Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsiya tpsn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138 Кб
Скачать
☆

Емдік -профилактикалық тамақтану

Дәріс мақсаты: емдік профилактикалық тамақтану мәнін, ерекшелігін, оған арналған рациондарды меңгеру

Жоспар:

Емдік-профилактикалық тамақтану сипаттамасы

Емдік-профилактикалық тамақтануға арналған рациондар

Негізгі түсініктер: емдік профилактикалық тамақтану, рацион

Әдебиеттер тізімі:

  1. Кацерикова н.В. Технология продуктов функционального питания. Учебное пособие. — Кемерово: КемТипп, 2004. — 146 с.

  2. Юдина с.Б. Технология продуктов функционального питания. М.: ДеЛи принт, 2008. — 280 с.

Емдік - профилактикалық тамақтану адам ағзасына химиялық, физикалық және биологиялық факторлардың жағымсыз әсерінің алдын алуға бағытталған, себебі адам өзінің кәсіптік қызметі барысында жиі әртүрлі жағдайларда болады.

Емдік - профилактикалық тамақтанудың мақсаты – адам ағзасына зиянды химиялық, радиоактивтік және т.б. заттардың ағзаға түсуінің алдын алып, қорғаныс функциясын арттыру болып табылады. Емдік- профилактикалық тамақтану улар мен олардың алмасу өнімдерінің байланыстыру және шығару процесстерін күшейтуге әсер етуі қажет.

Өткен ғасырдың 20 жылдарында зиянды өндіріс жұмысшыларына әмбебап профилактикалық зат ретінде сүт беру енгізілген. Кейінрек, улы қосылыстардың әсерінен ағзадағы биохимиялық процесстердің өтуі туралы білімдер бірнеше емдік – профилактикалық рациондарды жасауға мүмкіндік берді. Емдік – профилактикалық тамақтану диеталарының химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы 1 қосымшада келтірілген.

Емдік – профилактикалық тамақтанудың міндеттері келесілер болып табылады:

  • теңестірілген тамақтану арқылы ағзаның жалпы тұрақтылығын арттыру;

  • асқазан-ішек жолдарында улы заттардың сіңімділігін тағамдық рациондардың көмегімен баяулату;

  • зиянды заттарды байланыстыруға және оларды ағзадан шығарып тастауға қабілетті тағамдық өнімдер мен заттарды қолдану;

  • улы заттарды залалсыздардыру;

  • ағзада көп мөлшерде жоғалған жекелеген заттардың орнын толтыру;

  • зақымдалған мүшелерге тағамдық өнімдер мен заттар арқылы әсер ету.

Осы қағидаларға сәйкес зиянды өндірістердегі қызметкерлер үшін рациондар жасалған.

1 рацион. Радиоактивті заттар мен ионды сәулелену көздері әсеріне байланысты жұмыстарда қолданылады.

Бұл рационға липотропты заттарға бай (метионин, лецитин) сүт, сүт өнімдері, жұмыртқа және т.б. кіреді. Липотропты заттарды рационға енгізу бауырдың уға қарсы қабілетін жоғарылатуға және май алмасуын нормалауға әсер етеді. Қосымша 150 мг аскорбин қышқылы беріледі. Осы рационның құрамына жемістердің, картоптың капустаның жоғары мөлшері кіреді.

2 рацион азот және күкірт қышқылдары, сілтілік металлдар, хлор және фтор қосылыстары, циандық қосылыстары өндірістерінде жұмыс істейтін жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлерге қолданылады.

№2 рационның профилактикалық бағыттылығы рационға көкөністер мен дәнді дақылдардың көп мөлшерін қосу арқылы толық құнды ет, балық, сүт ақуыздарының, қанықпаған май қышқылдарының, өсімдік майларының, дәрумендер мен минералдық заттардың түсуімен қамтамасыз етіледі.

Хром және хром қосылыстарымен жұмыс істейтін жұмысшыларға №2а рационы қарастырылған. Бұл рацион күшті аллерген болып табылатын хром және оның қосылыстарының ағзадағы сенсибилизация (сезімталдық) процесстерін баяулатуға немесе нашарлатуға арналған. №2а рационы ағзаның реттегіш реакцияларына әсер етеді, яғни жүйке, эндокринді жәнет.б. жүйелерге әсер етеді. Рационда көмірсу ( әсіресе қарапайым) мөлшері шектеледі, майдың мөлшері жоғарылайды (рафинадталмаған сұйық май), ақуыз мөлшері төмендейді. Рационға С, Р, РР, К, Е, А дәрумендеріне, пектинге және органикалық қышқылдарға бай өнімдер енгізіледі. Рационда қырмыздық қышқылы, хлор және натрийі бар өнімдер шектеледі. Белгілі бір аспаздық өңдеу ұсынылады, яғни тағамдарды кайнатылған түрінде буда пісіріледі және қыздырып пісіріледі, бұқтырылады. Тағамдық рационға қуырылған тағамды қосуға рұқсат етілмейді.

3 рацион. Қорғасынның органикалық және органикалық емес қосылыстарымен жұмыс істейтін адамдардың емдік-профилактикалық тамақтануында қолданылады. Бұл тағамдық рационға сүт және сүтті өнімдерін, көп мөлшерде көкөніс мен жеміс- жидектер, жеміс шырындары, әсіресе пектин мөлшері жоғары жұмсағымен жеміс шырындарын енгізу ұсынылады. Пектин қорғасынды байланыстырады және оны ағзадан шығарады. Рационда липидтердің мөлшері төмендетілген, соның ішінде өсімдік және жануар майлары, сонымен қатар термиялық өңдеуден өтпеген көкөністерден тағамдарды (каротин, аскорбин қышқылы және балласттық заттардың көзі болып табылады) күн сайын беру қарастырылған. Осы рационды қажет ететін адамдарға 2 г пектин қарастыру қажет. Оны жеміс-жидек шырындарын, мусстарды, пюрелерді, джемдерді, мармеладты байыту арқылы береді. Пектинмен байытылған сусындарды 300 г мөлшерінде жұмсағымен табиғи жеміс шырындарына алмастыру қажет. Осы сусындарды жұмысшылар ауысымның алдында алуы қажет.

4 рацион. Бұл рацион келесі химия өнеркәсібінде жұмыс істейтін адамдарға арналған: органикалық емес өнімдер - монохлорсірке қышқылы, сынап тұздары, сары және қызыл фосфор, мышьяк және кремний, селеннің төртхлорлы тұздары, ақ күйе, асбест өнімдері: органикалық өнімдер – бензолдың туындылары, бензолдың, фенолдың, ацетонның нитро- және аминқосылыстары, кинофотопленкаға, гербицидтерге, ионалмасу шайырларына арналған компоненттер және т.б.

№4 а рационы фосфор және фосфор қосылыстарымен жұмыс істейтін адамдарға арналған.

№4 б рационы бензолдың амин- және нитроқосылыстарымен жұмыс істейтін адамдарға арналған.

Рационның профилактикалық бағыттығы бауыр мен қан түзу аппаратының функционалдық қабілетін жоғарылату болып табылады. Рационға бауыр функциясына жақсы әсер ететін липотропты заттарға бай (сүт, сүтті өнімдері, сұйық май) өнімдер енгізіледі. Бауыр функциясын ауырлататын өнімдер (қуырылған ет, балық көжелері, подливтар) шектеледі. Ас тұзына бай өнімдерді (тұзды, қақталған өнімдер) қолдану бірден қысқартылады.

5 рацион. Көмірсулар, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық пестицидтер, барий, сынап және т.б. әсер ететін жерлерде жұмыс істейтін адамдардың тамақтануында қолданылады. Рационның негізгі профилактикалық бағыттығы – жүйке жүйесі мен бауырды қорғау. Вi тобының дәрумендеріне, лецитинге, жартылай қанықпаған май қышқылдарына бай өнімдер ұсынылады.

Сүт. Көрсетулер: Органикалық спирттер, эфирлер мен қышқылдармен жұмыс істейтін жерлерде, күкірт, сынап, мышьяк, хром, антибиотиктерді, сонымен қатар әртүрлі күйелер өндірісінде және оларды пайдалануда қолданылады. Ауысымына норма бойынша 0,5 л сүт беріледі; сүтті кефирмен немесе простоквашамен илмастыруға болады. Сүт ағзаның жалпы функциялық қабілетін арттырады және зиянды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың оған әсерін жұмсартады. Сүтті дайындаушы зауыттың қаптамасында пастерленгеннен кейін немесе қайнатқаннан кейін береді.

Дәрумендік препараттар. Көрсетулер: жоғары температурада қарқынды жылу бөлумен және никотины бар шаң жерлерде жұмыс ітейтін адамдарға беріледі. Ауысымына қабылдау нормасы: ретинол - 2 мг, рибофлавин - 3 мг, аскорбин қышқылы - 150 мг, никотин қышқылы - 20 мг.

Емдік-профилактикалық рациондарында биологиялық белсенді заттардың тапшылығын жоятын, зақымдалған мүшелер мен жүйелердің функцияларын жақсартатын, зиянды заттарды бейтараптандыратын, олардығ ағзадан жылдам шығарылауына әсер ететін компоненттер бар. Сауықтыру және емдеу мақсатында табиғи, синтетикалық және микробиологиялық тағамдық қоспалар мен биологиялық белсенді заттарды қолданады. Емдік-профилактикалық тамақтанудың заманауй кезеңінде адам ағзасына әсер зиянды факторларға қатысты нақты дифференциалды ұсынады. Сондықтан ол тек қорғаныс күштерін, ағзаның реактивтілігін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар арнайы бағытты әсерге ие болуы тиіс.

5 ДӘРІС