- •1Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- •2.Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруге арналған жұмыстар
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім тәрбие берудің педагогикалық негіздері
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы
- •1. 2 Мектеп жасына дейiнгi балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру
- •2. Мектеп жасына дейінгі балаларғы экологиялық тәрбие беруге арналған жұмыстар
- •2. 1 Мектеп жасына дейiнгi балаға экологиялық тәрбие беру арқылы жан дүниесiн дамыту
- •2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің жолдарын жүйелеу
2. Мектеп жасына дейінгі балаларғы экологиялық тәрбие беруге арналған жұмыстар
Білім беру саласының жай-күйін талдау бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың стандарты 2008 ж. енгізілді. Бұл стандарт мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.
Баланың жаратылысынан пайда болған үздіксіз дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру әлеуеті баланың бойында бар. Баланың өмірінде 3 жастан 5 жасқа дейінгі жас аралығы кезеңі ерекше орын алады. Көптеген ғалымдардың: М.Монтессори, Л.С.Выготский, Ш.А.Амонашвили және тағы басқалардың педагогика мен психология саласындағы зерттеулері осыны растайды. Яғни, Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша балалардың қайсысымен болмасын 3 жастан кейін, оған үйренудің жаңа түріне мүмкін бола бастайтын түбірлі өзгеріс пайда болады. Ол үшін жасқа дейін өзінің жеке (ішкі себептермен пайда болған) бағдарламасы бойынша, өзіне қоршаған ортадан ақпараттар жинақтай отырып, жігерлене үйренеді.
Ұсынылып отырған бағдарлама баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа материалдармен мақсатты түрде эксперимент жүргізіп, заттар арасындағы жалпы қатынастарды едәуір бейнелеп, қоршаған ортаның үлгісін жасайды, эксперименталды іс-әрекетте мақсат қойып, нәтижеге жетілуіне үлкен мүмкіндіктер береді.
Баланың зерттеушілік мінез-құлығы алдымен оның шығармашылығында көрінеді. Бала шығармашылықтың, яғни, зерттеушілік ізденімпаздылықтың нәтижесін сензінуге қабілетті. Зерттеушілік әрекет пен зерттеушілік мінез-құлық құрылымы бойынша жақын ұғымдар болып табылады, себебі екеуінің де ортақ әдістемелік негізі - әрекет. Бұл орайда баланың зерттеушілік, эксперименталды әрекеті мен мінез-құлқы күрделі кешенді білім болып есептеліп, оның бүкіл тұлғасын толығымен қамтиды
Тәрбиешілер зерттеушілік әрекетті жүзеге асыру процесінде зерттеудің тақырыбы бойынша деректері бар ақпараттық банк жинақтап, жинақ қатары түрінде рәсімдейді. Эксперимент соңында, суреттермен, сызбалармен, фотобейнелермен және бейнеқағаздармен толтырылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін тәрбиеші қорытынды шығарады және талдау жасайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеші талдауды өзі немесе балалармен бірге жасайды, сондай–ақ, балалардың өзі де жасайалады. Зерттеушілік әрекеттің нәтижесі қолдан жасалған заттар, суреттер, сызбалар, макеттер, кітаптар, бейнероликтер, әңгімелержәне т.с.с. болуымүмкін.
Қарапайым ізденушілік-зерттеу іс-әрекет – балалардың табиғатпен таныстыру үлгісі ретінде саналады.
Эксперименттік жұмыстыңміндеттері:
Білімдік:
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, қарапайым зерттеу әрекеті туралы түсініктерін кеңейту.
Қоршаған ортадағы заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап атауға, олардың сапасы мен қасиеттерін сипаттауға үйрету.
Заттарды қолданылуы бойынша топтастыра білуге үйрету.
Әр-түрлі іс-әрекеттердің ішіндегі танымдық міндетін белгілеу ептілігінің, құбылыстарды дұрыс ғылыми позицияларынан түсіне білу қабілеттерін қалыптастыру.
Зерттеу құбылыстарымен танысу процесінің және ол туралы толық ақпаратты алу балалардың табиғи білім құмарлығын арттыру.
Балалардың дербес іс-әрекеттерін ізденіс іс-әрекеттеріне өзгерту, өз тәжірибесі бойынша білім алу жұмыстарына баланың белсенді қатысу.
Дамытушылық:
Шығармашылық және дербес ойлаудың элементтерін, қоршаған орта мен табиғатқа деген қызығушылығын дамыту.
Талдау жасау, барлық білімін бақылау құбылыстары және процестерімен қатынастыру қабілетін дамыту.
Қоршаған ортаның құбылыстары мен заттарын басқа заттар мен және құбылыстармен негізгі байланыс аспектісінде, олар: уақыт-кеңістік, себеп-салдарлық және функциялық байланыстар ретінде құбылыстарды зерттеу.
Дербес ойлау, қортынды жасау, өз білімін жаңа жағдайларда пайдалану, өз әрекеттерін бағалау, жіберілген қателерге талдау жасау қабілеттерінің қалыптастыру.
Тәрбиелеушілік:
Мәселелерді шешу жолындағы балалардың аса тиімді белсенділігін және дербестігін дамыту.
Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Табиғатқа қамқорлықпен қарау, байлығын бейберекет пайдалануға жолбермеуге тәрбиелеу.
Бақылау, эксперимент кезінде байқағыштыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі білім беретін бүлдіршіндердің зертеушілік, эксперименталды қабілеттерін арттыру – заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның барлық саласының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы, барлығы да мектепке дейінгі білім беретін мекеме баласының терең теориялық ойлауға қабілеттілігін арттырып отыр.
Қазіргі мектептерде зерттеу арқылы оқыту балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып, білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «Таным» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, яғни тәрбиешілер баланың оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтатуға талпыныс жасайды.
Балалардың эксперименталды қызметін ұйымдасытруда жобалар құрылады, мақсат қойылады, психологтардың ғылыми зерттеулері мен халықтық тәжірибедегі адам жаратылысының табиғатпен байланыстылығы мен салыстырулар жасалынады. Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамның өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зертеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет болса, онда баланың қабілеттерін түрлі әрекеттерде көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.
Балабақшада балалар зертеу жұмысының толық циклын жүргізеді. Алдымен зерттеу тақырыбын таңдағанда, балаларға қызықты болатынын, сол затты көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болу қажет. Оның мақсаты – таңдалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты жинастырып, шағын баяндама дайындайтынын алдын-ала түсіндіру керек. «Қалай жұмыс істейміз?» – деген сұрақтар туындайды. Әрине, бұл жұмыс түрі балалар үшін күрделі және жаңа. Оларға айтып түсіндіру қажет, ақпаратты табу үшін көптеген тәсілдер бар екенін (біз үшін ол зерттеу әдістері деп аталады) түсіндіру.
Жұмысты қарапайым сұрақтардан бастау керек, мысалы: «Ең алдымен не істеу керек? Зерттеу ғалымдары неден бастайды?» Әңгіме барысында балалар ең негізгі әдістерді өздері ұсынады: «Кітаптан оқу», «Қолмен ұстап көру», т.б. Әр жауаптан кейін бүлдіршінді мадақтап, алдына сол әдістің үлестірмесін қою қажет. Осындай жұмыс барысында балалардың зерттеу жұмысының тізбегі құрылады (балалар айтпағанды, тәрбиеші өзі айтып кету керек). Біздің тәжірибеміз бойынша, балалар «Эксперимент». «Компьютерден қарау», «Мамандарға сұрақ қою», «Байқау» деген әдістерді ұсынады да, ал «Өзіме ойлану керек» дегенді ұмытып, айтпайды. Сонымен, алдымызда зерттеу жұмысының жоспары құрылады.
Эксперименттеу – мектепке дейінгі кезеңде балалар әрекетінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады және ол:
Оқыту әдісі (егер жаңа білімді беруде қолданылса);
Қоршаған ортаны тануға бағытталған танымдық-зерттеуші әрекетінің түрінде болуы мүмкін.
Сонымен, эксперименттеу баланы белгілі бір әрекет пен бақылау негізінде, қоршаған әлемнің тұтастығын саналы түрде қабылдауына мүмкіндік береді. Педагог эксперименттеу баланы қоршаған әлем және табиғатпен таныстыруда ғана қолданып қоймайды. Эксперименттеу мен тіл дамыту арасында өте тығыз байланыс байқалып тұрады.
Педагог эксперимент жүргізу алдында балалармен интербелсенді түрде міндеттерді талқылайды:
Не болады, егер....
Неніқалайдәлелдеукерек...
Қандайтәсілменіскеасыруғаболады...
Әрбір эксперименте педагогтың балалармен бірге талқылайтын белгілі бір әрекеттің бірізділігін айқындауға болады:
Мақсат, міндеттердің анықтамасы мен тұжырымдамасы (мақсаты қандай);
Эксперимент әдісін, бірлескен әрекетті жоспарлауды ойластыру және талқылау (эксперименттіқалайжүргізу);
Жұмыстыорындау;
Нәтижені белгілеу және бақылау (қандай нәтиже алғанын);
Қорытындыны тұжырымдау, көрген және алынған мәліметтер туралы ауызша есеп беру және сараптау.
Осылай, эксперимент жүргізу әрекетінің алгоритмі балалардың біртіндеп монолог пен диалогтық сөйлеуі, түрлі синоним мен антонимді қолдану арқылы сөздік қорын кеңейтіп, бақылау жүргізу және қорытынды шағару, өзінің ойын білдіруге, қорытындылауға, сараптауға үйренуге, яғни, білімін толықтыруын, белсенді сөздік қорының дамуын, коммуникативті қатынас дағдыларын қалыптастыруын қарастырады.
Эксперимент әдісінің ерекшеліктері:
балаларға зерттеп жатқан объектің басқа объектімен және қоршаған ортамен қарым-қатынастар туралы нақты ұсыныстар беріледі;
баланың есте сақтау қабілеті жақсарады;
ойлау процестерінің (талдау және синтез жасау, салыстыру және классификациялау, жалпылау мен жүйеге асырудың) дамуы;
сөйлеу дамытуы ерекшеленеді, табылған заңдылықтарды және қортындыстарды құрастыру;
баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
еңбек дағдыларының қалыптастыруы, жалпы қозғалыстын дәрежесін көтеріп денсаулықты нығайту
Балаларды түрлі нысана мен құбылыстарды бақылауға үйретуқажет: бұл кезде жоспарланған нысана мен құбылыстарды ғана бақылау міндетті емес. Кездейсоқ эксперимент арнайы дайындықты талап етпейді. Балалар табиғатта қызықты нәрселер көрген кезде, сол жағдаяттардың сәттердің пайда болуына байланысты бақылауды дайындықсыз өткізеді. Мұндай жағдайларда бақылау кездейсоқ және күтпеген жағдайда болады, осындай мүмкіндіктерді үлкендер жіберіп алмаулары керек. Педагогтан жаңа, қызық заттарды көре білуге психологиялық дайындықты ғана емес, осындай жағдайларда икемді әрекетете білуі серлігі талап етіледі. Ол балалардың әуестігінын таландырып, табиғаттың өзгерісін көрсетуге, өзбетімен қарапайым қорытындыны жасауға, арнайы әрекетті қолдана білуге, жаңа білім және өмірлік тәжірибе ала білуге үйретуі керек.
