- •1Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- •2.Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруге арналған жұмыстар
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы
- •1. 2 Мектеп жасына дейiнгi балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру
- •2. Мектеп жасына дейінгі балаларғы экологиялық тәрбие беруге арналған жұмыстар
- •2. 1 Мектеп жасына дейiнгi балаға экологиялық тәрбие беру арқылы жан дүниесiн дамыту
- •2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдарын жүйелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Қоршаған табиғи ортаны қоғау барысында, білім беру мәселесінің өзектілігі күнен күнге артып келеді. Экологиялық тәрбиенің қалыптасуы жалпы қоғам дамуына, ондағы әлеуметтік топтардың, жеке тұлғаның санасында айрықша орын алуы адамзаттық қоғам қалыптастыруға ерекше үлес қосады.
Мектеп жасындағы балаларға қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын таныстыру арқылы олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларға алғашқы табиғат туралы ұғым негіздері қаланады. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында жәнежоғарғы сыныптарды биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдыға болмақ. Ал, бұл болса тәлім-тәрбиенің ауқымда мақсаттырының бірі болып табылады. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасы мен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып, “... басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдармен адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек бағалы адамның қоланына келуі мүмкін, ал ол дегеніміз – дүниеге , өмірге , табиғатқа шын дос қатынасындағы адам” – дейді. аталған еңбектерде бала тәрбиесі мәселесі әр қырынан қарастырылғанымен балаларға экологиялық тәрбие беру үрдісінде зерттеу аясында ішінара зерттеледі.
Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ:
Балалардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы;
Табиғат тазалыған сақтау дағдыларының дұрыс қалыптаспауы;
Табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі;
Табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздылығы;
Осы қарама-қайшылықты ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай өлке тану принципіне негізделген, нақты қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастыружың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқан нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді.
Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысынада баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдерінің ғалымдарның еңбегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-1960) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талып-тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді. Оның бастауы 20-30 жылдардын мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е.И.Водовозова, Н.К.Крупская, Е.И.Тихеева, Л.К.Шлегердің педагогикалық еңбектері болған. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алады.
Осыдан кейін 30-50 жылдарды жүргізілген педагогикалық психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінге балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды. Л.С.Выготский балабақша бағдарламасының жаңа талып бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек. Себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген біліммен байланысты болған жағдайда ғана баланың ақыл ойының болуы нәтижелі болатындығы көрсеткен. Сондай-ақ аса көрнекті педагог В.А.Сухомлинский де өз тәжірбиесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан-жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған.әсіресе, «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, бастауыш сынып бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушылерін қоршаған ортаны танып, білім әлеміне ендіріп, ашық аспан ай астында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады.
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл-ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негзі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі, бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетіне қоршаған орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсат көзделеді. Тіпті баламен жүргізілетін барлық педагогикалық процестер ақыл-ойын, тіл дамытуда пайдаланатын ойындар, жұмбақ, мысалдар, әңгімелер, қолданатын көрнекті құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.
Бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алуы қажт деген мәселені А.П.Усова, А.В.Запорожец, Н.Н.Поддъяковтар өздерінің ғылыми зерттеулерінде көрсетеді. Сондай-ақ бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі – С.А.Веретенникова, Н.Ф.Виноградовалар болды.
А.П.Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады:
Қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын , еңбек іс-әрекеттерінде бақылау арқылы жүргізіледі.
Балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқу үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуіде бір-бірімен жүргізілуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендірілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардың іс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен.
ҚР-да мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесінің жайына тоқталсақ, Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі табиғат туралы жүйелі ұғым беру мәселесі түбегейлі зерттелмеген. Дегенмен, педагогика және психология ғылымдары мәселелерімен шұғылданушы ғалымдардың қандай да зерттеу жұмыстар болмасын, табиғатқа көңіл аудармай қоймаған емес. Бірақ, қазақ балабақшаларына арналған тыңғылықты әдістемелік оқу құралдыры, бағдарлама болған жоқ. Ш.Ахметов пен Қ.Шоназаровтың 1959 жылы жарық көрген «мектеп жасына дейінгілерге арналған оқу кітабы»сол кезде қазақ балабақшалары үшін тиімді құралдардың бірі болды. Онда мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиетімен таныстыруда қолданылатын үлгі әңгіме, ертегі, санамақ, ойын негіздері негізделген.
Сондай-ақ сол кезде балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. Бұл кітап 1965 жылдан бастап, алғаш М.Гумеров, А.Асылбеков және т.б. авторлардың құрастыруымен жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбе.
С.Н.Николаева балағ тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісінің негізгі бағыттарын былайшы топтастырған:
Белгелі бір территорияда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар жайында білім жүйесін қалыптстыру;
Осы өсімдіктер мен жануарларды сыртқы пішіні мен қасиеттеріне байланысты бөліп, топтастырып қарау және олардың өмір сүретін ортасымен сабақтастығын ұғындыру;
Жыл мезгілдерінің ауысыуының өсімдіктер және жануарлар дүниесіне тигізетін әсерін ұғындыру.
Сондай-ақ республикамызда балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген ғалымдардың бірі Қ.Аймағанбетова болды. Тәлімгердің 6 жасар және төменгі сынып балаларына арналған «Айналадағы дүниетаныммен таныстыру», «табиғат танудың оқыу және бала тәрбиесі» және т.б. еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, оларға өзін қоршаған табиғат құбылыстары туралы алғашқы ғылыми ұғым беру жолдарын қарастырған. Мұнда табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек үрдісінде жүзеге асыруды түрлі әдіс-тәсілдері әсіресе көрнекіліктерге негізделе отырып жүзеге асыруды ұсынды.
Қазақстан Республикасында табиғатқа деген сүйіспеншілік, оның тазалығы, әсемдігі мен байлығын сақтау үшін күрестің ертеден келе жатқан тарихи бастамасы бар. Ол табиғат қорғауды халықтық дәстүрлерімен басталып, заң жүзінде “Қазақ ССС-індегі қоршаған ортаны қорғау туралы” заңымен бекітілген. Сенімді табиғат қорғаушыларды дайындау ең алдамен педагогика ғылымы мен халыққа білім беру жүйесінің міндеті болып табылады.
