- •Тақырыбы:Ашығу.Дистрофиялар
- •Бір тәулік аштықты қалай өткеруге болады?
- •Қандай ауруларға ем?
- •Дистрофиялар
- •Дистрофияныц түрлері (в.В.Серов бойынша):
- •Паренхималық дистрофиялар
- •Көмірсу алмасуының бүзылуы (кемірсулы паренхималық дистрофия)
- •Тұқымқуалаушы дистрофиялар
- •Гемоглобиндік пигментгер алмасуының бұзылуы
- •Протеиногендік (қүрамыңда белок бар) пигменттер алмасуынық бұзылуы
- •Липидогендік пигменттер алмасуынық бұзылуы
- •Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы
- •Пайдаланған әдебиеттер
Протеиногендік (қүрамыңда белок бар) пигменттер алмасуынық бұзылуы
Бүл пигменттер қүрамында негізінен тирозин белогы болуына байланысты оларды тирозиногендік пигменттер деп те атайды.
Оларға: меланин, адренохром жөне энтерохромаффин жасу-шаларының пигменті кіреді. Меланин қоңыр-қара түсті пигмент, терінің, шаштың, көздің реңі осы пигменттің аз-көптігіне байланысты. 1 г меланин бүкіл теріні қара түске бояй алады. Меланин организмге күн нүры әсерінен сақтау қызметін атқарады. Меланин меланоцит жасушаларында тирозин белогынан тирозиназа әсерінде пайда болған дегидроксифенилаланиннен түзіледі. Меланоцит жасушалары тері эпидермисінде, көздің пигментті қаба-тында, мидың жүмсақ қабаттарында табылады. Әлі толық жетілмеген меланоцит жасушалары меланобласт деп, ал меланинді өзіне обып алатын жасушаларды меланофагтар деп атайды. Организмдегі меланин мөлшері түқым қуалаушы белгілермен, нерв жүйесімен, гормондармен реттеледі. Гипофиздің меланоцит қызметін ынталандырушы пигменті, АКТГ, әйелдердің жыныс бездерінің гормондары, ультракүлгін сәулелер, меланогенез үрдісін күшейтеді. Бүйрекүсті безі гормондары (кортизон, гидрокортизон), эпифиз гормоны мелатонин, С витамині және ацетилхолин, меланин синтезін тежейді.
Липидогендік пигменттер алмасуынық бұзылуы
Қазіргі танда оларга: липофусцин, цероид және липохромдар кіреді. Липопигменттер қанықпаған май қьппқылдарының лизо-сомаларда толық тотықпауы және полимерленуі нәтижесінде пайда болады. Лизосомалар мембранасы еріп кеткенде, олар лизосо-малар қалдықтары есебінде цитоплазмада үзақ сақталып қалады және бір-біріне қосылып пигмент түйіршіктерін түзеді.
Липофусцин пигменті. Пигменттің аты грек сөзінен (fuscus-қоңыр) алынган жасушаларда қоңыр, қоңыр-сары түйіршіктер түрінде көрінеді. Липофусцин қүрамы: 20-50% май, негізінен фос-фолипидтер, 30-60% белок және 9-20% басқа заттар. Қүрамында май көп болгандықтан бүл пигментті гистохимиялық әдісті қолданып судан бояуларымен анықтаута болады. Пигменттің жасуша-дагы мөлшері, осы жасуша қызметінің белсенділігіне байланысты. Липофусциннің кәрі кісілерде жиналып қалуы жасқа байланысты дамитын физиологиялық қүбылысқа жатады. Сонымен қатар, липофусцин пигменті агза қызметі күшейгенде, әсіресе, оттегі жетіспеген жағдайда, зат алмасу, тотыгу-тотықсыздану үрдістеріне тікелей қатысып, сол жерде жиналып қалады. Мысалы, спортшы-ларда липофусцинді көлденең жолақты бүлшықеттерде көптеп табуға болады. Бүл қайтымды өзгерістер қатарына жатады. Липофусциннің тінде кобеюі тыныс ферменттері қызметінің төмендеуіне де байланысты. Сол үшін ауру организм күші әлсіреп, азып кеткенде (кахексия) бауырда, миокардта липофусцин жиналып қалып, олар қоңыр атрофияга үшырайды.
Цероид макрофагтарда липидтердің немесе қүрамында липид-тер бар заттардың фагоцитозына байланысты пайда болады. Ол толық қорытылмаган липидтердің телолизосомаларда жиналып қалуының нәтижесі. Липохром пигментінің мөлшері жасқа байланысты көбейетіне анық. Ол майдың қан плазмасының, аналық бездің сары денесінің, бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының реңін анықтайды. Ол экзогендік пигменттердің (кератиноидтар-дың) майга еріп сіңіп қалуы нәтижесінде пайда болады.
