Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marketing_4.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

22.Түпкі тұтынушылардың сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: қажеттілікті түсіну, ақпарат іздеу, ақпаратты бағалау, сатып алу туралы шешім қабылдау, сатып алғаннан кейінгі реакция.

Қажеттілікті түсінуге сыртқы факторлар мен құрамына адамдардың қажеттілігі, мінез –құлық себептері кіретін ішкі ынталандыру әсер етеді. Сатып алу туралы шешім қабылдаудың келесі қадамы – ақпаратты іздеу. Бұл жүйелеген ақпаратты қажет етеді. Оның барлығы сатып алумен байланысты. Сатып алу туралы шешім қабылдауға дейінгі тәуекелді азайту үшін тұтынушы ақпараттың бірнеше түрін қолданады. Ақпараттарды бағалау кезеңінде әр түрлі баламасының варианты оларды сатып алу мақсатымен талданады. Сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісін жасау кезінде тұтынушы санасындағы «қара жәшік» түсінігі сатып алу туралы шешім қабылдауға әсер ететін белгілі ынталандыруларды таңдау ретінде қарастырылады. Сатып алу үдерісінің соңғы кезеңі – тұтынушылардың тауарды дұрыс таңдауын бағалау. Тұтынушылар алғаш сатып алғанда тауармен қанағаттансы, кейіннен осы тауарды тағы да сатып алуға ұмтылады, қанағаттанбаса, сол тауарды қайта алмайды. Сондықтан тұтынушы көңілінен шығу үшін, тауар мен қызмет көрсету сапасын көтеру қажет.

23.Тұтынушы ұйымдардың сатып алушылық мінез-құлқының ерекшеліктері. Сатып алулардың типтері. Тұтынушы ұйымдардың мінез-құлқына ықпал ететін негізгі факторлар.

Тұтынушы ұйымдардың мінез – құлқы түпкі тұтынушылардан мыналармен ерекшеленеді:

  • тауарларды сатып алу мақсаттарымен;

  • алу себептермен;

  • сатып алу туралы шешім қабылдау әдістермен;

  • тауарды сатып алғаннан кейінгі қызмет көрсетуге қойылатын талаптармен;

  • сатып алу жиілігімен елеулі түрде ерекшеленеді.

Әсер ететін факторлар: 4Р элементтері, психологиялық, әлеуметтік – мәдени, жеке тұлғалық, жағдайлық, тұтынушының шешім қабылдау үдерісі.

  1. Өндірістік мақсаттағы тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: қажеттілікті түсіну және оны сипаттау, жабдықтаушыларды іздеу, ұсыныстарды қарау, жабдықтаушы таңдау, тапсырыс беру, жабдықтаушылардың жұмысын бағалау.

Бірінші кезеңде өндірістік бағдарлама негізінде материалдық-техникалық ресурстарға деген қажеттілік анықталады. Тұтынушы ұйымдардың үміті көптеген факторларға байланысты. Оларға қызметкерлердің жалпы  дайындық деңгейі, көп таңдалатын ақпарат көздерінің барлығы, бұрынғы сатып алуларға қанағаттану дәрежесі жатады. Сатып алу процесінің келесі кезеңі – туындаған қажеттілікті қанағаттандыратын тауар параметрлерін анықтау. Жабдықтаушыларды зерттеу мен іздеуді жабдықтау бөлімі жүргізеді. Бұл кезеңде қолда бар және болуы ықтимал жабдықтаушылардың толық тізімі анықталады. Осы мақсатта жабдықтау шарттары, тауарлар сапасы, қызмет көрсету және баға деңгейлері салыстырылып, талданады. Өндірістік мақсатқа арналған тауарларды сатып алу туралы шешім қабылдаудың соңғы кезеңі – жабдықтаушыларды таңдау.

25.Нарықты сегменттеудің мәні, маңызы, белгілері. Сегменттеудің артықшылықтары.

Нарықты сегменттеу – маркетингтің тиімді құралдарының бірі. Ол ресурстарды тиімді пайдалану және тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі. Нарықты сегменттеу фирма үшін маңызды стратегиялық іс -әрекет болып табылады. Ол фирманың әрекет ету шеңберін және нарықта табысқа жету үшін қажетті өзгермелерді анықтауға мүмкіндік береді. Нарықты сегменттеудің негізгі белгілері (қағидалары): нарықты сегменттеудің арнайы әдәсі жоқ, пайдалы нарық құрылымын табу үшін әр түрлі айнымалыларды өзгерту негізінде сегменттеудің бірнеше тәсілдерін қарау керек. Негізгі белгілер: географиялық, демографиялық, психографиялық, мінез-құлықтық.

26.Сегменттеудің түрлері: макросегменттеу, микросегменттеу, терең сегменттеу, кең сегменттеу, алдын ала және соңғы сегменттеу.

Макросегменттеу – тауарлар нарығын ұқсастығына байланысты саралау.

Микросегменттеу – тауарлар нарығы ішіндегі тқтынушыларды әрқилы қажеттіліктерге байланысты талдап сұрыптау.

Кең сегменттеу –

Терең сегменттеу –

Алдын – ала сегменттеу –

Соңғы сегменттеу -

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]