- •5B050900 «Қаржы» мамандығы бойынша оқитын 4 кур студенті
- •1 «Банк Центр Кредит» ақ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
- •1.1 «Банк Центр Кредит» ақ-ның қысқаша сипаттамасы мен даму барысы
- •1.2 “Банк Центркредит ” ақ еншілес компаниялар:
- •1.3."Банк ЦентрКредит" ақ-тың 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы
- •2. «БанкЦентрКредит» ақ қаржылық жағдайын талдау
- •2.1. «БанкЦентрКредит» ақ-ның едб орны және қаржылық жағдайын бағалау
- •2.2«БанкЦентрКредит» ақ активін, міндеттемесін, капиталын талдау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
2.2«БанкЦентрКредит» ақ активін, міндеттемесін, капиталын талдау
Коммерциялық банк балансы меншікті қаражат және банктің қарыз қаражатын көрсететін, оларды активтік операцияларға орналастыратын бухгалтерлік баланс болып табылады. Банктің активі мен пассивін басқару банктің қызметі туралы статистикалық мәліметтерді қарастырудан, көрсеткіштер динамикасының анализінен және нақты банк үшін оптималды қатынастарды анықтаудан басталады. Бұндай талдаудың кейбір элементтері республиканың банктерінде бұрын да қолданылған. Баланс есеп және есеп берудің бірыңғай құжаты және басқарушылық шешім қабылдаудың базасы болып қызмет атқарады.
Банк балансы синтетикалық шот негізінде құрылады, оның тағайындалуы – банк қызметі жөніндегі толық ағымдағы ақпарат алу мақсатымен банктік операцияларды экономикалық тағайындалу.
Бірақ актив пен пассивті басқару тиімді болуы үшін баланстан, кіріс пен шығыс туралы есептен, банктің қаржылық нәтижелерінің бағасынан бастап банктің ішкі және сыртқы барлық есебінің талдауымен бірге банк қызметінің толық талдауы қажет.
Банк балансының толық анализі мен актив пен пассивті басқару әдістерін пайдаланудың нарықтың ағымдағы жағдайын және оның күтілетін дамуын бағалауға болатын жағдайларда мағынасы болады.
Жоғарғы қауіп-қатер мен экономикалық цикл болжамдайтын жағдайда банктер қауіптің дәрежесін төмендететін операция таңдау керек, хеджирлеудің тиімді әдісіне көңіл бөлу керек.Коммерциялық банктің баланстық есебінде актив және пассив бөлігі мазмұны бойынша топтасады.
Банктің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ететін басты қажетті шартқа жоғарғы басқару звеносының банкті басқарудың тиімділігін әр қашан жоғарлатуға тырысуы жатады.
Банк қызметін реттеу банк балансын талдаудың нәтижесіне және әр банк үшін баптардың жеке топтарының оптималды ара қатынасын анықтауға негізделген .
Банктің активі мен пассивін басқару банктің қызметі туралы статистикалық мәліметтерді қарастырудан, көрсеткіштер динамикасының анализінен және нақты банк үшін оптималды қатынастарды анықтаудан басталады.
Бұндай талдаудың кейбір элементтері республиканың банктерінде бұрын да қолданылған.
Бірақ актив пен пассивті басқару тиімді болуы үшін баланстан, кіріс пен шығыс туралы есептен, банктің қаржылық нәтижелерінің бағасынан бастап банктің ішкі және сыртқы барлық есебінің талдауымен бірге банк қызметінің толық талдауы қажет.
Банктің табысы арқылы оның әкімшілік-басқарма,барлық операциондық шығыны жабылады,банктің дивиденттер деңгейі пассивтік және активтік операциялардың дамуы табыстың мөлшерін қалыптастырады.
Талдаудың бастапқы сатысына баланстың актив пен пассивтің негізгі баптарының құрылымы мен динамикасын, көлемін бағалау жатады.
Жарияланатын баланстық есептің әр бөлімшесіне қатысты келесі көрсеткіштер есептелінуі мүмкін:
талданатын баптар тобының жалпы көлеміндегі жеке баптардың үлес салмағын сипаттайтын салыстырмалы шаралар;
динамика көрсеткіштері (абсалютті өсім, өсім қарқыны);
талданатын баптар тобының көлемінің жалпы өзгеруіне әр бап бойынша қаражаттар соммаларының өзгерісінің әсерін сипаттайтын көрсеткіштер.
Банктің қаржылық жағдайын бағалау жүйесінің маңызды компоненттерінің бәріне оның капиталының жеткіліктілігінің талдауы жатады.
Балансты толық талдау меншікті қаражаттың қолда бар болуын, ресурстар қайнар көздерінің құрылымының өзгерісін, активтер құрамын, банк өтімділігін қадағалауын, банк қызметін басқаруды анықтауды толық бағалауға мүмкіншілік береді.
Тұрақты кірістері бар банк жаңа клиенттермен жаңа ресурстарды тарта отырып, проценттік ставкаларды басқара алады, жоғары квалификациясы бар персоналды қамтамасыз ете алады, төлемдерді уақытында жүзеге асыра алады.
Тұрақты кірістерді қамтамасыз ету үшін банк қаражаттарды тиімді салу керек, ресурстарды білікті басқару керек.
Банкте депозиттер, салымдар және басқадай қарыздық қаражаттар (банк қызметін қамтамасыз ету бойынша шығындар, жоғалған активтер бойынша шығындарды жабу үшін провизияларды қалыптастыруға кеткен шығындар, бюджеттен есеп айырысулар, меншікті қорларды қалыптастыру жолымен меншікті капиталды ұлғайту мақсатымен пайда алу, ағымдағы төлемдер мен өтімділікті қамтамасыз ету) бойынша проценттерді жабу үшін жеткілікті кірістер болуы керек.
Банктік активтер құрылымы несиелік операциялардан, құнды қағаздарға инвестициялаудан, кассалық операцияларда, және басқалай активтерден тұрады.
Банк қызмет талдауының қаржылық нәтижесі көзқарасының мақсаты болып, банк табыстылығының өсімінің резервін және осы негізде банк басшылығына пассивтік және активтік операциялардың саласында сәйкес саясатты жүргізу бойынша кеңесті қалыптастыру.
Барлық өндірістік шығындар және алынған табыстар банктің нәтижелік шоттары бойынша есепке алынады, өзгеше олар пайда және шығын шоттары деп аталады.
Мұндай нәтижелік шоттың құрылымдық үлгісі бақыланатын мемлекеттік ұйымдарымен анықталады да, әр елде әр түрлі болады.
Қазақстанның банктік секторы 36 банктен тұруымен және активтердің көп бөлігінің банктердің шағын тобында шоғырлануымен сипатталады. Активтерінің мөлшері 1 трлн. теңгеден аспайтын банктердің үлесіне еліміздің банктік секторындағы жалпы активтер көлемінің 46%-ы тиеді. 2015 жылдың 1-қаңтарында олардың саны 34-ке жетті, ал, бұл дегеніміз барлық банктердің 89%-ын құрайды.
Осыған сәйкес «БанкЦентрКредит» АҚ -ның активінің құрамы мен құрылымына талдау жүргіземіз (2-кесте).
Кесте 7 - «БанкЦентрКредит» АҚ активінің құрамы мен құрылымын талдау
Ескертпе: 2014 –2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Осы кестені талдау барысында, талданатын мерзім ішінде - 81553 миллион теңгеге төмендегенің бақыладық. Активтер саны 135944 милион теңгені құрады, оның төмендеу себебі несие қоржын нәтижесінен туындағанын көреміз, жалпы сомасы 815979 милион теңгеге тең.
Барлық активтерден олардың үлесіне 2014ж. – 73% ( немесе 810184 милион теңге), 2015 ж.- 61% (немесе 878587 милион теңге), 2016ж.-60% ( немесе 815979 милион теңге) құрады.
Несиелік іс банктің негізгі жұмысы болып есептеледі, ол банкке кірістің үлкен бөлігін әкеледі. Осы мерзімдер аралығында банкке келіп түсетін табыс көздерінің арту жолдарын байқаймыз.
«БанкЦентрКредит» АҚ шоғырландырылған балансының ең басты көрсеткіштері болып саналатын 2015 жыл ақшалай қаражат көрсеткіші 2014 жылымен салыстырғанда 146497 милион теңгеге артса, ал олардың үлес салмақтары 2016жылы 2014 жылы 131 милион теңгеге төмендеді.
2015 жылы бұл көрсеткіш 258610 милион теңгені құраса, ал үлес салмағы 18% тең, 2016 жылы 258741 милион теңгеге тең, үлес салмағы 1 % (немесе 18%) өсті.
Есепті жылындағы ақшалай қаражаттың бұндай әрі өсуі халық, орта және шағын кәсіпкерлер тарапынан депозиттерге сұраныстың көбеюімен байланысты банкке келіп түсетін ресурстардың аз келіп түсуімен негізделеді. Сұраныстың азаюы нарықтағы жалпы іскерлік белсенділіктің құлдырауымен байланысты болады.
Келесі көрсеткіш міндетті резервтер. Бұл көрсеткіш 2014ж-2015ж аралығында 83693 милион теңге (немесе 5%) өсті.
Қолдағы сатуға арналған инвестициялар өтімді бөлігіне жатады. Әдетте оларды банк өтімділігін қамтамасыз ету үшін қаражатты тез жұмылдыруға және олардың қолда болуына сұранысты қанағаттандыру үшін «қорғаныстың екінші сызығы» деп атайды.
Бұл бапты қайталама резервтер деп белгілейді, олар қолма қол ақша мен несие арасындағы өзаралық жағдайды нақты табысты қамтамасыз ете отырып алады, бірақ банк оларға қаражатты салады, себебі қолма қол ақшаға қысқа мерзімде айналдыруға болады.
«БанкЦентрКредит» АҚ бухгалтерлік балансында 2015 жылы олардың құны 96677 теңгені, ал үлесі 7% құрады, онда 2016 жылы 106136 милион теңгеге артып және 9459 милион теңгеге ие болды.
Негізгі қаражат банктің негізгі қаражаты мен айналымнан тыс активтеріне жатады, олар жыл ішінде қолма қолға айналмайды және ұзақмерзім ішінде қолданылады.
Негізгі қаражат көптеген жылдар бойы өндірістік процесске қатысады және өзінің құнын амортизациялық аударымдар ретінде банктік өнімдерінің өзіндік құнына аударады.
Оларға үйлер, құрылғылар, машиналар,компьютерлер және жабдықтар жатады. Баланстық құнынан оның бағасы қалдық құны бойынша жүргізіледі.Банктің негізгі қаражаты мен материалдық емес активтері 2014 жылы 31386 млн теңгені, үлесі 3%, 2015 жылы 33336 млн теңгені, үлесі 2%, 2016 жылы 38915 млн теңгені, үлесі 3 % құрады.
2014-2016 жылдар аралығындағы айналымнан тыс активтердің құны 5579 млн теңгеге артты.
Банк активтерін қарастыра отырып, басты назарды оның міндеттемесімен капиталына да бөлеміз.
Бұл кезектегі міндеттемені орындау принципі бойынша құрылған баланс бөлігі, өзіне қаражаттың талап етілуінің азаюымен ағымдағы мен қысқамерзімді міндеттемеден тұратын активті бекітеді.
Кесте 8- «БанкЦентрКредит» АҚ міндеттемесінің динамикасы
Ескертпе: 2014 –2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Несиелік мекемелер қаражаттары банк депозиттерімен несиелерімен және туынды қаржылық құралдарымен берілген (Кесте 3 қараңыз).
Басқалай банктерден алынған несиелер жағымды бағаланады, себебі банктің өзінің меншікті ресурстары қымбаттырақ келеді де, оның шығынын көбейтеді.
Клиенттер қаражаттары баланс құрылымындағы рөлі зор. 2014 жылы олардың үлесіне 79% келетін болса, 2015 жылы 78% ие болды, 2016 жылы 84% иеленді. «Банк ЦентрКредит» АҚ депозиттік базаның артуы байқалады. 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 256554 милион теңгеге өсті, 2016 жылы -6428 милион теңгеге төмендеді. Банктің депозиттік базасының тұрақты динамикасының артуы халықтың банкке деген сенімінің жоғарлағанын көрсетеді.
Кесте 9- «БанкЦентрКредит» АҚ клиенттердің ағымдағы шоттары мен салымдарының қаражатының динамикасы, млн теңге
Ескертпе: 2014 –2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Қазіргі уақытта халыққа өз қарауына банктік салымдарын сақтауға мүмкіншілік берілген (Кесте 3 қараңыз).
Қарастырылып отырған кесте мәліметтеріне сүйенсек, жеке тұлғалардың талап етуге дейінгі депозиттерімен ағымдағы шоттарының мөлшері шұғыл депозиттер мөлшеріне қарағанда азырақ болып келеді.
Банк клиенттерінің қаражаттарының жиынтығында жеке тұлғалардың ең үлкен үлесін шұғыл депозиттер алады.
Кесте 10- «БанкЦентрКредит» АҚ капитал динамикасын талдау
Ескертпе: 2014 –2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Меншікті капитал негізгі және қосымша капиталдардың барлық қөздерінің жиынтығы ретінде, банк балансында тіркеле, банктің жалпы меншікті капиталын білдіреді (капитал-брутто).
Басқалай жағдайлар және экономикалық нормативтер үшін іс-тәжірибеде, банктің меншікті қаражаты қарастырылған пруденциальдық банктік мөлшерлер мәнін анықтауда таза меншікті капитал көрсеткіші (капитал-нетто) қолданылады, ол банкте меншікті қаражатының дәлелділік көлемін білдіреді.
Қазіргі кезеңдегі ең бір басты есебі болып жаңа қаржылық құралдарды енгізу жолымен ішкі қайнар көздерін қорландыруды ұлғайту болып табылады.
Банктің меншікті капиталы – бұл банктің пассив құнынан оның міндеттемесін алып тастағандағы соммасы, онда актив құны берілген ссудалар мен басқалай активтер бойынша банк активінің бастапқы құнынан қажетті резервтер соммасынан алып тастау жолымен есептелінеді.
Банктің меншікті капиталы деп оның қалыптасуы мерзімі ішінде банк иелігінде табылатын және мүмкіншілік зияндылығы болатын оның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін арналған арнайы құрылған қорлар мен резервтерді түсінуге болады.
Меншікті капитал ресурс ретінде банк үшін акционерлерге дивиденд нысанында берілген құны бар.
Меншікті капиталды екі тәсілмен көбейтуге болады: акционерлік капиталдың көбеюімен және банк пайдасымен.
Меншікті капитал бірқатар қызметтер атқарады: қорғаныс, операциондық, реттеуші, айналымдық, резервтік.
Меншікті капиталдың қалыптасуы – коммерциялық банктің құрылуы мен оның қызмет көрсете бастауының басты шарты.
Жарғылық қор ретінде жинақталған банктің алғашқы меншікті капиталы оның қызметінің барысында әртүрлі қаржы көздерінен толықтырылады.
Нақты қызмет көрсетіп тұрған банктің меншікті капиталының құрамында жарғылық қордан басқа банк пайдасынан құрылған басқа да қорлар, сонымен қатар өткен және ағымдағы жылдарда бөлінбеген пайда болады.
Осы қаражаттардың жиынтығын әдетте банктің меншікті қаражаты деп атайды, өйткені ол банктің қызмет көрсету барысында қалыптасады.
Бұл ұғым банктің меншікті капиталы ұғымынан кеңірек.
Өйткені ешқандай қосымша сипаттамаларсыз банктің барлық пассивтерін қамтиды.
Осыған байланысты бактің меншікті капиталына толығымен талдау жасаймыз (Кесте 6 қараңыз).
Кестені талдау барысында байқағанымыздай, банктің акционерлік капиталы жай және артықшылығы бар акциялардың номинальдық құнынан қалыптасатынын аңғардық.
Оның мөлшері бір акцияның номинальдық құнының көбеюімен, қосымша акцияларды шығару және орналастырумен, қоғам бөлігінің пайдасын аударумен байланысты.
Жыл сайын акционерлік капитал құнының тұрақты болғаның отырғанын бақыладық.
Резервтік капитал банк міндеттемесін қамтамасыз етумен байланысты, басқалай ойда болмаған шығындар мен банктік қызметін жүзеге асырумен байланысты, шығындарды жабу мақсатында пайдаға аударымдар есебінен құрылады .
Бөлінбеген пайда банктің құрылу кезеңінен бастап таза пайданы шоғырландыру нысанынан банк акционерлеріне төленген дивидендтерді алып тастағаннан құрылады.
Ол арнайы қорларды құру жолымен банктің одан әрі дамуының қайнар көзі болып табылады. Оларға өндірістік даму қоры, банк қызметкерлерінің әлеуметтік даму қоры, сақтық резервтік қорлары жатады.
Қорытынды
Тәжірибелік практиканы өту барысында, банк қаржылық бөлімінің жұмыс барысымен таныстым. Банк саласы, оның жұмыс жүйесі өте қызықты. Болашақта қажет, баға жетпес тәжірибе мен білім жинақтадым. Практика барысында берілген тапсырмалар менің қабілетімді сынап, толық орындалды. Соның бір тапсырмасы банк кірістер мен шығыстар құрылымын зерттеу. “Банк ЦентрКредит” АҚ-ның кіріс және шығыс құрылымы соңғы жылдарда біраз сынақтан өтті. Активтер құрылымы 2015 жылы қайта бағаланды. Соның нәтижесінде, пайда қорынтыдысына елеулі ықпал болды. Осындай дағды бүкіл банк секторында орын алды. Осы практикада алған тәжірибемді, өзімнің дипломдық жұмысымда кеңінен қолданамын. Сонымен, Қазақстан банктері қазіргі ақшалай шаруашылықтың ажыратылмас бір бөлігін құрайды. «Бизнес путеводитель» атты іскери апталық басылымында Қазақстанның Ұлттық банкінің 2011 жылдық қорытындысы жарияланған. Банкаралық ақша рыногын қарастырып көрейік. 2011 жылы банкаралық ақша рыногында банктердің өтімді жабдықтарды таратуында үлкен белсенділігі байқалады. Бұл ұлттық және шетелдік валюталарында бірдей көрініс табады.
«Банк Центр Кредит» АҚ-на берілген халықаралық рейтингтер оның рыноктағы мықты айқындамасын, активтер мен негізгі табыс көздерінің жоғарғы сапалығын көрсетеді.
Әлемдік қаржы дағдарысының белең алу мүмкіндігі туралы анда-санда бір айтылып келген әңгіменің көрігі тамыз айының басында АҚШ-тың ірі ипотекалық несиелеуші компаниясының операцияларын тоқтатқаннан кейін күрт қызды. Былтырғы жылы 59 миллиард доллар көлемінде ипотекалық несие берген American Home Mortgage компаниясындағы осы дағдарыс бұқаралық ақпарат құралдарының айтысына қарағанда, әлемдік қаржы дағдарысының басы ғана. Өйткені, ипотекалық рынокта басталған дағдарыс басқа салаларға да дереу «жұғып», несие ставкілері көтерілген. Қарапайым тілмен айтсақ, шамадан тыс көп мөлшерде таратылған несиенің мардымсыз қайтымы қаржы тапшылығына әкелген. Осыған байланысты ипотека секторындағы американдық өзге компаниялар мен банктер несиелеу ставкісін көтерген және қаржы тапшылығын еңсеру үшін көптеген қаржы құрылымдары өз активтерін нақты ақшаға айналдыруға кіріскен. Осының салдарынан ірі қор биржаларында индекстер түсе бастады. Мұның салқыны дереу Еуропа нарығына, одан асып күншығыстағы Жапонияға да тиіп үлгерді. Мысалы, «Литер» газеті тамыздың 17-сі күнгі нөмірінде Токио, Гонгконг, Сингапур биржаларының индексі өткен аптада 3 пайызға түскенін, дағдарыс Ресей рыногына да жетіп, ең алдымен Москоммерцбанк ипотекалық несиелеу ставкісін 0,5-1 пайызға көтергенін жазды.
Әлемдік қаржылық дағдарысты қалпына келтіру үшін ендігі жерде ұлттық экономиканы әлемдік экономикаға бағыныштылығын азайту, отандық инвестициялардың тартылуын ынталандыру, экономиканың шикізаттық бағытынан арылу, өңдеу өнеркәсібін дамыту, банк жүйесін одан әрі жетілдіру және Ұлттық Банк пен еліміздің екінші деңгейлі банктердің өзара ықпалдастықпен қызмет етуін ұйымдастыру болып табылады.
''Банк Центр Кредит'' АҚ банкінің несиелік портфельінде стандартты ссудалар үлесі 2012 жылы 91,5 % деңгейге жетті. Бұл дегеніміз банк жүргізіп отырған ішкі несиелік саясатын тиімді, дұрыс қолданып жүр және несиелік портфельдің сапасын арттыруға белгіленген шаралардың тәжірибеде қолданылуын қатаң бақылайды.
