Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
книги.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Гемостаз. Қанның ұюы

Ұю — қанның биологиялық қасиеті, корғаныс қызметінің бір түрі. Осы касиеттің арқасында қанның сыртқа шығуы (қан кету) тоқтайды. Мұны гемостаз (грек. haemo — кан, stasis — тоқтау), яғни қан тоқтау дейді Ұйыған кезде қан койылып, тромбыға айналады. Тромб қан тамырының жарасын бітейді де, сыртқа қан кетуін тоқтатады. Қа­ны ұйымайтын адамдар да болады. Бұл ауру — гемофилия деп аталады. Гемофилиясы бар адам қапелімде жарақаттана қалса, қаны тоқтамай өліп кетуі де мүмкін.

Қан ұюын көру үшін оны пробиркаға құйып, біраз уақыт байқайды. Қан 2—3 минуттен кейін қойылып, біртіндеп коймалжыңданған массаға айналады. Ұйыған қан бұрынғы сұйық күйіндегі келемін сақтайды және ыдыстың формасын кайталайды. Ол төгілмейді, аздан соң қатайып ұйындының көлемі кішірейеді.

Қанның ұйып нығыздалып айналасына сарысуының шығуын ұйынды ретракциясы деп аталады.

Ұйыған қанның құрылысын микроскоп арқылы қарау үшін заттық әйнекке бір тамшы кан тамызады да микроскоп астына қояды. Қараған кезде ең алдымен сұйық плазмада жүзіп жүрген жеке-жеке қан клеткалары көрінеді. 3—5 минуттан кейін плазма­да жіп тәрізді жіпішке фибрин талшықтары ұйысып, торға айналады. Тордың арасы кан клеткаларына толады да қан қойылып, тромб құрады. (сурет 2.8.)

(Сурет 2.8. Талшықтық торлардағы қанның қызыл жасушалары)

Ересек адамның қаны 5 минут, жаңа туған нәресте қаны 8—10, иттікі—2,5, шошқанікі—3,5, жылқынікі—11,5 мин, ал құсқаны 30 сек ішінде ұйып болады т. т. Қанның ұю жылдамдығы қан ұйытатын заттардың санына, күшіне байланысты. Қанның ұюы туралы ілімнің негізін салған Юрьев (Дерп, қазір Тарту) университетінің профессоры Александр Шмидт (1872—1895). A.Шмидтше қан ұюы тромбин ферментінің қатысуымен өтетін процесс. Ұю барысында тромбин еритін фириногенді фибринге айналдырады. Кейін алуан деректермен толықтырыльш, жаңа теориялык болжамдар жасалды. Қан ұюына қатысатын жаңа факторлар (XIII плазмалық, 11-тромбоциттік) табылды.

Қан кұрамында ұюды тездететін көптеген коагуляторлар, олардың асцелераторлары (үдеткіштері), сондай-ақ қанды ұйытпайтын антикоагулянттар бар.

Плазмалық қан ұйытатын факторлар

Қан ұю мәселесі жөніндегі халықаралық комитет қан ұйытушы плазмалық факторларды рим санымен белгілеу қажет деп тапты.

I фактор — фибриноген — үлкен молекулалы глобулин.

II фактор — протромбин — гликопротеид (гексоза, ацетилгексозаминнің қосындысы). «К» витаминінің қатысуымен бауыр клеткаларында түзіледі.

III фактор — тканьдік тромбопластин мен қан тромбопластині (екеуі де фосфолипид) — клетка мембранасының құрамына кіреді.

IV фактор — кальций ионы — коагуляциялық, гемостаздық кезеңдердің үшеуіне де қатысады.

V—VI факторлар — проакцелерин және акцелерин — глобу­лин. Екеуін қосып акцелератор глобулин (белсенді) дейді.

VII фактор — проконвертин — «К» витаминнің қатысуымен бауырда жасалады, тканьдік протромбиназа түзілуіне қажет зат.

VIII фактор — антигемофилдік (гемофилияға қарсы) глобу­лин «А». АГГ жеткіліксіз болса, гемофилия «А» ауруы пайда болады.

IX фактор — Кристмас факторы (аурудың аты) — антигемофилдік глобулин «В». Бұл да «К» витаминнін қатысуымен бау­ырда түзіледі. IX фактордың жеткіліксіздігі гемофилия «В» ауруына әкеліп соғады.

X фактор — Стюарт-Проуэр факторы (аурудың аты), «К» витаминінің қатысуымен бауырда жасалады.

XI фактор — тромбопластиннің плазмадағы негізі (PTA) — (plasma tromboplastin antecedent) — глобулин бауырда түзіледі, ол жеткіліксіз болса, гемофилия «С» ауруына әкеліп соғады.

XII фактор — Хагеман факторы қан тамыры, клеткалары жарақаттанғанда әрекет етеді, ол үшін қан бұзылған клетканың бетімен түйісуі қажет. Сондықтан оны жанасу факторы дейді.

XIII фактор — фибринді тұрақты ететін фактор (фибриназа) плазмада, тканьде және қан клеткаларында кездеседі, epiмейтін фибрин түзілуіне қажетті зат. Бұл фактор жеткіліксіз бол­са, хирургиялық және жарақаттанудан болған жаралар көпке дейін жазылмайды.