- •Тақырыбы:Ашығу.Дистрофиялар
- •Бір тәулік аштықты қалай өткеруге болады?
- •Қандай ауруларға ем?
- •Дистрофиялар
- •Дистрофияныц түрлері (в.В.Серов бойынша):
- •Паренхималық дистрофиялар
- •Көмірсу алмасуының бүзылуы (кемірсулы паренхималық дистрофия)
- •Тұқымқуалаушы дистрофиялар
- •Гемоглобиндік пигментгер алмасуының бұзылуы
- •Протеиногендік (қүрамыңда белок бар) пигменттер алмасуынық бұзылуы
- •Липидогендік пигменттер алмасуынық бұзылуы
- •Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
- •Пайдаланған әдебиеттер
Бір тәулік аштықты қалай өткеруге болады?
Бір тәуліктік аштық ертеңгі астан ертесі күнгі ертеңгі асқа дейін немесе кешкі астан ертесі күнгі кешкі асқа дейін жүзеге асады. Бұл уақыт аралығында дистилляцияланған судан басқа ешқандай тағам қабылданбайды. 24 сағаттық бұндай аштық кезінде дисстиляцияланған су толы кесеге бір шай қасық лимон шырынын не шынашақтай бал қосу денедегі улы заттардың еруін тездетеді. Ол сізге күш беру мақсатында емес, қара судың тәтті дәмін келтіру әрі шырышты улы заттардың еріп, сіздің табиғи сүзбеңіз (фильтр) – бүйректерден жеңіл өтуіне жағдай жасаудан туындайды. Ашығу кезінде бүйрек өте үлкен қызмет атқарады. Дистиллияцияланған су ішу керектігі де содан. Қай мерзімдік болмасын ашығу аяқталғанда ең әуелі үгітілген сәбіз бен туралған қырыққабаттан жасалған жас көкөніс салатын жеу керек. Ол ішектерді өте жақсы тазалайды. Ішек-қарын жолының жұмысын жандандырады. Салаттан кейін бұқтырылған жас қызанақ секілді қуырылған көкөніс тағамын жеген жөн. Ашығуды ет, сүт, сыр, май, балық, жаңғақ түрлерімен аяқтаудың және бастаудың дұрыс еместігі қатаң ескертіледі. Ашығу емі қабылданғаннан кейінгі алғашқы тамақ салат не қуырылған көкөніс өнімі болуы міндетті. Ет секілді басқа да тамақ түрлері содан кейін ғана біртіндеп барып қабылданады.
Қандай ауруларға ем?
Аштықпен емдеу профилактикалық құрал ретінде көптеген аурулардың алдын алады. Анығырақ айтсақ, мына аурулар: жүрек-тамыр ауруларына, асқазан-ішек, буын, тыныс жүйелеріне, аллергия, 2 түрдегі қант диабеті, жүйке жүйесі қызметі бұзылуында, тері ауруларына, психикалық ауытқушылықтарға, диспепсия, іш қату, бауырдың қатаюы, соқырішектің қабынуы, бауыр қабынуы (гепатит), гастроэнтерит, ревматизм, семіздік, шорбуын (артрит), демікпе, жоғарғы қан қысымы, шемен (водянка), ишиас, қояншық, ұйқысыздық, әлсіздік, сал ауруының барлық түрлері, бас аурулары, бас сақинасы, өкпе қабынуы, артық салмақ, бронхит, өкпе қабығы ауруы (плеврит), безгек, тонзиллит, сүзек, тамырлардың түйнеліп кеңеюі, құлақ аурулары, қатерлі ісік, миқұрт (менингит), аденоидтар, жарық (грыжа), өт қабына тас байлану, қуықтың қабынуы (цистит), созылмалы іш өту, тік ішек аурулары, жүйке сал ауруы, қаны аздық т.б.
Ашыққан адам бастапқы екі күн ғана қиналады. Одан кейінгі күндері өз-өзін жеңіл сезіне бастайды. Өйткені, адам денесінің сезіну қабілеті күшейеді. Ашығудың бесінші күні әлсін-әлсін адамды тамаққа деген тәбет тартады. Кейде ашыққан адамның тамаққа тыжырына қарайтын кезі де болады. Табиғи тәбет қайта қалыпқа келгенге дейін аштық жеңіл күйде жалғасын таба береді.
Ашыққанда ауызда жағымсыз иістің пайда болып, тілдің өңезденуі, кейде тамырдың соғуы 120-ға дейін жиілеп, кейде 40-қа дейін түсуі, жиі құсу, бас айналу, түкіріктің жиналып қалуы, әлсіздік, тамақтың жыбырлауы, тоңып-жаурау, аз уақытқа іш өту белгілері ешқандай да қауіпті емес. Қайта ағзаның толықтай тазалануының көмекші көріністері болып
Дистрофиялар
Дистрофия (грекше dys — бүзылу жөне trophe - қоректендіремін) деп, жасушалар мен тіндерде зат алмасуының бүзылуьша байланысты дамитын патологиялық үрдістерді түсінеміз.
Зат алмасу үрдісі, әсіресе биомолекулалардьщ бірлігі, тіршшктің, өмір сүрудің биологиялық негізі больш есептелінеді. Организмнің қальппы қызметі үшін қүрылыс материалы есебінде белоктар, энергия көзі есебінде майлар мен көмірсулар жөне минералдық затгар мен витаминдер қажет. Зат алмасу үрдісінің барысы организмнің туа біткен ферменпік жүйемен реттеліп отырады.
Патологиялық жагдайларда, әртүрлі себептерге байланысты зат алмасу үрдісі бүзылады. Бірақ та дистрофия дегенде тек зат алма-суының бүзылуын гана түсіну жеткіліксіз, себебі "трофика' сөзі кең магынаға ие. Сондықтан дистрофияны тек жасушадагы өзгерістер ғана деп қарау дүрыс емес, ол жасушаны қоршаган ор-таның, тіпті бүкіл нерв, эндокрин жүйелерінің өсерінің де көрінісі. Дистрофия морфологиялық түрғыдан регрессивті үрдіс болып есептелгенімен, жалпы-биологиялық түргьщан оны организмде қалыпты жагдайларда жүріп жататын зат алмасу, энергия бөліну сияқты биологиялық мақсатқа сәйкес бейімделу реакцияларыш>щ бірі деп қарау керек (И.В.Давьщовский).
Дистрофияның даму механизмдерінің негізінде, зат алмасу үрдісін қамтамасыз етуші жасушалық жөне жасушааралық қарым-қатынастардың бүзылуы жатады.
Оның негізгі себептеріне: өртүрлі ферментопатиялар (туа немесе түқым қуалау жолымен пайда болган ферменттер жетіепеушілігі), қан айналуының бүзылуына байланысты дамитын гипоксия, зат алмасуының нервтік, эндокриндік реттелуінің бүзы-луы жатады.
Сонымен, дистрофия өте күрделі көп себепті (көпэтиология-лық) қүбылыс болып, әр уақытта да жасуша ішіндегі және жасу-шааралық қүрылымдардың зақымдалуымен және олардың жаңару үрдістерінің бүзылуымен сипатталады.
Дистрофияның дамуына төмендегі өзгерістер себеп болады:
1. Инфильтрация. Қан арқылы келген заттардың жасушаға немесе жасушааралық тінге мөлшерден тыс сіңіп қалуы. Мысалы, атеросклероз ауруында қанда холестерин мөлшері өте көбейіп кетіп, ол қан тамырларының ішкі қабатына (интимада) сіңіп қалады, семіздік кезінде майлар бауьірда, жүректе жиналады.
2. Декомпозиция (ыдырау). Бүл қалыпты жагдайда бір-бірімен берік байланысқан, бірақ та патология жагдайында ыдырап жеке- жеке көрініп қалатын заттарға төн. Мысалы, май-белок қоспала-ры ыдырағанда келткада жеке-жеке май жөне белок заттары жина-лып қалады. Бүл көбінесе жасуша ультрақүрылымдарының ыды-рап жойылуына байланысты үрдіс.
3. Трансформация. Бүл бір заттың орнына екінші заттың түзілуі. Мысалы, май және көмірсу түзуші затгардан белоктың пайда бо-луы немесе көмірсулардан майдың түзілуі.
4. Денатурация — белоктардың әр түрлі жағдайларға байланысты үйып немесе бірігіп ірі тамшылар (коагуляттар) түзуі.
5. Бейтабиеи синтез. Бүған мысал ретінде жасушалар мен тіндерде табиғи жағдайда кездеспейтін заттардың, амилоид белогінің, алкоголь гиалинінің пайда болуын келтіруге болады.
6. Жасушада синтезделіп жатқан заттардың өз мерзімінде ыды- рамай цитоплазмада жинақталып қалуы. Бүл тезаурисмоздарға тән қүбылыс болып ферментопатиялар қатарына жатады. Көлемі ерек- ше үлкейіп кеткен жасушалар ("қор жинау" жасушалары) бара- бара бүтіндей жойылады, сол ағза қызметі бүзылады.
