Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет по практике БЦК 28.03.17 (1).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
326 Кб
Скачать
☆

1 «Банк Центр Кредит» ақ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы

1.1 «Банк Центр Кредит» ақ-ның қысқаша сипаттамасы мен даму барысы

1988 жылы қыркүйекте “Алматы Орталық Кооперативтік банк” СССР кооперативтік банктер арасында ең бірінші банк болды. 1991ж. тамыз айында банк – “Қазақ Акционерлі Центр Банк” болып құрылды. 1993ж. қараша айында банк Қазақстан Қор биржасының мүшесі болды. Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктер арасында ЕБРР бойынша админстрациялық несиелеу агентінің бірі болды. Қазақстан Интернационалды Банкі Chase Manhattan Bank пен ҚР-ның үкіметімен 100% акция пакетін иемденді. 1998 жылы тамыз айында АҚ “Банк Центр Кредит” ЖАҚ «Жилстройбанк» пен бірігу нәтижесінде, АҚ “Банк Центр Кредит” қайта құрылуы аяқталып, Әділет министрлігінде тіркелді. Банк заңды тұлға болып табылады. Мүлікке меншік құқығы бар және өзінің міндеті бойынша осы мүлікке жауап береді. Мүліктік және өзінің мүліктік емес құқықтары мен міндеттерін өзінің атынан иемденеді және жүзеге асыра алады, сонымен қатар сотта талапкер және жауапкер бола алады. Акционерлердің міндеттемелері бойынша банк жауапты емес.

Банктің официальдық статусы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде банк болып мемлекеттік тіркеумен және Қазақстан Республикасының Халықаралық Банк лицензиясы бойынша банктік операцияларды жүргізумен анықталады.

Ел экономикасының дамуына үлес қосу және Банк акционерлерінің таза табысты алуын қамтамасыз ету – банк қызметінің мақсаты болып табылады.

Банк өзінің еншілес банктерін, филиалдарын, өкілеттілігін ҚР территориясында және одан тыс ашады.

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстан Республикасындағы алғашқы коммерциялық банктердің бірі болып табылады.

“Банк Центркредит ” АҚ Бас офисы

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы елде, әрі халықаралық деңгейде биік авторитеті бар Қазақстан Республикасының беделді қаржылық институттарының бірі. Бүгінгі таңда Банктің жиынтық активтері 1 трлн. теңгеден асады. 31.12.2015 жылғы жай-күйі бойынша Банк қызметкерлерінің нақты саны 3 871 қызметкерді құрайды, оның ішінде Банктің Бас офисінде 879, филиалдық желісінде 2 992 қызметкер еңбек етеді. Қызметкерлердің орташа жасы – 35 жас.

Банк Қазақстанның Қор биржасының мүшесі болып саналады. Қазақстан мен Орта Азия бойынша Western Union ақша аударымдары жүйесін ұсынушылардың қатарына кіреді, жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.

Банк Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында қызмет көрсетеді және 175 мыңнан астам клиенттерге жоғарғы класты қаржылық қызмет көрсетеді.

Банктің республика бойынша кең филиалдық кешені бар және 100-ден астам филиалдары мен бөлімдері жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Банктің корреспонденттік желісіне 40-қа жуық шетелдік банк кіреді, ол арқылы Сіз әріптестеріңізбен дүние жүзі бойынша есеп айырыса аласыз.

«Банк Центркредит» АҚ – кәсіпкерлікті қолдайтын барлық дерлік мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ЦКБ «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2014 жылы несиелерді субсидиялау бойынша үздік банк» атағына ие болды. Сонымен қатар ЦКБ «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тың қол қойылған кепілдік шарттарының саны бойынша көшбасшы болып табылады

Банк тарихына тоқталар болсақ:

2012ж-Есепшотты қашықтан басқару жүйесі – Star Banking жаңа қызметі енгізілді.

2012ж-Төлем карталары бойынша PCIDSS стандартының талаптарына сәйкестік сертификаты берілді. Қазіргі таңда Қазақстанда PCIDSS стандартының сәйкестік сертификаты тек 2 Банкке ғана берілген.

2012Ж-Халық банкімен бірге «Екіжақты Хост-ту-Хост» жобасын іске қосу жұмысы жүргізілді.

2012ж-Мәліметтердің біртұтас корпоративтік қоймасын құру жобасы аяқталды. МБКҚ-ны құру маңызды міндетті – есептілікті құру процесін орталықтандыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

2012ж-Ішкі бақылауды күшейту мақсатында жеке бөлімше – Комплаенс қызметі құрылды.

2012ж-Жылдың соңында банктің өткізу желісі 20 филиал мен 136 ФҚБ-ты құрады.

2013ж- IT стратегиясының негізгі жобасы – дайын шешім пакетінің негізінде жаңа автоматтандырылған банктік жүйе құру өз жұмысын бастады.

2013ж-Клиенттерге қызмет көрсетудің балама каналдары – Өзіне өзі қызмет көрсету терминалы іске қосылды.

2014 ж-Ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін Қазақстанның Даму банкімен Банктік қарыз шартына қол қойылды.

2014ж-ЦКБ-нің миллионыншы төлем картасы шығарылды.

2014ж-Қайта өңдеу өнеркәсібі саласында Шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін "Даму" КДҚ АҚ-пен ҚР Ұлттық қорының қаражатын тарту туралы келісімге қол қойылды.

2014ж-Шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін Азия даму банкінің екінші траншын алу туралы келісім жасалды.

2014ж-"Даму" КДҚ АҚ кепілдігімен 5 жыл мерзіміне микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру туралы ЕҚДБ-мен 10 млрд теңгеге несиелік келісім жасалды.

2014ж-Жеке тұлғалар мен Жеке кәсіпкерлерге арналған "Комиссиясыз тұтыну несиелері" акциясы өткізілді.

2014ж-"Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" заңның күшіне енуіне байланысты "Ақшаны жария етуге арналған шартты салым" өнімі енгізілді.

2014ж-"Colvir" автоматтандырылған заманауи банк жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.

2014 ж-Бизнес-клиенттерге арналған "Интернет-Банкинг" жүйесінің "Light" және "Mobile" жаңа нұсқалары іске қосылды.

2014 ж-Visa Infinite жаңа карточкалық өнімі шығарылды.

2014 ж-ІТ стратегияны іске асыру аясында "Colvir" өндірістік автоматтандырылған банк жүйесін енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді.

Банктің акционерлері болып келесілер табылады:

  • KOOKMIN BANK (KB) – активтерінің көлемі мен нарықтық шоғырлануы бойынша Оңтүстік Кореядағы ең ірі банктердің бірі. КВ-дің банк капиталындағы үлесі 41.9%-ды құрайды.

  • Халықаралық рейтингтері: S&P A, Moody’s A1, Fitch A

  • www.kbstar.com

  • INTERNATIONAL FINANCE CORPORATION (Халықаралық қаржы корпорациясы, IFC) –– дүниежүзілік банктің құрылымына енетін корпорация, дамушы нарықтардағы жеке секторды қолдауға бағытталған ең ірі жаһандық даму институты болып табылады. IFC-дің банк капиталындағы үлесі 10%-ды құрайды.

  • Халықаралық рейтингтері: S&P AAA, Moody’s AAA

  • www.ifc.org

  • Б.Р.Байсеитовтің банк капиталындағы үлесі 25,6%-ды құрайды

Банк Union Pay халықаралық төлем жүйесінен ЦентрКредит Банкіне UPI халықаралық төлем карточкаларының эмиссиясы мен эквайрингі құқығы берілгендігі туралы ресми растама алды.

2015 жылдың ақпан айында «Онлайн-өтінім» жобасы іске қосылды. Осы жүйенің көмегімен клиенттер түрлі өнімдер бойынша қоңырау шалу туралы өтінімді банкоматтар, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, StarBanking жүйесі, сонымен қатар www.card.bcc.kz қондырма беті арқылы беру мүмкіндігіне ие болды. Барлық өтінімдер Операторлық орталықта шоғырландырылады.

«Интернет-Банкинг» жүйесінің «Mobile» және «Light» жаңа нұсқалары бойынша жоба өнеркәсіптік пайдалануға ұсынылды. Бұл – ИБЖ-ның стандарт нұсқасының негізінде жүзеге асырылған және онымен толық сәйкестендірілген жүйенің қосымша web-нұсқалары.

Заңды тұлғаларға арналған жаңа өнім – 3 млн теңгеге дейін несие лимитін белгілеу мүмкіндігімен Visa Business Credit Card корпоративтік несие картасы ұсынылды.

Алматы қалалық филиалының No2 ҚҚО-сында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жабдықталған.

Қолданыстағы процестерді оңтайландыру бойынша:Жедел мониторинг жүргізу және қарыз беру бойынша шешім қабылдау үшін заңдытұлғалардың несиелік рейтингін есептеудің жаңа моделі (CRS) жүзеге асырылды.Банк өңірлерінде басып шығару-көшірме жасау инфрақұрылымын.Ұйымдастыру мүмкіндігіне талдау жасалды, оның нәтижесі бойынша.Жергілікті басып шығару техникасының санына және түрлі-түсті басылымға жұмсалатын шығынға қатысты шығыстарды қысқарту жолдары бойынша ұсыныстар жасалды.Шығыстарды оңтайландыру мақсатында IT басқару комитеті 2015 жылы банкоматтар мен ақпараттық-төлем терминалдарын сатып алу және олардың орнын ауыстыру туралы жоспарды қарастырып бекітті.

IT басқару комитетінің шешімі бойынша жаппай процедураларды жүргізууақытынқысқартатын электрондық ресурстармен жұмыс кезінде кеңейтілген мүмкіндіктерді,оқытудың жеке ортасын күйге келтіруді ұсынатын WebTutor бағдарламалық қамсыздандыруының жаңа нұсқасына көшу бекітілді.

«Контур. Корпорация» 3.0. басқару есебінің жаңа нұсқасына көшу жүзеге асырылды.IT басқару комитетінің шешімімен Help Desk бағдарламалық қамсыздандыруының жаңа нұсқасына өту бекітілді, оның арқасында күрделі процестерді автоматтандыру бойынша функционал кеңейтілді. IT басқару комитетінің шешімімен деректерді қағаз тасымалдауыштардан автоматты түрде танудың бағдарламалық қамсыздандыруды пайдалану арқылы төлемдерді өңдеудің орталықтандырылған моделіне өту бекітілді, оның арқасында филиалдардың құрылымдық бөлімшелеріндегі бэкофистік қызметтердің саны қысқарады, басқаружәне шығындарды азайту құралы ретінде бэкофистік қызмет шоғырланады және бір орталықта болады, электрондық құжатайналымның заманауи жүйесі құрылады және клиенттік төлемдер жүргізген кезде тәуекелдер бір орталықтан бақыланады Аспаптық платформаны қамтамасыз ету мақсатында Банктің дамуы үшін Бас офистің ғимаратында Деректерді өңдеу орталығы құрылған. Ол жалпы ауданы 240 м2 және тұтынатын ең үлкен қуаты 320 кВт құрайтын екі аспаптық залдан тұрады. Осы жобаға жасалған инвестициялар 790 млн теңгеден асты. IT-стратегияны жүзеге асыру жоспарына сәйкес 2013 жылы өнеркәсіптік банктік шешімге өту туралы стратегиялық шешім қабылданды, ол 2015 жылы клиенттік операцияларды жүргізудің қауіпсіздігінің жоғары деңгейінде болашақта мүмкін болатын ең аз мерзім ішінде жаңа өнімдер мен қызметті нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың өткізу желісі 2016 жылғы 01 қаңтардағы жай-күйі бойынша 19 филиалдан және олардың 111 құрылымдық бөлімшесінен тұрады немесе оны төмендегі суреттен көруге болады.

1-сурет. «БанкЦентрКредит» АҚ-ның филиалдық жүйесі

Банктің Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларында филиалдары бар. Жалпы алғанда, филиалдар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріҚазақстанның бүкіл аумағы бойынша 37 елді мекенде орналасқан. Біздің құрылымдық бөлімшелер банк қызметінің толық спектрін көрсетеді. Тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында 2015 жылы Қостанай мен Рудный қалаларындағы филиалдарда интеграция сәтті жүргізіліп, тиімділігі төмен 6 құрылымдық бөлімше жабылды және 3 құрылымдық бөлімшенің орны ауыстырылды. Өткізу желісінің тиімділігін арттырудың тірек факторы – қазіргі клиенттермен арадағы қарым-қатынасты нығайту, әлеуетті жаңа клиенттерді тарту, сонымен қатар қашықтан көрсетілетін қызметтерді дамыту. Қазіргі күні құрылымдық бөлімшелер банк өнімдерін ұсыну және клиенттерге қызмет көрсету бойынша басым арна болып табылады. Бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін клиенттердің үміті мен жұмыс процесін тиімді ұйымдастыру арасындағы теңгерімді қолдау жөнінен кешенді жұмыс жүргізіледі.