құбырдан тыс кеңістік арқылы екі түтіктің де күйін бақылауды жүзеге асыруға болады, ал ішкі құбырдың қымталуы бұзылған жағдайда, оны алмастыруға болады. Суасты өткелдердің сенімділігін арттыруға жоғарғы сапалы болаттардан жасалған құбырларды қолдану, пісірілген жалғанымдарды жетілген бақылау құралдарымен 100% тексеру, құбырды жұмыстық қысымнан жоғарғы қысымда гидравликалық сынақтан өткізу, су қоймаларының гидрологиялық режимін ұқыпты зерттеу және судың түбі мен жағасының мүмкін болатын шайылатын шекарасын негіздеу көмектеседі. Өзендер арқылы өткелдерді соққанда, әсіресе құбырларды тау ағындары арқылы жүргізгенде жағаны бекіту жұмыстарына және құбырлардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін шараларға ерекше назар аударады.

Батыс Еуропаның көп елдерінде құбырларды салу тереңдігін 1 м-ге тең етіп алу қарастырылған. Алайда, ерекше жағдайлар үшін, одан да тереңірек болуы да қарастырылған. Мәселен, оған теңіз деңгейінен төмен жатқан Нидерландыдағы батпақты жерлер, жолдар мен арналардың құрылысы болатын жерлер жатады. Құбырларды коррозиядан қорғауға да көп назар аударылады. Бұл мәселе бойынша бірқатар елдерде жеткілікті тәжірибе жинақталған. Коррозиядан қорғау үшін мастиктен немесе пластикалық таспадан жасалған әр түрлі қаптамалар қолданылады. Оқшауландырғыш қаптаманы құбырға жаппастан бұрын оларды ұқыпты тексереді. Өзендермен қиылысында құбырларды қосымша механикалық қорғау үшін, әдетте бетондық оқшауландыру қолданады. Оның үстіне, әдетте, оқшауландырғыш қаптама зақымдалған жағдайда катодтық қорғау жүйесін қолдану қарастырылған.

Құбырлардан өнімнің төгілуін анықтауға өте қатаң талаптар қойылады. Ол талаптар өнімдердің көп шығынымен байланысты болатын ірі апаттар үшін де, көп уақыт бойы байқалмай қалатын майда төгілулер үшін де бірдей. Құбырлардан төгілудің себептері әр түрлі. Оның ең көп таралғаны — тесіктердің түзілуіне әкеп соғатын құбырлардың қабырғасының коррозиясы. Құбырлардың жарылуын болдыратын қымталудың бұзылуының себептері: қысым толқындары, көшкіндер, жер сілкінісі, құрылыс жұмыстары кезіндегі зақымдану, т.с.с. болуы мүмкін. Кей кезде өте майда төгілулер көп уақыт бойына байқалмай қалуы мүмкін, нәтижесінде ол өнімнің көп мөлшердегі шығынына және қоршаған ортаның ластануына әкеп соғады.

Мұнайдың төгілуін анықтайтын әр түрлі әдістер қолданады. Қазіргі заманғы көптеген төгілуді бақылайтын жүйелер есептеу машиналарымен бірге бір кешенде жұмыс істейді. Қандай да бір әдістің тиімділігі кемуді байқауға кеткен уақытпен және қымталудың бұзылған жерін табу дәлдігімен анықталады. Қолданыстағы барлық тексеру әдістерін екі топқа бөлуге болады: мұнай құбырларын тоқтатпай жүргізілетін үздіксіз динамикалық бақылау және белгілі бір уақыт аралығында құбырды тоқтатып жүргізетін статикалық бақылау. Үздіксіз тексеру төгілу 50 м3/сағат жоғары болғандағана байқауға мүмкіндік береді, ол 10 л/сағат дейін болатын аз кемулерді айдауды тоқтатып қана байқауға болады.

Динамикалық бақылауды мынадай тәсілдермен жүргізеді: ультрадыбыстық, радиоактивтік, сызықтық теңгерімді есептеу және теріс соққы толқындар тәсілі. Статикалық бақылау дифференциалдық қысым әдісі және қысымның түсуі әдісімен жүргізіледі. Бұл екі әдісті көбіне біріктіруге тура келеді, өйткені құбырлардан кеткен үлкен кемуді де, кіші кемуді де бақылау қажет болады. Кемуді ультрадыбыстық әдіспен анықтау сұйықтықтың құбырдың қабырғасындағы өте кішкене тесіктен аққанда, пайда болатын дыбыс эффектісін пайдалануға негізделген. Кему кезіндегі дыбыс қарқындылығы мен кему болатын құбырдағы мұнай қысымы, тұтқырлығы арасында белгілі бір байланыс болады. Мұнай өтетін орта да айтарлықтай әсер етеді. Құбыр тесігінен сұйықтық аққанда, пайда болатын дыбыс эффектілерін зерттеу әр түрлі детекторларды жасауға алып келді. Мұнай құбыры трассасының бойына, белгілі бір қашықтықта тіректік ультрадыбыс сигналдарын генерациялайтын арнайы құрылғылар орнатылды. Детекторлардың бір түрлері құбырда ағынмен бірге қозғала отырып, сұйықтық төгілген кезде шығатын сигналдарды, сонымен бірге маркерлік генераторлардан шығатын сигналдарды қабылдайды. Детекторлардың басқа бір түрлері өздері ультрадыбыстық тербелістер шығарады. Мұнай арқылы және құбыр қабырғаларынан шағылған бұл сигналдар детектормен ұсталып, маркерлік сигналдармен бірге тіркеледі. Кему (төгілу) орнын құбырдың зақымдалған учаскесінен шағылған сигналдарды, маркерлік генераторлардың сигналдарымен салыстыру арқылы анықтайды.