Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marketing_4.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

32.Нарық үлесін анықтау. Нарық сыйымдылығы және үлесі динамикасына әсер ететін факторлар.

Нарық үлесі – фирманың бәсекеге қабілеттілігін анықтау. Бұл өткізі көлемімен байланысты және нарықтың тауарға деген әсерін сипаттайды. Бұларға әсер ететін факторлар: әлеуметтік−экономикалық фактор,импорт көлемі, тұрғындар өмір деңгейі мен қажеттіліктері, сауда, өткізу, нарықтың географиялық орналасуы, тұрмыс−саоһлт, табиғи−климаттық жағдай, сән үлгісінің өзгеруі, салт−дәстүрлер т.б жатады.

33.Тауарды нарықта жайғастыру. Жайғастыру критерийлерін таңдау. Нарықта жайғастырудағы әрекеттердің реттілігі. Жайғастыру картасы.

Тауарды нарықта жайғастыру- мақсатты тұтынушылар санасында дәл осы тауар бәсекелестер тауарына қарағанда, өзіндік ерекше орны бар, фирма үшін тиімді болып келетін шаралар жиынтығы.

Жайғастыру критерийлері:

- тауардың айрықша сапасы;

  • Тұтынушылардың қойған мәселелерін тауардың шешуі;

  • Одан күтетін пайдасы;

  • Плтенциалды тұтынушылар шеңберін кеңейту;

  • Бәсекелес маркаға қарағанда ерекшелігі.

Жайғастырудың реттілігі:

  • бәсекелестер мен олардың тауарларын білу;

  • Тұтынушылар күткен және олардың қажеттіліктеріне сәйкес өнім;

  • Тауарды нарықта алатын орнын сенімді дәлелдермен негіздеу;

  • Жайғастырудың осал жерлерін тауып, бағасын беру және таңдалған бағытты алу және қорғауға ресурстардың бар жоқтығын анықтау керек.

34.Жайғастыру стратегиялары. Тауарларды қайта жайғастыру.

Қайта жайғастыру – тұтынушылар санасындағы қабылданған тауар позициясын қайта қарастырып өзгерту. Қайта жайғастырудың маңызды құралы – тауарды дифференцияциялау, яғни тауарға бәсекелестер тауарларына қарағанда ерекше қасиеттер беру.

35. Маркетингтегі тауар түсінігі. Тауардың үш деңгейлік моделі.

Тауар – мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, падалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат. Ол физикалық объект, қызмет, адам, орын, мекеме және идея болуы мүмкін.

36.Тұтыну тауарларының жіктелуі

Тұтыну тауарларына- негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар- күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және пассивті (бәсең) сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді.

Күнделікті сұраныстағы тауарлар- бұл тұтынушылар ойланбай-ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер.Оларға нан,сабын,тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға болады.Әдетте бүл тауарлар арзан әрі оларды күнделікті сатып алуға болады.

Алдын ала таңдалынатын тауарлар – тұтынушы тауарды және сатып алу процесінде дағдылы түрде жарамдылық, баға, сапа және сырттай әшекейленуі көрсеткіштеріне байланысты өзара салыстырады. Мұндай тауарлар мысалдарына жиһаздар, киімдер, ұсталынған автокөліктер және негізгі тұрмыстық электр тауарлары жатады.

Ерекше сұранымдағы тауарлар – оларды сатып алу үшін көпшілік сатып алушылар қосымша күш жұмсауға дайын, өте сирек сипаттамалы не жеке маркалы тауарлар. Мұндай тауарлардың мысалына модалы тауарлардың нақтылы маркалары және түрлері, автокөліктер, стереоаппаратуралар, фотоқұрылғылары, ерлер костюмдері жатады.

Пассивті сұранымдағы тауарлар – тұтынушы білмейтін не білсе де, әдетте, оны сатып алуды ойланбайтын тауарлар. Түтін индикаторы және тамақ өнімдерін өңдеуге керекті ас үй машинелері сияқты жаңалықтар, тұтынушыларды олар туралы жарнама арқылы хабардар еткенше, пассивті сұранымдағы тауарлар разрядтарына жатады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]