- •1.4.Келіп түскен жүктілер мен босанатын әйелдерді санитарлық өңдеу
- •1.5.Теріні, шырышты қабаттарды, қолғаптарды, киімді, халатты адамның иммун тапшылық вирусымен инфекцияланған қан және басқа биологиялық сұйықтықтар тиген жағдайдағы өңдеу әдісі
- •1.6. Қол антисептикасы
- •1.6.1. Қолды гигиеналық жуу.
- •1.6.2. Қолдың гигиеналық антисептикасы
- •1.6.3. Қолғап кию мен шешу
- •1.6.4. Операцияға қатысатын, босандыратын акушерлер қолын өңдеу
- •3.1.2. Жатыр мойнын екі қақпалы айна көмегімен тексеру
- •3.1.Жатыр мойнын қынаптық айна көмегімен тексеру
- •3.1.1. Жатыр мойнын қасық тәрізді айна көмегімен тексеру.
- •3.2. Несеп жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің бөлінділерін бактериоскопиялық зерттеу
- •3.3. Cerex – brush көмегімен жатыр мойнынан қырынды алу.
- •3.4. Екі қолмен қынаптық-абдоминалды зерттеу
- •3.5. Жамбасты өлшеу
- •3.6. Жамбастың шығаберісін өлшеу
- •3.6.1 Жамбастың шығаберісінің тік өлшемін анықтау
- •3.6.2. Жамбастың шығаберісінің көлденең өлшемін анықтау
- •3.7. Жамбастың қиғаш өлшемдерін анықтау.
- •3.8. Жамбастың бүйір өлшемдерін анықтау
- •3.9.Сегізкөз ромбын /михаэлис ромбын/ өдшеу
- •3.10. Қасаға бұрышын анықтау
- •3.11. Құрсақты сипап тексеру (Пальпация)
- •3.12.Нәресте жүрегін тыңдау
- •3.13. Іш айналымы(шеңбері) мен жатыр түбінің биіктігін анықтау
- •3.14. Диагональді конъюгатаны өлшеу
- •3.15. Жүктілік мерзімін анықтау
- •3.16. Босану уақытын анықтау
- •3.17. Босанатын әйелді қабылдау-қарау бөлімшелерінде қабылдау
- •3.18. Қан тобы мен резус- факторды анықтау
- •3.19. Қуықты катетеризациялау
- •3.20. Несептегі нәруызды анықтау
- •3.21. Толғақтар мен үзілістердің ұзақтығын анықтау
- •3.22. Босану кезінде қынаптық зерттеу
- •3.23. Босанатын әйелді өңдеу
- •3.24. Нәресте басына сыртқы әдіспен жету (Пискачек әдісі)
- •3.25. Босануда азот қышқылымен аутоаналгезия өткізу
- •3.26. Босануды қабылдауға акушер әйелді дайындау
- •3.27. Жатырдағы нәресте шүйдесімен келгенде босандыру
- •3.27.1. Нәрестенің шүйдесімен алға қарап туылуында көрсетілетін акушерлік жәрдем.
- •3.27.2. Нәрестенің шүйдесімен артқа қарап келуінде көрсетілетін акушерлік жәрдем
- •3.28. Офтальмобленореяның алдын алу
- •3.29. Кіндік бауын бірінші реттік өңдеу
- •3.30. Кіндік бауын екінші реттік өңдеу.
- •3.31. Жаңа туған баланы өңдеу
- •3.32. Бала жолдасын ажырату белгілері
- •3.33. Ажыраған бала жолдасын жатырдан шығару әдістері
- •3.34. Бала жолдасын қарап тексеру
- •3.35. Босану жолдарын тексеруге шағын операция бөлмесіне апару алдында босанған әйелді өңдеу
- •3.36. Босанудың ііі кезеңінде және босанудан кейінгі ерте кезеңде қан шығынын анықтау
- •3.37. Жаңа туған баланың асфиксиясында босану залында көрсетілетін алғашқы көмек
- •Жаңа туған баланың асфиксиясында (тұншығуында) босану залында көрсетілетін көмектің бастапқы шаралары
- •Тыныс алуға баға беру (мүмкін болатын варианттар):
- •Жүрек соғысына баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •Тері жабындарға баға беру (мүмкін болатын нұсқаулар):
- •3.38. Жаңа туған балаға босану залында көрсетілетін реанимациялық көмек
- •3.39. Жаңа туған бала жүрегіне тікелей емес массаж жасау әдісі
- •3.40. Асфиксия жағдайында жаңа туған баланың гемодинамикасының бұзылыстарын дәрі-дәрмектер енгізу арқылы коррекциялау.
- •3.41. Босанған әйелді бала емізуге дайындау
- •3.42. Баланы емшекке салу
- •3.43. Жаңа туған баланы емізу кезіндегі баланың дұрыс қалпы
- •3.44.Емізу кезінде бала қалпының дұрыс болмауы
- •4.1.Вастен белгісі
- •4.2. Цангемейстер белгісі.
- •4.3. Нәрестенің жамбасымен жатуында қолмен жәрдем беру
- •4.4. Нәрестенің жамбасымен келуіндегі классикалық жәрдем
- •4.5. Нәрестенің аяғымен келуіндегі қолмен жәрдем беру
- •4.6. Нәрестені жамбаспен жатқанда тартып туғызу
- •4.7.Классикалық сыртқы-ішкі акушерлік бұру
- •4.8. Амниотомия
- •4.8.1. Аз сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.8.1. Көп сулы жүктіліктегі амниотомия
- •4.9. Плацентаны қолмен ажыратып шығару
- •4.10. Жатыр қуысын қолмен тексеру
- •4.11.Пудендалды анестезия
- •4.12. Аралықты кесу
- •4.12.1.Эпизиотомия
- •4.12.2. Перинеотомия
- •4.13.Босанудан кейін жатыр мойнын, қынапты, шат аралықты қарап тексеру
- •4.14.Жатыр мойнының жыртылуын тігу
- •4.15. Қынап пен шат аралық жыртылуларын тігудегі инфильтрациялық анестезия
- •4.16.Қынаптың жыртылуын тігу.
- •4.17.Шат аралық і дәрежелі жыртылуын тігу
- •4.18. Шат аралықтың іі дәрежедегі жыртылуын тігу
- •4.19.Шат аралығында тігістері бар әйелді өңдеу
- •4.20. Акушерлік қысқаш
- •4.21. Шеткі көктамырды катетерлеу
- •4.22. Шеткі көктамырдағы катетерді алу
- •4.23. Шеткі көктамырдағы катетер күтімі
1.6. Қол антисептикасы
Қолды тиімді өңдеу үшін мынадай шараларды орындау қажет:
Тырнақтар таза, қысқа алынған, үстінде лак болмауы тиіс;
Жабыстырылғн жасанды тырнақ болмауы керек;
Қолдар күтілген, қабыршықтанусыз, жарықшаларсыз болуы тиіс;
Қолда зергерлік бұйымдар: сақина, білезік, сағат болмауы керек№
1.6.1. Қолды гигиеналық жуу.
Орындау тәртібі
Қолдан барлық бұйымдар мен сағатты шешеді.
Қолды ағынды сумен шайып, алақандарын, қол басының сыртқы бетін, саусақ аралықтарын, тырнақтар маңайын қатты ысып 30 секундтен кем емес уақыт ішінде сабындайды .
Қолды сабындап кірді шайып жуады /қолды 30 секундтен аз жуу тиімсіз, себебі ылғалдандырылған, бірақ дұрыс жуылмаған немесе жалпы жуылмаған қол микроорганизмдердің көбеюіне ыңғайлы/.
Қағаз орамалдармен немесе бір реттік майлықпен қолды құрғатады /шынтақ нес\месе педальді араластырғыш болмаса сол майлықпен кранды ұстап, жабады/, майлықты осыдан кейін қоқысқа арналған контейнерге тастайды.
Қолды гигиеналық жуу әдеттегі кірмен бірге қолдың транзиторлық микрофлорасын жояды. Қол жууға арналған сабын кесек түрінде, сұйық немесе гранула, ұнтақ түрінде болуы мүмкін.
«Ауруханалар, босану үйлері мен басқа стационарларды орналастыру, ұйымдастыру және қолдану» туралы 2.1.3.1375 – 03 СанПиНның 5,6 тармақтарына сәйкес қолды өңдеудің ерекше тәртібін қажет ететін емдеудің алдын алу мекемесі ғимараттарында міндетті түрде сұйық сабын қолданылады. Мөлшерлегіш құралы / дозатор/ бар сұйық сабын қолдану қажет. Бірнеше рет қолданылатын мөлшерлегіш құралдар уақыт өткесін ластанады, сондықтан бір рет қолданатын мөлшер өлшегіш құралы бар сұйық сабын қолдану ең қолайлы болып есептеледі. Сұйық сабынды жартылай толық мөлшерлегішке құюға болмайды, оны босатып, жуып, құрғатқаннан кейін ғана сабынның жаңа мөлшерімен толтыруға болады.
Кәсіби сұйық сабынға қойылатын талаптар:
Медициналық мекемелердің медициналық қызметкерлеріне ұсынылған болуы тиіс;
Жуу қасиетінің жоғары болуы;
Теріні бактериалды және саңырауқұлақты микрофлорадан қорғау қасиетінің болуы /антибактериалды қасиеті бар сабын/;
Құрамы гипоаалергенді және тең балансты;
Оптималды рН 5,5-6,5.
Қолды құрғату үшін қағаз орамалдарын қолдану қажет. Тәулік ішінде ауыстырылмайтын жалпы орамалды қолдануға болмайды. Қағаз орамалдар болмаған жағдайда жеке қолдануға арналған көлемі 30х320 см-лік таза матаны қолданады. Әрбір қолданудан кейіноларды кір жуатын орынға жіберуге арналған арнайы контейнерге тастау қажет. Кранды майлықсыз қолмен жабуға болмайды, себебі онда әр түрлі микрофлора, соның ішінде көкірің таяқшасы болуы мүмкін. Палаткаларда тексеру өткізгенде, әрбір науқасты тексеруден кейін қол жууға мүмкіндік болмағанда қолды спрей түріндегі тері антисептиктермен немесе антисептикалық майлықтармен өңдеу қажет..
1.6.2. Қолдың гигиеналық антисептикасы
Сұйық антисептикалық сабынды қолдануда:
Қолдан барлық бұйымдар мен сағатты шешеді;
Қолды ағынды сумен шайып, 30 секунд ішінде қолдың алақандарын, сыртқы бетін, саусақ аралықтарын, тырнақтар маңайын қатты сабындап ысады, содан кейін қалған,кірімен сабынның қалдықтарынмұқият жуып тастайды;
Қолды қағаз орамалмен немесе бір рет қолданатын майлықпен сүрткесін, шынтақтық немесе педальдік араластырғыш болмауында сол майлық көмегімен су құбырының кранын жабады, майлықты қоқыс контейнеріне тастайды.
Спирттік және сулы тері антисептиктерін қолдануда:
Қолдан барлық бұйымдар мен сағатты шешеді;
Антисептикті бір қолдың алақанына 3 мл-ден артық емес көлемде құяды;
Екінші қолмен екі қолдың алақандарына, сыртқы бетіне, саусақ аралығына, тырнақтар маңайына және саусақтардың ұштарына ерекше назар аулара отырып, антисептикті ысқылап жағады;
Антисептикті қолдану нұсқауында ұсынылғандай қолды өңдеу кезінде қолды ылғалды жағдайда сақтайды.
Қолдың гигиеналық антисептикасы қолды гигиеналық жуумен салыстырғанда терінің жоғары деңгейдегі залаласыздандыруын қамтамасыз етеді, себебі оны микроорганизмді жұқтыру қауіпі жоғары манипуляцияларды орындау алдында және орындаудан кейін қолданады.
Гигиеналық антисептика үшін микробтарға қарсы агенті бар, сұйық антисептикалық сабын, спирттік немесе сулы тері антисептиктері бар заттар қолданады. Бактерицидті әсері тез басталуына байланысты спирттік антисептиктердің тиімділігі жоғары болады және антибактериалды сабынды немесе сулы ерітінділер қолданудағыдан тері мацерациясы кемірек болады.
Жуғаннан кейін қолды мұқият құрғатады. Ылғалды теріге антисептикті ысып жағу оның концентрациясын төмендетеді. Егер ылғалды қолға қолғап кисе бактерияларға бай «қолғап сөлінің» түзілу уақыты жылдамдайды.
Құрғатқан соң қолға 3 мл кем емес мөлшерде антисептик құйып ысады. Кепкен қолға стерильді қолғап киеді.
Қол терісіне жұмсартқыш крем қолдануда алдын ала қолды сабындап гигиеналық жуу арқылы кремді жуып тастаусыз тері антисептикті қолдануға болмайды.
