Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет по практике БЦК 28.03.17 (1).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
326 Кб
Скачать
☆

1.3."Банк ЦентрКредит" ақ-тың 2016-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы

Стратегиямыздың негізгі бағыттары. БЦК болжамы.

  • БЦК-нің стратегиялық көздегені:

  • Үздік сервис көрсететін банк 

  • Жоғары технологиялық банк

  • Бөлшекті бизнеске және ШОБ-қа ерекше назар аударатын әмбебап банк

  • Тәуекелдіктерді басқаратын, мақсатына сай кіріс алатын, тұрақты өркендеуші банк Қызметкерлер үшін ең жақсы жұмыс орны

Даму стратегиясы

Ұзақмерзімді бесжылдық мақсатқа жету аралық кезеңдерден өтуге негізделеді:

  1. 2016-2017 жж. – корпоративтік сегмент нарығындағы үлесті ұстап тұру, ШОБ сегментінің орташа өсімі, бөлшекті сегменттің жаңа өнімдері бойынша нарыққа қарағанда тезірек даму; 2018 – 2020 жж. – корпоративтік сегменттің орташа өсімі, ШОБ нарығындағы үлесін елеулі арттыру, бөлшекті сегменттің жаңа өнімдері бойынша нарыққа қарағанда тезірек даму.

Банктің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі қағидалары 

  • Банк стратегиясы бөлшекті бизнес пен ШОБ-тағы үлесті арттыру және корпоративтік портфельдің үлесін ағымдағы деңгейде ұстап тұру арқылы несие портфелін әртараптандыруға ерекше назар аударады;  

  • Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында банктің өнімдерін нысаналы сегменттерге жіктеу;  

  • Бизнес сегменттеріне ерекше назар аудару және сәйкес өнімдерді дамыту;  

  • Ағымдағы сыртқы экономикалық жағдаят пен банктік секторға сәйкес Банктің стратегиялық мақсатын жүзеге асыруды кезеңдерге бөлу;  

  • Қызметті оңтайландыру, бизнестің ауқымын кеңейту және кірістілігі жоғары өнімдерді дамыту есебінен кірісін арттыру; 

  • Ұзақ мерзімді болашақта тәуекелдіктерді бағалаудың қазіргіден икемді моделіне өту арқылы қысқамерзімді болашақта тәуекелдік тәбетіне қатысты консервативті тәсілді сақтау;  

  • Банктің операциялық моделінің тиімділігін арттыру;  

  • ЦКБ-нің перспективті моделі дәстүрлі банкингтен иновациялық-технологиялық және клиентке бағытталған модельге өтуді көздейді. 

2. «БанкЦентрКредит» ақ қаржылық жағдайын талдау

2.1. «БанкЦентрКредит» ақ-ның едб орны және қаржылық жағдайын бағалау

Қазақстанның ірі коммерциялық банктерінің ішінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның орнын анықтау үшін осы банктердің қаржылық жағдайлары зерттелді.

Талдау жүргізу үшін ең ірі қазақстандық 10 банк алынды және жалпы банк секторының мөлшері 2014-2016 ж.ж. аралығында қарастырылды. Оны келесі төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте 1 - 01.01.2017 ж Қазақстандағы ең ірі 10 банктердің активтердің үлесі

Ескертпе – 2014-2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

2014 жылы осы көрсетілген кестеде, жалпы банк сектордың активтердің мөлшері 18 трл тенге болып жатыр. Банктердің ең жоғарғы үлесі "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ-16% алып жатыр. Ал ең төмен үлесі банк ол "Альянс Банкі" АҚ-3% алып жатыр, ол активтердің ең төмен мөлшері болып табылады.. "Банк ЦентрКредит" АҚ-6% үлесін алып жатыр.

2015 жылы жоғарыда көрсетілген кестеде бейнеленгендей, жалпы банк сектордың активтердің мөлшері 23 трл. тенге. Ал 10 банктердің үлестері ішінде, ең жоғары нарықтағы үлесі "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ - 21%-не тиісілі. Ал ең аз үлестері "ForteBank" АҚ және "Еуразиялық Банк" АҚ оларда екеуінде 4%. Ал "Банк ЦентрКредит" АҚ үлесі-6%. Осы көрсетілген кестеде ең жоғары активтердің мөлшері "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ - 5052 млрд екенін көріп отырмыз. Ал "Банк ЦентрКредит" – 14405 млрд теңге орташа мөлшерлі көрсеткіш.

2016 жылы жалпы банк секторының салмағы 25557 млрд теңгені құрады. Есептелген үлестерінің нәтижелерін қорытындылай кетсек, онда банктік секторда "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ы активтер көлемі үлкен, яғни 19% құрайды. Ал тізімімізде ең төмен үлесі бар, 10-шы орында "Еуразиялық Банк" АҚ. Ол нарықта небәрі 4 % үлеске ие. Басқа банктер орташа 5-6 пайыздық үлеске ие. «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның үлесі 5% болып табылады.

Әрі қарай банктердің активтердің мөлшеріне тоқталайық. Активтердің ең жоғары үлесі "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-на 4890 млрд тиесілі. Осы көрсеткіш 2014 ж. қарағанда 85 %-ға өсті. Ал ең аз үлес "Еуразиялық Банк" АҚ-на 998 млрд тиесілі. Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның актив мөлшері, 1359 млрд теңге, осы екі көрсеткішкішке қарағанда салыстырмалы орташа болып келеді.

Банк қаржыларын басқарудың құрылымдық бөлімі ретінде активтер мен міндеттемелерді басқару мақсаты бір уақытылы банкке салымшылар мен кредиторлардың салынған қаражаттарының өтімділігі мен реттеуші органдар бекіткен нормативтерді орындалуын қамтамасыз ету негізінде табыс алу болып табылады. Осыған сәйкес активтер мен міндеттемелерді басқаруды сипаттайтын көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады: табыстылық көрсеткіштері, өтімділік көрсеткіштері және реттеуші органдардың нормативтерін орындауды сипаттайтын көрсеткіштер (мұндай нормативтердің құрамына кейбір өтімділік көрсеткіштері де кіруі мүмкін)./15, 21-24б./

Банк қызметінің нәтижелерін талдау кезінде негізгі көрсеткіштер қарастырылып отырған кезеңде алынған табыс болып табылады. Табыс алынған табыс пен шығарылған шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады, сондықтан оның сомасына әсер ететін негізгі жалпылама факторлар табыстар сомасы мен шығындар сомасы болып табылады. Банктің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер оның табыстар мен шығындар туралы есептемесінде беріледі, сондықтан банктің табыстылығы көрсеткіштеріне әсер еткен факторларды анықтау мақсатында банк қызметін ішкі талдау кезінде осындай есептемелерді пайдаланған жөн.

2 кестеде «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның табыстары мен шығыстарының баптары бойынша 2015-2014 жылдар аралығындағы қаражаттар сомасы берілген. Банктің пайыздық табыстары 2015 жылмен салыстырғанда есепті 2016 жылы 68597501 мың теңгеге өскен, яғни пайыздық табыс 2015 жылы 6972704 мың теңге құраса, 2016 жылы 75570205 мың теңгеге дейін жеткен.

Кесте 2 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның табыстары мен шығыстарының

баптары бойынша мәліметтер

мың теңге

Жылдар

Пайыздық табыс

Пайыздық шығыс

Пайыздық табыс – Пайыздық шығыс

2014ж

6972704

4205353

2767351

2015ж

17546772

11814743

5732029

2016ж

75570205

40188966

35381239

Ескертпе – 2015-2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

Банк қызметі табыстылығын талдауда көлденең (қарастырылған кезеңде және келесі бірнеше кезеңдерде табыстың өзгерісін анықтау) және тікелей (таңдалған базаға қатысы бар қатысты мәндерді анықтау) талдаулар жүргізу қажет. Фирмалардың табыстылығын талдауда мұндай база ретінде кәсіпорынның активтер сомасы немесе өткізуден түскен түсім сомасы алынады. Банк қызметін осылай талдау кезінде база ретінде негізгі операциялардан табыс сомасын немесе активтер сомасын алуға болады.

Көлденең талдау табыстың өзгерісіне беталыстарды анықтау мүмкіндігін береді. Қарастырылған кезеңде талдаудың нәтижелері кесте түрінде көрсеткен дұрыс.

3 кестеде «Банк ЦентрКредитт» АҚ-ның 2016 жылы жарияланған кірістер мен шығындар туралы есептемеде берілген табыс, шығыс, пайда динамикасы туралы мәліметтер берілген. Кесте мәліметтері бойынша банктің пайыздық табыстары 2015 жылға қарағанда 2014 жылы 10574068 мың теңгеге ұлғайып, 17546772 мың теңге, ал 2014 жылға қарағанда есепті 2016 жылы 58023433 мың теңгеге ұлғайып, 75570205 мың теңгеге дейін жетті. Бірақ пайыздық табыстар өсуімен бірге шығыстар да өскен, яғни олар 2015 жылы 4205353 мың теңге құраса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 40188966 мың теңге құрап, күрт өсті.

Оперциялық табыстар 2015 жылға қарағанда 2014 жылы 2456001 мың теңгеге ұлғая отырып, 5426806 мың теңге құрады, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 2014 жылға қарағанда 24393156 мың теңгеге ұлғайып, 29819962 мың теңге құрады. Пайыздық шығыстар да сәйкесінше өсіп отыр, 2015 жылы 2082336 мың теңге, 2014 жылы 4044695 мың теңге, 2016 жылы 11437674 мың теңге құрады.

Кесте 3«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның кірістер мен шығындар динамикасы

мың теңге

Көрсеткіштер

2015ж

2014ж

өзгерісі (+/-)

2016ж

өзгерісі (+/-)

Пайыздық табыстар

6972704

17546772

10574068

75570205

58023433

Пайыздық шығыстар

-4205353

-11814743

-7609390

-40188966

-28374223

Қарыздар бойынша жоғалтуларға резервтерді құруға дейінгі таза пайыздық табыс

2767351

5732029

2964678

35381239

29649210

Қарыздар бойынша мүмкін жоғалтуларға резервтерді құру

-1308020

-4921454

-3613434

-15890212

-10968758

Таза пайыздық табыс

1459331

810575

-648756

19491027

18680452

Қызметтер бойынша және комиссиялық табыстар

1380436

3410738

2030302

6018688

2607950

Қызметтер бойынша және комиссиялық шығыстар

-113119

-435804

-322685

-805952

-370148

Экспресс-несиелер бойынша таза комиссиялық табыс

0

15689

15689

2216321

2201632

Шетел валюталарымен операциялар бойынша таза пайда

45793

620420

574627

1641185

1020765

Саудалық бағалы қағаздармен операциялар бойынша таза пайда

128062

272098

144036

336239

64141

Басқа табыстар

70302

733090

662788

922454

189364

Таза пайыздық емес табыстар

1511474

4616231

3104757

10328935

5712704

Операциялық табыстар

2970805

5426806

2456001

29819962

24393156

Операциялық шығыстар

-2082336

-4044695

-1962359

-11437674

-7392979

Басқа резервтерді құруға және табыс салығына дейінгі пайда

888469

1382111

493642

18472288

17090177

Басқа операциялар бойынша жоғалтуларға резервтерді құру

-27866

-138958

-111092

-365240

-226282

Салық салуға дейінгі пайда

860603

1243153

382550

18107048

16863895

Табыс салығы бойынша шығыстар

0

356033

356033

-4800000

-5156033

Таза табыс барлығы

860603

1599186

738583

13307048

11707862

Ескертпе: 2015 – 2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

Банктің тартылған және меншікті қаражаттарын орналастырумен байланысты негізгі қызметтерден кірістері әр түріндегі операциялар тобынан кірістер сомасы ретінде алынатын операциялар түрлерінен кірістерден қосылады, ал олар өз кезегінде әр топтардағы жеке операциялардан кірістер ретінде анықталады. Детализациясы көп жүргізілетін операциялар сыныптамасын әр банк өзінше жүргізуі мүмкін. Қазіргі кезде банктердің негізгі операциялары несиелік операциялар және сол сияқты мәні қарызға ақша ұсынуға негізделетін операциялар, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығындағы операциялар мен валюталық операциялар болып табылады.

4 кестеде «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның 2015-2016 жылдар аралығындағы таза пайыздық табыстар құрамы туралы мәліметтер берілген.

Банктің таза пайыздық табыстарының құрамына талдау жасайтын болсақ, таза пайыздық табыстар бағалы қағаздармен операциялардан табыстар, шет ел валютасымен операциялардан табыстар мен басқа табыстардан алынған. 2016 жылы таза пайыздық табыстар 19491027 мың теңге, басқа табыстар 9157463 мың теңге құраған.

Кейін қажет болса, осы сияқты бірақ пайыздық табыстың әр бабы бойынша детализациясы кең, мысалы, несиелер бойынша пайыздарды қарыз алушылардың түрлі категорияларына несиелерді беру бойынша пайыздарға, түрлі мерзімдерге, әртүрлі пайыздық мөлшерлемелерге бөліп, талдау жүргізуге болады. Ұқсас талдауды банктің негізгі қызметтерінен табыстың басқа жалпы баптары бойынша жүргізу қажет.

Кесте 4 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның 2015-2016 жылдар аралығындағы

таза пайыздық табыстар құрамы

мың теңге

Көрсеткіштер

2015 ж

2014ж

2016ж

Таза пайыздық табыстар

1459331

810575

19491027

Бағалы қағаздармен операциялардан табыстар

128062

272098

336239

Шет ел валютасымен операциялардан табыстар

45793

620420

1641185

Басқа табыстар

1450738

4159517

9157463

Ескертпе: 2014 –2016 жылдар аралығында «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

Ұқсас талдауды жүргізгеннен кейін әр қарастырылған баптар бойынша банктің негізгі операцияларынан табыс мөлшеріне әсер еткен факторларды анықтау қажет. Мұндай кезде кез келген қаржылық операциялардан табысты келесідей ұсынуға болады:

, (1)

мұндағы, P – салынған қаражаттар сомасы;

R – салынған капиталға табыс нормасы (операциялар табыстылығы).

Сонымен, кейбір операциялардан табыс немесе операциялар тобы басқа операциялардан немесе операциялар тобынан артық болса, бұл не салынған қаражаттар сомасының үлкендігін, не олардың табыстылығының үлкендігін білдіруі мүмкін.

5 кестеде 2014 жылғы кірістер мен шығыстар туралы шығарылатын есептеменің баптары бойынша сәйкес келетін жалпылама сыныптамасы бойынша активті операциялардың құрылымы және табыстылығы туралы мәліметтер берілген.

Кесте 5 «Банк ЦентрКредит» АҚ 2016 жылы банк операциялары түрлерінен алынған жылдық табыстылық

Банк операцияларының түрлері

Салынған қаражаттар

Табыс

Жылдық табыстылық, %

Сома, млн. тг

Үлес, %

Сома, млн. тг

Үлес, %

Несиелік операциялар

183454,2

66,72

2990,623

64,785

1,63017

Бағалы қағаздар нарығындағы операциялар

90143

32,7839

272,098

5,8944

0,30185

Банктің басқа заңды тұлғалардың капиталында қатысуы

1364,2

0,49614

733,09

15,881

53,7377

Барлығы

274961,4

100

4616,231

100

1,67887

Ескертпе: 2016ж. «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

Бұл нәтижелерден ең көп қаражаттар салынған және шамамен 1,63% табыс әкелген несиелік операциялар операциялардың басқа түрлерімен салыстырғанда ең төмен табыстылыққа ие болғанын көруге болады. Осылайша, салынған қаражаттардың құрылымын бағалы қағаздар нарығындағы табысты операциялар және валюталық операциялдар жағына қарай өзгерткен жағдайда көбірек табыс алынуы мүмкін (әрине егер мұндай операциялардың табыстылығын сол деңгейде сақталса).

Осылайша ұсынылған мәліметтер негізінде есепті кезеңге және оның алдындағы кезеңге де нәтижелерді салыстырмалы талдау, сонымен қатар ағымдағы кезеңнің басынан операциялардың табыстылығын талдау да жасауға болады.

Кейін детализацияның түрлі қажетті дәрежесінен топты бөліп операциялардың әр түрі үшін ұқсас талдау жасау қажет. Өткізілген талдау нәтижесі бойынша сыртқы факторлардың болжамын есепке ала отырып, түрлері және топтары бойынша банктің активті операцияларының құрылымының өзгерісі туралы шешімдер қабылдауға болады. Сыртқы факторларға қаржы нарығындағы жағдайлар, банк қызметінің аймағында экономиканың жалпы жағдайы, бәсекелестер қызметі және т.б. жатқызуға болады. Осы талдауды жүргізуге қажетті мәліметтер кез келген уақыт кезінде, кез келген детализацияның қажетті дәрежесімен «Банктің операциялық күні» бағдарламалық кешенімен біріктірілген қаржылық талдаудың арнайы автоматтандырылған жүйесімен есептелуі мүмкін.

Банктің басқа заңды тұлғалардың меншікті капиталдарында қатысуы

2014 жылдың басында Банк 5 заңды тұлғаның меншікті капиталында қатысты. Бұл қатысудың сомасы 47,750 мың теңге құрады.

2014 жылдың аяғында Банктің балансында 7 заңды тұлғалардың меншікті капиталында жалпы сомасы 1364,2 млн. теңге инвестициялар болды, банк инвестицияларының сомасы ішінде ALB Finance BV (Голландия) және «ФинансКредитБанк КАБ» ААҚ (Қырғызстан) компанияларының капиталына сәйкесінше 316,1 млн. теңге және 972,0 млн. теңге салынды. Банктің әр компанияда қатысуының үлесі 100% құрайды. Бұл ақпарат 6 кестеде берілген.

Кесте 6 2016 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның басқа заңды тұлғалардың меншікті капиталдарында қатысуы

Акциялар

Меншік үлесі

2014 жыл соңында, млн теңге

Меншік үлесі

2014 жыл басында, млн теңге

АҚ«Прессинговый Центр»

1,37%

10,0

1,37%

10,0

АҚ «Қазақстандық Қор Биржасы»

1,80%

1,7

2,32%

2,2

АҚ «Эксим Полис»

5,40%

27,0

9,00%

27,0

АҚ ФК «Эксим Капитал»

-

-

9,00%

4,5

ЖШС «Бірінші Несиелік Бюро»

18,40%

37,4

14,28%

4,1

ALB Finance BV

100,00%

316,1

-

-

«ФинансКредитБанк КАБ» ААҚ

100,00%

972,0

-

-

Барлығы

-

1 364,2

-

47,8

Ескертпе: 2016ж. «Банк ЦентрКредит» АҚ қаржылық есептемесінен алынды

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ байланысты тұлғалар туралы ақпарат

2014 жылдың аяғында Банкпен байланысты тұлғалармен операциялар көлемі 56781,4 млн. теңге құрады, оның ішінде 4,8% қарыздық операциялар, 47,1% кепілдіктер, 48,1% салымдар. Қарыздардың жалпы саны 100, Банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға ұсынылған қарыздар провизиясы есебінен жазулар жүргізілмеген. Операциялар көлемінің жоғарылауы Банктің ALB Finance BV ұйымының кепілдігін берумен байланысты болды, ал кепілдік бойынша өтеу осы ұйымның салымы болып табылады. 11 суретте банкпен ерекше қатынастағы тұлғалармен операциялар бейнеленген.

Сурет 2 Банкпен ерекше қатынастағы тұлғалармен операциялар

12 суретте Банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға ұсынылған қарыздар, олардың Банктің меншікті капиталы мен қарыздық портфеліндегі үлесі көрсетілген.