- •12.Маркетингтік ортаның бақыланатын және бақыланбайтын факторлары: олардың өзара байланысы.
- •13.Микроорта және оны құраушы факторлар.
- •14.Бәсекелік орта түсінігі. Бәсекелестер типі.
- •22.Түпкі тұтынушылардың сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: қажеттілікті түсіну, ақпарат іздеу, ақпаратты бағалау, сатып алу туралы шешім қабылдау, сатып алғаннан кейінгі реакция.
- •23.Тұтынушы ұйымдардың сатып алушылық мінез-құлқының ерекшеліктері. Сатып алулардың типтері. Тұтынушы ұйымдардың мінез-құлқына ықпал ететін негізгі факторлар.
- •25.Нарықты сегменттеудің мәні, маңызы, белгілері. Сегменттеудің артықшылықтары.
- •30.Тауар нарықтарын жіктеу. Конъюнктуралық шолу.
- •31.Нарық сыйымдылығы: түсінігі, деңгейлері. Нарық сыйымдылығын бағалау.
- •27.Тұтынушылар нарығын сегменттеудің негізгі қағидалары.
- •28.Өндірістік мақсаттағы тауарлар нарығын сегменттеудің негізгі қағидалары. Сегменттерді таңдау критерийлері: мәнділігі, пайдалылығы, қорғалғандығы, қол жетімділігі және т.Б.
- •29.Нарықты қамтудың маркетингтік стратегиялары: дифференциялданбаған, дифференциялданған, шоғырландырылған маркетинг.
- •32.Нарық үлесін анықтау. Нарық сыйымдылығы және үлесі динамикасына әсер ететін факторлар.
- •33.Тауарды нарықта жайғастыру. Жайғастыру критерийлерін таңдау. Нарықта жайғастырудағы әрекеттердің реттілігі. Жайғастыру картасы.
- •34.Жайғастыру стратегиялары. Тауарларды қайта жайғастыру.
- •35. Маркетингтегі тауар түсінігі. Тауардың үш деңгейлік моделі.
- •37.Өндірістік мақсаттағы тауарлардың жіктелуі.
- •38 Тауардың өмірлік циклі тұжырымдамасы , Тауардың өмірлік циклі кезеңдері енгізі , өсу, құлдырау.
- •39.Тауардың өмірлік циклі қисықтарының түрлері
- •40.Тауарды таңбалау, тауар белгісі және оның мәні ,негізгі түсініктері
- •41.Фирманың тауар саясатындағы бренд және брендинг, Брендингтің мәні және түрлері, Брендті басқару.
- •42.Сервис және кепілдік қызмет көрсету
- •43.Тауардың орамасы. Орама түсінігі , маңызы , функциялары, Ораманы әзірлеуге қой»ылатын талаптар
- •44.Тауар саясатының мәні , мақсаты және міндеттері
- •45.Жана тауар түсінігі және оның мақсаты
- •46.Тауардың жаңашылдық дәрежесі түсінігі жаңғыртылған тауар, жаңа тауар , инновациялық тауар.
- •48. Баға саясаты. Оның мәні және фирманың нарықтағы жалпы әрекет саясатымен байланысы.
- •50. Баға белгілеу әдістері.
- •51.Өткізу саясатының мәні және негізгі құрамдастары. Өткізу саясаты облысында шешім қабылдау
- •52. Делдалдардың жіктелуі және функциялары. Тарату арналары: түсінігі, маңызы, функциялары. Тарату арналарының сипаттамалары: деңгейі, ұзындығы, кеңдігі.
- •53. Франшиза түсінігі, типтері
- •54. Өткізу стратегиялары: қарқынды, ірікті, эксклюзивті. Өткізу стратегияларының артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •55. Логистика. Логистика түрлері. Маркетинг-логистиканың үдерісі.
- •Логистиканыңнегізгімақсаттары
- •Логистика салалары
- •56. Көтерме сауда, оның мәні мен мағынасы. Көтерме сауда атқаратын қызметтері.
- •57. Бөлшек сауда ұғымы, оның атқаратын қызметтері және түрлері. Бөлшек сауда ұйымдарын жіктеу. Дүкен түрлері. Дүкенсіз бөлшек сауда. Бөлшек саудагерлердің негізгі маркетингтік шешімдері.
- •58. Мерчендайзинг түсінігі және мәні
- •59. Коммуникация жүйесі түсінігі. Маркетингтік коммуникациялар даму кезеңдері. Маркетингтік коммуникация үрдісінің үлгісі, оның элементтері.
- •60. Маркетингтегі коммуникация тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі.
- •61. Маркетингтік коммуникациялардың мынадай түрлері бар :
- •62. Қоғаммен байланыс pr – бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынас құру және оны қолдауға бағытталған, жоспарланатын шаралар.
- •67. Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы.
- •69. Жарнама қызметін жоспарлау мынадай кезеңдерден тұрады:
- •73. Маркетингті жоспарлаудың рөлі және артықшылықтары.Маркетинг жоспарын тиімді құруға әсер ететін факторлар
- •74.Маркетинг жоспарын жіктеу. Оларды жіктеу белгілері:іс-әрекет ету мерзімі, маңыздылығы және жасау әдістері.
- •75. Маркетингтің жалпы, біріккен және арнайы жоспары. Стратегиялық және тактикалық жоспарлар.
- •76.Маркетингтік жоспарлаудың әдістері және кезеңдері. Маркетинг жоспарын орындауды қамтамасыз ететін нақты іс-әрекеттерге жоспар жасау.
- •77. Маркетинг бюджетін жасау. Маркетинг бюджетін анықтау әдістері.
- •78. Маркетингтік бақылау. Маркетингтік бақылау түрлері және міндеттері.
- •79.Стратегиялық жоспарлау мәні мен мағынасы. Стратегиялық жоспарлау үрдісі.
- •80.Маркетинг стратегиясын құру. Маркетинг стратегиясын өңдеу үшін қолданылатын үлгілер.
- •81.Маркетинг мүмкіндіктерін талдау: ситуациялық талдау, step-талдау, swot-талдау,gap-талдау.
- •84. П Портердің 5 бәсекелестік күштер үлгісі
67. Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы.
Баспа жарнамасы – ол тек көріп , қабылдауға арналған жарнамалық каталогтық басылылымдар және жарнамалық сыйлықтық басылымдар.
Баспасөздегі жарнама –бұл хабарландыру және шолу жарнама жариялынымдары сипатында баспасөзде жарияланған әр түрлі жарнамалық материялдар.
Радио жарнама –негізгі түрлері: радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар,радиороликтер.
Тележарнама-жарнаманың ең қымбат түрі және бақасы әр кезде өсіп отырады. Ең танымал түрлері: телеролик ,телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телеқойылымдар.
Сыртқы жарнама – бұл көру арқылы қабылданатын қалың көпшілікке арналған жарнама.
Көліктегі жарнама – бұл автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер мен хабарландырулар.
Тікелей пошталық жарнама – хабарды тұтынушы мекен жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу.
Интернет арқылы жарнама – өзінің жеделдігіне, қайталануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады.
68. Өткізу арнасы – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту процесіне қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.Маркетингтік әдебиеттерде кездесетін тарату арналары, тауар қозғалысының арналары, өткізу арналары немесе маркетингтік арналар деген терминдердің мағынасы бірдей. Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы (5):
Ақпараттық – маркетингтің зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.
Комуникациялық – жарнамалық ақпаратты жасау және тарату.
Тауарды бейімдеу – тауарларды сатып алушының талабына сай ыңғайлау (өндіріс, іріктеу, құрастыру және орау.)
Байланыстарды орнату – мүмкін болатын сатып алушылармен байланысты орнату және қолдап отыру.
Келіссөздер жүргізу – тауар меншігін иемденуге беру әрекетін жүзеге асыру үшін бағаны және басқа дHmmа шарттар туралы келіссөздер жүргізу.
Тауар қозғалысын ұйымдастыру – тауарды тасымалдау және қоймаға қою.
Қаржыландыру – арананың қызмет атқаруына қажетті шығындарды жабатын қаржыны іздеу және пайдалану.
Тәуекелге бару – өткізу арнасының жауапкершілігін өз міндетіне алу.
Төлем жасау – тауарды өндірушіден алуға және тұтынушыға сатуға байланысты операциялар.
Меншік құқығын табыстау – тауарларды иемдену құқығын бір жеке немесе заңды тұлғадан екінші бір тұлғаға табыстау.
Арнаның өткізу қызметтерін тек өндірушілер де, делдалдар да жүзеге асыруы мүмкін. Өткізу процестерін жалпы сипаттай келе, оның арналар, деңгейлер, жүйелер және өткізу нысандары деген құрамдастарын бөліп айтады.
69. Жарнама қызметін жоспарлау мынадай кезеңдерден тұрады:
Мақсатты аудиторияны таңдау, жарнама мақсатын анықтау, хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу, жарнама құралдарын таңдау, жарнама тиімділігін бағалау.
Жарнама мақсаты – мақсатты аудиторияға бағытталған ақпараттың нәтижесінде шешілуі тиіс нақты міндет.Жарнаманың мақсаттары тауар туралы ақпараттандыру, еске салып тұру немесе сол тауарға тұтынушылардың сенімін арттыру болып табылады.
Жарнама стратегиясы – жарнама үндеуін жасау мен тарату құралдарын таңдауға қатысты жасалады. Жарнама стратегиясының мақсаты жарнама науқаның ары қарай жалғастыру арқылы марканың нарықтағы позициясын сақтау.
Жарнамалық хабар –хабарламалардың мазмұнын жоспарлау.Жарнамалық хабарламаны өңдеген кезде оның мазмұнын түрін және стилін таңдап алу керек.
Жарнамалық слоган тауардың сапасын фирманың тура немесе абстрактылы түрдегі бейнесін көрсететін қысқа лозунг.
70.Жарнама берушілер – бұлар өндірушілер, бөлшек-көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б. Жарнама агенттіктері – жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (творчестволық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады.
Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе «үй жайындағы» реклама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).
Жарнама мәтінің мазмұны AIDA (attention – назар, interest – қызығу, desire – тілек, action — әрекет) формуласына сәйкес жасалады. Адамдардың назарын аударып, қызықтыру үшін тауардың артықшылығы мен тигізетін пайдасын атап көрсеткен жөн. Сатып алушының ықыласын тудыру үшін оны белгілі бір әрекеттерге апаратын жарнама объектісін сенімді дәлелдермен көрсету керек.
Үндеулерді таратуға бағытталған шығармашылық тәсілдер:
1. Сауда маркасының нарықтағы позициясына шоғырлану. Мысалы «Philips» компаниясының: «Өмірді жақсартайық» деген үндеуін келтіруге болады.
2. Жарнамалық үндеу сатып алушының талғамына әсер ететін мотивациялық ыңғайға негізделеді.
3. Тауарды қолданудың жаңа саласы мен мүмкіншіліктері. Reebok компаниясының жарнамаларында өзінің кроссовкаларының тек спортпен шұғылданғанда ғана емес, күнделікті өмірде де пайдалануға болатындығын көрсетеді.
4. Жарнамаланатын тауар мен бәсекелестердің тауарлары арасындағы айырмашылықтар. «Burger King» компаниясы өзінің бургерлерін майда қуырмай, отқа қақталатынын хабарлайды.
5. Үндеу идеясы тұтынушыларды бақылау негізінде және олардан пікір сұрау жүргізгенде пайда болуы мүмкін.
71.?????
72. ҚР-ғы жарнамалық қызметтің даму.
Жарнама дегеніміз қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.
Жарнама, (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама Қазақстан аумағында ерте замандарда пайда болған. Қазіргі заманғы Қазақстан аумағында қалалық өркениет жедел дамыған ІХ-ХІІІ ғасырларда кент тірлігін ұйымдастырудың өзіндік жүйесі көрініс тапты. Қазіргі мағынадағы жарнама Қазақстанда 1920 жылдардағы жаңа экономикалық саясат кезінде пайда болды. Жаңа экономикалық саяси директивалық басқару тәсілдерімен қоса капиталистік еркін бәсекеге де жол ашқаны белгілі. Бұл кезеңде нарық көпшілік қолды тауарлармен молығып, жарнама жаңа саяси және әлеуметтік жағдайда дами бастады.Қазақстан Республикасында көлікте жүргізілетін жарнамалар өте дамыған десек болады. Сәйкесінше, теледидар жарнамасының халі мүшкіл. Ал теледидар тұтынушылар санасына әсер етудің басты жолы. Сондықтан теледидарлық жарнаманың дамуына үлес қосуымыз қажет. Тұтыну тауарларын жылжытудың ең тиімді түрі – жарнама болып табылады. Қазақстан нарығында негізгі жарнама берушілер – шетелдік компаниялар. Мәселен, «Procter & Gamble» компаниясының 2007 жылғы жарнамалық бюджеті 3,8 млн. доллар, «Unilever»-дікі – 2,8 млн. доллар, «LG Electronics», «Coca-Cola» компанияларынікі – 1,9 млн. доллар болды. Отандық жарнама берушілер бюджет бойынша шетелдік компаниялармен бәсекеге түсе алмайды. Осыған қарамастан «Қант орталығы», «Terra Incognito» деп аталған брендін жасап шығарған жарнама компаниясына кеткен шығындары бойынша Қазақстанда екінші орынды иеленді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жарнама қызметінің нарығында 546 жарнама агенттіктері тіркелген. Жарнама өнімдерін өндіретін алғашқы мекеме Қазақстанда 1951 жылы өмірге келгендігі ресми құжатта тіркелген. Ол «Жарнама және сауда жабдығы» деп аталған. Кейіннен ол «Қазақ сауда жарнама» деген атауға ие болған.
