Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книги.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Қан құрамы

Қан сұрғылттау келген сұйық зат, плазмадан - жасуша аралық заттың сұйықтығы мен формалы элементтерден – эритроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады. Плазма қан кұрамының 52-58%-іне, қан клеткалары -42-48%-не тең.

Қан плазмасы

Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды). Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер, гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады. Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды роль атқарады.

Қанның формалы элементтері. Қанның қызыл түйіршіктері немесе эритроциттер – бұл ядросыз екі жақты ойыс пішінде қан жасушалары, оның диаметрі 7,5мкм. Қанның 1мм 3 көлемінде 5млн эротроцит болады. Бір адамның эритроциттер мөлшері 3800м2. Олардың негізгі қызметі — өкпеден ұлпаға оттегін өткізу болып табылады. Эритроциттер қызыл сүйек майында пайда болады. Олар 3-4 ай бойы тіршілік етеді. Көне эротроциттер көк бауырда ыдырайды. а)сау адамның эритроциттері; ә)ауру адамның гемоглобинінің эритроциттері. Америкалық ғалым Л.Полинг 1951 жылы үлкен жаңалық ашты. Медицинада “орақ пішінді клеткалық анемия” дейтін ауру белгілі. Бұл аурумен ауырған адамдардың қанындағы эритроциттер “орақ” пішінді болады. Аурудың аты осыған байланысты аталған. Орақ пішінді эритроциттер оттекті тасымалдау қасиетінен айырылады немесе өте нашар тасиды. Л.Полинг осы аурумен ауыратын адамның клеткасы мен дені сау адамның клеткасының гемоглобиндерінің бірінші деңгейіндегі молекулалық құрылымын зерттеген. Ауру адамның гемоглобинінің құрамындағы амин қышқылдарының тізбегіндегі алтыншы орында тұрған “глутамин қышқылының” орнын “валин” басатынын анықтаған. а)сау адамның гемоглобинінің тізбегі; ә)ауру адамның гемоглобинінің тізбегі. Міне, бұл аурудың себебі гемоглобин құрамындағы бір ғана аминқышқылының орын ауыстыруына байланысты екендігі осы тізбектен көрініп тұр. Сонымен қатар, Л.Полинг пептид молекуласының беріктігі оның құрамындағы оттек пен азот атомдарының сутектік бай¬ланыспен байланысуына негізделген деген қорытынды жасады.

Бұл еңбектері үшін Л.Полинг 1954 жылы Нобель сыйлығына ие болды. Карл Лайнус Полинг (1901ж.т.) Америкалық биофизик және биохимик. Белоктың екінші реттік құрылымының теориясын тұжырымдады. Нобель сыйлығының лауреаты. Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер – ядросы бар және белменді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1мм3 көлемінде 6-8мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады. Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді. Қанның пластинкалары немесе тромбоцит – ұсақ (2-5мкм диаметрінде) ядросыз денешіктер 1мм3 көлемінде 250-400мың тромбоцит болады, олар қан ұю процесіне қатысады.