Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книги.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Тамырдағы тромбоциттік гемостаз

Бұл гемостаз қан кысымы төмен ең жінішке қылтамырларда кездеседі. Тромбоциттік гемо­стаз 5 кезеңнен тұрады:

  1. қантамырының рефлекстік жолмен уақытша тарылуы, үзілген (жыртылған) қан тамырын қандағы тромбоциттен босап шыққан серотонин мен адреналин тарылтады.

  2. тромбоциттер жабысуы (адгезиясы). Тамырдың жыртылған (үзілген) жеріндегі оң зарядты, коллаген талшықтарына теріс зарядты тромбоциттер жабысады да тромбоциттер үймесі болады.

  3. тромбоциттер агрегациясы.

  4. тромбоциттердің бұзылмайтын тұрақты агрегациясы.

  5. тромбоциттерден тұратын тромбаның нығыздалуы (ретракциясы).

Антикоагулянттар

Қан плазмасында көптеген ұйытатын заттар болса да, сау адамның қан тамырында әдетте қан ұйымайды, сұйық күйінде сақталады. Мұның себебі қанда оның ұюына жол бермейтін табиғи заттар-антикоагулянттар болады.

Табиғи антикоагулянттар:

1) әрдайым қанда болатын бастапқы антикоагулянттар;

2) қан ұюы кезінде пайда болатын қосымша антикоагулянттар болып 2 топқа бөлінеді.

Қосымша антикоагуянттар қатарына фибрин (тромбиннің 90%-ін адсорбциялайды), Х-Х1 факторлар ( бұл факторлар Х11 фактордың әсерін әлсіретеді) жатады.

Қан ұюының реттелуі

Әдетте адам қаны 5 минут ішінде ұйып болады. Қан ұюының шапшаңдауы не баяулауы мүмкін. Алғашқысы гиперкоагуляция бұл ұйытатын заттардың шектен тыс көбеюіне (гиперкоагулемияға) байланысты, ал екіншісі гипокоагуляция — қан ұйытатын факторлардың азаюынан (гипокоагулемиядан) болады.

Гипер — және гипокоагулемия жүйке жүйесі мен қан арқылы (гуморальдық) реттеледі. Қатты қобалжу (стресс), шаттану, ренжу (эмоция) нәтижесінде симпатикалық жүйке жүйесі шектен тыс қозады да қанда адреналин көбейеді. Адреналин қан клеткалары жарылған кезде де көбейеді. Адреналин XII плазмалық Хагеман факторын және тканьдік фосфолипидтер әсерін күшейтіп, қан ұюын тездетеді.

Қан ұюын шапшаңдататын әдістері:

  1. Ыдысқа құйылған қанды тез ұйыту үшін оның қызуын 37°С дейін көтеру қажет, осындай ыстықта қан ферменттерінің әсері күшейеді.

  2. Қанға кальций тұзы ерітіндісін кұйса, қан тамырында да, пробиркада да қан тез ұйиды. Желатин қосса да қан ұюы шап-шандайды (желатинде 33% кальций бар).

  3. Денеде «К» витамині (викасол) көбейсе қан тез ұйиды. «К» витамині бауырда көптеген плазмалық қан ұю факторларынын түзлуіне қатысады.

  4. Қан ағып тұрған жараға тромбин ерітіндісіне малынғаи тампон басса ол тез ұйиды.

  5. Қан ағып тұрған жерге гемостатикалық қан фибриннен жасалған керек зат жабыстырса, ол тез тоқтайды.

  6. Бүтіндігі бұзылған ткань құрамында тромбопластині көп жолақ ет, іш майы кесіндісін не ткань сығындысына малынған тампон басса, қан тез тоқтайды.

  7. Қанға адреналин қосса, XII плазмалық фактордың әсері күшейеді де, қан тез ұйиды.

  8. Қан қабырғасы бұдырлы ыдысқа құйылса, ішіндегі тромбоциттер мен эритроциттер жарылады да қан тез ұйиды. Бұл тәжірибе кез-келген қан тамырының ішкі беті тегіс, жып-жылтыр, сондықтан да қан тамыры түтігінде қан ұйымайды деген пікірді растай түседі.

  9. Белгілі бір тканьдерді қатайтып нығыздайтын заттар, амин-капрон қышқылы, марганецқышқыл калий, иод қан ағуын тез тоқтатады.

Қан ұюын баяулататын әдістер:

  1. Парафиндалған не силикоиннан жасалған ыдыста тромбоциттердің жарылуы тоқтайды да, қан ұюы баяулайды.

  2. Қан қүйылған ыдысты мұз үстіне қойып, сол қанның қызуын төмендетсе, ферменттердің әсері тежеледі де, қан ұюы бәсеңдейді.

Қанды ұйытпайтын әдістер:

Қан ұюына жол бермейтін заттар антикоагулянттар деп аталады. Олардың табиғи (организмде кездесетін) және жасанды (организмде кездеспейтін) заттардан тұратын 2 түрі бар.

  1. Қанға лимон қышқылды натрийдің 5%-тік ерітіндісін қосca, лимон қышқылды кальций тұзы пайда болады да, тұнбаға айналады. IV плазмалық фактордан (Ca2+) айрылған қан ұйымайды. Лимон кышқылды натрий ерітіндісі қосылған қан цитратты қан деп аталады. Әдетте осы цитратты қанды ұзак yaқыт сақтап, қажет болса, қан құю жұмысында пайдалануға болады.

  2. Кальций тұнбасын алу үшін қанға қымыздық қышқылды натрий ерітіндісін қосуға да болады. Мұндай қанды оксалатты қан дейді. Оны қанға құюға болмайды, ол уытты зат.

  3. Қанды ұйытпай сұйық күйінде сақтау үшін оньщ фибрининін алып тастайды (дефибриндеу). Ол үшін моншақ тізбесімен не қылшықты араластырғышпен ыдыстағы қанды айналдыра apaластырады, сонда фибрин жіптері моншақтың, қылшықтың бетіне жиналады да, каннан бөлініп шығады. Фибрині алынған қан үйымайды. Мұндай қанды адамға құюға болмайды, оның ішінде ұсақ тромбалар болады. Олар қан тамырын бітеп тастауы мүмкін.

  4. Медициналық сүліктің сілекейінде қанды ұйытпайтын ги­рудин дейтін зат болады. Сүлік жабысқан жерден көпке дейін қан сорғалап тұратыны осыған байланысты.

  5. Гепарин қосылған қан ұйымайды. Гепарин тұңғыш рет бауыр тканінен алынған. 1 г гепарин O0 температурада 240 литр қанды 24 сағат бойы ұйытпай, сұйық, күйінде сақтай алады.

  6. Жасанды синантрин заты (уытты зат) қанды ұйытпай сұйықтай сақтайды.

  7. Жасанды антикоагулянттар (дикумарин, пелентан, синкумкар) денедегі қанды ұйытпайды. Олар «К» витаминімен әрекеттесіп прототромбин түзілуін тоқтатады.

  8. Фибринолизин құйса қандағы тромбалар ери бастайды, бірақ оны көп мөлшерде құюға болмайды.

Қан топтары және қан құю

Адамның немесе бір түр дарақтарының иммунологиялық белгілеріне — эритроциттер құрамында агглютиногендердің, плазмада -агглютининдердің болуы болмауына қарай, — ерекшеленетін қан белгілерінің бірлестігін қан топтары дейді. Австрия ғалымы Кландштейнер (1901) мен чех ғалымы Я.Янский (1907) зерттеулері нәтижесінде эритроциттерде А және В деген екі түрлі агглютиногендер (антигендер), ал плазмада екі түрлі агглютининдер (антиденелер-жабыстырғыш заттар), — ά және β болатыны анықталған. Қан құрамында олар жеке-жеке, қос-қос немесе тіпті болмауы мүмкін. Агглютиноген А(В) мен агглютинин ά (β) аттастар деп аталады. ά агглютинин А агглютиногені бар эритроциттерді, ал β агглютинин — В агглютиногені бар эритроцитгерді жабыстырады. Сондықтан бір адамның қанында өр тектес агглютиноген мен агглютинин ғана болады. Адамда олар төрт түрлі бірлестікте немесе топта кездеседі: І(0) топ қанының эритроциттерінде агглютиногендер болмайды, ал плазмасында а мен 3 агглютининдері болады. II (А) топта — агглютиноген А мен агглютинин β, ІІІ (В) топта — агглютиноген В мен агглютинин ά болады. IV (АВ) тобында А және В агтлютиногендері болады да, агглютининдер болмайды. Егер қан құйғанда донор (қан беруші сурет 2.9.) қанының эритроциттері реципиенттің (қан қабылдаушы) аттас агглютининімен кездессе, эритроциттер агглютинациясы (жабысу) жүреді. Мұндай қандар сәйкес емес қандар деп аталады.

(Сурет 2.9. Донор қаны)

Қаны  I топқа жататын адамға тек I топтың қанын құюға болады, ал IV  топ қанын басқа топтардағы адамдардың барлығына құюға болады. Сондықтан қаны I топқа жататын адамдарды әмбебап донор. Қаны IV топқа жататыңдарға барлық топ қанын құюға болады, оларды әмбебап реципиенттер дейді. Донор қаны( сурет) көп мөлшерде (3-4-5 л) құйылатын болса реципиент эритроциттері донор плазмасындағы агглютининмен кездесіп желімденуі мүмкін. Бұл жағдайда жоғарыда келтірілген кестені пайдалануға болмайды: тек топтас қан құйылады (I топ қанын I топқа, II топ қанын II топ а т. т.). Сонымен қазіргі кезде бір-біріне тек аттас топтардың қаны ғана кұйылады.

Осы төрт топтағы қан АВО жүйесіндегі топтар деп аталады. (Мұны АВ ноль деп оқу керек). Бұлардың ішінде әсересе қаны І топқа жататын адамдар көп 46% ІІтоптағылар бұдан сәл аз 42%, аз ІІІ топтағылар (9%) IV топтағылар (3% ).

Қазіргі кезде АВО жүйесінен басқа 200-ден астам әр түрлі агглютиногендердің болатыны анықталған. Бұл агглютиногендерге қарсы дайын агглютининдер болмайды және организмде түзілмейді, сондықтан оларды ескермейді. Олардың арасында тек бір агглютиноген — резус-факторға (Rh) ғана көңіл аударады. Дүние жүзіндегі адамдардың 85 пайызының қаныңда резус фактор болатын көрінеді (резус оң қан, Rh+), ал 15 пайызында бұл агглютиноген болмайды (резус теріс қан, Rһ-). Теріс резус-факторлы адамға оң резус-факторлы қан қүйылса реципиент организмінде қорғағыш денелер — антирезус-фактор түзіледі. Осындай реципиентке екінші рет оң резус-факторлы қан құйылса, дайын антирезус-фактордың әсерімен эритроциттер жабысып, агглютинация процесі жүреді. Теріс резус-факторлы ана оң резус-факторлы бала көтерсе де осындай қүбылыс байқалады. Қанның тобы мен резус-факгор белгілі заңдылықпен тұқым қуалайды.